Қаратау  ауылдық округі

31.01.2018

 

Қаратау ауылдық округі бойынша Қаратау орта мек­тебінде   өткен жиында округ әкімі Қанат Ошақбайұлы Шыныбеков  пен аудан әкімі Досмаханбет Қасымұлы  Алиев  жиналғандар алдында есеп берді.

Алғаш Қ.Шыныбековтың «Ауылдық округ­тің 2017 жыл­дың қаң­тар – желтоқсан  ай­ларын­да­ғы әлеу­меттік – эко­номика­лық даму қоры­тындылары және 2018 жылы ал­да тұр­ған міндеттер туралы» есе­бі   тыңдалды.

Бұдан соң мінбеге көте­ріл­ген Досмаханбет Қасымұлы   өткен жыл ішінде жүзеге асқан жұмыстар мен ағымдағы жылы  атқарылуға тиіс шаруалар төңірегінде  жан – жақ­ты баяндады. (Ау­дан әкі­мі Д.Алиевтің есе­бі­нің то­лық мәтіні «Та­лас ты­нысы» газетінің 19.01.2018 жылғы №6 са­нындағы «Газет ішіндегі кітапшада» жарияланған).

Бірінші болып жарыс­сөзге шыққан ауыл­дық ардагерлер    кеңесі­нің тө­рағасы Түзелбек Рахыш­ұлы   ардагерлер кеңесінің ат­қарып отырған жұмысынан көп­шілікті хабардар ете  келе ауыл­дағы мәдениет үйіне қо­сым­ша штат бірлігінің қажет­тігін,  табиғи газ тарту және ауыл­ға келетін жолды  асфальттау жөніндегі ойын ортаға салды.

– Атқарылған жұмыс  аз емес, алда тұрған міндеттер де жетерлік,- деді келесі кезекте сөз алған Қарой ауылының тұрғы­ны Қуат  Жолмағанбетұлы,- ауы­лымыз күн санап  ажарланып келеді. Еңселі мектеп үйі бой кө­терді, жақында  жаңадан  фе­льд­шерлік пункт пайдалануға берілмек. Күл-қоқыс  төгетін полигон салынды. Ендігі кезек­те ауылымызға келетін жол мен клуб үйі  жөнделсе, ұялы байланыс  желісі іске қосылса деген көпшіліктің тілегі бар,-деді.

Сонымен бірге, залдан өзен­ге жаяу жүргіншілерге арнал­ған көпір салу, ішкі электр  желісіне қарауға арнайы маман бөлу туралы өтініш түсті.

Қарой ауылына ұялы бай­ла­ныс  түрін ашу жөніндегі сауалға:

– Мен Тараз қаласындағы Билайн, Актив орталықтарында болып осы мәселені  көтердім. Ондағы жауапты  мамандар 2019-2020 жылдарға дейін  бұл мәселені зерттеп, зерделеп  ше­шетіндіктерін жеткізді, – деп жауап берді Қанат Ошақбайұлы.

Жиын соңында аудан­дық ардагерлер кеңесі  прези­диум­ның  шешіміне сәйкес ауыл  тұрғыны, еңбек  ардагері  Әбдібек  Байболовқа  «Талас  ауданының Құрметті ардаге­рі» атағы беріліп, оны  аудан­дық мәслихаттың    хатшысы  А.Төле­баев  пен қоғамдық кеңес тө­рағасы Ж.Әсемов табыс етті.

Жиынға қатысушылар ауыл әкімі Қ.Шыныбеков  пен  ау­дан әкімі Д.Алиевтің есепте­рін бірауыздан қанағаттанарлық деп тапты.