Аққұм ауылдық округі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес Аққұм ауылдық округінің әкімі Б.Ошақбаевтың халық алдында есебінен

ТЕЗИСТЕР

 

          Ауылдық  округте  220 аула, 230 жанұя 1457 халық  тіркелген.Ауыл  әкімшілігі  қызметкерлері  ауыл  халқының  әлеуметтік  экономикалық  дамуына  барлық сала бойынша  талдау  жасап, тиісті қызмет көрсетеді. Ауылдық  округке  қарасты  1-орта мектеп, 1-бастауыш мектеп, 1- балабақша, 1-мед пункт,1 байланыс  бөлімшесі, 1 клуб  үйі, 1- спорт  мектебі  филиалы, 1-су жүйесі,1-вет.пункт,1- имандылыққа  тәрбиелейтін  мешіт  үйі,1- учаскелік  инспектор  ауыл  тұрғындарына  қызмет  атқарады. Қосымша 1- мүгедектермен  айналысатын  әлеуметтік  қызметкер, 1- жастар  орталығының  нұсқаушысы  1-спорт нұсқаушы  1 қоғамдық жұмысшы жұмыс  атқарады.

 

Жер және егін шаруашылығы бойынша: Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 42685га. Егістік жердің көлемі 1531га. Оның  ішінде  суармалы егістіктің  көлемі  1589 га, шабындық 8105 га, жайылымдық 18829га.

 

Мал шаруашылығы бойынша: Жалпы малдардың саны- 2252 бас ірі қара, 824 бас жылқы, 25047 бас қой-ешкі, 279 бас түйе, 1500 бас үй құстары. Сыбаға бағдарламасы бойынша 8 шаруа қожалық жұмыс атқаруда. Атап айтқанда «Сейсенбай», «Төлебай», «Байбәкір», «Айбас», «Барбол», «Көмекші» шаруа қожалықтары.

 

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша: бағдарлама аясында «жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау» бағытында ағымдағы жылы ауылдық округке  1346,0 мың теңге бөлініп, толық игерілді. Бұл қаражатқа Аққұм ауылында шағын спорт алаңын орнатылды.

2018 жылға ауылдық округке 1346,0 мың теңге қаражат қарастырылған, оған Аққұм ауылындағы Барбол көшесін ағымдағы жөндеу жұмыстары  жоспарланып отыр.

 

Елді мекенді аббаттандыру бағдарламасы бойынша: 229,0 мың теңге қаражат қарастырылып толығымен игерілді.

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында: 2017 жылы 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер ауыл орталығындағы саябақтан мәдени көпшілік шараларға арналған сахна соғып берді. «Туған жерге – Туыңды тік» бағдарламасы аясында биылғы жылы ауылдан шыққан белсенді белді азаматтармен келісім жасалып, қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткіш орнату, ауыл тұрғындарына монша соғу, демалыс орталықтарын ашу, балалар ойын алаңдарын соғу, көшелерді безендіру бойынша жұмыстар атқарылады деп күтілуде.

Аққұм – Бостандық арасындағы 7 шақырым жолды жөндеу бойынша аудан әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс берілді.

Аққұм ауылындағы Д.Қонаев, Т.Тұңғатар көшелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша Жобалық сметалық құжаттары дайындалып, қаржы бөлуге ұсыныс берілді.