Бостандық ауылдық округі

Бостандық ауылдық округі бойынша мәлімет

 

Ауылдық округтің  Бостандық және  Талапты  ауылдарындағы  312 аулада  2214 адам есепте  тұрады.

Мал шаруашылығы   бойынша

2017 жылдың  қаңтар айындағы есеп   бойынша 1719 бас МІҚ, 844 бас жылқы, 26208 бас қой-ешкі, 33  бас түйе малдары, 690 бас үй  құстары  өсірілуде.

«Құлан» бағдарламасы бойынша Агроқаржы несие қолдау қорынан жылқы мал басын көбейтуге 9 млн несие алып 48 бас сиыр малын сондай ақ, «Алтын асық» бағдарламасымен 31 млн несие алып 400 бас уақ мал, 100 сиыр алып өсіруде.

«Жаңалық» шаруақожалығы  етті бағытта түрлендіру үшін және асылдандыру мақсатында  2017 жылы  2 бас  бұқа алып МІҚ тұқымын асылдану бойынша одан ары жұмыстар   жүргізілуде.

 

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы   бойынша: ауылдың орталығына кіші футбол алаңын салуға 1 млн 971 мың теңге   қарастырылып соғылды. Ақтөбе бастауыш мектебіне 109 мың тенгеге балалар ойын алаңы соғылды Сонымен қатар «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша аулдың орталық стадионының қоршауына 3,5 млн және Ақтөбе елді мекенінде орналасқан күл-қоқыс тастайн 2,5 гк 2,352 млн және Қызыләуіт ауылындағы 3 гк тұрмыстық қалдықтарды төгетін орнынға 2,870 млн тенге қарастырылып (полигон) қоршалды.

 

«Жұмыспен  қамту -2020  жол  картасы» бағдарламасы   бойынша жұмыспен қамту орталығынан 13 адам, 40,7 млн. теңге несие алды.

«Лизинг» бағдарламасымен  9 Ауылшаруашылық техникаларын алды

«Көктал» жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігі асыл  тұқымды қаракөл  қойын  өсіруден  мемлекеттен  5 млн.  теңге  субсидия  алып одан әрі өз жұмысын жалғастыруда.

 

1.Округтің жер  көлемі-30778  шаршы  км.   Оның  ішінде :

1458 гектар суармалы  егістік  жер, шабындық 2400 га, 26920 гектар  мал  жайылымдық  орналасқан 50 гектар  дәндік  жүгері, 10 гектар картоп,  2 гектар көкөніс, 129 гектар бақша, 804 гектар көпжылдық шөп бар. Оның биыл егілгені 152 га, 652 га бұрынғы егістік. 11 000  тонна  мал азығы  дайындалып  қыстауларға  жиналды.

 

 

«Өрлеу»  жобасы   бойынша

«Өрлеу»  жобасымен 12 адам  тұрақты  және  ақылы қоғамдық  жұмыстарға  орналасты.

 

 «Дипломмен  ауылға»   бағдарламасы   бойынша

«Талапты» орта мектебінде Уалиханқызы Бағылан тарих пәні бойынша жұмысқа орналасты. Қәзіргі уақытта жұмыс жасауда.

 

«Ақбұлақ»  бағдарламасы   бойынша Бостандық, Талапты  ауылдарына таза су іркіліссіз берілуде, алда су желісін әр үйге кіргізу жұмыстары тұр.

Ауылдарда 4 жылдан бері табиғи газ отынын пайдалануда.

2017 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен Бостандық аылыннан С.Әбдиев, Жеңістің 40 жылдығы және Талапты ауылындағы Итемген көшелеріне қаржы қарастырылып электр жарығы орнатылды.

Р.Байжанов және С.Әбдиев көшелерінің  жолдарын  орташа  жөндеуге 9  млн теңге  тұратын  жоба-сметалық  құжаттары  жасалынды.

Мемлекет басшысының қоғамдық сананы жаңғырту бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру барысы бойынша дөңгелек үстөл отырысы,«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында ауылдық округте салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық іс- шаралар өткізілді.