Кеңес ауылдық округі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес, Кеңес ауылдық округінің әкімі Б.Дуанбек халық алдында есебінен

ТЕЗИСТЕР

 

Кеңес ауылдық округі бойынша әкімнің 2017 жылғы есебінде (Б.Дуанбек) туындаған мәселе табиғи  газды ауылға кіргізу болатын. Қазіргі таңда бұл мәселе шешімін тапты. Ауылдық округте 18 жасқа дейінгі жәрдемақыны 11 отбасы, «Өрлеу» бағадарламасы бойынша 12 отбасы алды. Алдағы уақытта спрот алаңын қоршау  жоспарлануда, «Жасыл белдеу» бағдарламасы бойынша жобасы сызылып аудандық жер қатынастар бөліміне өткізілді, Көшек батыр ауылының Хансұлу саябағына плита төселінді.

Мемлекет басшысының қоғамдық сананы жаңғырту бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру барысында ақпараттық топ құрылып әр түрлі іс-шаралар өткізілді және «Талас тынысы» газетіне мақала жазылды;

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес шеңберінде әр түрлі іс-шаралар өтізілді (Сыбайлас жемқорлық деген не? және Жемқорлық жегі құрт) ;

Ауылдық округтің  Бөлтірік шешен және Көшек батыр  ауылдарындағы  210 аулада  1630 адам есепте     тұрады. Оның  ішінде 78 зейнеткер, 706 адам  жұмыс істейтіндер, 12 адам  мүмкіндігі  шектеулі   азаматтар. Ауылдық округте екі орта мектеп, дәрігерлік  амбулатория, Көшек  медпункті, «Балбөбек» балабақшасы,бір «Таңшолпан» шағын орталық, мәдениет үйі, ауылдық кітапхана (2), Бөлтірік почта бөлімшесі, Әбубәкір және Нұрыммолда  мешіті, «Актив», «Билайн» ұялы  байланыс  желісі  тұрақты халыққа қызмет жасауда.

Мал шаруашылығы   бойынша 2017 жылдың  қаңтар айындағы есеп   бойынша 1345 бас МІҚ, 662 бас жылқы, 19000 бас қой-ешкі, 158  бас түйе малдары, 200 бас үй  құстары  өсірілуде.

«Өңірлерді  дамыту»  бағдарламасы  бойынша «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы   бойынша: Көшек батыр ауылына кіші футбол алаңы салынды 14 млн теңге   қарастырылып соғылды.

«Жұмыспен  қамту -2020  жол  картасы» бағдарламасы   бойынша жұмыспен қамту орталығынан 2 адам, 4 млн 600 мың. теңге несие алды.

«Лизинг» бағдарламасымен  аталған бағдарлама бойынша «Қали» шаруақожалықтары  1 Ауылшаруашылық техникаларын алды,«Батай» шаруақожалығы «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 5 млн.  теңге  субсидия  алып одан әрі өз жұмысын жалғастыруда.

Жер  және егін шаруашылығы  бойынша.Округтің жер  көлемі-33000 мың  шаршы  км.   Оның  ішінде :

1223 гектар суармалы  егістік  жер,3389 гектар  шабындық, 124433 гектар  мал  жайылымдық  орналасқан. 2017  жылы   2,0 гектар картоп,  13,0 гектар бақша 35 гектар көпжылдық шөп бар. 6120  тонна  мал азығы  дайындалып  қыстауларға  жиналды.

Шаруа  қожалықтары  және  кәсіпкерлік   бойынша Ауылшаруашылығы саласында 42 шаруа  қожалықтары тіркеліп оның ішінде 23 ш/қ жұмыс істеп  жатыр.Олар мал өсірумен,    тек мал  шаруашылығымен  шұғылданады. Сондай ақ 2017 жылы желтоқсан айының басында   облыстық әлеуметтік кәсіпкерлік  корпорацияның тарапынан «Дүйсенбі» шаруа қожалығның төрағасы 1 газель машинасымен арзан халыққа күнделікті пайдалынатын, тұтынатын  азық –түлік тауарлары әкелініп ауыл халқына арзандатылған бағамен сатылды.

Ветеринарлық   жұмыстар бойынша Округте  1 ветеринарлық  пункт  жұмыс  атқарады.  Кеңес ауылдық округінде   ауылшаруашылығы  малдарын   бірдейлендіру  үшін  салынған сырғалардың  қаржысы  бюджетке толық   құйылды. Қарыздарлық  жоқ. Ауылдың солтүстік – шығыс жағынан  мал  өлекселерін  жоятын  арнайы  жобадағы  термикалық  шұқыр  пайдалануда.

Салық түсімдері бойынша: жерге 111,805 тг, мүлікке 4250 тг және кәсіпкерлік салымы бойынша 155000тг құйылып, 100 пайыз орындалды

Білім беру,  денсаулық сақтау,  мәдениет салалары   бойынша Ауылдық округ бойынша 304 оқушы, 64  педагок кадрды   қамтып  отырған  .

2017 жылы амбулатория  620  адамды   қабылдап,  60  бала, 301  үлкен  адамдар  күндізгі   стационар  бойынша,  қалғандары   амбулаториялық  ем  қабылдаған.   2017 жылы 6  сәби  дүниеге  келген.

Ауылда  150 орынға  арналған    мәдениет үйі,    9450  кітап  қоры  бар   кітапхана  жұмыс  істейді.

«Дипломмен  ауылға»   бағдарламасы   бойынша Көшек батыр ауылының «Жамбыл» орта мектебіне ір  педагог кадр  келіп  жұмыс  жасауда. 2017 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен  халыққа қызмет ететін мекемелер яғни пошта, Ветеринарлық пункт мекемелері орналасқан, Т.Рсықұлов көшесінің 650 км. бөлігіне 1 млн.100 мың теңге қаржы қарастырылып электр жарығы орнатылды.

Құқық  бұзушылық  бойынша Округ аумағында 2017 жылы  әкімшілік – құқық   бұзушылық және еш қандай мал ұрлығы   тіркелмеген.