С.Шәкіров ауылдық округі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес С.Шәкіров ауылдық округінің әкімі Н.Копадиловтың халық алдында есебінен

ТЕЗИСТЕР

Жер және егін шаруашылығы бойынша: Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 1660га. оның суғармалы жерлері 141 га, шабындық жерлері 209 га, жайылымдық жерлері 1310 га

Мал шаруашылығы бойынша: (ауыл мен шаруа қожалықтар) 2017 жылдың 1 – желтоқсанына ауылдық округте 3039 – бас мүйізді ірі қара, оның ішінде 1978 – бас ш/қ, 1061 – бас халықта. Қой – ешкі 34581 – бас, оның ішінде 18741 – бас  ш/қ, 11712 – бас  халықта. Жылқы 652 – бас, оның ішінде 369 – бас  ш/қ, 283 – бас халықта. Түйе 162 – бас , оның ішінде 186 – бас  ш/қ, 49 – бас халықта, құстар 710 – бас халықта.

Шаруа қожалықтар және кәсіпкерлік бойынша: С.Шәкіров ауылдық округ бойынша 59 шаруа қожалықтар  тіркелген. Қәзіргі таңда нақта жұмыс істеп тұрғаны 47 мал және егін шаруашылығымен айналысады.  С.Шәкіров ауылдық округі бойынша 5 дүкен халыққа қызмет жасауда.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша: бағдарлама аясында «жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау» бағытында .2017 жылға ауылдық округке 1906,0 мың теңге қаражат қарастырылып, оның ішінде: 1419,0 мың теңге С.Шәкіров ауылында ауылішілік жолдарын ағымдағы жөндеуге,  487,0 мың теңге Тамабек ауылында Ташкентбаев көшесіндегі саябақты ағымдағы жөндеуге жұмсалды.С. Шәкіов ауылдық округінің әкімшілік ғимаратын  жылу қазандығын табиғи газға қосу үшін 1,217 мың теңге қарастырылып, толық игерілді

Аудан мәніндегі 21 км жолға 9 млн. Теңге бөлініп, күрделі жөндеуден өткізілді.

Елді мекенді аббаттандыру бағдарламасы бойынша:  229,0 мың теңге қаражат және көшелерді жарықтандыру бағдарламасы бойынша162,0 мың теңге қаражат қарастырылып толығымен игерілді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберiнде»инфрақұрылымды (әлеуметтік-мәдени объектілер, инженерлік-көлік инфрақұрылымы) және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты ағымдағы және орташа жөндеуге, абаттандыруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен 4799,0 мың теңге қаражат қарастырылды.

Оның ішінде, С.Шәкіров ауылындағы мәдениет үйінің жарықтандырылуын және қоршауын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 877,0 мың теңге, С.Шәкіров, Тамабек ауылдарындағы күл-қоқыс төгетін орынды жайластыру жұмыстарына 3922,0 мың теңге қаражат толығымен игерілді.

Мемлекет басшысының қоғамдық сананы жаңғырту бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру барысы бойынша  «Жастарға мемлекеттік бағдарламалар және түрлі салалар аясында консултациялық алаң», салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Кіші футбол», еңбек ардагерлерімен кездесу, т.б. іс- шаралар өткізілді.