Үшарал ауылдық округі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес Үшарал ауылдық округі әкімі Р.Айтуовтың халық алдында есебінен

ТЕЗИСТЕР

Жер және егін шаруашылығы бойынша: Ауылдық округке қарасты 190 040 гектар жер бар, оның ішінде 1124 гектар суармалы егістік жер болса,1690 гектар шабындық, 172 535 гектар мал жайылымдық жерлер. 2017 жылы 4,5 гектар жерге көкөністер мен бақша дақылдары егілсе, 20 гектар жерге жоңышқа егілді.

Мал шаруашылығы және шаруа қожалықтар бойынша: 2017 жылдың 1 желтоқсанына әзірленген есеп бойынша шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басы туралы мәлімет: МІҚ – 2759 бас, жылқы – 1388 бас, қой-ешкі – 29089 бас, түйе – 318 бас, 673 үй құсы.

Оның ішінде тек шаруа қожалықтарына тиесілі мал басы: МІҚ – 1603 бас, қой-ешкі – 14383 бас, жылқы – 709 бас, түйе – 318 бас.

         Шаруа қожалықтары және кәсіпкерлік бойынша: МІҚ асылдандыру мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру аясында 2017 жылы «Ақбас» шаруа қожалығы «Даму» коропорациясының субсидиялауымен «Нұр» банктен 80 млн.теңге алды. Аталған қаражаттың 42 млн. 900 мың теңгесіне «Меркі Халық Хәлі Транс-1» ЖШС-нен 143 бас құнажын ақ бас тұқымды мұйізді ірі қара сатып алынса, Қордау ауданы, Қақпатас ауылындағы «Қақпатас-Қордай» ЖШС-нан 31 млн. 931 мың теңгеге 103 бас етті-сүтті бағыттағы «Алатау» тұқымды аналық құнажындар сатып алынды. «Меркі Халық Хәлі Транс-1» ЖШС-нан сатып алынған малдың бір басының сомасы 300 мың теңгені құраса, «Қақпатас-Қордай» ЖШС-нің құнажындарының бір басы 310 мың теңгеден бағаланды.

Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың игілігіндегі 5 сауда нүктесі, шағын базар орталығы, 250 орындық тойхана тұрғындарға қызмет көрсетіп, халықты күнделікті сұраныстағы заттарымен қамтамасыз етіп отыр.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша: бағдарлама аясында «жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау» бағытында ауылдық округте «Жастар» саябағын абаттандыру, қайта жөндеу жұмыстарына 2015,0 мың теңге қаржы қарастырылып, саябаққа брусчатка төселіп, жабық күйдегі орындықтар, қоқыс жәшіктері мен жарықтандыру жүргізілді. Алдағы жылы жоспарда қоршау жұмыстарын толық аяқтап, ауыл көшелерін түгелдей жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Ауылдық округте мекемелер мен ауыл көшелерінде тұрақты түрде сенбіліктер өткізіліп тұрады.

         «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тартуды жүзеге асыру мақсатында «Қуаныш» шаруа қожалығы 5 млн. теңге несие алып мүйізді ірі қара мал сатып алды.

Әлеуметтік сала бойынша

Аз қамтылған 18 жасқа дейінгі баласы бар 25 отбасына балалар  жәрдемақысы, 2 отбасына тұрғын үй көмегі берілді, ақылы қоғамдық  жұмыс бойынша 6 адам жұмыспен қамтылса, 2 жас маман жастар тәжірибесінен өтті. «Өрлеу» жобасына 2017 жылы 11 адам қатысып, олар ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырылды.

Мемлекет басшысының қоғамдық сананы жаңғырту бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру барысы бойынша  іс- шара жоспары жасалынып бекітілді.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында дөңгелек үстөл отырысы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында спорттық  атты іс- шаралар өткізілді.