Талас ауданының әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиевтің «2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2017 жылы алда тұрған міндеттер туралы» ЕСЕБІ

Талас ауданының әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиевтің  «2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2017 жылы алда тұрған міндеттер туралы»  

ЕСЕБІ

 

Құрметті аудан тұрғындары!

 

Өткен 2016 жылы, Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы үлкен салтанатпен аталып өтілді. Мерейтой аясында атқарылған жұмыстар, негізінен  – қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға,  ұлттық рухты, еліміздің бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталды.

Аудан аумағында ұйымдастырылған іс-шаралардың барлығы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» айдарымен өткізілді. Өткізілген Іс –шаралар барысында тәуелсіздік жылдарындағы еліміздегі жетістіктер мен Елбасының тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы рөлі кеңінен насихатталды.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлаған мерейтойлық жыл «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудың басталуымен тұспа – тұс келді.

Алда тұрған жұмыстың ауқымы мен маңызын түсінген бесінші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттары Президентке Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсынысы қолдау тауып, 20 наурызда өткен кезектен тыс парламенттік сайлау қорытындысы бойынша, «Нұр Отан» партиясы дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 82,2 пайыз дауысын иеленіп, айқын жеңіске жетті.

 

Ардақты ағайын!

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Барлық деңгейдегі әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы атқарушы билік пен бұқара арасындағы ашықтықты, жариялылықты қамтамасыз ететіні сөзсіз.

Аудан жұртшылығы да Елбасының алға қойып отырған ауқымды міндеттерін жүзеге асыру жолында еңбек етуде. Аудан экономикасының барлық саласында өткен жылдармен салыстырғанда біршама ілгерушіліктің болғандығы анғарылады.

Ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылай келе, аудан тұрғындарының еңбекқорлығы мен ауызбіршілігінің арқасында біршама табыстарға қол жеткізіліп, еліміздің экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқанымызды мақтан етеміз.

Есепті жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мына сапалық және сандық көрсеткіштермен сипатталады. Атап айтқанда:

            ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫНДАҒЫ өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдері 20 млрд. 654 млн. теңгеге өндіріліп, 29,1%-ға немесе 4 млрд. 658 млн.теңгеге артты (2015 жылы – 15млрд. 996 млн. теңге).

Өнім өндіру көлемінің құрамында өнеркәсіп саласында 10 млрд. 639,0 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, оның үлесі – 51,5%,  ал ауыл шаруашылығы саласындағы өнімдері 10 млрд. 15 млн. теңгені құрап, оның үлесі 48,5% болып отыр.

Өнеркәсіп саласы

Өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда, өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 3 млрд. 556,6 млн.теңгеге артты немесе 150,2%-ға орындалған, нақты көлем индексі – 105,3%, (2015 жылы 93,1%). Аудан халқының жан басына шаққандағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 196,8 мың теңгені құрады (2015 жылы  – 131,8 мың теңге).

Инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 9 млрд. 674 млн. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 1 млрд. 370 млн. теңгеге артты, немесе 16,5% өсті (2015 жылы 8304,1 млн.теңге).

Инвестициялардың құрамына «Жамбыл Недр» ЖШС-нен 2121,2 млн.теңге, «Каратау ПРО» ЖШС-нен 1408,9 млн.теңге, «Talas Investment Company» ЖШС-нен 333,9 млн.теңге, ГПК «Шолақтау»-255,2 млн.теңге және «Амангелді Газ» ЖШС-3182,1 млн.теңге тартылған.

Аудан халқының жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 178,9 мың теңгені құрады (2015 жылы  – 154,5 мың теңге).

Инвесторлар тарту бойынша:

Алдағы уақытта 34,0 млрд тенгені құрайтын «ST Power» ЖШС-і қуаты 50 МВт күн электр станциясының құрылысын жүргізу жоспарлануда.

Үдемелі индустриалды – инновациялық дамыту бағдарламасының орындалуы бойынша бірінші және екінші бесжылдығында жалпы құны – 18 млрд. 211,7 млн теңгені құрайтын 3 ірі инвестициялық жоба іске асырылды.

            Нақты тоқталсақ, 2014 жылы ауданның экономикалық өсімін қамтамасыз ететін ішкі резерві жылына 15,0 мың тонна цианид натрий шығаратын зауыттың құрылысы, яғни «зәкірлік» инвестициялық жобасы іске асырылды. «Talas Investment Company» ЖШС-де тұрақты 495 адам жұмыспен қамтылған. Бұдан бөлек қосымша 66 адам қосалқы шаруашылыққа орналасты (дәмханада-12, газ құтқарушысы-18, қарауылда-36). 2016 жылы 2155 тонна натрий цианид және 641 тонна амоний сульфат өндіріп, жалпы өнім көлемі 1520,5 млн.тенгені құрады.

2015 жылы екінші бесжылдықта ауданда жалпы құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік индустриаландыру картасына енгізілді. «Жамбыл Недр» ЖШС-і жылына 300,0 мың тонна М-400, 500 маркалы цементін өндіреді. Жалпы құрылыс жұмыстарының 100 пайызы жасалынып, монтаж қондырғылары қойылып, инфрақұрылымын жүргізуде. Қазіргі таңда зауыттың құрылыс жұмысына 164 адам тартылған, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 99 адам жолданды.

Зауыттың Қаратау қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан карьерге электр желілерін жүргізу үшін 97,0 млн.теңге және зауыттың инфрақұрылымын жүргізуге 1,2 млрд.теңгеге жобалық-сметалық құжаттары облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық дамыту басқармасына тапсырылып, өңірлік үйлестіру кеңесінің оң шешімін алды. Зауыттың инфрақұрылымына қаралған 1,2 млрд. теңгені «Корпорация Жильстрой Тараз» ЖШС-і 1173,0 млн. теңгеге ұтып алды. 2016 жылы бөлінген 400,0 млн. теңге толықтай 100 пайыз игерілді.

Зауыт карьеріне электр желілеріне қаралған 97,0 млн. теңгені «Фортиз» ЖШС-і 92,6 млн. теңгеге ұтып алып, 2016 жылы 100 пайызы игерілді.

Бұдан бөлек ауданда 2016 жылы жалпы құны 1 млрд 946 млн тенгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік индустриаландыру картасына енгізілді. «Қаратау Про» ЖШС-і жылына 110,0 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт соғу. Қазіргі таңда зауытқа Итальяндық құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары аяқталды. Зауыт іске қосылғанда 60 адам жұмыспен қамтылады. Карьер толықтай геологиялық зерттеуден өткізілді. Қазіргі таңда 100 адам жұмыспен қамтылған және 4 қосалқы тапсырыс алушы кәсіпорындар жұмыс істейді. Зауытты іске қосу 2017 жылдың қаңтар айына жоспарлануда.

Республикалық индустрияландыру картасына 2018 жылға енгізілген жоба «ЕвроХимТыңайтқыштар» ЖШС «Минералды тыңайтқыштарды өндіру Химзауытының құрылысы». Жобаның жылдық қуаты 1400 мың тонна минералды тыңайтқыштар өндіру. Жобаның құны 356,6 млрд. теңге. Жоба іске қосылғанда  400  жаңа жұмыс орындары ашылады.

Индустриалды аймақ бойынша:

Қаратау қаласының шығыс бетінде 3 шақырым ара қашықтықта, Қаратау-Тамды тас жолының бойында, Тамды ауылдық округінің жерінде орналасқан. Бұл аймаққа 20 га жер телімі бөлініп, «Игілік» коммуналдық кәсіпорнына берілді. Аймақта жиналмалы тараны шығару, арнайы киім тігетін цех, әк өңдейтін, кірпіш шығаратын және т.б. кәсіпорындарды шоғырландырылады.

Қазіргі таңда арнайы индустриалды аймақта «Talas Investment Company» ЖШС-і жиналмалы тараны шығару жұмыстары жүргізілуде. Жылына 150,0 мың дана 50 кг сталдық барабан және 18,75 мың дана 400 кг ағаш жәшік дайындайтын болады. Жобаның құны 412,0 млн тенгені құрайды. Тұрақты жұмыспен 20 адам қамтылған. Бүгінгі күнге 14235 дана сталдық барабан және 3902 дана ағаш жәшік шығарылды.

 

Инвестициялық жобалар бойынша:

1) Ауданда сүт және ет өнімін өндіретін цехтар тапшылық. Осы бағдарлама аясында тәулігіне 2 тонна сүт өндіретін (май, сыр, ірімшік) цехты ашу мақсатында жұмыстар жасалуда.  Жобаның құны 20,0 млн тенгені құрайды. Кәсіпорын жұмыс атқарғанда 3 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңда құрал-жабдықтардың 100 пайызы орнатылды. Кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету үшін 2 жерге сүт сақтайтын мұздатқыш орнату көзделіп отыр. Сүт өнімін әрдайым алып тұру мақсатында шаруашылық иелерімен келісімге отырды. Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қорынан 5,5 млн.тенге несие алып және мемлекеттік грант 3,0 млн.тенге ұтып алып жұмыс жасалуда.

2) «Атамекен Мрамор Көктал» ЖШС-і (Крикбаева Ш.). Кәсіпорын мәрмәр тасына плиталық тастар, баспалдақтар, кірпішке арналған табиғи тастар шығарумен айналысады. Жобаның құны 15,0 млн теңгені құрайды. Жылына 20,7 мың тонна ұнтақталған тасты өңдеп, 103,6 млн теңгенің затын өндіріп шығаратын болады. Қосымша 4 жұмыс орын ашылып, қазіргі таңда 13 адам жұмыс істеуде. Қазіргі таңда өндіріс іске қосылып, 3,4 млн тенгенің өнімін өндірген.

3) «Азмина Мрамор» ЖШС-і (Джетпісбаев Р.). Кәсіпорын мәрмәр тасына плиталық тастар, баспалдақтар, кірпішке арналған табиғи тастар шығарумен айналысады. Жобаның құны 20,0 млн теңгені құрайды. Жылына 32,0 мың тонна ұнтақталған тасты өңдеп, 150,0 млн теңгенің затын өндіріп шығаратын болады. Қосымша 8 жұмыс орын ашылады. Қазіргі таңда құрал-жабдықтары тасымалданып орнатылды.

4) «Жамбыл-Недр» ЖШС-і аясында қуаттылығы әртүрлі құрылысқа керекті кафельный клей, гипс сылақ, сәндік сылақ және т.б. өнімдер «Шебер» логотиппен 6,1 млн тенгенің өнімі шығарылды. (2016 жылы гипс сылақ – 88,5 тонна, сәнді сылақ – 9,9 тонна, глад – 8,6 тонна, әк – 4,2 тонна, кафел клейі – 121,4 тонна, құйылған пол – 3,2 тонна).

«Бизнес жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша:

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айына  екінші деңгейлі банктерге 16 әлеуетті жобалар ұсынылып, «БанкЦентркредит» АҚ-ы, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы және «СберБанк» АҚ-ы арқылы 114,1 млн. тенгенің 9 жобасы оң шешімін алды. Атап айтқанда: аудан орталығында «Аида» дүкенін заманауи шағын маркет етіп ашу, қымыз өндірісі, жиһаз шығаратын цехты дамыту, дәрі-дәрмек таситын автокөлік,құрылыс тауарларын таситын автокөлік алуға және мейрамхана ғимаратын жаңғыртуға. Одан бөлек кәсіпкерлердің 7 жобасы екінші деңгейдегі банктерге құжаттары қарауға ұсынылды.

Грант бойынша: ЖК «К-Сlub» Әлмұхан Жумагулдің ауданда «Ағаштан экологиялық таза балалар ойыншығын шығару» жобасы ұсынылып 2,3 млн тенге грантын жеңіп алды.

Кепілдік бойынша: Жалпы бағдарлама жұмыс істегеннен бастап, кәсіпкерлердің кепілдіктеріне 81,7 млн. тенгенің 10 жобасына 36,2 млн. тенгеге кепілдік берілді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының ІІ бағыты бойынша (кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамытуға) 2016 жылы 71 адамды қамтуға барлығы 262,3 млн.теңге қарастырылды. Соның ішінде кәсіпкерлік негіздеріне 13 адам оқытуға 443,0  мың.теңге. 71 адамға микрокредит беруге 262,3 млн.теңге қаражат бөлінді. Микрокредит алушылар үшін жылдық тиімді сыйақы ставкасы 6 пайызды құрады.

2016 жылы алғашқы траншпен қаралған 73,3 млн.теңгеден 27 адамға 73,3 млн.теңгенің шағын несие берілді. (мерзімінен бұрын өтелген микрокредит қаражаттары есебінен 2 адамға 6,0 млн.теңге, ІІ траншпен қаралған 21,0 млн.теңге 10 адам шағын несиесі берілді. Сөйтіп есепті кезеңде барлығы 39 адамға 100,3 млн. теңгеге  шағын несие берілді. Осы несие алған 39 адамда қосымша 28 жұмыс орындары ашылды).

«Нұр Отан» партиясының «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасын іске асыру мақсатында яғни бағдарламаның осы бағытында қаралған 102,0 млн.теңге 21 адамға шағын несиесі берілді. Осы несие алған 21 адамда қосымша 10 жұмыс орындары ашылды.

«Бір несие алушыда кемінде бір қосымша жұмыс орыны ашылуы тиіс» деген талап толық орындалуы тиіс, оның үстіне жаңа Қағидаға сәйкес өз ісін кеңейтуге несие алған адам міндетті түрде жұмыспен қамту орталығы арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуы тиіс.

 

Ауыл шаруашылығы саласы

Ауыл шаруашылығы өнімі 10 млрд. 15 млн. теңгеге өндіріліп, 112,4%-ға орындалды. Немесе 1 млрд 101 млн.теңгеге артты. (2015 жылы 8913,7 млн. теңге). Аудан халқының жан басына шаққандағы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 185,2 мың теңгені құрады (2015 жылы  – 165,8 мың теңге). Оның ішінде: Өсімдік шаруашылығы өнімі 2043,3 млн.теңгеге өндіріліп, 160,9 пайызға орындалды. (немесе 773,4 млн.теңгеге артты). (2015 жылы 1269,9 млн. теңге).

Мал шаруашылығы өнімі 7971,9 млн.теңгеге өндіріліп, 104,3%-ға орындалды, немесе 328,1 млн.теңгеге артты. (2015 жылы 7643,8 млн. теңге).

Мал шаруашылығында ет – 11763,0 тонна (101,4%-ға), сүт – 7492,8 тонна (101,2%-ға), жұмыртқа 5012,0 мың дана (100,1%-ға),  жүн  432,7 тонна (100,0%-ға) өндірілді.

Мал басының саны  өткен жылмен салыстырғанда тұрақты өсуде. Мүйізді ірі қара саны 3,1%-ға өсіп 19964 басқа, қой мен ешкі 4,3%-ға өсіп 317593 басқа,  жылқы – 2,9%-ға өсіп 7868 басқа,  түйе – 3,7%-ға өсіп 1806 басқа жетті. Ал, құс саны  51792 басты құрап, өткен жылдың (144872 бас) есепті кезеңімен салыстырғанда 93080 басқа төмендеп отыр. Оның себебі, облыстық статистика департаментінің құс санына нақтылау жүргізілуіне байланысты төмендеген.

 «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламасы бойынша

2016 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Аулие-Ата» несие серіктестігінен 21 шаруа қожалығының 24 жобасы  мақұлданып – 205,6 млн.теңгеге несие алды. Атап айтқанда:

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 9 жоба құны 82,8 млн. теңгеге 479 бас МІҚ сатып алып 106,4 %-ға орындалды , (жоспар 450 бас) (С.Шакиров а/о «Шәріпхан» ш/қ, Ойық а/о «Рахманәлі» ш/қ, «Мұса» ш/қ, «Нұр» ш/қ; Бостандық а/о «Көккөл» ш/қ,  «Нұрдәулет» ш/қ, Аққұм а/о «Барбол» ш/қ, Ақкөл а/о «Мэлс» ш/қ).

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 10 жоба құны 67,9 млн. теңгеге 2861 бас қой сатып алып, 114,4%-ға орындалды (жоспар 2500 бас) (Тамды а/о  «Уақ» ш/қ 4,546 млн.тенге  192 бас қой, «Қыдырбек» ш/қ 10,0 млн.тенге 470 бас;  С.Шакиров а/о «Шәріпхан» ш/қ  4,166 млн.тенге 181 бас қой, «Асанәлі» ш/қ  9,19 млн.тенге  354 бас қой, «Кеңес» ш/қ 10,0 млн.тенге 470 бас;  Ойық а/о «Рахманәлі» ш/қ 9,55 млн.тенге 449 бас, Қызыләуіт а/о «Ақтөбе» ш/қ 11,19 млн.тенге 441 бас; Қаратау а/о «Фархат» ш/қ 2,65 млн.тенге 111 бас).

«Құлан» бағдарламасы бойынша 5 жоба құны 54,8 млн. теңгеге 220 бас жылқы сатып алып, 104,8%-ға орындалды (жоспар 210 бас) (Ойық а/о «Бақжайлау» ш/қ; Ақкөл а/о «Дос» ш/қ,  ЖК «Қалқабаев»; Қызыләуіт а/о «Еламан» ш/қ, С.Шакиров а/о «Саян» ш/қ ).

2013-2020 жылдарға арналған ірілендіру бағдарламасы бойынша

2016 жылдың 12 айында статистикалық мәліметке сәйкес 736 бірлік шаруа қожалық тіркелген (2015 жылы 764). Оның жұмыс істейтіні 730 бірлік.

2016 жылға дейін шаруа қожалықтарды ірілендіру жұмыстары жүргізілсе, 2016 жылдан бастап ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы Заңы күшіне еніп, 2016 жылы 8 ауылдық елді мекенде 10 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды, оның ішінде: Ақкөл ауылдық округінде – 2, Аққұмда – 2, Берікқарада–1, Қызыләуітте–1, Ойықта – 1, Тамдыда – 1, Шәкіров пен Тамабекте -2.

Жайылымдықтарды суландыру бағдарламасы бойынша 

Жоспар – 4 құдық болса, оның орындалуы 5 құдық немесе 120 % орындалды.

С.Шәкіров ауылдық округінен «Ахай» ш/қ 1 құдық, Ақкөл а/о «Барлыбай» ш/қ 1 құдық, Үшарал а/о «Әден» ш/қ 1 құдық және Қаратау а/о «Даулет» ш/қ 1 құдық «Бақытжан» шаруа қожалығы 1 құдық және Ойық ауылында «Шалқар» шаруа қожалығы 1 құдық қазып. 80%  инвестициялық субсидиясын алу үшін «КазАгромаркетинг» АҚ –на құжаттарын өткізген.

Ауыл шаруашылығы техникаларының базасын жаңарту бойынша

Ауданда 2016 жылдың өткен мерзімі ішінде жаңадан 10 дана МТЗ-80 тракторы және 24 дана ауылшаруашылығы техникаларының агрегаттары сатып алынды. Оның ішінде: Лизинг жүйесі бойынша «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы 5 дана МТЗ-80 тракторы және 11 дана ауылшаруашылығы техникаларының агрегаттары  және нақты ақшаға 5 трактор, 13 агрегат  сатып алынды.

 Ресурсты үнемдеу технологиясын пайдалану (оның ішінде тамшылатып, жаңбырлатып суару) бойынша: 

2016 жылы Бостандық ауылдық округінде «Жаңалық» шаруа қожалығы 29 гектар егістік алқапқа (1 га соя, 9 га картоп, 9 га жүгері, 10 га жоңышқа)  жаңбырлатып суару технологиясын енгізіп отыр. Сонымен бірге, Қаратау қаласында жеке кәсіпкер А.Сейдалиева 1,0 гектар алма бағын тамшылатып суаруда.

Мал бордақылау алаңдары бойынша  2016 жылы Бостандық ауылдық округінде «Мағжан» шаруа қожалығы 200 басқа арналған ірі қара бордақылау алаңын салды.

Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау бағдарламасы бойынша

Аудан бойынша 2 шаруа қожалығына 25,0 тонна («Қыдырбек» ш/қ – 5,0 тонна, «Бекен» ш/қ – 20,0 тонна)  субсидияланған (50%-ға арзандатылған) тыңайтқыш сатып алып, 952,0 мың теңге субсидия игерілді.

Көктемгі егіске дайындық жайлы.

2016 жылдың өнімі үшін барлығы 10100 гектар алқапқа ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылады, оның ішінде: күздік бидай 3145 га (меморандум бойынша 700 га) жаздық дақылдар:  арпа 1355 га (меморандум бойынша 500 га),  мақсары 500 га , күнбағыс 100 га, картоп 50 га, бақша 300 га, көкөніс 200 га және 400 га көпжылдық шөп жаңадан егілу межеленген.

2016 жылдың өнімі үшін барлығы 10194 гектар (100,9) алқапқа ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды: Оның ішінде: 3145 гектарға күздік бидай, 800 гектарға жаздық арпа, дәндік жүгері 320,7 гектарға, мақсары 975 гектар, күнбағыс 101гектар, 122 га алқапқа картоп, 315 га бақша, 210,3 га көкөніс дақылдары және көпжылдық шөптер 4205га (оның ішінде 590,2 гектар жаңадан егілген) егілді.

2015 жылдағы көрсеткіштермен салыстырғанда егіс алқаптарының көлемі 103%-ға, оның ішінде: дәндік жүгері 118%-ға,майлы дақылдар 179%-ға, бақша 105%-ға және картоп 106%-ға арттырылып отыр.            Ауданда 2016 жылы 3945 га масақты дәнді дақылдардың (3145 га күздік бидай және 800 га жаздық арпа)  әр гектарынан 17,2 ц/га, барлығы 6781 тонна астық жиналды.Оның ішінде: күздік бидайдың  әр гектарынан 18,0 ц/га, барлығы 5677тонна,  және жаздық арпаның әрбір гектарынан 14,0 /га,  барлығы  1120 тонна өнім алынды.

2015 жылы 3368 гектар күздік бидайдың әрбір гектарынан 15,0 ц/га барлығы 5502 тонна және 841 гектар жаздық арпаның әрбір гектарынан 12,3 ц/га, барлығы 1036 тонна өнім алынған болатын.

2016 жылы 320,7 гектар дәндік жүгері егістігінің әрбір гектарынан 45,0 ц/га, барлығы 1443 тонна өнім алынды. Өткен 2015 жылы 272 гектардың әрбір гектарынан 42,0 ц/га, барлығы 1088 тонна өнім алынған.

2016 жылы 975 гектарға орналастырылған мақсарының әрбір гектарынан 6,3 ц/га, барлығы 614 тонна  өнім алынды. Алдыңғы жылы 500 га мақсарының әр гектарынан 6,2ц/га, барлығы 310 тонна өнім алынған.

Көктемгі егіс-дала жүмыстарына және егін жинау жұмыстарын субсидиялау

2016 жылы ауданға көктемгі егіс-дала және егін жинау жұмыстарын субсидиялауға облыс әкімдігінің 14 қараша 2016 жылғы №334 қаулысымен 6200,0 мың теңге бөлінген. Өтінім берген 32 ауылшаруашылығы тауарөндірушілеріне 3440,8 гектар егісі үшін 6200,0 мың теңге субсидия берілді.

Шаруашылықтарға қысқы мал азығын дайындауды қамтамасыз ету.

2016 жылы аудан бойынша 95000 тонна ірі сабақты мал азығын дайындау белгіленген.  Соңғы мәлімет бойынша дайындалғаны  109250 тонна (115%).

Асыл тұқымды малдарды мал шаруашылығын қолдау.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен қабылданған    195 құжаттар бойынша барлығы 276890,0 мың тенге субсидия берілді. Оның ішінде:

– 35 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге сатып алынған асыл тұқымды 528бас мүйізді ірі қара малына – 81272,0 мың тенге  төленді.

– 38  ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге сатып алынған асыл тұқымды  4078 бас қой малына – 29238,6 мың тенге  төленді.

– 1 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге сатып алынған асыл тұқымды 3 бас жылқы малына – 120,0 мыңтенге  төленді.

– 14 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге мал бордақылау алаңдарына  өткізген 564 бас бұқашықтарына – 7417,5мың тенге  төленді.

– 45 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге МІҚ малына селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізгендігі үшін 4564 бас сиырына – 83478,0 мың тенге төленді.

– 62 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге ҚОЙ малына селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізгендігі үшін 50423 бас аналығына – 74778,814 мың тенге төленді.

1 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге өндірген биязы жүні үшін 585,0 мың тенге төленді

 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 

2016 жылдың 12 айында ауданға жұмыс істеуге келген барлығы 19 маманға 2 млн. 821 мың  теңге көтерме жәрдемақы төленді (білім беру саласындағы 13 маманға, 2 спорт және 4 ветеринария саласы мамандарына).

Тұрғын үй алуға 16 маманға 50 млн. 904 мың теңге несие берілді. (Білім беру саласының -11 маманына, спорт саласының -1 маманына, ветеринария саласының -3 маманына, мәдениет саласының 1 маманына, барлығы 16 маман.)

Орман шаруашылығы

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды  реттеу басқармасының Ақкөл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі 2016  жылы 300 га қара сексеуіл көшеті (540 мың дана) мемлекеттік орман қорында отырғызылған. 2016 жылы күзде қара сексеуіл тұқымын себуге 800га, 2017 жылы көктемде сексеуіл көшетін отырғызу үшін 300 га жер жыртылып дайындалды.

Ақкөл-Ұланбел авто жолының бойында мемлекеттік орман қор жиегіндегі Аққұдық құдығында вагон-бекет қойылып, заңсыз ағаш кесу оқиғаларын болдырмау мақсатында және өрт қауіпі жоғары кезеңінде 3 орманшы – қорықшыдан кезек құрастырылған.

2016 жылы көктемде 171 ағаш кесу билеті толтырылып 680 м3 сексеуіл босатылған.

 Ветеринария саласы бойынша

Ауданда 2016 жылы ветеринариялық эпизоотиялық іс-шаралар жұмыстарын жүргізу үшін 123,6 млн.теңге қаражат бөлініп, толық игерілді.

Ветаринариялық эпизотиялық іс-шараларының 12 айлығы толығымен орындалып отыр.

Аудандық бюджеттен автокөлік сатып алуға 10494,4 мың теңге бөлініп,арнайы ДУК автокөлігі сатып алынды.

Жоспарлы диагностикалық жұмыстар барысында сарып (бруцелез) 21977 бас МІҚ малынан қан алынып, 1 бастың, 451489 бас уақ малынан қан алынып 305 бастың сарып (бруцелез) ауруына оң нәтиже бергені анықталды. Оң нәтиже берген 1 бас МІҚ малы және 274 бас уақ малдың барлығы Байзақ ауданының мал сою алаңында сойылып, өткізілді. Өлген 31 бас малға акт жасалды. Одан басқа сарыпқа 485 ит, 58 бас жылқы, 1087 бас түйе, 102 бас шошқа  тексеріліп оң нәтиже анықталмады. Сарып ауруына шалдығып, алынып қойылған малдардың құнын өтеу бойынша қазіргі таңда 97 адамға 3248,0 мың теңге өтемақы төленді.

Конго-Қырым қанды безгегінің алдын-алу шаралары.

Конго-Қырым қанды безгегінің алдын алу мақсатында, көктем–күз айларындағы жүргізілетін жұмыстарға жергілікті бюджеттен барлығы 5 млн. 267 мың теңге бөлінді. Оның ішінде дәрі-дермекке облыстық бюджеттен 3 млн. 503 мың теңге, аудандық бюджеттен 1 млн. 764 мың теңге.

Конго-Қырым қанды безгегінің табиғи ошағында орналасқан Үшарал, Кеңес ауылдық округтерінде аталған ауруға қарсы жоспарланған 1-2 кезеңнің жұмыстары аяқталып, 3187,0 мың теңге толығымен игерілді.

Алдын алу шаралары үшін 518,9 литр эктозин, 86,4 литр  парисар, 3142,4 кг. дельтаметрин дәрілері сатып алынды. Дезинсекция жұмыстарын келісім-шарт бойынша «Халықтың денсаулық орталығы» ЖШС атқарды.

2016 жылы 52 кене шаққан адамдар амбулаториялық тексеруден өтізіліп үйлеріне қайтарылды. 2015 жылмен (42 адам) салыстырғанда 10 адамға артқан.

3-кезеңдегі дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуге 1713,0 мың теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілді. Аталған ауылдық округтерде (Кеңес,Үшарал) 1-2-3-кезеңнің жұмыстары толығымен аяқталып, жалпы саны 349159 шаршы метр болатын 653 аула, 38 қашар және 4124 бас МІҚ, 51995 бас қой ешкі, 1278 бас жылқы, 250 бас түйе дәріленді.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жоюға бөлінген 1731,0 мың теңге қаражат толығымен игеріліп, барлығы 807 ит пен 57 мысық ауланып, жойылды.

Сонымен қатар аудан бойынша 5-сібір (Берікқара а/о-2, Қаратау а/о-2, Қасқабұлақ а/о -1) ошақтары бар. Барлық сібір жарасының ошақтары арнайы қоршалып жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оған аудандық бюджеттен 2015 жылы  694 мың теңге бөлініп, мемлекеттік актісі алынған.

Ауданда 5 ауылдық округте Беккери (биотермиялық) шұңқыры мен 3 мал сою алаңдары жұмыс істейді. Беккери (биотермиялық) шұңқыры Қаратау қаласы мен Бостандық, Қызыләуіт, Ойық, Үшарал ауылдық округтерінде орналасқан. Мал сою алаңдары Қаратау қаласы мен Бостандық, Ойық ауылдарында жұмыс істеп тұр.

Ауыл шаруашылығы  малдарын бірдейлендіру.

2016 жылы ауылшаруашылық малдарын бірдейлендіру жұмыстарына 236000 – дана ұсақ малға  сырға алынып, барлығы  ауылдық округтерге қой-ешкі малына таратылып берілген. Сонымен қатар 7500 дана сырға МІҚ малына таратылып берілді. Барлық таратылып берілген сырғалар малдарға салынып, компьютерлік дерекқорға еңгізілді. Осы күнге дейін ЕАСУ бағдарламасына 2153 дана анықтама енгізілді.

Жер ресурстары

Талас ауданының жер көлемі 1 220 562 га, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік 10 698 га, босалқы жер қорындағы егістігі 10 894 га, (оның ішінде суармалысы 12 285 га, және үй іргесіндегі жер 1 293 га), көп жылдық ағаштар 98 га, босалқы жер қорындағы 62 гектар, шабындық 17892,0 га, босалқы жер қорында 6047 гектар, жайылымдық 426 416,5 га, босалқы жер қорында 91 580,83  гектар.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін мемлекеттік меншігіне қайтарылған және ұтымды пайдалану мақсатында жер телімдерін уақытша (жалға) пайдалану үшін 2 рет конкурс өткізіліп, барлығы  7410,49 гектар, оның ішінде 288,49 гектар егістік, 14 гектар шабындық, 7108,0 гектар жайылымдық  жер телімдері  уақытша 10 жыл мерзімге пайдалануға берілді.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер учаскілерін кәсіпкерлік мақсаттар құрылысы үшін жеке меншікке сату жөнінде 2016 жылы 1 рет аукцион өткізіліп 0,3691 гектар жер учаскесі жекеменшікке 1644,9 мың теңгеге сатылды.

Жеке тұлғалардың өз өтініштеріне сәйкес барлығы 1705,8 гектар жер телімі және бір заңды тұлға «Corporаtion AgroEcoFood» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен өз өтініші бойынша 19000 жер телімі аудандық босалқы жер қоры есебіне иесіз мүлік ретінде есепке алынды.

Мемлекеттік бюджеттің кірістері

Мемлекеттік бюджеттің кірістері (салық түсімдері) 111,5%-ға орындалды. Жоспар 1485,6 млн.теңге болса, бюджетке нақты түскені  1657,1 млн. теңге, немесе 171,4 млн. теңгеге артты. (республикалық бюджет 114,5%, облыстық бюджет 101,8%, аудандық бюджет 115,7% орындалды).

Жоғарғы бюджеттен түскен трансферттер 100%-ға орындалды, бюджетке нақты түскені  7175,6 млн. теңге.

Шығыстар 

Аудан бюджетінің шығыстары 8114,2 млн.теңгені құрап, 99,8%-ға орындалды (2015 жылы 99,6%, 8959,0 млн.теңге), яғни 18,839 мың.теңге игерілмеді. Оның ішінде Республикалық трансферттің игерілмегені 17613,6 мың.теңге, Облыстық трансферттің игерілмегені 607,0 мың.теңге.

Кәсіпкерлік саласы бойынша

Ауданда қазіргі уақытта шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен ауданда 1971 субьектісі (2015 жылы-1145) тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда 826 бірлікке немесе 72,1 пайызға өскен. оның ішінде қала бойынша 365,  98 шағын кәсіпорын бар (2015 жылы-99), оның ішінде қала бойынша 77 субъект, 1005 жеке кәсіпкерлер және (2015 жылы-282), оның ішінде қала бойынша 288 736 шаруа қожалықтар бар (2015 жылы 764).

Осы тіркелген субьектілердің 1789-ы немесе 90,8 пайызы жұмыс істейді.

Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында 4548 адам жұмыспен қамтылған (2015 жылы 4422 адам), олардың 1120 адам шағын кәсіпорындарда (2015 жылы 1107), 1248 адам жеке кәсіпкерлікте және (2015 жылы 1141), 2146 адам шаруа қожалықтарында жұмыс істейді (2015 жылы 2172 ).

Қала бойынша шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында 1650 адам жұмыспен қамтылған (2015 жылы 1307 адам), оның ішінде шағын кәсіпорындарда 871 адам (2015 жылы 861 адам), жеке кәсіпкерлікте  382 адам (2015 жылы 377 адам).

Сауда тауар айналымы, сауда саласы бойынша

Жеке және шағын кәсіпорындардағы сауда тауар айналымы 1216,2 млн.теңгені құрап, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 24,6 пайызға өсіп (2015 жылы 975,7 млн.теңге), 240,5 млн.теңгеге артық  орындалды. Нақты көлем индексі 105,4 пайызды құрады.

Аудан бойынша инфляцияны төмендету және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында, азық-түлік дүкендері арасында негізгі азық-түлік тауарлары бағаларының көтерілуіне қарсы мораторий жарияланып дүкен басшыларымен 65 меморандумдар жасалынды (инфляция 1%).

Ауданда 154 сауда дүкені тіркелген, оның ішінде Қаратау қаласында 94. Қаратау қаласында әлеуметтік дүкен саны 4, онда нан бағасы 60 босатылуда.

Аудандағы жанар-жағар май бекеттеріндегі сыйымдылық: АИ-92 317 тонна, АИ-80 192 тонна, Дизель отыны 190,0 тоннаны құрайды. Айына керекті жанар-жағар май АИ-92 240,0 тонна, АИ-80 159,0 тонна, Дизель отыны 111,0 тоннаны құрайды. Жалпы көлемі болжаммен  510 тонна. Берілген жанар-жағар майдың сатылу бағалары АИ-92 135 теңге, АИ-80 89 теңге, Дизель отыны 120-128 теңге. Аудан бойынша 10 жанар-жағар май бекеттері бар, оның екеуі (Ақкөл, Талапты) ауылдарында уақытша қаржысының тапшылығына сай жұмыс істемеуде.

Туризм саласы бойынша:

«Жамбыл облысында туристік саланы дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасын» Талас ауданында іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары дайындалып, осы бағытта жұмыстар жасалуда.    Талас аудандық тарихи – өлкетану музейі – Қаратау қаласы Горняк ғимаратында орналасқан. 1995 жылы Талас ауданы Аккөл ауылында ашылып, 1997 жылдың 5-ші желтоқсанында Қаратау қаласының Горняк ғимаратында ашылған. Музейде дала мен қала өркениетінің өзара байланысы мен дамуы, бүгінгі күнге дейінгі тарихи жетістіктерді көрсететін бірнеше экспозициялық бөлімдер құрылған.

2014 жылдың 3 қазанында Талас ауданына қарасты Берікқара ауылдық округтің Амансай жерінде облыс бойынша жасөспірімдер арасында туряда өтті. Осы бағдарламасы аясында Талас ауданы 3 орын алды. Ауданда 3 қонақ үй және 7 дәмхана бар. 2015 жылдың басында ауданда қосымша 1 қонақ үй және 1 дәмхана ел игілігіне берілді. Алдағы уақытта арнайы тарихи және туристік жерлердің картасын жасау жоспарда бар. Жұмыстар жалғасын табады.

Бизнес инкубатор бойынша:

Мекеме қызметкерлері жыл басынан бері жалпы 228 кәсіпкерге мемлекеттік бағдарламаларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде Қаратау қаласынан 176 кәсіпкер, ауылдық округтерден 52 кәсіпкер. Бүгінгі күнге 85,5 млн.тенгенің 11 бизнес жоспар дайындалды. Екінші деңгейлі банктерге 7 жоба несие бөлу үшін қарауға жолданды. Жолданған жобаның 9 жобасы, яғни 112,3 млн. теңгенің жобасы оң шешімін алды.

Көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалық бойынша

Елді мекендері абаттандыру және көгалдандыру мақсатында аудан бюджетінен 145 млн. 266  мың теңге бөлініп, 100 % игерілді.

«Таза Қала-Қаратау» ЖШС елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, оның ішінде Қаратау қаласындағы қатты-тұрмыстық қалдықтарын шығару үшін аудан бюджетінен 68612,0 мың теңге бөлініп, 100 % игерілді. Бүгінгі күнге, 6500 тонна  қатты-тұрмыстық қалдықтары шығарылды.

Жамбыл облысы бойынша 2016-2017 жылдары елді мекендерді көгалдандыру арқылы жасыл белдеулер жасаудың іс-шара жоспарын орындау мақсатында 145 га жұмыс көлемі белгіленді. (Ауылдық округі әкімдерімен бірлесіп бөлім тарапынан жер телімдерін анықтау мақсатында жұмыстар жүргізілуде, есепті кезеңде  екі ауылдық округі әкімі тарапынан жер телімдерін аудандық жер комиссиясының қарауына ұсынылып, оң қорытында қабылданған.) Қазіргі таңда, белгіленген жерлерге 13800 түп ағаш отырғызылды, яғни 2016 жылдың 71,8 га жұмыс көлемінен 14 га орындалып отыр.

2016 жылдың 04-наурыз-04 сәуір аралығында әр-аптаның жұма, сенбі күндері сенбілік ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, сенбілік барысында санитарлық тазарту, талдарды әктеу, арықтар мен жол жиектерін тазарту жұмыстары атқарылды. Сенбілік кезінде 2000-ға жуық адам қатысып, арнайы 6-техника жұмылдырылып, 40-50 тоннаға жуық қоқыс қалдықтары тиісті орынға шығарылса, 30 шақырымнан аса арық-атыздарының іштері тазартылды және 7000-ға жуық тал-дарақтар әктелді.

Көктемгі санитарлық тазартудың екі айлығына қажетті 10 тонна әк алынып, 3000-ға жуық ағаш көшеттері сатып алынды.

Ұйымдастырылған сенбілік барысында 3300-ге жуық ағаш көшеттері «Наурыз» саябағына, «Тәуелсіздікке 20 жылдық» саябағына, «Орталық саябаққа» және мектептер мен балабақшалардың аулаларына отырғызылды.  «Орталық саябақ» ішінде 5500-ге  жуық талдарақтар балақталып, әктеліп және 500-түп қараағаш талы отырғызылып, 300-ге жуық роза гүлдер және шырша отырғызылды.

Құрылыс саласы

Есепті мерзімде құрылыс жұмыстарының көлемі 2902,8 млн.теңгені құрады, өткен жылымен салыстырғанда 60,7 пайызға төмен орындалды.  (2015 жылы 4782,2 млн.теңге). Аудан халқының жан басына шаққандағы құрылыс жұмыстарының көлемі 53,7 мың теңгені құрады (2015 жылы – 89,0 мың теңге). Аудандағы құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда төмен орындалуы себебі 2015 жылы қомақты қаржылар «Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласындағы қанализациялық су жүйелерін қайта құралымдау», «Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласының инженерлік коммуникациялары инфрақұрылымын дамыту және жайластыру» нысандарына қаралды. Сонымен қатар «Жамбыл Недр» ЖШС-нің құрылыстары аяқталды.

Жеке тұрғын үй құрылысына жыл басынан бері 6 жер учаскесі берілді. ЖСҚ-ы әзірленуде. Сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысына 4 га жер телімдері бөлінуі белгіленді.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2016 жылы 5932,0 шаршы метрді құрады (2015 жылы 9616,0 шаршы метр), алдыңғы жылмен салыстырғанда 61,7% немесе 3684 шаршы метрге кем орындалды. Орындалмау себебі 2015 жылы «Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алу» бағдарламасы аясында жалпы алаңы 3187,0 шаршы метр құрайтын 246,0 млн.теңгеге Қаратау қаласы Б.Момышұлы көшесі №8 көпқабатты 64 пәтерлі тұрғын үй сатып алынды.

«Жамбыл облысы Талас ауданы Тамды өзенінің арнасын реттеу және су ағызуды қалпына келтіру мақсатында су құрылымдарын жаңғырту және құрылысын салу» жобаның сметалық құны 65564,0 мың теңге. Ағымдағы жылы аудандық бюджеттен 7700,0 мың теңге қаржы қаралып, толық игерілді. Ауыспалы нысан 2017 жылы пайдалануға беріледі.

«Ақкөл ауылының сыртқы су жүйесінің «10,3 км» нүктесінен бактериялогиялық тазарту ғимаратына дейінгі құрылысын жүргізу». Жобаның сметалық құны 347,5 млн.теңге. 2015 жылы 146 млн 191 мың теңге және 2016 жылға 188 млн 696 мың теңге қаржы қаралып толық игерілді, нысан аяқталып, қабылданып алынды.

«Құқық бұзушылық картасын» әзірлеу бойынша 5085,0 мың теңге қаржы қаралды. Жобалаушы мекеме «ГИС» ЖШС-і. Қазіргі таңда құқық бұзушылық картасы әзірленді.

Газдандыру

Ауданымыздағы 24 елді мекендері ішінен Қаратау қаласына және 9 ауылдық елді мекендеріне газ құбыры ауылға дейін жеткізілген. Жалпы санынан 39,1%. Газдандырылған 8 елді мекенде орналасқан 5 балабақшамен 3 мектептерді газдандыру үшін 2016 жылға 38285,0 мың теңге қаралып, жұмыстар атқарылды. Оның ішінде Аққұм ауылындағы Талапты ауылындағы «Дания» бала бақшасына 5063,0 мың теңге, мердігері (Асель-А ЖШС-і), Қалған Аққұм ауылындағы «Сымбат» бала бақшасына 4367,0 мың теңге, «Тоқтықожаұлы атындағы орта мектебіне 9386,0 мың теңге, Бостандық ауылындағы «Ақбөпе» бала бақшасына 4554,0 мың теңге, Ойық ауылындағы «Ақнұр» бала бақшасына 4200,0 мың теңге, С.Шәкіров ауылындағы «Еркетай» бала бақшасына 4407,0 мың теңге, Талапты орта мектебіне 2130,0 мың теңге және Тұрымқұл ауылындағы орта мектебіне 4178,0 мың теңге, мердігер «РБЕ Ойл».

2015-2016 жылғы жылыту маусымын өз деңгейінде өткізу мақсатында Қаратау қалысандағы орталық қазандықты табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 101 205,1 мың. теңге бөлініп, 4 547,174 текше метр табиғи газ сатып алынды.

Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызметі туралы

«Талас таза-су» ШЖҚ МКК-на Ақкөл, Бостандық, Аққұм, Талапты, Тамабек, Бөлтірік, С.Шәкіров, Үшарал, Көшек елді мекендерін (30360,1 мың теңге) және «Игілік» ШЖҚ МКК-не Қаратау қаласын (15858,0 мың теңге) сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуі мақсатында аудан бюджетінен 52518,0 мың теңге бөлініп, 100 % игерілді.

 

 

Жылыту маусымына дайындығы туралы

Қаратау қаласының тұрғын үй қорындағы 138 шағын және көпқабатты тұрғын үйлер Талас ауданы әкімдігінің «Игілік» көпсалалы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны арқылы жылумен қамтамасыз етіледі. Жылу жүйесінің құбырларына қысым сынағы (опресовка) жүргізіліп, анықталған кемшіліктер жойылып, 138 көп қабатты үйлер, яғни 100 пайызы жылыту маусымына дайындалды.

Талас ауданы әкімдігінің «Игілік» көпсалалы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының коммуналдық қызметтері бойынша жағдайы, 2017 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша кредиторлық қарыздар жоқ.

Бүгінгі күнге алдағы 2016-2017 жылдардағы қысқы жылу маусымы бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп, дайындық паспорттарын орталық қазандық, мәдениет, денсаулық ошақтары және білім ошақтары алды.

Аудан аумағында барлығы 32 қазандық бар, оның қатты отынмен 20 қазандық, 6 қазандық газбен және 6 сұйық отынмен жылытылады.

2016-2017 жылдардағы қажетті қатты отын 4050 тонна: Білім бөліміне қажетті қатты отын – 3600 тонна; 3210 тонна жеткізілді, 1740 тонна тасымалданды. Мәдениет бөліміне қажетті қатты отын – 450 тонна, жеткізу 1-ші қазан айына дейін жоспарлануда. Денсаулық сақтау саласында қажетті қатты отын – 765 тонна, қатты отын тасымалданды.

Қаратау қаласында 4 орталық қазандық бар. Жылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп дайындық паспорты алынды.

2016-2017 жылғы жылыту маусымына Қаратау қалысандағы орталық қазандықты табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен 138 051,8 мың. теңге бөлініп, 5 801,8 текше метр табиғи газ сатып алынды.

Электрлендіру

Талас аудандағы электр желілерінің ұзындығы 809,858 шақырымды құрайды. Аудандағы халық, мекемелер мен кәсіпорындар электрмен толық жабдықталған, электр желілерінің тозығы 70,0%-ы құрайды.

Байланыс және коммуникациялар

Қаратау қаласы бойынша кеңжолақты интернет жүйесін жақсарту мақсатында, жалпы ұзындығы 5732,5 метр талшықты оптикалық кәбіл тартылып,  МАД  стансасы 64 портқа ұлғайтылып Шейна 47 және Шейна 47а ғимаратындағы мекемелер талшықты оптикалық кәбіліне алмастырылды.

Қаратау қаласындағы Алина холдинг ЖШС 5 телефон нүктесі орнатылып және Wi-Fi технологиясы бойынша интернет желісіне қосылды.

2016 жылдың 12 айдың қорытындысымен Талас ауданы өндірістік телекомуникация торабы бойынша нақты телефон аппаратының саны 3994 (былтырғы жылымен салыстырғанда 821 нүктеге кеміген). Оның ішінде жеке тұлға нақты телефон аппараты саны 3216 (80,5%), бюджеттік және шаруашылық мемкемелерде нақты телефон аппараты саны 778 (19,5%).

Пошта байланысы

Аудан бойынша 17 пошта байланыс бөлімшесі бар, оның ішінде Қаратау қаласында 4 бөлімше, ауылдық жерде 13 бөлімше.

Ауылдық мекендерге аптасына 3 рет басылымдар және ауыл халқының жалақыларын әр айдың 7 мен 10 аралығында жеткізіліп отырады.

Автомобиль жолдарын орта және ағымдағы жөңдеу

Аудан бойынша 650,2 шақырым автомобиль жолдары бар, оның 394,1 шақырымы облыстық, 256,1 шақырымы аудандық мәндегі жолдар.

Аудан аумағындағы автомобиль жолдарын орта мен ағымдағы жөндеуге облыстық бюджеттен 981,521 млн.теңге бөлінді. Атап айтқанда:

Облыстық мәндегі автомобиль жолдарын орта жөндеу:

«Күйік-Қарабастау-Қаратау –Жаңатас-Саудакент» автомобиль жолының 88-97 шқ,келісім шарт сомасы 225,680 млн теңге, мердігер «Аяда Group» ЖШС;

«Тараз –Аса –Ақкөл -Саудакент» 53-63,6 шқ, бөлінген қаржы 231,280 млн.теңге.

«Тараз –Аса –Ақкөл -Саудакент» 53-63,6 шқ, келісім шарт сомасы 170,751 млн.теңге, мердігер «Арайстроймаркет-2003» ЖШС.

Облыстық мәндегі автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу:

«Ойық, Ақкөл, Үшарал, Ұланбел» жолдары, ОБ бөлінген қаржы 102,113 млн.теңге, мердігерлер-«Қаратау жолдары» (39,783 млн.теңге), «Көпбосын» (33,869 млн.теңге), «Талапкер құрылыс» (28,461 млн.теңге) ЖШС-рі.

 

Аудандық мәндегі жолды орта жөндеуге:

Ауыспалы нысан «Кеңес (Бөлтірік шешен) ауылына кіре беріс»  0-23+150 шқ автомобиль жолын орташа жөндеуге 2015 жылы 205 млн. 755 мың теңге және 2016 жылға 249 млн. 767 мың теңге қаралып, толығымен игерілді.

2016 жылы Қаратау қаласындағы 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін барлығы 294 млн 123 мың теңге бөлініп, жұмыстар атқарылды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 147 млн 401 мың теңге, облыстық бюджеттен 104 млн 435 мың теңге, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 42877,0 мың теңге (Ақшораев, Т.Қойшығараұлы, Санырақ батыр, Р.Султанбеков, Желтоқсан, Качесов, А.Пушкин, Ы.Алтынсарин, Қазыбек би, М.Маметова, И.Панфилов, Бертаев, Тамды әулие, М.Әуезов, Егембердиев, Мамыр, Шахтер бұрылысы, Көшек батыр (Привокзальная), Павлова, Д.Нурпеисова, Тәттібаев, Шахтер көшелері).

Сонымен қатар, Қаратау қаласындағы 22 көшеге (23,978 шақырым) (Төле би, Байдібек Қарашаұлы, Домалақ ана, Ақан сері, Арыстанбаб, Байходжаев, Жансүгіров, Тоқтыбайұлы, С.Шәкіров, Жамбыл, Тоқтаров, Жұмабаев, Рысбек батыр, Ы.Алтынсарин, Абай, Қ.Қойгелды, Қ.Рысқұлбеков, Өміров, Сейфулин, Алексеев, К.Әзірбаев, М.Дулатов) және аудандық мәндегі Ақкөл-Талапты, Үшарал-Кеңес, С.Шәкіров ауылына кіре беріс (83 шақырым) барлығы 106,978 шақырым автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленді.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау:

1) «Күйік – Қарабастау – Қаратау – Жаңатас-Саудакент» жолының 27-107 шқ. аралығы. (Күйік бұрылысынан – Сарысу ауданының аркасына дейін).

2) «Ақкөл-Қойгелді» 0-30 шқ. 

– «Тараз-Ақкөл-Саудакент» жолының  51-117 шқ (66шқ.)

– «Ақкөл-Үшарал» жолы 0-53  шқ.

3) «Ақкөл-Ойық-Ұланбел» 0-117 шқ.

-«Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық» 69-116,5 шқ (47,5шқ).

Барлығы: 397,5 шақырымға 10878,0 мың. теңге бөлінді. Мердігер «Шах Али Сарысу»ЖШС-і. Самосавал КамАЗ -2дана, трактор күрегімен -1дана, тиегіш-2дана, автогредер-1 дана, погрузчик-1дана техникалары және көк тайғақ кезінде шашатын 400тн құм, 200тн тұз, 2000 литр дезел отыны мен 1000литр бензин АИ-80 дайындалған.

Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатына 4002,9 мың теңгеге мердігер Тараз қаласының СМЭУ «Автотранссигнал-2» ЖШС-гі, Қаратау қаласында 6 көше қиылысында орналасқан бағдаршамдардың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді және 124 дана жол белгілері  орнатылды.

Ағымдағы жылы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында 1 547,0 мың теңге (РБ 928,0 мың теңге, ОБ 619,0 мың теңге) бөлініп, игерілді.

Мердігер Тараз қаласының СМЭУ «Автотранссигнал-2» ЖШС-гі, Қаратау қаласында 2 көше қиылысында орналасқан бағдаршамдарға қосымша көру қабілеті төмен адамдарға арналған дыбыс құралдарын (бағдаршам) орнатты.

Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметін жақсарту мақсатында материалдық-техникалық базасын қамтамасыздандыру бойынша Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы 4-компьютер, 3-принтер, 4-видиорегистратор, 1-радар, 1-автокөлік алуға аудандық бюджеттен 5080,0 мың теңге бөлініп, заттар толық алынды.

«Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша

Ауданда 2017 жылдың 1 қаңтарына кезекте тұрған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар саны 1423 адамды құрады.

Ауыспалы нысан Қаратау қаласындағы 3 мөлтек аудандағы 120 пәтерлі №51 тұрғын үйді қайта жаңғыртуға 2016 жылы 220 млн 369 мың теңге бөлініп, толық игерілді. Сметалық құны 282 млн. 893 мың теңге. Үйдің жалпы ауданы 5763,6 шаршы метр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасын аясында

Бүгінгі таңда қаламызда 138 көп қабатты тұрғын үй бар, оның 128 кондоминум нысаны болып тіркелген, ал қала бойынша екі пәтер иелер кооперативі (ПИК) жұмыс атқаруда.

Аудан әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан,  Қаратау қаласындағы  «Железнодорожник» және «Ержас» пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларына кондоминиум нысандарын басқаруды белсенділігін арттыру мақсатында үнемі қолдау көрсетіледі.

Жыл басынан бері ПИК құрамына кіру және 2012-2016 жылдар аралығында жөндеуден өткен үйлердің қайтарым қаражатьын өндіру жөнінде 14 жиын өткізілді. Бүгінгі таңда 3 мөлтек ауданындағы және орталықта орналасқан көп пәтерлі  тұрғын үйлердің (барлығы 49 үй, 210 подьезд) тұрғындарына ПИК-не кіру жөнінде  жиын өткізілді және жаңадан ПИК ашуға хабарландырулар ілінді.

2016 жылдың 12 айында Қаратау қаласында көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша 101 отбасындағы 425 адамға «Тұрғын үй жөндеу Қаратау» ЖШС –не  1924,5 мың теңге тағайындалып, толық төленді.

2016 жылы Қаратау қаласында қайтарылым қаражатқа 2 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп, аталған кондоминиум нысанының техникалық жағдайына толық зерделеу жұмыстары жүргізіліп, актісі толтырылды және оның біріне көп пәтерлі тұрғын үйдің жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, жобалық сметалық құны 15700,0 мың теңгені құрады. Ол сомаға 3 мөлтек ауданында орналасқан №18 көп пәтерлі (104 пәтер) тұрғын үйдің жертөлелеріндегі бүкіл инженерлік жүйелері, кіреберістер (подьездер) және үйдің айналасы жөндеуден өтіп, жаңарту жұмыстары  жүргізілді.

2017 жылы жиналған қайтарым қаражатқа екі көп пәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүліктеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда

Бағдарламаның «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» басымдығы аясында, 2016 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 22,8 млн.теңгеге 22 елді-мекендегі 22 жобаларға қолдау көрсетілген. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде үнемделген қаражат есебінен Тамды ауылында 1 жобаға қолдау көрсетілді. 2016 жылдың 12 айында 22762,7 мың.теңгесі игерілді.

 

Еңбек нарығы және әлеуметтік саласы бойынша

Халықтың саны 54065 адамды құрап (2015жылы-53751), 0,6%-ға өскен. Халықтың орташа айлық жалақысы 73458 теңгені құрап (2015жылы-60305), 21,8%-ға өсті.

Аудан бойынша кедейшілік деңгейі 0,2% құрады, облыс бойынша 0,5 пайыз.

Жалпы әлеуметік көмекке 2016 жылы 163 млн. 898 мың теңге бөлінді:

Атаулы әлеуметтік көмекке 2,403 млн.теңге;

Тұрғын үй көмегіне 52,012 млн.теңге;

Балалар жәрдемақысына 83,198 млн.теңге;

«Өрлеу» жобасына 26,285 млн.теңге.

Аз қамтылған отбасылардың саны 24 отбасы 108 адам.

Аз қамтылған отбасыларына көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік көмекке жоспарланған 137 млн. 613 мың теңге толығымен игерілді. Соның ішінде: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 28 отбасындағы 139 адамға 2402,7 мың теңге, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына 1380 отбасындағы 4190 балаға 83 млн.198 мың теңге, тұрғын үй көмегіне 803 отбасындағы 3493 адамға 52 млн. 012 мың теңге тағайындалып толық төленді.

«Өрлеу» пилоттық бағдарламасы бойынша

Ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен табыс алатын шарттандырылған отбасыларға қаржылай көмек енгізуге 26 млн. 285 мың теңге бөлінді. 2016 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша 103 отбасындағы 541 адамға 19 млн. 099 мың теңге тағайындалып, төленді.

Мүгедектердің саны – 1703. оның ішінде Қаратауда 1068 мүгедек (І топ – 102, ІІ топ – 456, ІІІ топ – 385 мүгедек). Ауылдарда 635 мүгедек бар (І топ – 74, ІІ топ – 202, ІІІ топ – 288 мүгедек). 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың саны – 196 (қала-125, ауыл 71).

Аудан бойынша зейнеткерлердің саны – 5594, оның ішінде ауыл аймақтары бойынша 2418.

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес:

1) Қозғалуға қиындығы бар 1-ші топтағы 112 мүгедектерге 109 жеке көмекші қызметі көрсетілуде, қаралған қаржы 20701,4  мың теңге, ал инватакси қызметіне-4350,0 мың теңге. 2016 жылы барлығы 4350,0 теңге төленді. Оның ішінде: «Асар» Жамбыл облысының мүгедектеріне жұмыс істейтін ұйымдар одағы» Заңды тұлғалардың   бірлестігіне қозғалуға қиындығы бар 1-ші топтағы 112 мүгедектерге 109 жеке көмекші қызметі игерілгені 19046,1 мың теңге.

Есту бойынша кемістігі бар 2 мүгедекке қолмен көрсететін 1 ымдау  тілінің маманы қызмет көрсетуде, еңбек ақысына 294,6 мың теңге қаралып, толық төленді.

Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға (38 қарттар), бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге(47 мүгедек) 29133,0 мың теңге қаралып, толық  игерілді.

Үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру бойынша 2016 жылы  1546,0 мың теңге қаралып, 44 өтініш қабылданып, 1546,0 мың теңге тағайындалып, төленді.

Міндетті гигиеналық құралдарға 195 өтініш қаралып, 12669,0 мың теңге қаралып, 12668,8 мың теңгесі игерілді. (181 мүгедекке 127160 дана жөргектер берілді. 7 мүгедекке несеп қабылдағыш, 7 мүгедекке нәжіс қабылдағыш).

Санаторлық – курорттық емделуге 141 мүгедектен өтініш түсті. Облыстық басқармадан 128 санаторлық курорттық жолдамалар түсті. 95 мүгедектерге «Самал» шипажайына, 33 мүгедекке ГРЭС шипажайына жолдама берілді.

Мереке күндеріне орай, 15 ақпан ауған соғысы қатысушыларына әрқайсысына 30,0 мың теңгеден барлығы 34 қатысушыларға 1020,0 мың теңге төленді.

Чернобыль апатын жоюға қатысқан 18 азаматтарға әрқайсысына 30,0 мың теңгеден,барлығы 540,0 мың теңге төленді.

2016 жылы ауданда бейімдеуге жататын әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына (пандус) 5789,0 мың теңге қаралды. Оның ішінде: ауылдық округтер бойынша 2223,0 мың теңге, мәдениет саласы бойынша 2200,0 мың теңге, білім саласы бойынша 1366,0 мың теңге.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға синхронды дыбыс құралын 4 жол белгісіне орнатуға 2016 жылы 1547 мың теңге қаралып, Д.Қонаев –Т.Рысқұлов, Т.Рысқұлов-Ә.Молдағұлова көшелерінің қиылысына 10 дана дыбыс құралдары орнатылып, қаражат толық игерілді. Оның ішінде 928,0 мың теңгесі республикалық және 619,0 мың теңгесі облыстық бюджеттерінен бөлінді.

Ресми тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны –363. Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады. Өтініш білдірген азаматтардың жұмыспен қамту көрсеткіші 82,2% құрады.

Жұмыспен қамту органына жұмыссыз ретінде өтініш жасаған 1867 адамнан жұмыспен қамтылғандар саны 1535 адам (жылдық жоспар 1674 адам), оның ішінде тұрақты жұмыспен (бос жұмыс орындарына) қамтылғандар – 1250, жастар тәжірибесіне – 179, әлеуметтік жұмыс орындарына – 106. Одан басқа қоғамдық жұмыстарымен 518 адам, кәсіптік даярлау 60 адам қамтылды, микронесие алғандар 60 адам. Барлығы әлеуметтік қолдау шаралармен 2173 адам қамтылды.

Жалпы жаңа ашылған жұмыс орындарының саны – 1032, оның ішінде тұрақты – 184, маусымдық – 848.

Бюджеттен әлеуметтік қолдау шараларына 148645,0 мың.теңге бөлінді:

– «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жоспарға сәйкес 27695,0 мың теңге бөлініп, 179 адам тартылып, қаржы толық игерілді;

– «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы бойынша жоспарға сәйкес 105504,0 мың.теңге бөлініп, 518 адам тартылып, қаржы толық игерілді;

– Әлеуметтік жұмыс орындарын құрып, оған жоспар бойынша 12676,0 мың.теңге бөлініп, 106 адам тартылып, қаржы толық игерілді;

– Кәсіптік оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын өткізуге 2770,0 мың теңге бөліп, 60 адам тартылып, 2770,0 мың теңге толық төленді.

Денсаулық сақтау

Есепті мерзімде республикалық және облыстық бюджеттен 1209 млн. 833 мың теңге бөлініп, толық игерілді.

Аудан тұрғындарына медициналық емдеу-алдын алу көмегін 153 төсектік аудандық орталық аурухана, аусымында 620 адам қабылдайтын емхана, 7 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік акушерлік пункт, 13 медпункт қызмет көрсетеді. Онда 92 дәрігер мен 374 орта буынды медицина қызметкерлері халыққа қызмет етеді. Дәрігерлермен қамтылуы  98,2%. Жетіспейтін  11  дәрігерге  сұраныс берілді (акушер-гинеколог-3, травматолог-1,мамолог-1,онколог-1 және терепевт-1,жалпы тәжрибелі дәріге-2, эндоскопист-1,эндокринолог-1).

Аудандық аурухананың медициналық құрал-жабдықтармен қамтылу деңгейі 2015 жылы – 63,5%-ды құраған болса,  2016 жылы – 64% құрап  отыр.

Туберкулезбен аурушаңдық 39 адам құрап 4 адамға өскен – (2015 жылы 35 адам).  (100 мың тұрғынға шаққанда 72,1% құрап отыр). Тіркеуде 146 адам тұр (2015 ж 141 адам болған). Есепті мерзімінде  1 өлім тіркелген, (2015 жылы 3 өлім тіркелген).

Онкология ауырулардың жағдайы. Бұл көрсеткіш 2016 жылдың 12 айында алғаш қойылған диагнозбен «Д» есепке – 67 науқас алынған. Онкологиялық аурулардан  2016  жылдың 12 айында 45 адам қайтыс болып, 100 мың адамға шаққанда 83,2% құрады. 2016 жылдың 12-айында онкологиялық аурулармен «Д» есепте тұрған науқастардың жалпы саны -241 науқас.

2016 жылы 12-айында 1 ана өлімі Тараз қаласында облыстық перинатальдық орталықта тіркелді (2015 жылы тіркелмеген).. Өлім диагноза: Поздний послеродовой период (3 сутки). Состояние после операции кесарево сечение (12.02.2016г). Тромбоэмболия легочной артерии. Патологонатомиялық диагнозы: Острая мешковидная аневризма дуги аорты с расслоением и разрывом Гемиперикард. Тампонада сердца.

Есепті мерзімде 13 бала өлімі тіркелген (2015 жылы 12). 3 бала облыстық перинатальдық орталығында, 2 қалалық перинатальдық орталығында, 1 бала облыстық балалар ауруханасында, 4 бала үйде, 1 өлім Үшарал ауылында, 2 бала Алматыда педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында қайтыс болған. Қайтыс болған себептері: – аз салмақты, туа біткен ақаулар, шала туылуы, респираторлы тыныс жетіспеушілігі,  іштен туылған инфекцияларымен балалар дүниеге келіп 3-ші деңгейіне яғни облыстық перинатальдық орталығына  дер кезінде жеткізіліп, сол жерде қайтыс болған.

Туылған 1000 балаға шаққанда бала  өлімі көрсеткіші 13,5 құрап, өткен жылмен салыстырғанда өсіп отыр (2015 жылы 12,5) (есеп: 13 бала :959 туылған бала х 1000 адамға=13,5).

Туу көрсеткіші 17,8 ден 17,7 ге дейін есепті мерзімде төмендеген, (2016 жылы 959 бала туылды, 2015 жылы 961).

Жалпы өлім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 0,1 төмендеген (2016 жылы 351 өлім, көрсеткіш 6,4, 2015 жылы 351 өлім, көрсеткіш 6,5). Үйде өлгендер 0,3 пайызға төмендеген. Өлім көрсеткіштері бойынша алдыңғы қатардағы орында басқалар – 29,3%, екінші орында тыныс алу жүйесі ауырулары 13,9%.

Жалпы құны 1 млрд 125 млн 900 мың теңгені құрайтын аусымына 250 қабылдау қуаты бар жаңа типтік аудандық емхана құрылысы соғылып, 2016 жылы қараша айында пайдалануға берілді.

С.Шакиров ауылынан құрылыстың жалпы құны 65 млн 797 мың теңгені құраған, 10 келушіге арналған фелдшерлік акушерлік пункттің құрылысының жұмыстары аяқталып, қараша айында пайдалануға берілді.

Білім саласы бойынша

Білім беру саласы бойынша ауданда 1 жоғары оқу орны (124 білімгер), 4 колледж (1312 оқушы), 36 мектеп (8590 оқушы), 19 балабақша (1841 бала), 17 шағын орталық (675 бала), 5 мектептен тыс мекеме, «Үміт» қимыл-тірек аппараты бұзылған балалардың мектеп-интернаты және «Ведомстоваралық-психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» бар.

36 мектепте 8590 оқушы білім алады, 1 сыныптағы оқушы саны 1124, 11 сыныптағы оқушылар саны 333.

Аудандағы 36 мектептің 15-і бір, 21-і екі ауысымда жұмыс істеді.  Тасымалданатын мектептер саны – 2 (54 оқушы М.Әуезов мектебіне, М.Қыстаубайұлы атындағы орта мектепке 13 оқушы тасымалданып, оқытылады).

Жалпы білім беретін  36 мектептің 3-і бастауыш, 6-ы негізгі, 27-і орта мектеп. Аудандағы мектептердің 31-і қазақ, 2-і орыс, 3-і орыс және қазақ тілінде (аралас) оқушыларға  білім береді.  (Мектептердің 8-і Қаратау қаласында, 28-і ауылдық жерлерде орналасқан). Шағын комплектілі мектептер: 18 (оқушы саны 1411).

2016 оқу жылының қорытындысы бойынша оқушылардың білім сапасы 58,2%-ды құрады.

Ауданда барлығы 1195 мұғалім оқушыларға білім беруде. 1195 мұғалімнің 1052-і жоғары (88%), 143-і арнаулы орта (11,9%).Олардың 323-і  жоғарғы (27%), 307-і бірінші (25,6%), 313-і екінші санатты (26,1%), 252-і санаты жоқ (21%) мұғалімдер.

2016-2017 оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға және тасымалдауға – 52 млн 850 мың теңге қаржы бөлініп, тасымалданды.

Ауданымызда өтіп жатқан дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аясында жалпы аудан бойынша көмекке зәру 503 балаға 2 млн 135 мың 100 теңгенің көлемінде көмек көрсетілді. (23.08.2016 жылы өткізілген акцияға 82 мекеме атсалысып, 338 балаға 1 млн 670 мың 800 теңгенің көмегі көрсетілді.)

Аудандағы жалпы білім беретін мектептерде  907 компьютер бар (тоғыз балаға шаққанда-1 компьютерден келеді). 36 мектеп кең арналы интернет  желісіне қосылған.

Бейнебақылау аудандағы 36 мектептің 8-не және 7 балабақшаға бейнебақылау орнатылған. Білім бөліміне қарасты 61 мекемелерінде дабыл беру жүйесі 100% орнатылды.

Білім саласы бойынша мектептерге 100 компьютер сатып алуға 10,0 млн.теңге, медициналық кабинеттерді жабдықтауға 5,0 млн.теңге, ҰБТ орталығын материалдық базамен нығайтуға 7,9 млн.теңге бөлінді.

Елбасының алдыға қойған үлкен міндетінің бірі – электронды оқытуды    дамыту

Қазіргі таңда арнайы жабдықталған 79 интерактивті, оның ішінде интерактивті оқыту бойынша – 39, электрондық оқыту бойынша – 3, жаңа модификациялық кабинеттер – 37 (10 – лингофонды мультимедиялық, 8 – химия, 10 – биология, 9 – физика кабинеттер) бар.

Ауданымызда инклюзивті біліммен қамтылған оқушы саны -105. Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын 30 оқушы болса, мектептерде жеке қаралыммен 75 оқушы оқытылады.

2016 жылы әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 2065 оқушыны (23,9 пайыз) бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 95 078,8 мың теңге қаралып, толық игерілді.

Балапан бағдарламасының орындалуы

Ауданда 19 балабақша, мектеп жанынан ашылған 17 шағын орталық жұмыс істейді. 6 балабақша  Қаратау қаласында, 13-і ауылдық  жерлерде орналасқан. Аудан бойынша 2-5 жас аралығындағы бала саны-3368. 19 балабақшада 1841 бала,  шағын орталықтарда 675 бала тәрбиеленуде. Балабақша кезегінде аудан бойынша 360 бала  тұр. Қазіргі таңда балабақша мен шағын орталықтарда  барлығы 2516 бала қамтылған.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 3 мектепті ағымдағы жөндеуден өткізуге 17 млн 452 мың теңге  бөлініп, жұмыстар аяқталды. (Талапты орта мектебіне 4 319,0 мың теңге, Б.Тоқтықожаұлы атындағы орта мектебіне 7 945,0 мың теңге, Бозарық негізгі мектебіне 5 188,0 мың теңге).

Сондай ақ, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» шеңберінде облыстық және республикалық бюджеттерден 4 мектепке күрделі жөндеуден өткізуге 143 млн 671 мың теңге  бөлініп, жұмыстар аяқталды. (К.Маркс атындағы орта мектебіне 30,186 млн.теңге, М.Әуезов атындағы орта мектебіне 34,656 млн.теңге, Д.А.Қонаев атындағы орта мектебіне 31,182 млн.теңге, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебіне 47,647 млн.теңге).

Аудандық бюджеттен Бостандық ауылындағы «Ақбөпе» балабақшасына 2 571,0 мың теңге және Кеңес ауылындағы «Балбөбек» балабақшасына 2 764,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды.

Жоба құны 422 млн. 268 мың теңгені құрайтын Есейхан ауылында 120 орындыққа арналған орта мектеп салынды. 2015 жылға бөлінген 100,0 млн.теңге және 2016 жылға 313 млн. 003 мың теңге қаржы қаралып, толығымен игерілді. Нысан тамыз айында аяқталып, қабылданып алынды.

Ауыспалы нысан, Қараой ауылындағы 50 орындыққа арналған негізгі мектеп құрылысына 2016 жылға 100,0 млн.теңге қаралды. 2017 жылға нысанды аяқтауға 213 млн 442 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Келісім-шарттың сомасы 314 547 мың.теңге. Нысан 2017 жылы пайдалануға беріледі.

Жобалық-сметалық құжаттарды жасатуға аудандық бюджеттен Қойгелды атындағы орта мектептің авариялық жағдайдағы спорт залына күрделі жөндеу үшін 5,8 млн.теңге, Қызыләуіт ауылындағы М.Қыстаубайұлы атындағы орта мектебіне пеш сатып алуға 2,0 млн.теңге және барлық мектептердің шатырын өртке қарсы сұйықпен өңдеуге 4,0 млн. теңге қаржы бөлінді.

Барлық 61 білім нысандары өртке қарсы дабыл беру жүйесімен жабдықталған. Дабылқаққыштарды техникалық қадағалауға қаралған қаржы 366,4 мың теңге. Алғашқы өрт сөндіру жабдықтарын сатып алуға 3032,8 мың теңге бөлінді.

ҰБТ бойынша

Талас ауданы бойынша 2015-2016 оқу жылында 27 орта мектептің   24-де 11 сыныпты 333 оқушы бітірді, 3 мектепте бітіруші сынып жоқ  (С.Сейфуллин, М.Әуезов, М.Жұмабаев атындағы ОМ).

2016 жылы 287 мектеп бітіруші немесе 86,1 %  деректер қорына енгізіліп,   ҰБТ-ге қатысуға өтініш берсе, нақты қатысқаны 285  оқушы.

2015-2016 жылы ҰБТ-гі орташа балл 77 құрады (облыс бойынша 78,71). Өткен оқу жылы 351 оқушының 299-ы,  85,1 % қатысқан. (орташа балл 80,4 болды)

Ауданда ең жоғары көрсеткішті (орташа баллы 85-тен жоғары) 3 мектеп (Б.Тоқтықожаұлы ат ОМ- орташа балл-98, А.Байтұрсынұлы ат Гимназия орташа балл-89, Ақкөл ОМ орташа балл-86,5) көрсетті.

100-ден астам балл жинаған бітірушілер үлесі 37 (12,9%) құрады. ( 2015 жылы –  44 (14,7%), 2014 жылы – 14 (4,9%) (облыстық көрсеткіш 17,3%).

 «Алтын белгіге» ұсынылған 16 оқушының 10-ы  (62,5 %) өз білімдерін дәлелдеді. «Үздік аттестат» иегерлері 5 оқушы.

 

 

Мәдениет

Аудан бойынша Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы, 8 ауылдық мәдениет үйлері, 9 ауылдық клубы, І.Жансүгіров атындағы аудандық  орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, 1 аудандық балалар кітапханасы, 18 ауылдық кітапхана, 1 орталық саябақ (мәдениет кешені), және 1 «Авангард» кинотеатры қызмет көрсетеді.

Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығына қатысты ауылдық мәдениет ошақтарында 1200 іс-шара ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған іс-шараларға -314670 адам қатысты.

Материалдық – техникалық базаны жақсарту мақсатында Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығына 2860 мың теңге бөлініп, жұмсалды. Оның ішінде ауылдық мәдени нысандарына 960,0 мың теңге жұмсалды.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ағымдағы жөндеу жұмыстарына 8 нысанға республикалық бюджеттен – 7669,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 854,0 мың теңге бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, қаражаттары толығымен игерілді.

Жобалық-сметалық құжаттарды жасатуға аудандық бюджеттен Қараой және Көшек ауылындағы клубтарды жөндеу үшін 2,0 млн.теңге бөлініп, ЖСҚ дайындалып, МС өтуде.

Пандус орнатуға  2500,0 мың теңге бөлініп жұмыстар толығымен орындалды (Сейлбек ауылы, Қасқабұлақ ауылы, Авангард кинотеатрына).

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша кітап қорын толықтыруға жергілікті бюджеттен 4,5 млн.теңге және мерзімді басылымдарға 3,0 млн.теңге бөлінді.  Аудан бойынша жалпы кітап қоры 284222 дананы құрады, өткен жылмен салыстырғанда 3470 данаға артық, мемлекеттік тілдегісі 145985 дана (51,4%). Оның ішінде мерзімді басылым 4379дана, қазақ тілінде 3801 дана. Электронды каталогка-233000 дана енгізілді. Ауданда оқырмандар саны 14512 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 244 адамға артты.

Ішкі саясат және дін мәселесі

Аудан бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасы Үкіметі Бағдарламаларының іске асырылуын және аудан әкімдігі кесімдерінің орындалу барысын халық арасында түсіндіру мақсатында Қаратау қаласы мен ауылдық округтерде үгіт – насихат жұмыстары жүргізілді.

2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық топтар аудандағы қала және ауылдық округтерде 37 кездесу өткізіп, 2000 адамға жуық тұрғындарды қамтыды.

Аудандық  деңгейдегі ақпараттық топтар 138 кездесу өткізіп, барлығы 18000 жуық адамды қамтыды.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты басқармасының қолдауымен облыс деңгейінде «Жасампаз жастар форумы» атты автокеруен келіп, ауданда жастар арасында форум өткізді.

Көрнекіліктер туралы

Жалпы аудан бойынша 78 – билборд, 38 – қалқан, 20 – арка бар. Қаладағы және ауылдық округтердегі мекемелерде Жолдау бойынша бұрыштар жасалынған. Қаратау қаласында орналасқан қалқандар (щиттер) Жолдау тақырыбына байланысты жаңартылды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  39 билборд, 28 керме ілінді оңың 5-уі Қаратау қаласының басты көшелерінің бойында орналастырылса, қалған 14-і ауылдық округтерде орналастырылды.

Саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да қоғамдық бірлестіктермен жұмыс

Саяси партиялардан «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы мен «Ауыл» халықтық-демокриятиялық партиясының аудандық филиалы жұмыс атқарады.

Ауданда ресми тіркелген 24 үкіметтік емес ұйым бар. Оның: 14-і қоғамдық бірлестік, 7-і қоғамдық қор, 3-і заңды тұлғалардың бірлестігі.

2016 жылы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру мақсатында аудан  әкімінің ықпалымен аудандық бюджеттен 5,5 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылып, берілді. Конкурс жеңімпаздары жоспарланған іс-шараларды мерзімінде өткізіп, қаражатты толығымен игерді.

Этномәдени орталықтар туралы

Аудан бойынша шоғырланған 54065 халық санынан, Қаратау қаласында 29001,  ауылдық округтерде 25064 халық бар, оның ішінде 7623 адам басқа ұлт өкілдері (14,1%). Қасқабұлақ ауылында 1221 күрді халқы тұрақтанған (145 отбасы, 145 үй), мектеп, 1-медпункт, 1-ауылдық клубы және 1-кітапхана жұмыс істейді. Жалпы экономикалық, әлеуметтік-мәдени және этностық ұйысу деңгейі тұрақты.

Этностар, этномәдени бірлестіктердің мемлекеттік құрылыс, елдің әлеуметтік – мәдени даму процесіне қатысу деңгейі аудан көлемінде тұрақты. Жалпы этносаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі аудан бойынша және Қаратау қаласындағы неміс, славян, күрді және кәріс этномәдени орталықтарымен тиімді жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, аймақтағы қоғамдық келісімді нығайту мәселелері бойынша облыс ассамблеясымен бірлесе отырып аудан жұртшылығымен, этномәдени бірлестіктерімен және үкіметтік емес ұйымдарымен өзара іс – қимылдарын жүзеге асыру мақсатында «Талас ауданы әкімінің жанындағы Қоғамдык келісім кеңесін құру туралы» қаулысы қабылданып, жұмыс жасалуда. Аудан бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 қоғамдық келісім кеңестері құрылып, жоспарлы жұмыстар атқаруда. Жалпы жыл басынан бері Қоғамдық келісім кеңестерінің қатысуымен барлығы 145 іс шара өткізілді. 18452 адам қамтылды.

Ағымдағы жылдың 13 қарашасында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Талас ауданында «Ұлы дала аңызы» атты этноэкспедиция өткізілді.

Дін мәселесі бойынша

Ауданда аудан, қала және 13 ауылдык округте барлығы 71 адамнан тұратын  15 дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтары (бұдан әріАТТ) құрылған. АТТ мемлекеттік қызметшілерден, ардагерлер кеңесінің мүшелерінен, учаскелік полиция инспекторларынан, мектеп мұғалімдерінен, жастар орталығының инструкторларынан, этномәдени орталықтарының мүшелері, БАҚ өкілі және мешіт имамдарынан тұрады.

Ауданда мемлекеттік тіркеуден 19 мешіт және 3 шіркеу («Трех Святителей шіркеуі», Қаратау «Өмір» Інжілдік Христиан – Баптистердің шіркеуі және «Жамбыл облысының Ехоба куәгерлерінің мәсіхшілік қауым») жергілікті діни бірлестіктері қызмет атқаруда.

Жалпы аудандағы 19 мешітте 16 имам қызмет атқарады. Оның ішінде 1-і жоғары білімді, 4-і орта білімді, қалған 11-ы сауат ашу курстарынан өткен. 3 имамның орны бос (Талапты ауылындағы «Мұзаппар ата», Есейхан ауылындағы «Қанатбек ата», Ақтөбе ауылындағы «Ақтөбе» мешіттері).

2016 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында ауданда желілік кестеге сәйкес  147  кездесу өткізіліп, діни тұрғыда тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде (2015 жылы – 31 кездесу болған).

Дінаралық келісім негіздерін қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында аудандық «Талас тынысы» газетіне бүгінгі күнге дейін барлығы 52 материал жарық көріп, қала және ауылдық округтерде дінаралық татулық тақырыбында 14 көрнекі ақпарат құралдары ілінді.

Жастар саясаты бойынша

Ауданда статистикалық мәліметтер бойынша жастардың саны 14817-ке жетіп, бүкіл аудан халқының 27,4% құрап отыр (ауылда – 6994, Қаратау қаласында – 7823). Жоғарыда көрсетілген жастардың 7609 ер, 7208 әйел.

Ауданда 411-жастар тұрақты жұмыспен қамтылған. (184-ауылдық округтерге,  227-жас жастар тәжірбиесі және 94 жас ақылы қоғамдық жұмыс  арқылы уақытша жұмыспен қамтылған).

Сонымен қатар аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және «Халықты жұмыспен қамту орталығы»  КММ мен бірлескен 1 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, оған 25 бос жұмыс орындары бойынша қатысқан 38 адамның 8 жастар тәжірибесіне, 6 – тұрақты жұмыс орындарына жолдама алып, барлығы 14 жас жұмыспен қамтылды.

Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» жанынан ақпараттық дін мәселелері жөніндегі   сектордың ұйымдастыруымен жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында 84 шара болып өтті.

Орталық қызметкерлері жастарға мемлекеттік бағдарламалар, құқықтық, психологиялық, әлеуметтік бағыттар бойынша кеңестер беру жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күнге дейін жастарға ақпараттық-консультациялық, психологиялық, құқықтық кеңес беру, оларды әлеуметтік қолдау мақсатында 115 жасқа консультациялық көмек көрсетілді.

Жас мамандарды ауылда тұрақтандыру, білімді жастарға жұмысқа орналасуға ықпал ету мақсатында «Дипломмен ауылға», «Жастар кадрлық резерві» жобалары бойынша 16 дөңгелек үстел отырысы, 13 семинарлар өтті. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды денешынықтыру мен спортқа баулу, ішімдік ішу, темекі шегу, нашақорлық секілді зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру мақсатында 14 спорттық жарыс, 13 акция, 5 семинар, 15 дөңгелек үстел отырысы өтті.

«Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел», Студенттік құрылыс жасақтары, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» т.б жастардың мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалары бойынша келген жастарға кеңес беру мақсатында 14 дөңгелек үстел отырысы, 6 кездесу өтті.

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында, орта мектептерде «Студенттер тынысы!», «Жатақхана тынысы!», «Жағдайың қалай оқушы?» апталықтары өткізілді.

Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша

2016 жылы аудандық бұқаралық спортты дамытуға 23,1 млн. теңге бөлінді. 2015 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге өсті.

Ауданда 213 спорт нысаны бар. Оның ішінде 1 (бір) стадион, 1 спорт кешен, 35 (отыз бес) спорт зал, 85 (сексен бес) футбол алаңы, 84 (сексен төрт) спорт алаңшалары, 1 ату тирі және 6 (алты) қосалқы спорттық (икемделінген) залдар.

Жалпы, бүгінгі таңда аудан бойынша 5 спорт мекемесі жұмыс атқаруда. Оның ішінде, 4 – і спорт мектебі (онын ішінде 2-Қаратау қаласында, 2-ауылдарда), 1 спорт кешені.

Балалар жасөспірімдер спорт мектептерінде 17 спорт түрімен 1861 бала (негізгі және қосалқы топтарда) спортпен шұғылданады.

Есепті мерзімде аудан бойынша 132 бұқаралық спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, оған 10157 адам қамтылды.

Ауданда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 14 мың 543 адам шұғылданады, аудан тұрғындарының 26,9 пайызын құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 6,1 пайызға артты. (2015 жылы 13 мың 700 адам). Оның ішінде 2950 адам білім мекемелерінде, 939 орта және 35 жоғары оқу орындарында, 8710 мекеме ұжымдарында, 1861  балалар жасөспірімдер спорт мектептерінде, 48 балалар жасөспірімдер «Жулдыз» аула клубында спортпен  шұғылданады.

2016 жылы аудан спортшылары әр түрлі деңгейдегі жарыстарда 204 медалдарға қол жеткізді (88 алтын,47 күміс,69 қола). Оның ішінде халықаралық жарыстарда – 6 (1-алтын, 2 күміс, 3 қола), республикалық жарыстарда – 52 медаль (39-алтын, 2 күміс, 11 қола), облыстық жарыстарда – 146 медаль (48-алтын, 43 күміс, 55 қола).

2016 жылы Үшарал, Көктал ауылдарында футбол алаңдары соғылып, ауыл тұрғындарына пайдалануға берілді.

2016 жылға «Жол картасы» аясында   спорттық алаңдарға ағымдағы жөндеу үшін жалпы 21 млн 536 мың теңге республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, толық игерілді.

 

Құқық қорғау

2016 жылдың 12 айында 345 қылмыс тіркеліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 66 қылмысқа немесе 16,1% төмендеген (2015 жылы 411 қылмыс). Оның ішінде ауыр қылмыстар саны – 18 құрап, (2015 жылы 12 айында 29) 11 қылмысқа, аса ауыр қылмыстар саны 3 құрап, 8 қылмысқа төмендеген (2015 жылы 12 айында 11).

Жалпы мүліктік ұрлық қылмыстары 220-дан 184-ке дейін төмендеген, оның ішінде пәтер ұрлығы 320-дан 22-ге, мал ұрлығы 113-тен 77-ге дейін төмендеп отыр.

2016 жылдың 12 айында қылмыстардың ашылуы – 58,0% жоғарлаған (2015 жылы 56,5%).

2016 жылдың 12 айында көшелер мен қоғамдық орындарда болған қылмыстарының ішінде қоғамдық орындардағы қылмыстар 55-тен 40-қа дейін 27,3 пайызға, көшеде болған қылмыстар 39-тен 21-ге дейін 46,2 пайызға дейін төмендеген.

Жасөсперімдермен жасалған қылмыстар 12-айда 9 қылмысқа өскен.

Бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыс 9-дан 72-ке 7 есеге, мас болып жасалған қылмыс 40-тан 44-ке 10,0  пайызға өскен және топ адамдармен жасалған қылмыс 33-тен 29-ға 12,1%-ға төмендеген.

2016 жылдың 12 айында жол көлік оқиғалары 34 тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға өсіп отыр (2015жылы 32). Қаза болғандар 12 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 60 пайызға өсіп отыр (2015 жылы 8 адам).

Қозғалыс ережелерін бұзған 1256 азамат, 10,9 пайызға немесе 124 азаматқа өсіп отыр. (2015 жылы 1132 азамат) оның ішінде көлік құралын алкогольдік масаю күйінде  басқарғаны үшін 100 азамат ұсталып, автокөлік жүргізу құқығынан сотпен айырылып әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша

Кадрлармен жұмыс

Талас ауданы әкімі аппаратында, аудан әкімдігінің бөлімдерінде, Қаратау қаласы мен ауылдық округі әкімі аппараттарында мемлекеттік әкімшілік қызметшілер саны барлығы – 175. Бүгінгі күнгі нақты жұмыс атқарып отырған қызметшілер саны – 161. Қазіргі таңда аудан бойынша 14 бос мемлекеттік әкімшілік лауазым бар.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап 49 қызметкер мемлекеттік әкімшілік қызметтен босатылды, оның ішінде 15-і өз қалауы бойынша, 19-ы басқа мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты, 5-і Жамбыл облысы бойынша Әдеп Кеңесінің шешіміне сәйкес, 1-і сот өкіміне сәйкес, 9-і зейнет жасына жетуіне байланысты.

Ауданда 2016 жылы бос әкімшілік лауазымдық орындарға конкурс жарияланды. Нәтижесінде 43 қызметкер тағайындалды, оның ішінде: ішкі конкурстар негізінде – 13 мемлекеттік әкімшілік қызметкер жоғарғы лауазымдарға тағайындалды, жалпы конкурс негізінде – 26 қызметкер арнайы тексеруден өткенге дейін уақытша қабылданды. 3 – ауылдық округінің әкімдері сайланды. Мемлекеттік қызметшілердің кадрлар резервінен – 1 қызметкер жұмысқа орналасты.

2016 жылдың 12 айындағы Талас ауданы әкімінің аппаратына келіп түскен кіріс-шығыс құжаттардың және арыз-шағым өтініштердің қаралуы туралы

2016 12 айында аудан әкімі аппаратына  8785 кіріс құжат келіп түскен. Оның ішінде мемлекеттік тілде 8279, орыс тілінде-506 құжат.

Оның ішінде кіріс құжат 6085-і бақылауға алынып, 5521-і орындалып,   564і орындалу үстінде, Қалған   2700 құжат жұмыс үшін берілген. Аудан әкімі аппаратынан  4586  шығыс құжат шыққан, олардың барлығы 100% қазақ тілінде арнайы үлгідегі қызметтік бланкілерде  рәсімделген.

2016 жылы Талас ауданы бойынша барлығы 3012 арыз- шағым түскен. Заңды тұлғадан – 1024, жеке түлғадан – 1988, оның ішінде жеке қабылдау бойынша – 130 өтініш келіп түскен.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің 2080 тиісті лауазымы иелерімен қаралып шешімін тапқан. Оның  1248-қанағаттандырылған, 827-не түсініктемелер, 5-і (қысқартылуы туралы)  қараусыз қалдырылды, оның ішінде 2-і есептік кезеңнің соңына қалдырылды.

Жеке және заңдытұлғалардың 932 өтініші шешу үшін бағынышты органға аумақтық тиесілігіне қарай жіберілген.

Талдау көрсеткендей, аудан тұрғындарын негізінен толғандырып отырған мәселелер халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайы, оның ішінде пәтер және тұрғын үй (пәтер) жөнінде –416 , жер, жерді пайдалану – 792 әлеуметті қолдау көрсету – 235, білім мәселесі – 24, басқа мәселелер – 1545.

 

 

Ауданда 2017 жылы атқарылатын жұмыстар

2017 жылға арналған аудандық бюджет кірістерінің жалпы көлемі –             9 097 715,0  мың теңгені құрайды (2016 жылға нақтыланған бюджет – 6 891 336 мың теңге) немесе 2 206 379,0 мың теңгеге ұлғайды.

Өзіндік кірістер 894 759 мың теңге жоспарлануда (2016 жылы 785 070 мың теңге) 2016 жылымен салыстырғанда 109 689,0 мың теңгеге ұлғайды.

2017 жылы облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін субвенция мөлшері 5 908 748,0 мың теңге сомасында белгіленген, яғни 2016 жылымен салыстырғанда 2 169 912,0 мың теңгеге ұлғайды (2016 жылы 3 738 836,0 м.тг).

2017 жылға республикалық және облыстық бюджеттен даму трансферттер бойынша 2 294 208,0  мың теңге бөлінді, оның ішінде:

  • Қаратау қаласындағы Ә.Молдағұлова, Д.Қонаев, Б.Момышұлы көшелерін қайта жаңғырту нысандарды жалғастыруға республикалық бюджеттен 450  млн теңге, облыстық бюджеттен 50 млн теңге;
  • Қызыләуіт ауылының инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыруға (сумен қамтамасыз ету және су іркуіш имараттары) республикалық бюджеттен 135 млн теңге, облыстық бюджеттен 15 млн теңге;
  • Қаратау қаласында (Берікбайұлы, Геолог, Құрманғазы, Яблочная, Подхозная, Подгорная, Заречная, Жартас көшелері мен «Флора» саяжайы) ішкі кварталдық газ құбырының құрылысын аяқтауға республикалық бюджеттен 145 млн 975 мың теңге, облыстық бюджеттен 16 млн 219 мың теңге.

Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер бойынша:

1) Ауыспалы нысан Карой ауылындағы 50 орындыққа арналған негізгі мектебінің құрылысының аяқтауға 2017 жылға 213 млн 442 мың теңге бөлінді (2016 жылы 100 000,0 мың теңге бөлінген);

2) Қасқабұлақ ауылында 120 орынға арналған орта мектеп құрылысына 2017 жылы 200 млн теңге бөлінді (2018 жылға 295 242,0 мың теңге);

3) Газдандырылған 9 елді мекенде орналасқан 4 әкімшілік ғимараты, 3 мәдениет сарайының және 2 ауылдық клубтарды газдандыру үшін  40 млн 187 мың теңге бөлінді, оның ішінде Ойық ауылындағы №40 Т.Рысқұлов көшесіндегі КМК «Аппарат әкімі» ауылдық округінің пешін газдандыруға 1214,0 мың теңге, Ойық ауылындағы Т.Рысқұлов көшесі №9 мекен-жайындағы мәдениет сарайының пешін газдандыру» 9090,0 мың теңге, Бостандық ауылындағы Бостандық ауылдық округінің КМК әкімі аппаратының пешін газдандыруға 2480,0 мың теңге, Бостандық ауылындағы Абай көшесі №6 мекен-жайындағы мәдениет сарайының қазандығын газдандыру» 8632,0 мың теңге, Аққұм ауылындағы Қонаев көшесі №9 мекен-жайындағы КМК әкім аппаратының пешін газдандыруға 1884,0 мың теңге, Қонаев көшесі №8 мекен-жайындағы ауылдық клубының пешін газдандыруға 5117,0 мың теңге, Шәкіров ауылындағы Қонаев көшесі №31 мекен-жайындағы ауылдық округі әкімінің Аппараты КММ-ң пешін газдандыруға 1217,0 мың теңге, Шәкіров ауылындағы О.Жолымбетов көшесі №28 мекен-жайындағы мәдениет сарайының пешін газдандыру» 5566,0 мың теңге, Сейілбек ауылындағы Бөлтірік шешен көшесі №4  мекен-жайындағы ауылдық клубының  пешін газдандыру» 4987,0 мың теңге.

4) Ауыспалы нысан Қаратау қаласы 3 мөлтек ауданындағы №51 тұрғын үйді қайта жаңғырту нысанды аяқтауға 2017 жылға 62 млн 524 мың теңге бөлінді (2016 жылы 220369,0 мың теңге бөлінген).

5) Қаратау қаласы 5 мөлтек ауданындағы №58 тұрғын үйді қайта жаңғыртуға 161 млн 597 мың теңге;

6) Қаратау қаласы 5 мөлтек ауданындағы №51, №52, №55 және 3 мөлтек ауданындағы №49 тұрғын үйлерді қайта жаңғыртуға (РБ-тен нысаналы трансферттерге қосымша қаржыландыру) әр нысанға 11 млн 111 мың теңгеден бөлінді;

7) «Қаратау қаласындағы жеке және көпқабатты тұрғын үйлер, мекемелер сервистік кәріз су желілеріне» 74 млн 671 мың теңге;

8) «Қаратау қаласының сервистік желілері. Жеке және көпқабатты тұрғын үйлер, мекемелермен кәсіпорындардың сумен жабдықтау сервистік желілерін жүргізуге» 298 млн 446 мың теңге;

9) «Талас ауданы Тамды өзенінің арнасын реттеу үшін және су ағызуды қалпына келтіру мақсатында су құрылымдарын қайта жаңғырту» нысанды аяқтауға 54 млн 764 мың теңге бөлінді (2016 жылы аудандық бюджеттен 7700,0 мың теңге бөлінген).

Республикалық және облыстық бюджет қаржысы есебінен 331 млн 254 мың теңге көлемінде ағымдағы нысаналы трансферттер және жас мамандарға тұрғын үй алуға кредиттер 71 млн 473  мың теңге  бөлінді, оның ішінде,

-Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен 133 млн 640 мың теңге бөлінді, оның ішінде, білім объектілерін жөндеуге  120 млн 166 мың теңге, (С.Шәкіров ауылындағы М.Сымаханұлы атындағы орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу (есік, терезелерін ауыстыру, откостарын сылау) 22098,0 мың теңге,  Жамбыл облысы Талас ауданы Бостандық ауылындағы «Алғабас» атындағы орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу. (есік, терезелерін ауыстыру, откостарын сылау) 24856,0 мың теңге, Жамбыл облысы Талас ауданы Қызыләуіт ауылындағы М.Қыстаубайұлы атындағы орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу.(есік, терезелерін ауыстыру, откостарын сылау) 19721,0 мың теңге, Талас ауданы Қаратау қаласындағы Байтұрсынұлы атындағы гимназияның ғимаратын күрделі жөндеу (есік, терезелерін ауыстыру, откостарын сылау) 53491,0 мың теңге);

-Спорт саласы бойынша, Кеңес ауылдық округі Көшек батыр ауылында футбол алаңын орнатуға 13 млн 474 мың теңге.

Одан басқа облыстық деңгейдегі нысандар бойынша:

  • «Үшарал ауылында спорт кешенінің құрылыс» нысаны бойынша ЖСҚ әзірлеу және кешенді ведомстводан тыс сараптама өткізуге 12591,0 мың теңге;
  • Қарой ауылындағы аусымына 5 келушіге арналған медициналық пункт салуға 50019,0 мың теңге;
  • «Талас ауданының 5 елді мекендерге (Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал, Қайыр) және Сарысу ауданында 4 елді мекендерге (Әбілдә, Тоғызкент, Майлыкөл, Досбол) жеткізуші газ құбырының құрылысын салу» нысаны бойынша ЖСҚ әзірлеуге және кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге 57921,0 мың теңге (2016 жылы 10000,0 мың теңге бөлінді);
  • Талас ауданының 3 елді мекенінің (Ақкөл, Қызыләуіт, Ақтобе) газ құбырын жеткізу» жобаның ЖСҚ әзірлеуге және кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге 47 374,0 мың теңге;
  • Ақкөл ауылындағы №14 кәсіптік лицей қазандығы құрылысының» ЖСҚ-сын түзетуге және кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге 5708,0 мың теңге (2016 жылы 1000,0 мың теңге бөлінді).

 

Құрметті таластықтар!

 

Өткен жыл оң өзгерістерге толы болды. 2016 жылы қойылған мақсаттар мен міндеттер, есеп кездесулерінде көтерілген мәселелер толығымен шешімін тапты. Оның барлығы да аудан тұрғындарының еңбек етуінің арқасында жүзеге асырылып отыр.

2017 жылғы барлық қоғамдық-саяси іс-шаралар, күнтізбелік мерекелік күндер қазақстандық қоғамның тұрақтылығы мен бірігу, топтасу әлеуетін нығайтуға, Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығына бағытталған «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясын жүзеге асыруға бағытталатын болады.

2017 жылы ірі қоғамдық саяси маңызы бар оқиғалар қатарында –Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы, Қазақстан Қарулы Күштері мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы, Елорданың Алматыда Астанаға көшірілуінің 20 жылдығы, Алашорда  қозғалысының 100 жылдығы бар атап өтілуі жоспарлануда.

Сонымен қатар, елімізде ұлттық және халықаралық ауқымдағы ірі оқиғалар – дүниежүзілік Универсиада, «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі, Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиті өтеді.

Барлық ақпараттық-насихаттау жұмыстары аталған ірі оқиғалар маңында және Елбасы Жолдауының, мемлекеттік бағдарламалардың негізі бағыттарының жүзеге асырылуын насихаттауға бағытталатын болады.

 

Ардақты ағайын!

 

Жаңа 2017 жылында баршамыз игі істерге талпынып, биік-биік белестерді бағындырамыз деген ойдамын. Себебі, әрбір Жаңа жылдың  өзіндік ерекшелігі бар. Ендеше, бұл жылы да Отанымыз қуатты, Тәуелсіздігіміз тұрақты, таңымыз арайлы, халқымыз бақытты болсын!

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.