Аудан әкімі Д.Қ.Алиевтің 8 Наурыз мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімі Д.Қ.Алиевтің

8 Наурыз мерекесімен құттықтауы

 

Ардақты аналар, аяулы арулар!

Сіздерді гүл-көктемнің кү­лім­деген күнімен бірге келіп жеткен 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күні Қазақстанның бар­ша халқы, соның ішінде, ау­да­нымыздың тұрғындары  да әйел құ­діретіне құрмет – қо­ше­мет көр­сетіп, оның жасампаз рө­ліне бас иеді.

Біз әрқашан «Әйел – үйдің берекесі» деп әйелін, «Қыз өс­се, елдің көркі» деп қызын аялап құрметтеген халықпыз. Ұлы далада қилы заманнан келе жат­қан игі дәстүрдің алтын жібі үзілмей, әлі де жалғасып келеді.

«Алып анадан туады», – дейді дана халқымыз. Дүниедегі бар­лық ғажайып пен құрмет ана­ға тән. Тал бесіктен жер бесік­ке дейінгі барлық сәулелі, шуақ­ты ғұмыр ананың ардақты аты­мен басталып, анаға деген сағы­нышпен жалғасады. «Ана­сы бар адамдар ешқашан қар­таймайды» деген қанатты сөз де жүрек түкпірінен жалындап шыққан анаға деген құрмет, перзенттік пейіл.

Бүгінде отбасынан бастап, мемлекеттік саясатқа дейінгі қо­ғамдық өмірдің барлық құры­лымында әйелдер аралас­пайтын сала жоқ.  Егемен  елі­міздің  бү­гін­гі қол жеткізген жетістіктерінде әйелдердің үлесі зор. Оны біз мақтан тұтамыз.

Біздің ауданымызда 27158 қыз­дар мен әйелдер бар. Осы жан­дардың бәрі де құрметке лайық. Олар мына өмірдің ажар­лы, үй­дің базарлы болуына атсалысып жүргендер.

Қымбатты аналар, аяулы апа-қарындастар!

Әрбір шаңырақтың шатты­ғын жарастырып, еліміздің   гүл­­де­нуіне   қосып отырған ең­­бектері­ңіз үшін Сіздерге алғысым шек­сіз.

Көктемнің шуақты мере­кесі көңілдеріңізді нұрға, жүрек­теріңізді жырға бөлесін!

Баршаңызға бақ-бе­реке, ден­де­ріңізге саулық, отбасы­лары­ңызға амандық тілеймін!