Аудан әкімі Д.Қ.Алиевтің 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Аудан әкімі Д.Қ.Алиевтің

7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен 

құттықтауы

Құрметті таластықтар!

Сіздерді Қазақстан Респуб­ликасы  Отан қор­ғаушылар күні мерекесімен   шын жүректен құттықтаймын!

Биыл Қазақстан Республи­касы Қарулы Күштері­нің құрыл­ғанына 26 жыл толып отыр.

Қазақстан әскері елдік пен еге­мендіктің тірегіне, бейбіт өмі­ріміздің, тұрақтылық пен ты­ныштықтың кепіліне айнал­ды. Бүгінде әлем елдерімен әс­кери байланысымыз нық ор­нық­­қан. Қазақстан ТМД және Орта Азиядағы аймақтың қауіп­сіздік мәселесіне орай ортақ міндеттерді айқындайтын жаңа бастамалар көтеріп келеді. Дү­ниежүзі Қазақстанды әлемдік қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін құрметтейді. Еліміздің Семей ядролық сынақ полигонын жауып, яд­ро­лық ар­сеналдан бас тар­ту ту­ралы батыл шешімдері, Ел­ба­сы­ның Біріккен Ұлттар Ұйы­­мы Бас Ассамблеясында жа­рия етіп, бейбіт өмірге үндеген «Әлем ХХІ ғасыр» Манифесі – осының айғағы.

Бүгінде күш-қуаты жылдан жылға артып келе жатқан Қа­зақстан әскерін барша қазақс­тандықтар мақтан етеді. Бас Қол­басшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «Бұл дү­ниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан! Қас­терлі Отанымызға қалтқысыз қызмет ету  және оны қорғау – әр­бір азаматтың қасиетті борышы».

Әрбір арлы азамат үшін туған Отанын қорғаудан құн­ды, одан қымбат ешнәрсе жоқ. Бұл шынайы патриотизмді талап етеді. Бұл – зор мәртебе! Қазақтың қаһарман ұлы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы: «Отан үшін от­қа түс – күймейсің», – деген. Осынау ғасырлар көгіндегі өшпес өсиет – әрбір Отан қорғаушының мәңгілік ұраны болатынына сенімдіміз.

Тәуелсіздігіміз бен тұтас­ты­ғы­мызды, тыныш­тығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақ­­пай күзетіп тұрған Қа­зақстан Рес­публикасы Қа­рулы Күштерінің қуаты ны­ғайып, даңқы арта берсін! Деңдеріңізге саулық, от­басы­ларыңызға амандық, қыз­меттеріңізге табыс тілеймін!