Аудан әкімі Д.Қ.Алиевтің 1 мамыр – Қазақстан  халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Аудан әкімі Д.Қ.Алиевтің 1 мамыр – Қазақстан  халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Құрметті таластықтар!

Сіздерді ұлтымызға тән ұлық­тық пен ұйысқан елдің бере­ке­сін көрсететін, тамылжыған та­биғаттың ажарын аша келетін – 1 Мамыр –  Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен бар­ша­ңызды шын жүректен құттық­таймын!

Бұл күн – береке мен бірліктің туы желбіреп, еңбек пен достық­тың күйін шертетін ғажайып күн. Еліміздегі барлық этностардың шынайы келісім мен бірлікте өмір сүруі, ең алдымен, қазақ хал­қы­ның ата-дәстүрі және табиғи кең­пейілдігі, жатты жатырқамайтын жан  жылуының арқасында жүзе­ге асып отырғаны белгілі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың алысты болжайтын сараб­дал саясаты ар­­қа­сын­да «Бірлік»    атты  ұлы  күш­тің же­мі­сі­мен құт-бере­ке­міз­­дің ір­ге­сі нығая түсті. Елба­сы бас­тама­сы­мен құрылған Қа­зақс­тан халқы Ассамблеясы ха­­лық­тың бойында ортақ құнды­лық­тар мен этносаралық және кон­фессияаралық келісім мен сый­лас­тыққа негізделген төзімділік атмос­ферасын қалыптастырды.

Ауданымызды мекен еткен жиырмаға жуық ұлттар  мен ұлыс­тар өңір экономикасының әлеуе­тін көтеруде ынтымақ – түсінікте, түсіністік – адал жүректе екенін се­зіне отырып, бір шаңырақтың астында жұмыла еңбек етуде. Бір­лік пен тұрақтылық – біздің басты құндылығымыз екенін жүрегі­мен түсінген таластықтар барлық іс-шараларға белсене араласып, игі істердің алғы шебінен көрініп ке­леді.

Қадірлі жерлестер!

Тәуелсіз ел болып, бірлігімізді нығайтуды аңсаған аталардың ар­манын ұрпақтан – ұрпаққа аманат етуіміз қажет. Бірлік – тілегімізде, адалдық – жүрегімізде сақталған ха­­лықтың ұрпағы екенімізді ұмыт­пайық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, ынтымағы жарасқан еліміздің  абыройы арта берсін!