Аудан әкімі Д.Қ.Алиевтің 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімі Д.Қ.Алиевтің

9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен құттықтауы

Құрметті Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Қадірлі жерлестер!

 

Сіздерді жаһан жұртына бейбіт күнді сыйлаған қасиетті Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл майдангерлердің өр рухымен келген Ұлы Жеңіске 73 жыл толып отыр. Ұлы Отан со­ғысындағы Жеңіс – ұрыс даласындағы қаһарман жауынгерлеріміздің ержүректігінің, батырлығының өлшемі. Біз үшін майдангерлеріміздің ерлік жолы – өшпес тарих, Отанды сүюдің айырықша үлгісі.

Бұл күн – қан майданда парыз бен намысты ал­ға қойған қайсар мінезді жауынгерлеріміздің ерен ерлігін, биік рухын ұлықтайтын күн. Бейбіт елдің тыныштығын  қорғаған  ардагерлерге, шекара шебінде кірпік қақпай, күзетке тұрған сарбаздар мен Отанға қызмет етуші барша жандарға құрмет көрсететін жалпыхалықтық мереке.

Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды. Сол соғыс майданының алдыңғы ше­бінде жүріп, басынан   өткерген майдангерлер  де, солардың тілеуін тілеп, тылдағы бар ауыртпалықты иығымен көтерген еңбеккерлер де, соғыста ата-анасынан айырылып, жетімдік   тауқыметін  тартып өскендер де бүгін арамызда жүр. Бүгінгі бейбіт күннің өтеуі үшін олар қан кешіп, жауға қарсы соғысты, бел жазбай еңбек етті. Сондықтан, жас ұрпақ сол кісілердің алдында борыштар.

Ел басына күн туған шақта облысымыздан май­данға 70 мыңнан астам адам аттанса, соның ішінде, біздің ауданымыздан аласапыран соғысқа 3 мыңнан астам адам алынып, оның жартысынан көбі елге оралмай, денелері майдан даласында қалды.

Майданда ерен ерлік көрсеткен 22 жамбылдық Кеңес   Одағының Батыры атанса, соның ішінде, Сәду Шәкіров пен Амантай Дәулетбеков сынды Батыр аталарымыз қасиетті Талас топырағынан шыққан  еді. Олар – біздің мақтанышымыз.

Ардақты соғыс ардагерлері мен

тыл еңбеккерлері!

Сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, қуанышқа толы   ғұмыр тілеймін! Заманымыз тыныш, келешегіміз кемел болсын!