Талас ауданы бюджетінің 2018 жылдың 01 мамыр айына орындалуы туралы түсіндірме жұмыстары

 

Талас ауданы бюджетінің

2018 жылдың 01 мамыр айына орындалуы туралы

түсіндірме жұмыстары

 

КІРІСТЕР бойынша (аудандық бюджет пен 4 деңгейлі бюджетті қосқанда) жоспар 3 349 317,0 мың теңге болса, 2018 жылдың 01 мамыр айына оның орындалуы 3 446 248,7 мың теңгені құрап отыр, яғни 102,9 %. Жоспар 96 931,7 мың теңгеге артық орындалып отыр. Оның ішінде:

КІРІСТЕР (таза аудан) жоспар 3 250 002,0 мың теңге болса, 2018 жылдың 01 мамыр айына оның  орындалуы 3 336 166,9 мың теңгені құрап отыр, яғни 102,6 %. Жоспар 86 164,9 мың теңгеге артық орындалып отыр.

ӨЗІМІЗДІҢ КІРІСТЕР жоспар 229 678,0 мың теңге болса, оның орындалуы 314782,2 мың теңгені құрап отыр, яғни 137,0 %. Жоспар 85104,2 мың теңгеге артық орындалып отыр.

ТРАНСФЕРТТЕР бойынша жоспарда 3 020 324,0 мың теңге болса, оның түсімі 3 020 324,0 мың теңге сомасында, яғни 100 %.

ШЫҒЫСТАР бойынша жоспар (аудандық бюджет пен 4 деңгейлі бюджетті қосқанда) 3 394 644,0 мың теңге болса, 2018 жылдың 01 мамыр айына  оның орындалуы  3 345 542,8  мың теңге, яғни 98,6 %. Игерілмеген сома 49 101,2 мың теңгені құрап отыр, оның ішінде:

ШЫҒЫСТАР бойынша жоспар (таза аудан) 3 295 329,0 мың теңге болса, 2018 жылдың 01 мамыр айына оның орындалуы 3 249 298,0 мың теңге, яғни 98,6 %. Игерілмеген сома 46030,9  мың теңгені құрап отыр.

Республикалық және облыстық трансферттер бойынша есепті кезеңге қаржыландырудың төлемдер бойынша 1 012 288,0 мың теңге жоспарының 971934,6 мың теңгесі игеріліп, игерілмеген сома 40353,5 мың теңге, яғни 96,0 %.

-Республикалық трансферттің игерілмегені -2525,1 мың теңге.

– Облыстық трансферттің игерілмегені -37828,4 мың теңге.

Атап айтқанда:

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 2478,9 мың теңге:

         – 2478,9 мың теңге республикалық бюджеттен «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көмек» бойынша өтініш берушілерден табыс көздері кедейшілік шегінен асып кетуіне байланысты көмек тағайындалмады,осыған орай қаражат игерілмеді.

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 17437,9 мың теңге:

-17437,9 мың теңге облыстық бюджеттен «Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласындағы Ә.Молдағұлова, Д.Қонаев, Б.Момышұлы, көшелерін қайта жаңғырту. Түзету» бағдарламасы бойынша қабылдап алу жұмыстарының аяқталмауына байланысты қаражат игерілмеген.

Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі бойынша 20028,4 мың теңге:

-20028,4 мың теңге облыстық бюджеттен, «Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы 5 мөлтек ауданындағы №55 көпқабатты тұрғын үйдің инфрақұрылымын қайта құру мен қалпына келтіру» және «Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы 5 мөлтек ауданындағы  №52 көпқабатты тұрғын үйдің инфрақұрылымын қайта құру мен қалпына келтіру» нысандарының техникалық қадағалаушылары кеш анықталуына байланысты қаржы игеру мүмкіндігі болмады және құрылыс жұмыстарының көлемін аталған нысандардың мердігерлері ұсына алмады.

Сонымен қатар, 1469,5 мың теңге, о.і.: Қала және ауылдық округтерде, «Е-Халық» ақпараттық жүйесін енгізу үшін байланыс төлемдерінен мемлекеттік сатып алу жұмыстарының толық аяқталмауынан қалып отыр ( Қызылауыт а/о, Бостандық а/о, Үшарал а/о, Ойық а/о,Берікқара а/о,Шакіров а/о,Аққұм а/о, Кенес а/о, Ақкөл а/о,Қаратау а/о,Тамды а/о).

АУДАНДЫҚ бюджеттің есебінен қаржыландырылатын мекемелер бойынша жоспар 2 283 041,0 мың  теңге, 2018 жылдың 01 мамыр айына оның орындалуы 2277363,4 мың теңге, сонда игерілмеген сома 5677,6 мың теңгені құрап отыр, яғни 99,8 % пайыз.

-5677,6 мың теңге барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша жалпы бағдарламадағы байланыс, коммуналдық қызметтер төлемдерінен, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстардың аяқталмауынан және келісім шарттардың уақытылы рәсімделмеуінен, оның ішінде ірі көлемде қаражат игерілмеген Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі яғни, 1927,6 мың теңге, «Талас жастар ресурстық орталығы» 990,7 мың теңге, Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі 494,4 мың теңге орындалмай отыр.

Сонымен қатар,

Талас ауданы бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті бойынша 4-ші деңгейлі бюджет қаржысының

2018 ЖЫЛДЫҢ 01 мамыр айына игерілуі туралы

КІРІСТЕР (МСУ) жоспар 99 315,0 мың теңге болса, 2018 жылдың 01 мамыр айына оның орындалуы 110081,8 мың теңгені құрап отыр, яғни 110,8 %. Жоспар 10766,8 мың теңгеге артық орындалып отыр.

СУБВЕНЦИЯ бойынша жоспарда 63 824,0 мың теңге болса, оның түсімі 63824,0 мың теңге сомасында, яғни 100,0 %.

ТРАНСФЕРТТЕР бойынша жоспарда 4235,0 мың теңге, яғни 100,0 %.

АУЫЛДАРҒА ТҮСЕТІН КІРІСТЕР бойынша жоспар 31256,0 мың теңге болса, оның орындалуы 42022,8 мың теңге болды, яғни 134,4%. Жоспар 10766,8 мың теңгеге төмендегі қала/ауылдар бойынша артық орындалып отыр.

ШЫҒЫСТАР бойынша жоспар (МСУ) 99 315,0 мың теңге болса, 2018 жылдың 01 мамыр айына оның орындалуы 96244,7 мың теңге, яғни 96,9 %. Игерілмеген сома 3070,3 мың теңгені құрап отыр.

3070,3 мың теңге жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті бойынша қаржыландырылатын қала, ауылдық округтер бойынша:

Қала әкімінің аппараты және Қызыләуіт ауыл округі әкімінің аппаратынан басқалары яғни, Үшарал а/о-1170,5 мың теңге, Ойық а/о – 448,3 мың теңге, Ақкөл а/о -126,3 мың теңге, Бостандық а/о- 82,0 мың теңге, Беррікқара а/о-74,4 мың теңге, С.Шәкіров а/о-51,8 мың теңге жалпы бағдарламадағы байланыс, ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар, міндетті сақтандыру жарналары, мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстардың аяқталмауы себептерінен қаражат игерілмеген.