Әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама

  Талас ауданының 2016 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама

Бүгінгі таңда таластықтар Елбасының алға қойып отырған ауқымды міндеттерін жүзеге асыру жолында  еңбек етуде. Бұл өзінің оңды нәтижесін беруде.

Аудан бойынша 2016 жылдың 4 айында әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмендегі көрсеткіштер негізінде қалыптасты:

Жалпы өндірілген өнімнің және қызметтердің көлемі 6537,5  млн.теңгені құрап (2015 жылдың 4 айында 5943,9 млн.теңге), 110,0%-ға орындалды, немесе 593,6 млн.теңгеге артты.

Аудан халқының жан басына шаққандағы өндірілген өнімнің және қызметтің көлемі 121105 теңгені құрады (2015 жылы – 111564теңге).

Өнеркәсіп өнімдері 3165,9 млн.теңгеге өндіріліп (2015 жылдың 4 айында 1920,1млн.теңге), 164,9 пайызға орындалды. Нақты көлем индексі 106,8% құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 1439,6 млн.теңгені құрап, 2015 жылдың деңгейінен 1,3 есе артық орындалды. 

Үдемелі индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Тalasinvestment company» ЖШС-нде тұрақты 408 жұмыс орыны ашылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 405 адам жолданды. Бұдан бөлек қосымша 66 адам қосалқы шаруашылыққа орналасты (дәмханада-12, газ құтқарушысы-18, қарауылда-36). Қазіргі таңда техникалық ахуалдардың әсерінен тоқтап тұр және жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда жалпы құны 5,0 млрд. теңгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік индустриаландыру картасына енгізілді. «Жамбыл Недр» ЖШС-і жылына 300,0 мың тонна М-400, 500 маркалы цементін өндіреді. Зауыт құрылысына 4,0 га жер телімі бөлінді. Зауытты іске қосқан жағдайда 150-200 адам жұмыспен қамтылады. Шикізат көзі ретінде «Ақтау–5» карьерінің әктасы мен топырағын пайдалану көзделіп отыр. Жалпы құрылыс жұмыстарының 100 пайызы жасалынып, монтаж қондырғыларының 85 пайызы қойылды. Қазіргі таңда зауыттың құрылыс жұмысына 173 адам тартылған, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 99 адам жолданды.

Қаратау қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан карьерге электр желілерін қазіргі таңда тартуда, бұдан бөлек зауыттың инфрақұрылымына 980,0 млн.тенгеге жобалар жасалынып, мемлекеттік экспертизадан өтуде.

            2016 жылдың II жартыжылдығына өңірлік индустрияландыру картасына енгізу үшін «Қаратау Про» ЖШС-нің жобасы дайындалуда.

«Каратау ПРО» ЖШС-і ауданда жылына 250,0 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт соғу. Жобаның құны 1143,7 млн тенгені құрайды. Зауыт іске қосқан жағдайда 200 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңда 60 адам жұмыспен қамтылған. Биылғы жылдың 2 жартыжылдығына  қосылу жоспарлануда. Қазіргі таңда Қаратау қаласынан зауыт соғылатын жер телімі мәселелері туралы жұмыстар жасалынды. Карьер толықтай геологиялық зертеуден өткізілді. Карьер Қаратау қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан.  Құрылыс жүргізетін орындарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Республикалық индустрияландыру картасына 2018 жылға енгізілген жоба «ЕвроХимТыңайтқыштар» ЖШС «Минералды тыңайтқыштарды өндіру Химзауытының құрылысы». Жобаның жылдық қуаты 1400 мың тонна минералды тыңайтқыштар өндіру. Жобаның құны 356,6 млрд. теңге. Жоба іске қосылғанда  400  жаңа жұмыс орындары ашылады.

Инвесторлар тарту бойынша:

Алдағы уақытта 34,0 млрд тенгені құрайтын «ST Power» ЖШС-і қуаты 50 МВт күн электр станциясының құрылысын жүргізу, «Sapsan Commerce» ЖШС-і жаңғыртылған энергия көздері саласында және «ТСК Соnstruction Enerqe» ЖШС-і күн жарық станциялары жобаларын жоспарлануда.

Инвестициялық жобалар бойынша:

Ауданда сүт және ет өнімін өндіретін цехтар тапшылық. 1) Осы бағдарлама аясында тәулігіне 2 тонна сүт өндіретін (май, сыр, ірімшік) цехты ашу мақсатында жұмыстар жасалуда. Жобаның құны 20,0 млн тенгені құрайды. Кәсіпорын жұмыс атқарғанда 3 адам жұмыспен қамтылады. Сүт өнімін әрдайым алып тұру мақсатында шаруашылық иелерімен келісімге отырды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан 5,5 млн.теңге несие алып және мемлекеттік гранттан 3,0 млн.теңге ұтып алып жұмыс жасалуда. Қазіргі таңда құрал-жабдықтардың 70 пайызы орнатылған.

2) «Атамекен Мрамор Көктал» ЖШС-і (Крикбаева Ш.). Кәсіпорын мәрмәр тасына плиталық тастар, баспалдақтар, кірпішке арналған табиғи тастар шығарумен айналысады. Жобаның құны 15,0 млн теңгені құрайды. Жылына 20700 тонна ұнтақталған тасты өңдеп, 103,6 млн теңгенің затын өндіріп шығаратын болады. Қосымша 6 жұмыс орын ашылады. Ағымдағы жылдың мамыр айында қосылу жоспарлануда.

3) «Азмина Мрамор» ЖШС-і (Джетпісбаев Р.). Кәсіпорын мәрмәр тасына плиталық тастар, баспалдақтар, кірпішке арналған табиғи тастар шығарумен айналысады. Жобаның құны 20,0 млн теңгені құрайды. Жылына 32,0 мың тонна ұнтақталған тасты өңдеп, 150,0 млн теңгенің затын өндіріп шығаратын болады. Қосымша 8 жұмыс орын ашылады. Қазіргі таңда құрал-жабдықтары тасымалданып орнатылуда. Жамбыл-Недр ЖШС-і аясында қуаттылығы күнделікті 5 тонадан әртүрлі құрылысқа керекті кафелдік кілей, гипс сылақ, сәндік сылақ және т.б. шығарылатын болады. Өнім «Шебер» деген атпен шығарылады.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы өнімі 2178,3 млн.теңгеге өндіріліп, 104,1%-ға орындалды. (немесе 96,6 млн.теңгеге артты).

Мал шаруашылығында ет – 3077,6 тонна (100,0%-ға), сүт – 1511,6 тонна (100,0%-ға), жұмыртқа 1291,0 мың дана (100,2%-ға) өндірілді.

Мал басының саны тұрақты өсуде. Мүйізді ірі қара саны 2,3%-ға өсіп 24825 басқа, қой мен ешкі 3,0%-ға өсіп 464408 басқа,  жылқы – 4,1%-ға өсіп 9554 басқа,  түйе – 5,0%-ға өсіп 1996 басқа, шошқа – 67,7%-ға өсіп 374 басқа жетті.

Ал, құс саны  129112 басты құрап, өткен жылдың (210740 бас) есепті кезеңімен салыстырғанда 81628 басқа төмендеп отыр. Оның себебі, облыстық статистика департаментінің құс санына нақтылау жүргізілуіне байланысты төмендеген.

Алынған төл басы: Бұзау 8,3 пайызға өсіп 8017 басты,  Қозы-лақ 5,7 пайызға өсіп 204511 басты, Құлын 9,9 пайызға өсіп 3028 басты, Бота 22,2 пайызға өсіп 468 басты құрады.

2016 жылы 4 айында «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Аулие-Ата» несие серіктестігі ЖШС-нен 68510 мың.тенге құрайтын 8 шаруа қожалығының 10 жобасы  мақұлданып несие алды.

Атап айтқанда, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 3 шаруа қожалығы 12480 мың теңге несие алып 57 бас МІҚ, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 5 шаруа қожалығы 38262 мың теңге несие алып, 1602 бас қой, «Құлан» бағдарламасы бойынша 2 шаруа қожалығы 17041 мың теңге несие алып, 74 бас жылқы сатып алды. Облыстың берген тапсырмасы «Сыбаға» бағдарламасынан  310 бастан орындалуы  24,2%, «Алтын асық» бағдарламасы 2200 бастан орындалуы 70%, «Құлан» бағдарламалары 210 бастан 30,8%-ке  орындалды.

4 айда шаруа қожылық статтық мәліметке сәйкес 772 (2015жылы 764) тіркелген.

Жайылымдықтарды суландыру бағдарламасы бойынша

2016 жылы С.Шәкіров ауылдық округінен «Ахай» шаруа қожалығы 2 құдық қазып, жоспар 40 % орындалды (жоспар 5 құдық). (2015 жылы Ақкөл ауылынан жеке кәсіпкер Сауранов Бауыржан 3 құдық қазған болатын).

Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша.

2016 жылы  лизинг жүйесі бойынша «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы 1дана МТЗ-80 трактор  сатып алынды. (Қызыләуіт ауылдық округінен «Найза-қызыл» шаруа қожалығы)

Ауданда тамшылатып,  жаңбырлатып суару технологияларын енгізу жаңадан бастау алып келеді.

2016 жылы Бостандық ауылдық округінде «Жаңалық» шаруа қожалығы 24,0 гектар егістік алқапқа жаңбырлатып суару технологиясын енгізуде. Биылғы жылы Қаратау қаласында жеке кәсіпкер А.Сейдалиева 1,0 га алма бағына тамшылатып суару технологиясын енгізіп отыр.

Көктемгі егіске дайындық жайлы.

2016 жылдың өнімі үшін барлығы 10100 гектар алқапқа ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылады, оның ішінде: күздік бидай 3145 га (меморандум бойынша 700 га) жаздық дақылдар:  арпа 1355 га (меморандум бойынша 500 га),  мақсары 500 га , күнбағыс 100 га, картоп 50 га, бақша 300 га, көкөніс 200 га және 400 га көпжылдық шөп жаңадан егіледі.

Соңғы мәлімет бойынша 800 гектарға (59%) жаздық арпа, 100ға гектары (167%) майлы дақылдар, 50  га алқапқа (100%) картоп, 250 га бақша (83%), 200 га (100%) көкөніс дақылдары және 400 гектар (100%) алқапқа көпжылдық шөп орналастырылды.

Орман шаруашылығы          

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды  реттеу басқармасының Ақкөл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі 2016  жылы наурыз айында 300 га қара сексеуіл көшеті (540 мың дана) мемлекеттік орман қорында отырғызылған.

2016 жылы наурыз айында төтенше жағдайлардың алдын алу  мен жою жөніндегі аудандық комиссиясымен, Талас ауданының төтенше жағдайлар бөлімімен және «Көпболсын ЖШС» келісілген Талас ауданы мемлекеттік орман қорына 2016 жылы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді.

Мекемеде өрт сөндіргіш автокөлігі – АЦ-0,9(330 365), сыйымдылығы 3 метр куб ALFT -3  тіркемелі өрт сөндіру құрылғысы толықтай күтім жасалынып жұмыс жағдайында тұр.

Ақкөл-Ұланбел авто жолының бойында мемлекеттік орман қор жиегіндегі Аққұдық құдығында вагон-бекет қойылып, заңсыз ағаш кесу оқиғаларын болдырмау мақсатында және өрт қауіпі жоғары кезеңінде 3 орманшы – қорықшыдан кезек құрастырылған.

Ветеринария

Эпизоотияға қарсы іс-шаралар:

Ауданда 2016 жылы ветеринариялық эпизоотиялық іс-шаралар жұмыстарын жүргізу үшін 87,0 млн.теңге қаражат бөлінді, 4-айда аусылға 17700 бас МІҚ, 304600 бас уақ мал егіліп, сібір жарасына 2000 бас жылқы, 30 бас шошқа,обаға 70 бас түйе, қарасүйелге 50000 бас уақ мал, тейлериозға 15000 бас МІҚ,құс тұмауына 14300 бас құстар, лептоспирозға 1500 бас жылқы егіліп, туберкулезге 19500 бас МІҚ, 680 бас түйе, маңқаға 800 бас жылқы  тексерілді.

Сарып (бруцеллез) ауруына 17617 бас уақ мал, 3309 бас МІҚ, 5 бас жылқы тексеріліп, оң нәтиже көрсеткен 38 бас уақ малдың 30 басы, МІҚ-ның 1 басы арнайы мал сою орындарына тапсырылды.

Конго-Қырым қанды безгегінің алдын-алу шаралары.

Конго-Қырым қанды безгегінің алдын алу мақсатында, көктем–күз айларындағы жүргізілетін жұмыстарға жергілікті бюджеттен барлығы 11 млн. 572 мың теңге бөлінді. Оның ішінде дәрі-дермекке облыстық бюджеттен 5млн.608 мың теңге, аудандық бюджеттен 5 млн. 964 мың теңге.

Конго-Қырым қанды безгегінің табиғи ошағында орналасқан Үшарал, Кеңес ауылдық округтерінде аталған ауруға қарсы жоспарланған 1 кезеңнің жұмыстары аяқталып,бөлінген қаражаттың 2124,7 мың теңгесі игерілді.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жоюға 1731,0 мың теңге қаражаттың 1100,0мың теңгесі игеріліп, барлығы 497 ит пен 15 мысықжойылды. Қазіргі уақытта қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою жұмыстары жалғасуда.

Жер ресурстары

Талас ауданының жер көлемі 1 220 562 га, оның ішінде егістік 22 892 га, (оның ішінде суармалысы 12 285 га, және үй іргесіндегі жер 1 293 га), көп жылдық ағаштар 444 га, шабындық 24 174 га, жайылымдық 986 063 га, бөгде жерлер 186 989 га.

Ауылдық округтер бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері барлығы 442004 гектар, оның ішінде: 10644 гектары егістіктің ішінде (5004 га суармалысы 5640 га телімі), 16015 гектары шабындық, 412094 гектары жайылымдылық, 98 гектары көп жылдық екпелер және 3153 га бөгде жер  құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне конкурс өткізіліп, 7173,99 гектар жер телімдері конкурс арқылы берілді. Жалға алудың мерзімі 10 (он) жыл.

Жамбыл облысы бойынша 2016-2017 жылдары елді мекендерді көгалдандыру арқылы жасыл белдеулер жасаудың іс-шара жоспарын орындау мақсатында 145 га жұмыс көлемі белгіленіп, ауылдық округі әкімдерімен бірлесіп бөлім тарапынан жер телімдерін анықтау мақсатында жұмыстар жүргізілуде, есепті кезеңде  екі ауылдық округі әкімі тарапынан жер телімдерін аудандық жер комиссиясының қарауына ұсынылып, оң қорытында қабылданған. Қазіргі таңда,  «Жасыл белдеулер» құруға белгіленген жерлерге 13800 түп ағаш отырғызылды, яғни 2016 жылдың 71,8 га жұмыс көлемінен 14га орындалып отыр.

Мемлекеттік бюджеттің кірістері

Мемлекеттік бюджеттің кірістері (салық түсімдері) 112,6%-ға орындалды. Жоспар 417,0 млн.теңге болса, бюджетке нақты түскені  469,7 млн. теңге, немесе 52,7 млн. теңгеге артты.  (республикалық бюджет 101,5%, облыстық бюджет 122,9%, аудандық бюджет 110,9% орындалды).

Жоғарғы бюджеттен түскен трансферттер

Түскен трансферттер 100,0%-ға орындалды. Жоспар 2053,3 млн.теңге болса, бюджетке нақты түскені  2053,3 млн. теңге.

Шығыстар 

Аудан бюджетінің шығыстары 2236,7 млн.теңгені құрап, 96,3%-ға орындалды (2015 жылы 90,9%, 2305,7 млн.теңге), яғни 76,3 млн.теңге игерілмеді. Оның ішінде Республикалық трансферттің игерілмегені 36,868 млн.теңге, Облыстық трансферттің игерілмегені 23,552 млн.теңге, Аудандық бюджет 15,886 млн.теңге.

Игерілмеген трансферттер бойынша:

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 35674,9 мың. теңге, Құрылыс бөлімі 13030,7 мың теңге, Білім мекемелері бойынша 4276,0 мың.теңге, Жұмыспен қамту орталығы бойынша 2207,6 мың теңге, Аудан әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімі 1173,7 мың теңге, Аудан әкімі аппараты 2105,7 мың.теңге, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 209,8 мың теңге.

Игерілмеген аудандық бойынша:

Аудандық мәслихат 1444,0 мың теңге, Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты 1222,0 мың теңге, Тамды ауылдық округі әкімінің аппараты 1458,0 мың теңге, Білім бөліміне қарасты мекемелер бойынша 6342,8 мың.теңге, Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты 879,6 мың теңге, Үшарал ауылдық округі әкімінің аппараты 647,3 мың теңге, «Талас жастар» орталығы 619,5 мың теңге, Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі 503,7 мың теңге, Жер қатынастар бөлімі 292,8 мың теңге, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі 279,5 мың теңге, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 268,8 мың теңге, Аудан әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі 219,4 мың теңге.

Кәсіпкерлік саласы бойынша ауданда қазіргі уақытта  99 шағын кәсіпорын (2015 жылы-97), 1170 жеке кәсіпкерлік(2015 жылы-1132) тіркелген. Осы тіркелген субьектілердің 1218-і немесе 96,0 пайызы жұмыс істейді.

Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында 4467 адам жұмыспен қамтылған (2015 жылы 4420 адам), оның ішінде 1120 адам шағын кәсіпорындарда, 3347 адам жеке кәсіпкерлікте (2172 адам шаруа қожалықтарында) жұмыс істейді.

Сауда тауар айналымы, сауда саласы бойынша:

Шағын кәсіпорындардағы сауда тауар айналымы 446,4 млн.теңгені құрап, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 19,7 пайызға өсіп, 73,5 млн.теңгеге артық  орындалды. Соның ішінде жеке кәсіпкерлік бойынша 287,3 млн теңгені құрап, шағын кәсіпорындардағы үлес салмағы 64,4 пайызды құрады және азық түлік тауарлары 273,6 млн теңгені құрап, бөлшек сауда құрылымының жалпы көлемдегі  үлес салмағы 61,3 пайызды, азық-түлік емес тауарлар 172,8 млн теңгені құрап, бөлшек сауда құрылымының жалпы көлемдегі үлес салмағы 64,4 пайызды алып отыр.  Нақты көлем индексі 98,7 пайызға құрады. Оның орындалмау себебі, нақты көлем индексінің әдістемесі өзгеруіне байланысты заттай түрі кеміген. Ал, қаражат түрі 19,7 пайызға немесе 73,5 млн.теңгеге өскен.

Көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалық

2016 жылдың 4 айында әр-аптаның жұма, сенбі күндері сенбілік ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, сенбілік барысында санитарлық тазарту, талдарды әктеу, арықтар мен жол жиектерін тазарту жұмыстары атқарылды. Сенбілік кезінде 2000-ға жуық адам қатысып, арнайы 6-техника жұмылдырылып, 40-50 тоннаға жуық қоқыс қалдықтары тиісті орынға шығарылса, 30 шақырымнан аса арық-атыздарының іштері тазартылды және 7000-ға жуық тал-дарақтар әктелді.

Көктемгі санитарлық тазартудың екі айлығына қажетті 10 тонна әк алынып, 3000-ға жуық ағаш көшеттері сатып алынды.

Ұйымдастырылған сенбілік барысында 3300-ге жуық ағаш көшеттері «Наурыз» саябағына, «Тәуелсіздікке 20 жылдық» саябағына, «Орталық саябаққа» және мектептер мен балабақшалардың аулаларына отырғызылды.  «Орталық саябақ» ішінде 5500-ге  жуық талдарақтар балақталып, әктеліп және 500-түп қараағаш талы отырғызылып, 300-ге жуық роза гүлдер және шырша отырғызылды.

Құрылыс саласы

Есепті мерзімде құрылыс жұмыстарының көлемі 746,9 млн.теңгені құрады, өткен жылымен салыстырғанда 47,9 пайызға орындалды.  (2015 жылы 1559,2 млн.теңге). Аудан халқының жан басына шаққандағы құрылыс жұмыстарының көлемі 13836 мың теңгені құрады (2015 жылы – 29,3 мың теңге).

Аудан бойынша пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 2460,0 шаршы метрді құрады, дегенмен, 2015 жылдың есепті аймен салыстырғанда (2595 шаршы метр) 135 шаршы метрге кем  орындалды.

Жоба құны 422,268 млн.теңгені құрайтын Есейхан ауылындағы 120 орындыққа арналған орта мектеп салынуда (мердігер «КазПромСтандартСтрой» ЖШС, директоры М.Мырзаханұлы). 2015 жылға бөлінген 100,0 млн.теңге толығымен игерілді. 2016 жылға құрылысты аяқтауға 385,534 млн.теңгеге келісім шартқа отырды. Қазіргі таңда құрылыс- монтаж жұмыстары 65 пайызға атқарылып, жалғасуда.

Жоба құны 334887 мың.теңгені құрайтын Ақкөл ауылының сыртқы су жүйесінің «10,3км» нүктесінен бактериялық тазарту ғимаратына дейінгі құрылыс жүргізілуде (мердігер «Луговской конный завод» ЖШС-і). 2015 жылға бөлінген 146191 мың.теңге толығымен игеріліп, 2016 жылға аяқтауға 188696 мың.теңге бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс- монтаж жұмыстары жалғасуда.

Газдандыру

Ауданымыздағы 24 елді мекендері ішінен Қаратау қаласына және 9 ауылдық елді мекендеріне газ құбыры ауылға дейін жеткізілген. Жалпы санынан 39,1%.

Газдандырылған 8 елді мекенде орналасқан 5 балабақшамен 3 мектептерді газдандыру үшін 38285,0 мың теңге 2016 жылға қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жұргізілуде.

Оның ішінде Аққұм ауылындағы «Сымбат» бала бақшасына 4367,0 мың теңге «Тоқтықожаұлы атындағы орта мектебіне 9386,0 мың теңге, Бостандық ауылындағы «Ақбөпе» бала бақшасына 4554,0 мың теңге, Ойық ауылындағы «Ақнұр» бала бақшасына 4200,0 мың теңге, С.Шәкіров ауылындағы «Еркетай» бала бақшасына 4407,0 мың теңге, Талапты ауылындағы «Дания» бала бақшасына 5063,0 мың теңге және Талапты орта мектебіне 2130,0 мың теңге, Тұрымқұл ауылындағы орта мектебіне 4178,0 мың теңге.

Электрлендіру

Талас аудандағы электр желілерінің ұзындығы 809,858 шақырымды құрайды. Аудандағы халық, мекемелер мен кәсіпорындар электрмен толық жабдықталған, электр желілерінің тозығы 70,0%-ы құрайды.

2016 жылдың 1 мамырына аудан бойынша электр жүйесінің қызметтеріне кредиторлық қарыздар 4431,3 мың теңгені құрады (аудандық бюджет – 1425,9 мың теңге, облыстық бюджет – жоқ,  республикалық бюджет – 29,6 мың теңге, “Игілік” МКК- 2975,8). Қарыздарды өтеу бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

Байланыс және коммуникациялар

2016 жылдың  4 айдың қорытындысымен Талас ауданы өндірістік телекомуникация торабы бойынша нақты телефон аппаратының саны 4700 (былтырғы жылымен салыстырғанда 2756 нүктеге кеміген). Оның ішінде жеке тұлға нақты телефон аппараты саны 3922 (83,4%), бюджеттік және шаруашылық мемкемелерде нақты телефон аппараты саны 778 (16,6%).

Талас ауданы бойынша 2016 жыл 1-ші тоқсан соңына телефон тығыздығы 100 адамға шаққанда 8,2 пайыз болды.

2016 жылдың 4 айында Қаратау қаласы бойынша кеңжолақты интернет жүйесін жақсарту мақсатында, жалпы ұзындығы 5732,5 метр талшықты оптикалық кәбіл тартылып,  МАД  стансасы 64 портқа ұлғайтылып Шейна 47 және Шейна 47а ғимаратындағы мекемелер талшықты оптикалық кәбіліне алмастырылды.

Қаратау қаласындағы Алина холдинг ЖШС 5 телефон нүктесі орнатылып және Wi-Fi технологиясы бойынша интернет желісіне қосылды.

Ойық ауылында кеңжолақты интернет желісімен қамтамасыз ету үшін DSLAM қондырғысы орнатылды.

Талас ауданы бойынша 37 мектептің барлығы интернет желісіне қосылған. Ойық ауылында 3 мектепке, Бостандық, Аққұм, Талапты, Шакиров, Майтөбе, Көктал, Тамды ауылдарындағы мектептер мен ауылдық округ әкімдері  Wi-Fi технологиясы бойынша интернет желісіне қосылды.

Пошта байланысы

Аудан бойынша 17 пошта байланыс бөлімшесі бар, оның ішінде Қаратау қаласында 4 бөлімше, ауылдық жерде 13 бөлімше.

Ауылдық мекендерге аптасына 3 рет басылымдар және ауыл халқының жалақыларын әр айдың 7 мен 10 аралығында жеткізіліп отырады.

Барлық ауылдық және қалалық пошта бөлімшелеріне арнайы посттерминал аппараты орнатылды, бұл посттерминал аппараты арқылы «Халық банкі» карточкаларымен кез келген өзіңізге қолайлы почта бөлімшелерінен еңбек ақы, зейнетақыларды алып, төлемдер төлеуге жағдай жасалған.

Автомобиль жолдарын орта және ағымдағы жөңдеу

Аудан бойынша 625,2 шақырым автомобиль жолдары бар, оның 411,7 шақырымы облыстық, 213,5 шақырымы аудандық мәндегі жолдар.

Аудан аумағындағы автомобиль жолдарын орта мен ағымдағы жөндеуге облыстық бюджеттен 800982,0 мың.теңге бөлінді. Атап айтқанда:

Облыстық мәндегі автомобиль жолдарын орта жөндеу: «Күйік-Қарабастау-Қаратау –Жаңатас-Саудакент» автомобиль жолының 88-97 шқ,келісім шарт сомасы 225,680 млн теңге, мердігер «Аяда Group» ЖШС;

«Тараз –Аса –Ақкөл -Саудакент» 53-63,6 шқ, бөлінген қаржы 88,097 млн.теңге,мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде;

«Тараз –Аса –Ақкөл -Саудакент» 53-63,6 шқ, келісім шарт сомасы 170,751 млн.теңге, мердігер «Арайстроймаркет-2003» ЖШС.

Облыстық мәндегі автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу:

«Ойық, Ақкөл, Үшарал, Ұланбел» жолдары, ОБ бөлінген қаржы 102,113 млн.теңге, мердігерлер-«Қаратау жолдары» (39,783 млн.теңге), «Көпбосын» (33,869 млн.теңге), «Талапкер құрылыс» (28,461 млн.теңге) ЖШС-рі.

Аудандық мәндегі жолды орта жөндеу:

Қаратау қаласындағы Ақшораев, Санырақ батыр, Пушкин, Қойшығараұлы, Желтоқсан, Сұлтанбеков көшелерін орташа жөндеуге 79211,0 мың теңге бөлініп, конкурсқа берілді.

Ауыспалы нысан «Кеңес (Бөлтірік шешен) ауылына кіре беріс»  0-23+150 шқ автомобиль жолын орташа жөндеу. Мердігер «АрайСтройМаркет-2003»  ЖШС-мен 2016 жылы жалпы 305 075,7 мың теңгеге келісім шарт жасалынды. 2016 жылға 99 846,0 мың теңге қаралды.

Жобалық-сметалық құжаттарды жасатуға аудандық бюджеттен елді мекендердегі жолдарға жөндеу 3,7 млн.теңге бөлінді.

Еңбек нарығы және әлеуметтік саласы.

Халықтың саны 53982 адамды құрап, 1,3%-ға өскен. Халықтың орташа айлық жалақысы 62986 теңгені құрап, 7,2%-ға өскен.

Аудан бойынша кедейшілік деңгейі 0,2% құрады, облыс бойынша 0,5 пайыз.

Жалпы әлеуметік көмекке 2016 жылы 254,660 млн.теңге бөлінді:

Атаулы әлеуметтік көмекке 8,750 млн.теңге;

Тұрғын үй көмегіне 105,930 млн.теңге;

Балалар жәрдемақысына 98,174 млн.теңге;

«Өрлеу» жобасына 41,806 млн.теңге.

Аз қамтылған отбасылардың саны 20 отбасы 175 адам.

Аз қамтылған отбасыларына көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік көмекке жоспарланған 53млн.526мың теңге толығымен игерілді. Соның ішінде: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 26 отбасындағы 127 адамға 1137,0 мың теңге, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына 1154 отбасындағы 3453 балаға 25млн.199мың теңге, тұрғын үй көмегіне 792 отбасындағы 3443 адамға 27млн.190 мың теңге тағайындалып толық төленді.

Мүгедектердің саны – 2435. Соның ішінде Қаратауда 1417 мүгедек (І топ – 272, ІІ топ – 757, ІІІ топ – 388 мүгедек). Ауылдарда 1018 мүгедек (І топ – 186, ІІ топ – 462, ІІІ топ – 370 мүгедек) бар. 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың саны – 174 (қала-111, ауыл 63).

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес:

1) Қозғалуға қиындығы бар 1-ші топтағы 90 мүгедектерге 87 жеке көмекші қызметі көрсетілуде, қаралған қаржы 21084,0  мың теңге сәуір айына 5108,7 мың теңге төленді. Оның ішінде: «Асар» Жамбыл облысының мүгедектеріне жұмыс істейтін ұйымдар одағы» Заңды тұлғалардың   бірлестігіне қозғалуға қиындығы бар 1-ші топтағы 90 мүгедектерге 87 жеке көмекші қызметі көрсетілуде, қаралған қаржы 19428,7  мың теңге сәуір айына 3453,4 мың теңге төленді.

Есту бойынша кемістігі бар 2 мүгедекке қолмен көрсететін 1 ымдау  тілінің маманы қызмет көрсетуде, еңбек ақысына 678,0 мың теңге қаралып, 78,6 мың теңгесі төленді.

2) Қызмет көрсететін мемлекеттiк және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде:

Жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 13 өтініш түсті (мүгедектерді оңалту орталығына) облыстық басқарма арқылы 9 мүгедекке жолдама беріліп, барып ем қабылдады.                                                                                        

Стационарлық   жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 5 өтініш түсіп, 5 адам орналастырылды.

3) Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге 25450,0 мың теңге қаралып, 7418,9 мың теңгесі  игерілді.

4) Үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру бойынша 39 өтініш қабылданып, 470,0 мың теңге тағайындалып, төленді. 2016 жылы  2291,0 мың теңге қаралды.  

5) Сурдотехникалық құралдарға 8 өтініш түсіп,  4 мүгедекке 5 құрал берілді. (1-көпфункционалды дабылды жүйе, 3-ұялы телефон, 1-видеокомпьютер).

Тифлотехникалық құралға 4 өтініш түсіп, 3 мүгедекке  3 құрал берілді. (1- мүгедекке диктофон, 2-көзі көрмейтіндерге арналған сағат).  

Міндетті гигиеналық құралдарға 168 өтініш қаралып, 20669,0 мың теңге қаралды. Қазіргі таңда, 12668,8 мың теңгесі игерілді. (152 мүгедекке 54750 дана жөргектер берілді. 6 мүгедекке несеп қабылдағыш, 7 мүгедекке нәжіс қабылдағыш).

6) Кресло-арбаларға 15 өтініш қабылданып,  барлығы 22 мүгедекке 25 қол арба берілді. (10-ересектерге арналған бөлмелік қол арба, 1-балаларға арналған бөлмелік қол арба, 12-ересектерге арналған серуендік қол арба, 2- балаларға арналған серуендік қол арба.)

7) Протездік – ортопедиялық көмектер алуға 31 өтініш түсіп, 1мүгедекке 1-тутор берілді.

8) Санаторлық – курорттық емделуге 25 мүгедектен өтініш түсті. Облыстық басқармадан санаторлық курорттық жолдамалар түспегендіктен, мүгедектер жіберілген жоқ.

Мереке күндеріне орай, 15 ақпан ауған соғысы қатысушыларына әрқайсысына 30,0 мың теңгеден барлығы 34 қатысушыларға 1020,0 мың теңге төленді.

Чернобыль апатын жоюға қатысқан 18 азаматтарға әрқайсысына 30,0 мың теңгеден,барлығы 540,0 мың теңге төленді.

2016 жылы ауданда бейімдеуге жататын әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына (пандус)  ауылдық округтер бойынша 2223,0 мың теңге, мәдениет саласы бойынша 2500,0 мың теңге, білім саласы бойынша 1366,0 мың теңге қаралды.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 4 жол белгісін орнатуға 2016 жылы 1547 мың теңге қаралды, оның ішінде 928,0 мың теңгесі республикалық және 619,0 мың теңгесі облыстық бюджеттерінен бөлінді.

Инватакси қызметін көрсету үшін 4350,0мың теңге қаралды.

Ресми тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны –640. Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады. Өтініш білдірген азаматтардың жұмыспен қамту көрсеткіші 55,2% құрады.

Жұмыспен қамту органына жұмыссыз ретінде 779 адамнан жұмыспен қамтылғандар саны 430 адам. Қамтылуы 55,2 пайыз. Одан басқа қоғамдық жұмыстарымен 263 адам. Барлығы әлеуметтік қолдау шаралармен 705 адам қамтылды.

Жалпы бюджеттен әлеуметтік қолдау шараларына 148578 мың.теңге бөлінді, оның ішінде:

– «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жоспарға сәйкес 80 адамға 27695,0 мың теңге бөлініп, 4 айында 74 адам жолданды;

– «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы бойынша жоспардағы 398 жұмыссызды тарту үшін 105504 мың.теңге бөлініп, 4 айда 263 адам жолданды;

– Әлеуметтік жұмыс орындарын құрып, оған жоспар бойынша 77 адамды қамту мақсатында 12678 мың.теңге бөлініп, 4 айда 62 жұмыссыз жұмысқа жолданды,оның ішінде ЖҚЖК-2020 бағдарламасы бойынша 13 адам;

– Кәсіптік оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын өткізуге 2703 мың теңге бөліп, 10 адам жіберілді.

Денсаулық сақтау

Есепті мерзімде республикалық және облыстық бюджеттен 396млн.267 мың теңге бөлініп, 363 млн.553 мың теңгесі игеріліп, 91,7пайызға орындалды.

Аудан тұрғындарына медициналық емдеу-алдын алу көмегін 153 төсектік аудандық орталық аурухана, аусымында 620 адам қабылдайтын емхана, 7 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік акушерлік пункт, 13 медпункт қызмет көрсетеді. Онда 91 дәрігер мен 369 орта буынды медицина қызметкерлері халыққа қызмет етеді. Дәрігерлермен қамтылуы  97,8%. Жетіспейтін  2  дәрігерге  сұраныс берілді (акушер-гинеколог және травматолог).

Аудандық аурухананың медициналық құрал-жабдықтармен қамтылу деңгейі 2015 жылы – 63,5%-ды құраған болса,  2016 жылы – 64% құрап  отыр.

Елді мекендердегі 7- амбулатория толық санитарлық автокөліктермен қамтамасыз етілген. Санитарлық автокөліктердің тозу құны қазіргі таңда-66%. Аудандық аурухана мен туберкулез ауруханасы дәрі-дәрмектермен 100% республикалық бюджеттен  қамтамасыз етілуде.

Аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы күндізгі 15 төсектік аудан тұрғындарына емдеу және диспансерлік сауықтыру жұмыстарын жүргізеді. Онда 4 дәрігер, 11 медбике  қызмет көрсетуде. Ауруханада 1 мезгіл тамақтандыру жүйесі бар.

Туберкулезбен аурушаңдық өскен – 20 адам (2015 жылы 16 адам).  (100 мың тұрғынға шаққанда 37,2% құрап отыр). Тіркеуде 142 адам тұр (2015 ж 175 адам болған). Есепті мерзімінде  өлім тіркелмеген, (2015 жылы 1 өлім тіркелген).

Есепті мерзімде 1 ана өлімі тіркелген (2015 жылы тіркелмеген). 1 ана өлімі Тараз қаласында  облыстық перинатальдық орталықта тіркелді.

Есепті мерзімде 2 бала өлімі тіркелген (2015 жылы 6). 2 бала облыстық перинатальдық орталығында қайтыс болған. Қайтыс болған себептері: – аз салмақты, туа біткен ақаулар, шала туылуы, респираторлы тысыс жетіспеушілігі,  іштен туылған инфекцияларымен балалар дүниеге келіп 3-ші деңгейіне, яғни облыстық перинатальдық орталығына  дер кезінде жеткізіліп, сол жерде қайтыс болған.

Туылған 1000 балаға шаққанда бала  өлімі көрсеткіші 6,6 құрап, өткен жылмен салыстырғанда кеміп отыр (2015 жылы 18,9) (есеп: 2 бала :302 туылған бала х 1000 адамға=4,5).

Туу көрсеткіші 5,9 тен 5,7 ге дейін есепті мерзімде кеміген, (2016 жылы 302 бала туылды, 2015 жылы 318).

Жалпы өлім көрсеткіші  5,1%-ға төмендеген (2016 жылы 112 өлім, 2015 жылы 118 өлім). Үйде өлгендер 0,2 есе төмендеген. Өлім көрсеткіштері бойынша алдыңғы қатардағы орында басқалар – 34,8%, екінші орында тыныс алу жүйесі ауыруларынан қайтыс болғандар 12,5%, үшінші орында жүрек қан тамыр жүйесі аурулардан қайтыс болғандар– 10,7%.

Жалпы құны 1125,9 млн.теңгені құрайтын аусымына 250 қабылдау қуаты бар жаңа типтік аудандық емхана құрылысы соғылуда (мердігер ТОО «Корпорация Жилстрой Тараз»). 2014 жылы облыстық бюджеттен 5180,0 мың, 2015 жылы 380,7 млн.теңге бөлініп, 100% игерілді, құрылыс жұмыстарын аяқтауға 2016 жылға 408,0 млн.теңге қаралған.

Білім саласы бойынша

Білім беру саласы бойынша ауданда 1 жоғары оқу орны (124 білімгер), 4 колледж (1312 оқушы), 36 мектеп (8256 оқушы), 19 балабақша (1816 бала), 17 шағын орталық (675 бала), 5 мектептен тыс мекеме, «Үміт» қимыл-тірек аппараты бұзылған балалардың мектеп-интернаты және «Ведомстоваралық-психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» бар.

Аудандағы 36 мектептің 15-і бір, 21-і екі ауысымда жұмыс істеді.  Тасымалданатын мектептер саны – 2 (71 оқушы М.Әуезов мектебіне, М.Қыстаубайұлы атындағы орта мектепке 13 оқушы тасымалданып, оқытылады).

Жалпы білім беретін  36 мектептің 3-і бастауыш, 6-ы негізгі, 27-і орта мектеп. Аудандағы мектептердің 31-і қазақ, 2-і орыс, 3-і орыс және қазақ тілінде (аралас) оқушыларға  білім береді.  (Мектептердің 8-і Қаратау қаласында, 28-і ауылдық жерлерде орналасқан). Шағын комплектілі мектептер: 18 (оқушы саны 1387).

Ауданда барлығы 1403 мұғалім оқушыларға білім беруде. 1403 мұғалімнің 1195-і жоғары (85,2%), 208-і арнаулы орта (14,8%).Олардың 309-ы  жоғарғы (22%), 328-і бірінші (23,3%), 393-і екінші санатты (28%), 373-і санаты жоқ (26,5%) мұғалімдер.

Бейнебақылау аудандағы 36 мектептің 8-не және 7 балабақшаға бейнебақылау орнатылған. Білім бөліміне қарасты 60 мекемелерінде дабыл беру жүйесі 100% орнатылған.

Аудандағы жалпы білім беретін мектептерде  930 компьютер бар (бір балаға шаққанда-8 компьютерден келеді). 36 мектеп кең арналы интернет  желісіне қосылған.

Білім саласы бойынша мектептерге 100 компьютер сатып алуға 10,0 млн.теңге, медициналық кабинеттерді жабдықтауға 5,0 млн.теңге, ҰБТ орталығын материалдық базамен нығайтуға 7,9 млн.теңге бөлінді.

Елбасының алдыға қойған үлкен міндетінің бірі – электронды оқытуды    дамыту. Қазіргі таңда арнайы жабдықталған 79 интерактивті, оның ішінде интерактивті оқыту бойынша – 39, электрондық оқыту бойынша – 3, жаңа модификациялық кабинеттер – 37 (10 – лингофонды мультимедиялық, 8 – химия, 10 – биология, 9 – физика кабинеттер).

Барлығы 1-11 сынып аралығындағы оқушы санынан (8256 оқушы) аз қамтылған, күн көрісі төмен, жетім, жартылай жетім отбасының 2065 балаларын (24,8%) толығымен ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін 2016 жылға 102,218 млн.теңге бөлінді. Қаңтар-сәуір айларында игерілгені 39 млн. 724 мың теңге.

Балапан бағдарламасының орындалуы

Ауданда 19 балабақша, мектеп жанынан ашылған 17 шағын орталық жұмыс істейді. 6 балабақша  Қаратау қаласында, 13-і ауылдық  жерлерде орналасқан. Аудан бойынша 2-5 жас аралығындағы бала саны-3368. 19 балабақшада 1816 бала,  шағын орталықтарда 675 бала тәрбиеленуде. Балабақша кезегінде аудан бойынша 500 бала  тұр. Оның ішінде 450-і Қаратау қаласында, 50-і ауылдық  жерлерде  кезекке  қойылған. Қазіргі таңда балабақша мен шағын орталықтарда  барлығы 2491 бала қамтылған.

«Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырысын іске асыруға 461,2 млн.теңге бөлінді.

2015-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын іске асыру  мақсатында алдағы уақытта ауданда Қаратау қаласында 140 және 280 орындық балабақшалар ашу жоспарлануда.

«Жұмыспен қамту  2020 жол картасы» шеңберінде облыстық және Республикалық бюджеттерден К.Маркс атындағы орта мектебіне 30,186 млн.теңге, М.Әуезов атындағы орта мектебіне 34,656 млн.теңге, Д.А.Қонаев атындағы орта мектебіне 31,182 млн.теңге, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебіне 47,647 млн.теңге күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлінді.

50 орындыққа арналған Қараой ауылындағы негізгі мектебінің құрылысына 2016 жылы 100,0 млн.теңге, 2017 жылы 215091,0 мың.теңге бөлінді.

Жобалық-сметалық құжаттарды жасатуға аудандық бюджеттен Қойгелды атындағы орта мектептің авариялық жағдайдағы спорт залына күрделі жөндеу үшін 5,8 млн.теңге, Қызыләуіт ауылындағы М.Қыстаубайұлы атындағы орта мектебіне пеш сатып алуға 2,0 млн.теңге және барлық мекттептердің шатырын өртке қарсы сұйықпен өңдеуге 4,0 млн. теңге қаржы бөлінді.

Мәдениет

Аудан бойынша Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы, 8 ауылдық мәдениет үйлері, 9 ауылдық клубы, І.Жансүгіров атындағы аудандық  орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, 1 аудандық балалар кітапханасы, 18 ауылдық кітапхана, 1орталық саябақ (мәдениет кешені), және «Авангард» кинотеатры қызмет көрсетеді.

Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығына қатысты ауылдық мәдениет ошақтарында 47 іс-шара ұйымдастырылып,79320-ға жуық адам қатысты.

Материалдық-техникалық базаны жақсарту мақсатында Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығына 30,208 млн.теңге бөлінді, оның ішінде: сахналық киімдерге 2,250 млн.теңге, музыкалық аспаптарға 1,8 млн.теңге, ұлттық аспап 3,0 млн. теңге, лед экран алуға 16,158 млн.теңге, сахналық пердеге 7,0 млн.теңге.

Жобалық-сметалық құжаттарды жасатуға аудандық бюджеттен Қараой және Көшек ауылындағы клубтарды жөндеуге 2,0 млн.теңге бөлінді.

Аудан бойынша жалпы кітап қоры 281969 дананы құрады, мемлекеттік тілдегісі 139395 дана (49,4%). 2016 жылдың 4 айында 10215 дана жаңа әдебиеттер электронды каталогқа енгізілді. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша кітап қорын толықтыруға 4,5 млн.теңге бөлінді.

Ішкі саясат және дін мәселесі

Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»  атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасы Үкіметі бағдарламаларының іске асырылуын және аудан әкімдігі кесімдерінің орындалу барысын халық арасында түсіндіру мақсатында құрамында аудан әкімі аппаратының, аудандық мәслихат аппараты мен депутаттарының, аудан әкімдігі бөлім және мекеме басшылары, барлығы 70 мүшеден тұратын 14 ақпараттық топ құрылып, Қаратау қаласы мен ауылдық округтерде үгіт – насихат жұмыстары жүргізілді.

Көрнекіліктер туралы

Жалпы аудан бойынша 78 – билборд, 38 – қалқан, 20 – арка бар. Қаладағы және ауылдық округтердегі мекемелерде Жолдау бойынша бұрыштар жасалынған. Қаратау қаласында орналасқан қалқандар (щиттер) Жолдау тақырыбына байланысты жаңартылды.

Саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да қоғамдық бірлестіктермен жұмыс

2016 жылы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру мақсатында аудан  әкімінің ықпалымен аудандық бюджеттен 5,5 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылып, берілді. Қазіргі таңда әлеуметтік жобалар тізбесіне сәйкес, 9 тақырыптық лоттар бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда. Ауданда ресми тіркелген 14 қоғамдық бірлестігі бар, оның ішінде белсендісі 5 қоғамдық бірлестік.

Этномәдени орталықтар туралы

Аудан бойынша шоғырланған 53982 халық санынан, Қаратау қаласында 28940,  ауылдық округтерде 25042 халық бар, оның ішінде 7611 адам басқа ұлт өкілдері (14,1%). Қасқабұлақ ауылында 1215 күрді халқы тұрақтанған (145 отбасы, 145 үй), мектеп, медпункт, ауылдық клубы және кітапхана жұмыс істейді.

Дін мәселесі бойынша

Жалпы аудандағы 19 мешітте 16 имам қызмет атқарады. Оның ішінде 1-і жоғары білімді, 14-і орта білімді. 3 имамның орны бос (Талапты ауылындағы «Мұзаппар ата», Есейхан ауылындағы «Қанатбек ата», Ақтөбе ауылындағы «Ақтөбе» мешіттері). Жыл сайын яғни, 2013, 2014 жылдары облыстық «Һибатулла Тарази» медресесінде ауданымыздың 14 имамы оқу семинарларына қатысып, өз білімдерін жетілдіріп отыр.

Биылғы жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге қала және ауылдық округтерде «Дін және жастар», «Дәстүрлі емес діни ағымдардың пайда болуы, ілімі және қауіптері», «Терроризм как социально-правовое явление» және т.б. тақырыптарында барлығы 36 кездесу өткізіліп, 2600 адамға жуық тұрғындар қамтылып отыр.

Жастар саясаты

Ауданда статистикалық мәліметтер бойынша жастардың саны 14817-ке жетіп, бүкіл аудан халқының 27,8% құрап отыр (ауылда – 6994, Қаратау қаласында – 7823). Жоғарыда көрсетілген жастардың 7609 ер 7208 әйел. Жыл басынан бері жұмыспен қамтылғаны жастар 219.

Жастарға психологиялық кеңес беру мақсатында 8 семинар тренинг, 4 семинар, кәсіпкерлікке тарту мақсатында және жастардың бизнес-жобаларын қаржыландыруға тарту бойынша аудан кәсіпкерлерімен 8 кездесу және 4 семинар ұйымдастырылды.

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірігіп, жұмыссыз жастарға, жас мамандарға арналған 1 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Барлығы 38 адам жұмысқа жолдама алып, 8 адам «жастар тәжірибесіне» жолданды.

«Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел», Студенттік құрылыс жасақтары, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» т.б жастардың мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалары бойынша келген жастарға кеңес беру мақсатында 14 дөңгелек үстел отырысы және 6 кездесу  өтті.

Дене шынықтыру және спорт

Ауданда 213 (екі жүз он үш) спорт нысаны бар. Оның ішінде 1 (бір) стадион, 1 спорт кешен, 35 (отыз бес) спорт зал, 85 (сексен бес) футбол алаңы, 84 (сексен төрт) спорт алаңшалары, 1 ату тирі және 6 (алты) қосалқы спорттық (икемделінген) залдар.

Ауданда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 14 мың 039 адам шұғылданады, аудан тұрғындарының 26,1 пайызын құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға артты. (2015 жылы 13 мың 700 адам). Оның ішінде 2842 адам білім мекемелерінде, 961 орта және 120 жоғары оқу орындарында, 8474 мекеме ұжымдарында, 1572  балалар жасөспірімдер спорт мектептерінде, 70 балалар жасөспірімдер аула клубында спорпен  шұғылданады.

Есепті мерзімде аудан бойынша 40 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, оған 4105  адам қамтылды.

Құқық қорғау

2016 жылдың 4 айында 192 қылмыс тіркеліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 82 қылмысқа немесе 74,5% өскен (2015 жылы 110 қылмыс). Оның ішінде ауыр қылмыстар саны – 10 (2015 жылы 4 айында 7), аса ауыр қылмыстары – 1–ге теңескен (2015 жылы 4 айында 1).

Жалпы мүліктік ұрлық қылмыстары 57-тен 93-ке дейін өскен, оның ішінде пәтер ұрлығы 17-ден 12-ге төмендесе, мал ұрлығы 17-дан 37-ге дейін өсіп отыр.

2016 жылдың 4 айында ұрлық қылмысының ашылуы – 41,8% (33 оқиға), оның ішінде орта қылмыс бойынша пәтер ұрлығының ашылуы 50% (2015 жылы 66,7%),  мал ұрлығының ашылуы 31,7% (2015 жылы 20,0%) құрап, 13 оқиғаға азайған, ұялы телефондарының ұрлығының ашылуы 83,3% (2015 жылы 57,1%) құрап, 5 оқиғаға азайған.

2016 жылдың 4 айында көшелер мен қоғамдық орындарда болған қылмыстарының ішінде қоғамдық орындардағы қылмыстар 11-нан 31-ға дейін, көшеде болған қылмыстар 8-ден 27-ге өскен.

Жасөсперімдермен жасалған қылмыстар 4-айда 1 қылмысқа өскен.

Ауданда саяси ахуал тұрақты.

 

 

 

 

Мемлекеттік және салалық бағдарламаларына қатысу бойынша:

 

Аудан көлемінде «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 24 елді мекеннің қазіргі таңда 14 елді мекенде су жүйелері жұмыс істеп тұр.

2015 жылдың мониторингі қорытындысымен ауылдық округтердің халқының 24963 адамның 62,5% – 15597 адам орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген, қалған 37,5% – 9366 құдық суларымен қамтамасыз етіледі.

Ақкөл ауылындағы сыртқы су жүйесінің 10,3 шақырым құрылысын аяқтауға 188,7 млн.теңге бөлінді.

«Өрлеу» пилоттық бағдарламасы бойынша ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен табыс алатын шарттандырылған отбасыларға қаржылай көмек енгізуге 21,6 млн.теңге бөлінді. 2016 жылдың 4 айдың қорытындысы бойынша 37 отбасындағы 203 адамға 2млн.215 мың теңге тағайындалып, төленді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына дағдарысқа қарамастан 2015 жылы 178,0 млн.теңге бөлінсе, 2016 жылы 550,3 млн.теңге бөлініп, үш есеге өсіп отыр.

Бағдарламаның І бағыты инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша 2016 жылы білім саласы бойынша 4 жобаға 143 млн. 600 мың теңге жоспарланған (Қаратау қаласындағы К.Маркс, М.Әуезов, Ақкөл ауылындағы Ы.Алтынсарин, Ойық ауылында Д.Қонаев мектептерінде жөндеу жұмыстарына), оған бөлінген жалпы жұмыс орны 51 орын болса, жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы 26 азамат жұмысқа жолданады. Ауданда жүзеге асырылатын барлық мемлекеттік, салалық, өңірлік бағдарламалардағы құрылыс жұмыстары бойынша ашылатын жұмыс орындарының 10 пайызына, жөндеу жұмыстары бойынша 15 пайызына жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен жұмысқа орналастыру тұрақты бақылауда.

Бағдарламаның ІІ бағыты кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды дамыту бойынша бекітілген жоспарға сәйкес 2016 жылға 71 азаматқа 262,3 млн. теңгенің несиесі беріледі деп жоспарлануда.  (облыстық бюджеттен 66,0 млн. теңге 22 азаматқа, республикалық бюджеттен 196,3 млн. теңге 49 азаматқа). Несие алған азаматтар міндетті түрде жеке кәсіпкерлік немесе шаруа қожалығын ашып, бір несие алушы кемінде бір жұмыс орнын ашу көзделуде.

Бағдарламаның ІІІ бағыты бойынша  жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқытуға 2016 жылы 2,7 млн. теңге жоспарланды. Оның ішінде республикалық бюджеттен қайта даярлауға 5 азаматқа 824,0 мың теңге, біліктілінін арттыруға 5 азаматқа 289,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен біліктілігін арттыру курсына 37 азаматқа 1млн.600 мың теңге қаралды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 8,5 млн.теңге 57 азаматқа жоспарланып (12-і республикалық бюджеттен,45-і аудандық бюджеттен), бір азаматтың айлық жалақысы 50000 теңге болып тағайындалды, оның ішінде 17500 теңгесі бюджет есебінен қалған 32500 теңгесі жұмыс берушінің есебінен төленеді.

Жастар  тәжірибесі  бағдарламасына  жоспар бойынша 80 түлекті (35-і республикалық бюджеттен, 45-і аудандық бюджеттен) қатуға 27,7 млн. теңге көзделіп отыр. Бір түлектің айлық жалақысы 33000 теңге.

Қоғамдық жұмыс орындарына 2016 жылы жоспар бойынша 200 жұмыс орнына 105,5 млн. теңге қаралды (42,4млн.теңге облыстық бюджеттен, 63,1млн.теңге аудандық бюджеттен) Бір азаматтың айлық жалақысы 40000 теңге.

«2012-2020 жылдарға арналған Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика министрлігінің хатына сәйкес Қаратау моноқаласының жобалары бойынша шығыстар көзделмеген.

«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы шеңберінде жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беруге де қаржы облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық басқармасы арқылы жүзеге асырырлатын болады.

«Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасы. Ауданда 2016 жылдың 1 мамырына кезекте тұрған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар саны 1245 адамы құрады.

2016 жылы қаладағы 3 мөлтек ауданы 51 үйді қайта жаңғыртуға 282,983 млн.теңге бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасын аясында 2016 жылы Қаратау қаласында қайтарылым қаражатқа 2 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп, аталған кондоминиум нысанының техникалық жағдайына толық зерделеу жұмыстары жүргізіліп, актісі толтырылды және оның біріне көп пәтерлі тұрғын үйдің жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, жобалық сметалық құны 15700,0 мың теңгені құрады. Ол сомаға 3 мөлтек ауданында орналасқан №18 көп пәтерлі (104 пәтер) тұрғын үйдің жертөлелеріндегі бүкіл инженерлік жүйелері, кіреберістер (подьездер) және үйдің айналасы жөндеуден өтті.

Бүгінгі таңда қаламызда 138 көп қабатты тұрғын үй бар,оның 128 кондоминум нысаны болып тіркелген, ал қала бойынша екі пәтер иелер кооперативі (ПИК) жұмыс атқаруда.

Жыл басынан бері, қаламызда жаңадан берілген  Ақшораев көшесі №1а үйдің тұрғындарына «Ержас» пәтер иелері кооперативінің ұйымдастыруымен жиын өткізілді. Жиында «Ержас» пәтер иелері кооперативінің құрамына кіру жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

2016 жылдың 4 айында Қаратау қаласында көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша 101 отбасындағы 425 адамға «Тұрғын үй жөндеу Қаратау» ЖШС–не  734,11 мың теңге тағайындалып, толық төленді.

«Бизнес жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша:

Аудан бойынша 2016 жылдың наурыз айына  92 млн. теңгенің 14 әлеуетті жобалар ұсынылып, қазіргі таңда екінші деңгейдегі банктермен жұмыстар жүргізілуде.

Кепілдік бойынша: Биылғы жылы бағдарлама бойынша кепілдік қаражат облыстық басқарма арқылы аударылып,жұмвс жасалуда.

 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша  Ағымдағы жылдың 4 айында ауданға жұмыс істеуге келген (білім беру саласындағы 7 маманға, 1 спорт және 1 денсаулық сақтау саласы мамандарына) барлығы 9 маманға 1336230 теңге көтерме жәрдемақы төленді. Білім беру саласының  4 маманына тұрғын үй алуға 12726 мың теңге несие берілді.