Талас ауданының 2017-2018 жылдарға арналған «Азаматтық бюджеті»

Талас ауданының 2017-2018 жылдарға арналған «Азаматтық бюджеті»

 

Есепті жылғы ауданның даму қорытындысы мына сапалық және сандық көрсеткіштерімен сипатталады:

 

Жалпы өндірілген өнімнің және қызметтердің көлемі 33 млрд. 826 млн. 800 мың теңге құрап 129,0%-ға орындалды, немесе 7 млрд. 610 млн. 900 мың теңгеге артты.

Өнеркәсіп өнімдері 16 млрд. 808 млн.теңгеге өндіріліп, 6 млрд. 169 млн.теңгеге артып, 158,0 пайызға орындалды. Нақты көлем индексі 102,7% құрады.

Инвестициялар бойынша

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 12 млрд. 218 млн. теңгені құрап, 2016 жылымен салыстырғанда 2 млрд. 412,4 млн. теңгеге артып, 124,6 пайызға орындалды.

Индустриалды– инновациялық дамыту бағдарламасының орындалуы бойынша 18 млрд. 211,7 млн теңгені құрайтын 3 ірі инвестициялық жоба іске асырылды.

Нақты тоқталсақ: Жылына 15,0 мың тонна цианид натрий шығаратын «Talas Investment Company» ЖШС-гі, цемент өндіретін «Жамбыл Недр» ЖШС-і және мәрмәр тасын өңдеп шығаратын «Қаратау Про» ЖШС-і.

Индустриалды аймақ бойынша:

Аймақта жалпы құны 3735,2 млн.теңгені құрайтын жел электр энергиясын өндіретін 2 жоба бойынша бизнес-жоспарлары мен жобалық сметалық құжаттары дайындалды.

Инвестициялық жобалар бойынша: Қәзіргі таңда ауданда 5 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда: жобаның құны 20,0 млн тенгені құрайтын сүт және ет өнімін өндіретін цех, Кәсіпорын мәрмәр тасына плиталық тастар, баспалдақтар, кірпішке арналған табиғи тастар шығарумен айналысатын  «Атамекен Мрамор Көктал» ЖШС-і жобаның құны 15,0 млн теңге және жобаның құны 20,0 млн теңгені құрайтың «Азмина Мрамор» ЖШС-і,   әртүрлі құрылысқа керекті кафельный клей, гипс сылақ, сәндік сылақ және т.б. өнімдер шығаратын «Жамбыл-Недр» ЖШС-і және мұнайдан өңделіп әр түрлі өнім шығаратын «Қаратау КНПЗ» ЖШС-і.

«Бизнес жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша:

2017 жылы 1151,6 млн. теңгені құрайтын 20 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде, Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттарындағы «Пайыздық ставканы субсидиялау» тетігі бойынша 412,2 млн.теңгенің 14 жобасы жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша, жалпы несие сомасы 31,5 млн. теңгені құрайтын 2 жобаға 11,1 млн. теңгенің кепілдік сомасы  жүзеге асырылды.

2017 жылдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 8,0 млн. теңгені құрайтын 3 жоба оң шешімін алды.

«Атамекен» палатасы арқылы 2 кәсіпкерге 5,5 млн тенге несие берілді.

 «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының ІІ бағыты бойынша 2017 жылы  26 азамат 118,4 млн.теңге көлемінде несиемен қамтамасыз етілді.

Бүгінгі күнге ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 19 азаматқа 80,4 млн. теңге және «Аулие ата» несие серіктестігі арқылы 4 азамат 29,5 млн. теңге  және шағын қаржылық ұйымдар арқылы 3 азамат 8,5 млн. теңге несие алды.

Ауыл шаруашылығы саласы

Ауыл шаруашылығы өнімі 10 582,4 млн.теңгеге өндіріліп, 105,7%-ға орындалды. Немесе 567,2 млн.теңгеге артты.

Мал шаруашылығы бойынша:

Мал мен құс еттері: 11868,6  тонна (100,9%-ға), сүт 7620,0 тонна (101,7%-ға), жүн 443,1 тонна (102,4%-ға) өндірілді.

Мал басы: мүйізді ірі қара малы 22344 бас 8,2%-ға өсті, қой-ешкі 330224 бас 8,5% – ға өсті, жылқы 8781 бас 8,7%-ға өсті, түйе 1969 бас 6,2%-ға өсті.

Ағымдағы 2017 жылдың өткен мерзімінде «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламасы бойынша  14 шаруа қожалықтары 97,1 млн. тенге несие алды.

Атап айтқанда, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 3 жоба құны 25,6 млн. теңгеге 150 сиыр, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 7 жоба құны 55,1 млн.теңгеге 2190 бас қой, «Құлан» бағдарламасы бойынша  4 жоба құны 16,4  млн.теңгеге 52 бас  жылқы  сатып алып облыстың берген тапсырмасы «Сыбаға» бағдарламасы 105,6 %, «Алтын асық» бағдарламасы 118,6 %,  «Құлан» бағдарламасы 136,8 %-ға орындалып отыр.

Мал шаруашылығын қолдауға 104 ауыл шаруашылықтарға 292054,0 мың тенге субсидиясы берілді.

          Ауылшаруашылығы кооперативтерін құру жайлы

Аудан бойынша бүгінгі күнге  барлығы 96 мүшесі бар 9 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды.

Мал бордақылау алаңдары бойынша  Қазіргі кезде 4 мүйізді ірі қара, 7 қой бордақылау алаңдары бар. Қуаттылығы 2100 мал орны, нақты пайдаланылып тұрғаны 1140 мал орын.

Жайылымдықтарды суландыру бағдарламасы бойынша

Жоспар – 7 құдық. Орындалуы: 25 құдық немесе 357%.

Егін жинау, мал азығын даярлау және күзгі егіс-дала жұмыстары жайлы

2017 жылдың өнімі үшін 10757 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған.

Егін жинау қорытындысы бойынша: 3800 гектар масақты дәнді дақылдардың  6176 тонна астық жиналды.

2018 жылдың өнімі үшін 3500 гектар  алқапқа  күздік бидай егілді (Берікқара а/о – 1772га, Қаратау а/о – 1028га, Қасқабұлақ а/о – 700 га).

Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша.

Ауданда 2017 жылы барлығы 26 ауылшаруашылығы техникалары жаңаланды, жаңадан 10 «Белорусь» тракторлары және 7 шөп тайлағыш, 5 шөп артқыш, 1 шөп орағы, 1 жатка және 2 трактор тіркемесі сатып  алынды.

 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көрсетілетін әлеуметтік көмек жайлы

Ауданға 2017 жылға 33 маманға көтерме жәрдемақы үшін  5 млн. 242 мың теңге және тұрғын үй сатып алу үшін  21 маманға   71 473,0  мың теңге несие берілді.

Ветеринария саласы бойынша

Ветеринария саласындағы қызметтер үшін жергілікті бюджеттен  67 502,0 мың теңге және ветеринариялық эпизоотиялық іс-шаралар жұмыстарына жүргізу үшін 130,5 млн. теңге қаражат бөлініп, қаржы толығымен игерілді.

Конго-Қырым қанды безгегінің алдын-алу шаралары.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан Кеңес, Үшарал ауылдық округтерінде 1-2-3 кезеңге (көктем-күз) 5 610,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Сонымен қатар кенеге қарсы жалпы құны 3873,2 мың теңгеге дәрісі алынды.

Ойық, Үшарал, Кеңес ауылдық округтерінде  3-кезеңнің жұмыстары 24 тамызда басталып, 16 қыркүйекке дейін 6649 бас МІҚ, 88896 бас уақ мал, 1783 бас жылқы, 564 бас түйе залалсыздандырудан өтті.

Мал сою алаңдары мен биотермиялық шұңқырлар туралы:

Ауданда 3 мал сою алаңдары мен 5 ауылдық округте Беккери (биотермиялық) шұңқыры жұмыс істейді. Мал сою алаңдарында 2017 жылдың  12- айында 1062 бас қой-ешкі, 253 бас МІҚ, 183 бас жылқы, 18 түйе, 140 бас шошқа сойылған.

2017 жылға жергілікті бюджеттен биотермиялық шұңкырларды күтіп ұстауға-5515,0 мың теңге, биотермиялық шұңкырларды  дератизациялау жүргізуге -1000,0 мың теңге, Үшарал, Кеңес ауылдық округтерде мал тоғытпаларын күтіп ұстауға 212,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Жер ресурстары

Талас ауданының жер көлемі 1 220 562 га, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік 22892 га, (оның ішінде суармалысы 5053 га), шабындық 24174 га, жайылымдық 986063 га, басқа жерлер 187433 га.

2017 жылдың сәуір айында 1 аукцион өткізіліп 0,5353 гектар жер учаскесі аукцион арқылы жеке меншікке берілді. Осы аукцион арқылы сатылған барлық жер учаскесінің құны 10 млн. тенге құрап, жеке меншікке сатылды.

Мемлекеттік бюджеттің кірістері

Кірістер бойынша жоспар 10 854 587,3 мың теңге болса, оның орындалуы 10 861 965,8 мың теңгені құрап отыр, яғни 100,1%.

Жоғарғы бюджеттен түскен трансферттер бойынша жоспарда 9 958 328,3 мың теңге болса, оның түсімі 9 958 328,3 мың теңге, яғни 100%.

Салықтар түсімі бойынша жоспар 1622,684 млн. теңге болса, 2018 жылдың 1 қаңтар айына оның орындалуы 1648,300 млн. теңге, яғни 101,6%.

Өзіміздің кірістер бойынша жоспар 896 259,0 мың. теңге болса, 2018 жылдың 1 қаңтарға айына оның орындалуы 903 637 мың. теңге, яғни 100,8%.

Шығыстар  бойынша жоспар  11 094 962,3 мың теңге болса, 2018 жылдың 1 қаңтар айына оның орындалуы 11 083 888,4 мың теңге, яғни 99,9%.

Кәсіпкерлік саласы бойынша   

2017 жылы шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен ауданда 2122 субъектісі тіркелген, олардың 108 шағын кәсіпорын және 2018 жеке кәсіпкер. Осы тіркелген субъектілердің 1829-ы немесе 86,2 пайызы жұмыс істейді.

Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында 5174 адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде 1131 адам шағын кәсіпорындарда, 4043 адам жеке кәсіпкерлікте жұмыс істейді.

Сауда тауар айналымы, сауда саласы бойынша:

Есепті кезеңде жеке және шағын кәсіпорындардағы сауда тауар айналымы 1382,3 млн.теңгені құрап, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 13,7 пайызға өсіп, 166,1 млн.теңгеге артық  орындалды. Нақты көлем индексі 105,7 пайызды құрады.

Көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалық бойынша

Талас ауданы бойынша санитариясын қамтамасыз етуге және Қаратау қаласындағы қатты-тұрмыстық қалдықтарын шығару үшін аудан бюджетінен 64509,0 мың теңге бөлініп, 100 % игерілді.

Елді мекендері абаттандыру және көгалдандыру мақсатында аудан бюджетінен есепті айға 144839,0 мың теңге бөлініп, 100 % игерілді.

Бүгінгі күнге Қаратау қаласы және ауылдық округтер бойынша жоспарланған ағаш егу жұмыстары 160%  атқарылып, 9500 түп ағашы отырғызылды.

«Жасыл белдеулер» құруға белгіленген жерлерге 36140 түп ағаш отырғызылды,  яғни 40 га орындалып отыр. Жасыл белдеулер құруға белгіленген жерлер 81,6 га.

Құрылыс саласы

Есепті мерзімде құрылыс жұмыстарының көлемі 5053,9 млн.теңгені құрап, өткен жылымен салыстырғанда 116,3 пайызға орындалды.

Аудан бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 6931 шаршы метрді құрады, 2016 жылдың есепті аймен салыстырғанда 999 шаршы метрге артық  орындалды.

Ауыспалы нысан, Тамды өзенінің арнасын реттеу және су ағызуды қалпына келтіру мақсатында су құрылымдарын жаңғырту және құрылысын салу нысанға 2016 жылы аудандық бюджеттен 7700,0 мың теңге және  2017 жылы нысанды аяқтауға 54276,0 мың теңге бөлініп, толық игерілді.

Сметалық құны 86957,0 мың теңге тұратын Талас өзенінің арнасын реттеу үшін және су ағызуды қалпына келтіру мақсатында су құрылымдарын қайта жаңғырту және құрылысын салу нысанына ағымдағы жылға 86957,0 мың теңге қаралып, нысан 2017 жылы 21 тамызда қабылданып алынды.

Қарой ауылындағы аусымына 5 келушіге арналған медициналық пункт салуға 50019,0 мың теңге бөлінді.

Газдандыру

Ауданымыздағы 24 елді мекендері ішінен Қаратау қаласына және 9 ауылдық елді мекендеріне газ құбыры ауылға дейін жеткізілген. Жалпы санынан 39,1%.

Газдандырылған 9 елді мекенде орналасқан 4 әкімшілік ғимараты, 3 мәдениет сарайының және 2 ауылдық клубтарды газдандыру үшін  облыстық бюджеттен 39 млн 578 мың теңге бөлініп, толық игерілді.

Қаратау қаласынының ішкі кварталдық газ жүйелерін жалғастыруға 223,095 млн.теңге бөлініп, толық игерілді. (Берікбайұлы, Геолог, Құрманғазы, Яблочная, Подхозная, Подгорная, Заречная, Жартас көшелері және «Флора» саяжайы)

Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызметі туралы

«Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аудандағы 23 ауылдық елді мекеннің (24921 адам) қазіргі таңда 12 ауылдық елді мекеннің (16759 адам) су жүйелеріне қосылған, немесе 67,2%. Олар: Көшек, Тамабек, Аққұм, Бостандық, Талапты, Тамды, Ақкөл, Үшарал, Бөлтірік, С.Шәкіров, Көктал және Ойық елді мекендері.

Қызыләуіт ауылының инфрақұрылымын дамыту және жайластыру нысанға  2017 жылға 178306,0 мың теңге қаржы қаралды. Ауыспалы нысан 2018 жылы пайдалануға беріледі. Сметалық құны 436049,0 мың теңге.

«Қаратау қаласындағы жеке және көпқабатты тұрғын үйлер, мекемелер сервистік кәріз су желілеріне» 70 млн 428 мың теңге, «Қаратау қаласының сервистік желілері. Жеке және көпқабатты тұрғын үйлер, мекемелермен кәсіпорындардың сумен жабдықтау сервистік желілерін жүргізуге» 287 млн 330 мың теңге бөлінді.

Электрлендіру

Талас аудандағы электр желілерінің ұзындығы 818,358 шақырымды құрайды. Жөндеуден өткен электр желілерінің ұзындығы 374,179 шақырым. Электр желілерінің тозығы 54,2%-ды құрайды.

Байланыс және коммуникациялар

2017 жылдың 12 айдың қорытындысымен Талас ауданы өндірістік телекомуникация торабы бойынша нақты телефон аппаратының саны 3732 (былтырғы жылымен салыстырғанда 262 нүктеге кеміген). Оның ішінде қалалық телефон аппараты саны 2579 (69,1%), ауылдық нақты телефон аппараты саны 1153 (30,9%).

Пошта байланысы

Аудан бойынша 17 пошта байланыс бөлімшесі бар, оның ішінде Қаратау қаласында 4 бөлімше, ауылдық жерде 13 бөлімше.

Халыққа қызмет көрсету орталығының 66 қызмет түрін ауылды жерлерден Казпошта арқылы өткізе алады.  2017 жылы екі автокөлік (1- Largus Lada, 1-НИВА) берілген.

 

Автомобиль жолдарын орта және ағымдағы жөңдеу

Аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 650,2 шқ. Оның ішінде: 394,1 шақырым облыстық, 256,1 шақырым аудандық маңызы.

Аудандық мәндегі автомобиль жолдарын жөндеуге барлығы 24 млн. 977 мың теңге бөлініп, игерілді.

Атап айтқанда:

«Ақтөбе ауылына кіре беріс» 3,0 шақырым. Аудандық маңызы бар автомобиль жолын жөндеу жұмыстарына 6077,0 мың теңге және «Қызыләуіт ауылына кіре беріс» 6,2 шқ. аудандық маңызы бар автомобиль жолын жөндеу жұмыстарына 9 900,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды.

Шәкіров ауылына дейінгі 20 шақырым жолды ағымдағы жөндеу жұмыстарына 9000,0 мың теңгеге жұмыстар жүргізілді.

Ауылдың ішкі жолдарды жөндеуге барлығы 117 млн. 420 мың теңге бөлініп, игерілді.

Атап айтқанда:

Үшарал ауылындағы Үдербаев көшесін  31072,0 мың теңгеге, Абай көшесін 2810,0 мың теңгеге, Тамды ауылындағы Абилдаев көшесін 25819,0 мың теңгеге, Көктал ауылындағы Ленин көшесін 26201,0 мың теңгеге, Ақкөл ауылындағы Абай көшесін 21732,0 мың теңгеге және Тоқтарбай көшесін 9786,0 мың теңгеге жұмыстар жүргізілді.

 

Қаратау қаласындағы 7,369 шақырым көшелерді орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге барлығы 183 млн 166,3 мың теңге қаралып, игерілді.

«Моноқалаларды дамытудың бағдарламасы аясында барлығы  1 млрд. 525 млн. 284 мың теңге бөлінді .

Атап айтқанда: Қаратау қаласындағы ауыспалы нысан Ә.Молдағұлова, Б.Момышұлы, Д.Қонаев көшелерін қайта жаңғыртуға 1049,969 млн. теңге бөлінді.

Сондай ақ, 2017 жылы Қаратау қаласының Шейн және Т.Рысқұлов көшелерін қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 207,066 млн.теңге және  аудандық бюджеттен 2,0 млн.  теңге бөлінді.

 «Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша.

Ауданда 2018 жылдың 1 қаңтарына кезекте тұрған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар саны 1672 адамды құрады.

«Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында:

Ауыспалы нысандар, Қаратау қаласындағы 3 мөлтек аудандағы №49, 5 мөлтек аудандағы №51, 52 және 55 тұрғын үйлерді қайта жаңғырту жұмыстарына 2017 жылға облыстық бюджеттен әрқайсысына 51111,0 мың теңгеден бөлінді. Нысандар 2018 жылы пайдалануға беріледі.

Қаратау қаласындағы 5 мөлтек аудандағы №58 тұрғын үйді қайта жаңғырту нысанға 2017 жылы облыстық бюджеттен 159260,0 мың теңге қаржы бөлініп,  нысан 26.07.2017 жылы қабылданды. Тұрғын үйдің жалпы ауданы 3057,9 шаршы метр, 40 пәтер.

  Қаратау қаласындағы 3 мөлтек аудандағы №51 тұрғын үйді қайта жаңғырту өтпелі нысанға 2016 жылға облыстық бюджеттен 220369,0 мың теңге және 2017 жылға 46788,0 мың теңге қаржы бөлініп, 2017 жылдың 02 қазанда қабылданды. Сметалық құны 282893,0 мың теңге. Тұрғын үйдің жалпы ауданы 5763,6 шаршы метр, 120 пәтер.

Қаратау қаласы 3 мөлтек ауданындағы №51 тұрғын үйді инфрақұрылымын қайта жаңғырту нысанға 2017 жылға облыстық бюджеттен 30,0 млн.теңге қаралып, игерілді. Сметалық құны 61081,0 мың теңгені құрайды. Ауыспалы нысанның құрылыс жұмыстары 2018 жылы жалғасын тауып, пайдалануға беріледі.

2018 жылға жалпы 6 көпқабатты тұрғын үй бойынша 27752 шаршы метр тұрғын үй яғни, 440 пәтер беріледі деп жоспарлануда.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында

2017 жылы Қаратау қаласында «Өңірлік даму» бағдарласы аясында Ә.Молдағұлова көшесіндегі №61 (120 пәтер, 15001,0 мың. теңгеге) және Б.Момышұлы көшесі №6 (7727,0 мың.теңгеге, 68 пәтер)  көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістегі терезелері жаңа пластик терезелерге ауыстырылды. Жертөлеге темір есіктері орнатылды. Ескі кәріз құбырлары ауыстырылып, инженерлік жүйелері пластик құбырлармен жаңартылып, жұмыстар толығымен аяқталды.

Сонымен қатар, аталған Бағдарлама бойынша Ақшораев көшесі №9 (жоба құны 16737,0 мың теңге) көппәтерлі тұрғын үйдің жертөлесіне сметалық құжаттар жасалынып, жөндеу жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда, жертөледегі қоқыстар тазаланып, жылу жүйелері толығымен пластик құбырларға ауысты.

Еңбек нарығы және әлеуметтік саласы.

Халықтың саны 54641 адамды құрап, 255 адамға өскен. (қалада 29720 адам, ауылда 24921адам).

Халықтың орташа айлық жалақысы 78496 теңгені құрап (2016жылы-73429), 6,9%-ға өскен.

Аудан бойынша кедейшілік деңгейі 0,2% құрады, облыс бойынша 0,5 пайыз.

Жалпы әлеуметтік көмекке 2017 жылы 154 млн 885 мың теңге қаралды.

Ресми тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны –892. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады.

Жұмыспен қамту органына жұмыссыз ретінде өтініш жасаған 3070 адамнан жұмыспен қамтылғандар саны 2493 адам. Өтініш білдірген азаматтардың жұмыспен қамту көрсеткіші 81,2% (жоспар 79,1) құрады.

Қысқа мерзімді қайта даярлау курсымен қамтуға 63209,0 мың теңге қаралып, толық 100 % игеріліп, 427 адам оқуға жолданды.

Кәсіпкерлікті дамытуға ауылдық жердегі 26 адамға 118,4 млн. теңге несие берілді.

Денсаулық сақтау

2017 жылдың 12-айында республикалық бюджеттен жоспар бойынша бөлінген қаржы көлемі – 1 163 159,5  мың теңге және жергілікті бюджет есебінен 289 036,9  мың теңге бөлініп, 100% игерілді.

Туберкулезбен аурушаңдық 36 адам құрап 3 адамға төмендеген (2016 жылы 39 адам).  Есепті мерзімінде өлім тіркелмеген (2016 жылы  өлім тіркелмеген). Тіркеуде 141 адам тұр (2016 ж 136 адам болған).

2017 жылы 12-айында ана өлімі тіркелмеген (2016 жылы 12 айында 1 ана өлімі тіркелген, Тараз қаласында  облыстық перинатальдық орталықта тіркелді).

Есепті мерзімде 1 жасқа дейінгі бала өлімі 10 бала тіркелген (2016 жылы 14).

Білім саласы бойынша

Білім беру саласы бойынша ауданда 1 жоғары оқу орны, 4 колледж, 36 мектеп, 20 балабақша (1 бала бақша жекеменшік), 17 шағын орталық, 5 мектептен тыс мекеме, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті бар. 36 мектептегі 587 сыныпта 8855 оқушы білім алса, мектепалды даярлық сыныптарында 899 және балабақшаларда 1875 және мектеп жанындағы шағын орталықтарда 675 бала тәрбиеленуде.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» шеңберінде облыстық бюджеттен 4 мектепті (А.Байтұрсынұлы атындағы гимназиясы, М.Қыстаубайұлы, Ш.Смаханұлы және Алғабас орта мектептері) күрделі жөндеуге 100772,0 мың теңгеге жұмыстар жүргізіліп, аяқталды.

Қасқабұлақ ауылында 120 оқушыға арналған орта мектеп құрылысына  2017 жылға 200000,0 мың теңге қаржы бөлініп толық игерілді. 2018 жылы пайдалануға беріледі. Сметалық құны 495242,0 мың теңге.

Қараой ауылындағы 50 орындыққа арналған негізгі мектеп құрылысына 2016 жылға 100000,0 мың теңге және 2017 жылы 213442,0 мың теңге қаржы қаралып, толық игерілді. 2017 жылы 17 қарашасында пайдалануға берілді. Келісім-шарт бойынша 310184,0 мың теңге.

2017 жылы  Үшарал ауылындағы Ә.Сағынтаев орта мектебін ағымдағы жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен 28840,0 мың теңге ағымдағы жөндеуге бөлінді.

Сонымен қатар, аудандық бюджеттен «Журындысай» сауықтыру лагерін ағымдағы жөндеуге 6000,0 мың теңге, Ақкөл ауылындағы Өнер мектебі ғимаратының шатыры мен есік терезелерін ағымдағы жөндеуге 6931,0 мың теңге, Ақтөбе ауылындағы мектепті ағымдағы жөндеуге 3640,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда жұмыстар толық аяқталды.

Балапан бағдарламасының орындалуы

Ауданда 20 балабақша (1-уі жекеменшік), мектеп жанынан ашылған 17 шағын орталық жұмыс істейді. Аудан бойынша 0-5 жас аралығындағы бала саны-4703. 20 балабақшада 1875 бала,  шағын орталықтарда 675 бала тәрбиеленуде. Балабақша кезегінде қала бойынша 0-5 жас аралығындағы 882 бала  тұр.

Мәдениет

2017 жылы аудандық бюджеттен Көктал ауылындағы Кітапхана ғимаратының шатырын ағымдағы жөндеуге 4800,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды.

Аудан бойынша жалпы кітап қоры 293143 дананы құрайды, мемлекеттік тілдегісі 154707 дана (52,8%). Кітап қорын толтыруға 2017 жылы барлығы 5 500,0 мың теңге мемлекеттік тапсырыстан қаржы бөлініп, 3116 дана кітап алынды.

Жастар саясаты 

Талас ауданы бойынша жалпы статистикалық мәлімет бойынша аудан жастары 14087 жасты құрауда, яғни халық санының 26,2 пайызы жастар болып саналады. Қаратау қаласында жастардың саны 7358 адамды құраса, ауылдық округтерде 6994 адамды құрады.

Дене шынықтыру және спорт

Ауданда 213 спорт нысаны бар. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 15 мың 463 адам шұғылданады, аудан тұрғындарының 28,6 пайызын құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 1,7 пайызға өскен.

2017 жылы «Жұмыспен қамту-2020» Жол картасы аясында Кеңес ауылдық округі Көшек батыр ауылында футбол алаңын орнатуға 13 млн 474 мың теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталды.

Қаратау қаласындағы Амангелді көшесіне спорт алаңын орнату жұмыстарына аудандық бюджеттен жалпы құны 5221,0 мың теңге бөлінді.

Құқық қорғау

Ағымдағы жылдың 12 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аудан аумағында жалпы қылмыстар -28,7 пайызға, немесе 345-дан 246-ға дейін төмендеген, аса ауыр қылмыс 3-тен 1-ге 66,7% , ауыр қылмыстар 18-ден 17-ге 5,6%төмендеп отыр.

Жалпы қылмыстың ашылу пайызы өткен жылмен салыстырғанда  57,8-ден 69,3-ке  немесе 19,9 пайызға өсіп отыр.

2017 жылдың 12-айында мүліктік ұрлық қылмыстары 180-нен 140-қа дейін төмендеген, оның ішінде  пәтер ұрлығы 21-ден 31-ге өсіп, мал ұрлығы 75-тен 44-ке  дейін және ұялы телефон ұрлығы 23-тен 19-ға дейін төмендеген.

Жалпы ұрлық қылмысының ашылу пайызы өткен жылмен салыстырғанда  39,9-дан 58,9-ға немесе 47,6 пайызға өсіп отыр.

Кадрлармен жұмыс

Талас ауданы әкімі аппаратында, аудан әкімдігінің бөлімдерінде, Қаратау қаласы мен ауылдық округі әкімі аппараттарында мемлекеттік әкімшілік қызметшілер саны барлығы – 180, оның 5- аудандық мәслихат аппараты. Қазіргі таңда аудан бойынша 17 бос мемлекеттік әкімшілік лауазым бар.

Ауданда 30 жасқа дейін – 32, 30-39 жасқа дейін – 57, 40-49 жасқа дейін – 35, 50 жастан жоғары – 41 мемлекеттік қызметкер жұмыс атқарады. Ұлттық құрамы бойынша  97% қазақ,  3% басқа ұлттың өкілдері (күрді). Аудан бойынша мемлекеттік қызметшілердің 50-і әйелдер.

2017 жылдың 12 айындағы Талас ауданы әкімінің аппаратына келіп түскен кіріс-шығыс құжаттардың және арыз-шағым өтініштердің қаралуы туралы

2017 жылдың 12 айында аудан әкімі аппаратына 10087 кіріс құжат келіп түскен. Оның ішінде   мемлекеттік тілде 9791, орыс тілінде 296  құжат.

2017 жылы Талас ауданы бойынша барлығы 2660 арыз-шағым түскен. Заңды тұлғадан  847, жеке тұлғадан – 1813, оның ішінде жеке қабылдау бойынша – 75 өтініш келіп түскен.

Жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің 1973-і тиісті лауазым иелерімен қаралып, шешімін тапқан. Оның  1145 қанағаттандырылған, 819-на түсініктемелер берілген, 8 өтініш  тоқтатылды,  оның ішінде 4-і есептік кезеңнің соңына қалдырылды.

 

Ауданда 2018 жылы атқарылатын жұмыстар

2018 жылға республикалық және облыстық бюджеттен 2 584 759,0  мың теңге бөлінді, оның ішінде:

Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер бойынша:

Қызыләуіт ауылының инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру нысанды аяқтауға (сумен қамтамасыз ету және су іркуіш имараттары) 249 161,0 мың теңге (2017 жылы 135000,0 мың теңге бөлінген);

Талас ауданы Есейхан ауылындағы су жүйесінің құрылысына республикалық бюджеттен 200 000,0 мың теңге және облыстық бюджеттен 22 222,0 мың теңге бөлінді.

Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер бойынша:

1) Қасқабұлақ ауылында 120 орынға арналған орта мектеп құрылысын аяқтауға 283 739,0 мың теңге (2017 жылы 200 000,0 мың теңге бөлінген);

2) Қаратау қаласы 5 мөлтек ауданындағы №55 тұрғын үйді қайта жаңғыртуға 171 743 мың теңге;

3) Қаратау қаласы 5 мөлтек ауданындағы №51 тұрғын үйді қайта жаңғыртуға 169 606,0 мың теңге;

4) Қаратау қаласы 3 мөлтек ауданындағы №49 тұрғын үйді қайта жаңғыртуға 165 481 мың теңге;

5) Қаратау қаласы 5 мөлтек ауданындағы №52 тұрғын үйді қайта жаңғыртуға 133 258 мың теңге;

6) Қаратау қаласы 3 мөлтек ауданындағы № 51 тұрғын үйді инфрақұрылымын қайта жаңғырту» нысанды аяқтауға 30 729,0 мың теңге (2017 жылы 30000,0 мың теңге бөлінген);

7) Қаратау қаласы 5 мөлтек ауданындағы №51 көпқабатты тұрғын үйдің инфрақұрылымын қайта құру мен қалпына келтіру 58483,0 мың теңге;

8) Қаратау қаласы 5 мөлтек ауданындағы №52 көпқабатты тұрғын үйдің инфрақұрылымын қайта құру мен қалпына келтіру 36 559,0 мың теңге;

9) Қаратау қаласы 5 мөлтек ауданындағы №55 көпқабатты тұрғын үйлердің инфрақұрылымын қайта құру мен қалпына келтіру 45 043,0 мың теңге;

10) Қаратау қаласы 5 мөлтек ауданындағы №58 көпқабатты тұрғын үйлердің инфрақұрылымын қайта құру мен қалпына келтіру 65 528,0 мың теңге;

11) Қаратау қаласындағы Б.Момышұлы, Төле би, Амангелді, Желтоқсан, Есжанов, Смаханұлы, Байқожаева көшелерінің жарықтарын қайта жаңғыртуға 79 360,0 мың теңге;

12) Қаратау қаласындағы Ә.Молдағұлова, Д.Қонаев, Б.Момышұлы көшелерін қайта жаңғыртуға 155 138,0 мың теңге;

13) Аудандық маңыздағы автожолдарды жөндеу жұмыстарына барлығы 243 785,0 мың теңге (Шәкіров ауылына кіре-беріс 21 шақырым автомобиль жолды орташа жөндеу 142558,0 мың теңге, Қаратау қаласындағы Төле би көшесін ағымдағы жөндеу 101227,0 мың теңге).

Одан басқа облыстық деңгейдегі нысандар бойынша:

Үшарал ауылында спорт кешенінің құрылысына 228 108,0 мың теңге бөлінді (2017 жылы 20000,0 мың теңге бөлінген);

Талас ауданының 5 пунктіне (Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал, Қайыр) және Сарысу ауданының 4 пунктіне (Әбілдә, Тоғызкент, Майлыкөл, Досбол) таратылатын газ құбырын салу» Республикалық бюджеттен 2 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 344 588,0 мың теңге бөлінді. (2017 жылы РБ 2 млрд теңге және ОБ 99 856,0 мың теңге бөлінген);

«Жамбыл облысының облыстық  маңызы бар «Ақкөл-Қойгелді» автомобиль жолының 0-28 шқ аралығын қайта жаңғырту» нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау және кешенді ведомствадан тыс сараптама жүргізуге 43 333,0 мың теңге бөлінді.

2018-2020 жылдарға арналған Талас ауданының  бюджеті

Атауы 2018 жылдың  бюджеті 2019 жылдың  жобасы 2020 жылдың  жобасы
 I. К І Р І С Т Е Р 9 788 476 7 817 752 8 009 698
Өзіндік кірістер 917 128 940 056 974 517
Салықтық түсімдер 863 265 889 551 910 437
Салықтық емес түсімдер 27 000 28 350 29 767
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 26 863 22 155 34 313
  8 871 348 6 418 387 7 035 181
Трансферттердің түсімдері 2 584 759 459 309 0
Ағымдағы нысаналы трансферттер 718709    
Нысаналы даму трансферттері 1 866 050 459 309 0
Субвенциялар 6 286 589 6 418 387 7 035 181
Барлығы трансферттер + субвенция 8 871 348 6 877 696 7 035 181
Субвенция + өзіндік кірістер 7 203 717 7 358 443 8 009 698
II. ШЫҒЫНДАР 9 788 476 7 817 752 8 009 698
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер 368 947 314 623 340 782
Қорғаныс 28 661 12 391 13 259
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі 29 492 30 487 32 621
Бiлiм беру 5 146 894 4 987 930 5 541 166
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру 733 295 500 635 548 392
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 1 780 972 670 021 298 515
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 452 618 462 625 508 318
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 242 609 253 878 270 306
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 13 321 14 254 15 252
Көлiк және коммуникация 284 690 50 000 128 000
Басқалар 270 104 26 448 26 636
Борышқа  қызмет көрсету      
Трансферттер 436 873 494 460 286 451
ІІІ.Таза бюджеттік кредиттеу -37 221 0 0
Бюджеттік кредиттер 50 988    
Бюджеттік кредиттерді өтеу 88 209    
IY. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0 0 0
Қаржы активтерін сатып алу      
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер      
Y.  Бюджет тапшылығы (профициті) 37 221 0 0
YI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  -37 221 0 0
Қарыздар түсімі 50 988    
Қарыздарды өтеу 88 209    
Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары