Электрондық үкімет деген не және ол не үшін қажет?

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан халқына жолдауында ерекше назарды мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруға аудару қажеттігі көрсетілген. Бұл бағыттағы басты міндет – мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты-өктем көзқарастардан арылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсетуге көшу.

Осыған байланысты, мемлекеттік қызмет алушыларға қолжетімді және түсінікті, билік органдарының жұмысын неғұрлым тиімді ету үшін электрондық үкімет құрылды – www.e.gov.kz.  Осыған дейін, әрбір мемлекеттік орган өз бетінше «оқшау өмір сүріп», басқаларымен байланысқа түсе қоймайтын, ал азаматтарға алуан түрлі анықтама, растама секілді өзге де қағаздарды жинау үшін толып жатқан инстанциялардан өтуіне тура келетін.

Осының барлығы бір ғана қызмет түрін пайдалану үшін толып жатқан мекемелер табалдырығын тоздыруға мәжбүрлейтін. Бүгін де электрондық үкімет жобаларының арқасында ол заман келмеске кетті.

Электрондық үкімет ( www.e.gov.kz) – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де дәл осы механизм.

Электронды қүкімет – бұл лицензияны ресімдеу үшін ЖСН ғана керек болатын (ал қалған басқа деректерді автоматы сауалдар арқылы алады), коммуналдық қызметақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге болатын, анықтама алу үшін ХҚКО жеке куәлік қана талап етілетін, бизнесіңізді өзбетіңізше тіркеуге немесе электрондық үкімет порталында не бәрі 10-15 минут ішінде анықтама алуға кез келген уақытта баланың балабақшаға кезегін білуге, мекенжай анықтамасын ұялы телефонға алдыртуға болатын және осы секлді басқа да көптеген жағдайларды айтамыз.

Электрондық цифырлық қолтанбаны екі тәсілмен алуға болады:

-ЭЦҚ жаңа үлгідегі жеке куәліктің чипіне жазу арқылы. Бұл үшін жақын маңында орналасқан ХҚКО барып, жеке куәлікті көрсету керек.  Жеке куәлікке жазылған ЭЦҚ тек арнаулы карт-ридер болған кездеғана жұмыс жасауға болады.

Карт-ридер – бұл әртүрлі компьютерлерден ЭЦҚ құжаттарына қол қоюға және сол қолтаңба файлының сақталуы үшін алаңдамауға мүмкіндік беретін құрылғы.

– ЭЦҚ алу бөліміне өтінім беріп, ЭЦҚ электрондық үкмет порталы арқылы алуға болады. Толтырылған деректерден кейін автоматы түрде иемденген нөмірімен толтырылған өтініш үлгісі құрылады. Бұл өтінішті шығарып және күнтізбелік 30 күнішінде ХҚКО ұсыну керек. ЭЦҚ  16 жастан бастап беріледі. Қолданыс мерзімі 1 жыл.

 

Анықтама үшін:

Мемлекеттік қызметтерді алу барысында Сіздің құқықтарыңыз бұзылып, заңды мүдделеріңізге нұқсан келген жағдайда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне шағымдануыңызға болады, мекенжайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 35 үй, 8-қабат, байланыс телефондары: 8-7262-43-88-08, 43-88-22.