Мақала

         Аумақтық құрылымдар біріктірілді

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының аумақтық филиалдары біріктірілді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы А.Оспановтың бұйрығымен корпорацияның облыстық филиалының директоры лауазымына басқарушы қабілеті жоғары басшы ретінде танылған, бұған дейін«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы – «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаментінің директоры қызметін атқарып келген Қыстаубай Әбдірұлы Сағынтаев тағайындалды.

Сондай-ақ, филиал директорының орынбасарлары болып Зейнел-Нәби Сұлтанбаев, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бойынша  Нұржан Артаев, әлеуметтік төлемдербойынша Нұржан Төртбаев, халыққа қызмет көрсету бағыты бойынша Данияр Медетбековбекітілді.

Мұндай ауқымды өзгеріс мамандарсанын арттырып қана қоймай, мемлекеттік корпорацияның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Еске сала кетейік, Елбасы Н.Назарбаевтың Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің провайдеріне айналатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру көзделген еді.

Нәтижесінде, 2016 жылдың сәуір айынан бастап мемлекеттік корпорация құрылып, құрамына «Жылжымайтын мүлік орталығы» «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы»,«Халыққа қызмет көрсету орталығы», және «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық»-төрт республикалық мемлекеттік кәсіпорындары кірген болатын.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес

акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

Кәсіпкерлерге қатысты «бір өтініш» қағидаты іске қосылды

Қазақстанда бизнесті www.egov.kz арқылы жылдам әрі оңай ашуға болады. Электрондық үкімет порталында кәсіпкерлердің игілігі үшін «Банктік шот ашуды және қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезінде жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыруды ескере отырып, заңды тұлғаны тіркеу» композиттік қызметі іске қосылды. Енді жеке ісін ашқысы келетін азаматтар үш қызметті бірден ала алады: заңды тұлғаны тіркеу, банктік шот ашу және сақтандыру туралы келісім-шарт жасау. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету барысында «бір өтініш» қағидатын қолданудың үлгісі болып табылады.

Осы уақытқа дейін азамат заңды тұлғаны тіркегеннен кейін банктік шот ашып, ҚҚС бойынша есепке қою үшін салық органына, содан соң сақтандыру компаниясына баруы тиіс еді. Ал осы бірнеше қызметті біріктірген композиттік қызмет Қазақстанда бизнес ашу үрдісін айтарлықтай жеңілдетеді. Енді екі күннің ішінде (өтініш берген күнді есептемегенде) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуге алынғаны туралы куәлікті, банктік шот нөмірін және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтау туралы қол қойылған келісім-шартты алуға болады.

Заңды тұлғаны электрондық тәсілмен тіркеу кезінде әзірше 4коммерциялық банктен шот ашып, 3 сақтандыру компаниясымен шарт жасасуға болады. Жуырда бұл тізім тағы 9 банк және 4 сақтандыру компаниясымен толығады.

Айта кету керек, бұл композиттік қызметті қолдану үшін құрылтайшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болып, порталда тіркеуден өтуі тиіс.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Баспасөз қызметі

 

«Электрондық үкімет» порталына өтініш беру

eGov.kz жаңа мобильдік қосымшасы іске қосылды

Қазақстандықтар үшін Электрондық үкіметтің жаңа мобильдік қосымшасы қолжетімді болды. Енді ұялы телефон арқылы 50-ден астам электрондық қызмет пен сервисті пайдалануға болады.

eGov.kz мобильдік қосымшасы Қазақстан халқын қол созым жерде электрондық үкімет порталының ең танымал қызметтерімен қамтамасыз ету үшін құрастырылған. Қосымша Android пен iOS операциялық жүйесіндегі смартфондар үшін қолжетімді.

ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің электрондық қызметтерді бақылау басқармасының жетекшісі Дәулет Бекмановтың сөзінше, «жаңа қосымшада 50 қызмет және «мобильдік жеке кабинет» қолжетімді. Жеке кабинетте әр азамат өзі туралы мемлекеттік деректер қорларында сақталатын дербес мәліметтерін ала алады.  Ағымдағы жылдың аяғына қарай мобильдік форматқа тағы 20 жаңа қызметті ауыстыру жоспарланған».

«Мобильдік жеке кабинетте» азаматтың орналасқан жері, тұрғылықты және тіркелген мекен-жайы, заңды тұлға құрамына кіру, некеге тұру, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдардың бар-жоқтығы, сонымен қатар қолда бар жылжымайтын мүлік немесе көлік туралы және т.б. ақпараттың орналасқандығын атап айту керек.

Егер телефонда электрондық цифрлық қолтаңба бар болса, азамат мекен-жай анықтамасын, жер учаскесінің тиесілігі туралы ақпаратты, туу және некеге тұру туралы, жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқтығы  туралы ақпаратты ала алады.

«Жаңа қосымша «Мобильдік үкімет» жобасының аясында құрастырылды. eGov.kz қосымшасы мемлекеттік органдардың қызметтерін пайдалануды ыңғайлы және жедел  деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді. Қосымша арқылы сіз өзіңіз туралы барлық ақпаратты табасыз, керекті анықтамаға тапсырыс бересіз және белгілі бір құжатты ауыстыру қажет болғанда PUSH немесе SMS-хабарлама аласыз» – деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев.

Сонымен қатар жаңа қосымша тұрғын үйге кезек реті мен техникалық қараудан өту мерзімін қарау, лицензиялар мен чектерді тексеру, ХҚКО-на кезекке тұру және дәріханаларды іздеу сияқты сервистерді қолдануға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, қосымша көмегімен пайдаланушылар коммуналдық қызметтерді, салықты, айыппұлдарды, баж салығын, байланыс қызметтерін төлей алады және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарды толтыра алады.

Естеріңізге салсақ, қызметтерді мобильдік форматқа ауыстыру Президентпен бекітілген «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіледі.

«Электрондық үкімет» порталында «Электронды өтініштер» сервисі арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына өтініш жазып, жіберу мүмкіндігі бар. Сіз өтінішіңіздің тиісті жеріне жету және оның мәртебесін бақылау кепіліне ие болып, жауабын «Электрондық үкімет» порталындағы жеке кабинетіңізден ала аласыз.

 

Енді мекенжай бойынша онлайн-тіркелуге жиырма минут қана жеткілікті

 

Қазақстанда электрондық үкімет порталында тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркелу рәсімі өзгерді. Енді бұл үшін азаматтарға 20 минут жеткілікті.  Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес биыл  қаңтар айынан бастап тіркеуге мемлекеттік баж алынбайды.

 

Естеріңізге сала кетейік, бұрын электрондық үкімет порталы арқылы тіркелгенде 10 % АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлеу керек болатын. Сосын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне келіп, жеке куәлік чипына тіркеу туралы деректер жазбасын енгізу үшін көші-қон қызметкеріне жүгіну қажет еді. Ал биылғы наурыз айынан бастап портал арқылы  тұрғылықты жері бойынша тіркелу рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді.

Енді жылжымайтын мүлік иесі және тіркелетін азамат egov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін, тіркелетін азамат өтініш беріп, меншік иесі өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен растауы тиіс.

Өтініш берілгеннен кейін  деректер шамамен 10 минутта өңделеді, содан кейін тіркелген мекенжай бойынша  анықтама  алуға  тапсырыс беруге болады.

Бұл қызметке ЭЦҚ-сы бар кез-келген азамат Қазақстанның барлық аймақтарында қол жеткізе алады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Енді көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін ауылдық ХҚО арқылы ауыстыруға болады

 

Ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшін әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан бөлімдерінің қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пилоттық тәртіпте жұмыс істей бастады. Олар көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша құжаттарды қабылдайды.

ҚР ІІМ-нің әкімшілік полициясының ТЭБ қызметкерлерін аудандық ХҚО бөлімдерінде орналастыру туралы шешім ҚРПремьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев төрағалықететін ведомствоаралық комиссияда қабылданды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы арнайы мониторингтік тобы ұсынғанжаңа жүйеніңартықшылығын алғашқы болып Қарағанды облысы Осакаров ауданының және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғындары бағалай алады. Көп ұзамай бұл жоба «Азаматтарға арналған үкіметтің» тағы 21 фронт-офисінде жүзеге асырылады.

Жаңашылдықтың арқасында автокөлік иелері үшін жүргізуші куәлігін ауыстыру және көліктерді тіркеу жұмыстары айтарлықтай жеңілдейді. Енді оларға облыстық мамандандырылған ХҚО-ға бару немесе ішкі істер органдарына тікелей жүгінудің қажеті жоқ. Ескеретін жайт, жүргізуші куәлігін алғашқы рет алушыларға бұл жоба аясында қызмет көрсетілмейді.

Осакаров аудандық №1 бөлімі Осакаров ауылы Пристанционная көшесі, 12 үй мекенжайы бойынша, ал Тайынша аудандық бөлімі Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 208 үй мекенжайы бойынша орналасқан.

Еске сала кетсек, 2012 жылдан бері Қазақстанда бір терезе қағидаты бойынша азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру және көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда елімізде 14 мамандандырылған ХҚО және 3 сектор бар. Биыл Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында мамандандырылған ХҚО бөлімдерін ашу жоспарланып отыр.

 

Анықтама үшін:

ТЕБ-нің қызметкерлері орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистері:

  1. Ақмола облысы Целиноград ауданының №1 ХҚО бөлімі;
  2. Ақмола облысы Жарқайын ауданының ХҚО бөлімі;
  3. Ақмола облысы Есіл ауданының ХҚО бөлімі;
  4. Ақмола облысы Атбасар ауданының ХҚО бөлімі;
  5. Ақмола облысы Ақкөл ауданының ХҚО бөлімі;
  6. Ақмола облысы Степногорск қ. ХҚО бөлімі;
  7. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының ХҚО бөлімі;
  8. Жамбыл облысы Талас ауданының ХҚО бөлімі;
  9. Жамбыл облысы Сарысу ауданының ХҚО бөлімі;
  10. Павлодар облысы Ақсу қ. ХҚО бөлімі;
  11. Батыс Қазақстан облысы Бурлинский ауданының ХҚО бөлімі;
  12. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының ХҚО бөлімі;
  13. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ХҚО бөлімі;
  14. Атырау облысы Жылыой ауданының ХҚО бөлімі;
  15. Қызылорда облысы Қазалы ауданының ХҚО бөлімі;
  16. Қызылорда облысы Жалағаш ауданының ХҚО бөлімі;
  17. Қызылорда облысы Арал ауданының ХҚО бөлімі;
  18. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының ХҚО бөлімі;
  19. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының ХҚО бөілімі;
  20. Қызылорда облысы Шиелі ауданының ХҚО бөлімі;
  21. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының ХҚО бөлімі (ЖК беру қызметі);
  22. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қ. ХҚО бөлімі;
  23. Қарағанды облысы Осакаров ауданының №1 ХҚО бөлімі.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыруға болады

Енді қазақстандықтар жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталында ауыстыра алады. Бұл қызмет Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарының  тұрғындарына ұсынылады.

Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЕЦҚ) қажет. Қызмет алушы еgov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін электрондық өтінішті толтырып, ЕЦҚ-мен қол қоюы тиіс. Өтінішпен қоса фотосурет пен қойған қолының скан-суретін де жолдап, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеу керек. Айта кетейік, жүргізуші куәлігінің баж салығы 1,25 АЕК (3007 теңге) құрайды.

Қызметті онлайн тәртіпте рәсімдегеннен кейін жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен  толтырылған электрондық өтінішті және «Қызметтерді төлеу тарихы» бөлімінен мемлекеттік баж салығын төлеу туралы электрондық чекті басып шығару керек.

Сосын дайын құжатты алып кету үшін тұрғылықты жерде орналасқан мамандандырылған ХҚО-ға немесе жол полициясының ТЕБ-не бара беруіңізге болады. Өзіңізбен бірге қағазға басып шығарылған өтініш пен чекті, ауыстыратын жүргізуші куәлігін, жеке басыңызды куәландыратын құжат, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.

 «Азаматтарға арналған үкімет»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамның баспасөз қызметі

 

 

 

  Сегізінші наурыздан сегізінші наурызға дейін…

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз қарсаңында нәзік жандыларға қатысты статистикалық көрсеткішке көз жүгіртуді ұсынады. Былтырғы 8 наурыздан бүгінге дейін халыққа қызмет көрсету орталықтарына 13 миллионнан астам әйел адам жүгінген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 620-дан астам қызмет көрсетеді. Күн сайын фронт-офистерге Қазақстан бойынша мыңдаған адамдар жүгінеді. Оның жартысынан көбі әйел азаматтар екен. Мысалы, аталған мерзім ішінде берілген электрондық-цифрлық қолтаңбаның 53 пайызы, яғни екі миллионнан астамы қыз-келіншектерге тиесілі.

Автоәлемге қатысты көрсеткіштерге келсек, мамандандырылған ХҚО арқылы берілген жүргізуші куәлігінің 25 пайызы, яғни 96 мыңнан астамы әйел азаматтардың еншісінде. Ал 337 мыңға жуық нәзік жанды көлік құралына құқықтарын тіркеген.

Қазіргі таңда елімізде 236 мыңнан астам көпбалалы ана бар екен. Сондай-ақ 303 508 ана бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы, ал 1 525 818  әйел зейнетақы алып отыр.

  

«Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес

акционерлік қоғамның баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Елімізде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

 

Ағымдағы жылдың 16 ақпанында Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті.

«Цифрландыру саласында сіздер құзыретті орталыққа айналу керексіздер. Бұл үшін сіздерде барлық ресурстар мен мүмкіндік бар. Мобильді үкіметті қалыптастыру үшін мекемелердің ақпараттық жүйелерін біріктіру үрдісін қарқынды түрде жүргізіп, халықты жаңашылдықтар туралы құлағдар етуге де күш салыңыздар», – деді А. Жұмағалиев.

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев өз кезегінде министрліктің «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан іс-шаралары туралы баяндап, алдағы мақсат-міндеттерімен бөлісті. «Мемлекет басшысы біздің алдымызға қойған барлық тапсырманы жүзеге асыруға кірістік. Бір жылдың ішінде жоспардағы шаруаларды толық атқардық деген ойдамын. Олардың арасында ақпарат саласы, байланыс, ақпараттандыру мен мемлекеттік қызмет бағыттары бар. Сонымен қатар, ақпарат және коммуникация бойынша заң жобасына түзетулер енгізілді. Ең бастысы биыл «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды», – деді министр. Сондай-ақ ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның атқарып жатқан жұмыстарына да тоқталды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру барысындағы жұмысы қарқынды түрде жүріп жатыр. Былтыр 415 мемлекеттік қызмет сарапқа салынып, оның 206-сын оңтайландыру туралы шешім қабылданды. Комиссия жұмысының қорытындсы бойынша жүзеге асқан пилоттық жобалардың ішінде  «Анықтамасыз қызмет» – «Paper free»  сервисі де бар. Бұл жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшінші тұлғалар электрондық үкімет порталынан ақпараттық анықтамалар ала алады.

Кездесу барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен биылғы жылдың мақсат-міндеттері туралы баяндады. Сондай-ақ ол былтыр 29 желтоқсанда іске қосылған бала туу бойынша проактивті қызмет желісімен де бөлісті. Осы жобаға сәйкес жаңа босанған 34 мыңнан астам әйелге мемлекеттік қызметтерді телефон арқылы алу ұсынысымен  SMS-хабарлама жолданып, оның 17 мыңнан астамы бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланған. Проактивті мемлекетке көшуге бағытталған жоба аясында фронт-офиске бармай-ақ, тіпті үйден шықпай-ақ, туу туралы куәлік пен тиісті жәрдемақыларды рәсімдеуге, сәбиді балабақшаға кезекке қоюға болады. Жуырда жаңа туған баланы SMS көмегімен тұрғылықты жерге тіркеу қызметі де іске қосылады.

«Биыл біз жылжымайтын мүлік иесінің мәліметтерінің өзгеруіне, зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік төленуіне, сондай-ақ мүгедектікті белгілеу мен атқарушылық іс жүргізуді қозғауға қатысты мемлекеттік қызметтерді көрсету барысын да проактивті тәсілге көшіреміз», – деді А. Оспанов. Сондай-ақ биыл халықтың цифрлық сауаттылығын 77 пайызға дейін арттыру көзделген. Осы мақсатта алдағы уақытта ел бойынша тағы 15 цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) ашылады. Қазіргі таңда цифрлық ХҚО тек Астана қаласында бар.

Еске сала кетейік, 2017 жылы мемлекеттік корпорация 38 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетіп, оның 63 пайызын электрондық нұсқада ұсынды.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Баспасөз қызметі

 

 

Қағазбастылықтан құтқаратын «Анықтамасыз қызмет» сервисі іске қосылды

 

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Енді азаматтар мемлекеттік органдарға мекенжай анықтамасын, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы туралы анықтамаларды қағаз жүзінде апаруға міндетті емес.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің тапсырмасымен электрондық үкімет порталында «Анықтамасыз қызмет» – «Paper free»  сервисі іске қосылды. Жаңа пилоттық жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшінші тұлғаларға ақпараттық анықтамалар ұсынуға мүмкіндік береді. «Биыл 25 қаңтардан 5 ақпанға дейін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 312 мың электрондық анықтама берілді. Бұл орайда біз сауалнама жүргізіп, анықтамалардың 45 пайызын азаматтар коммуналдық қызметтер мен білім беру мекемелеріне тапсыру мақсатында алғанын анықтадық»,- дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов.

Мысалы, жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында мектептер оқушылардан мекенжай анықтамасын сұратады, нәтижесінде миллиондаған ата-ана ХҚО-ға ағылады. Егер «Paper free» сервисі енгізілсе, оқу орындары электрондық үкімет порталынан қажетті құжатты сұрата алады, ал қызмет алушы, яғни ата-ана SMS-хабарлама арқылы электрондық анықтама алуға бір реттік рұқсат бергенін растап, фронт-офиске бару міндетінен құтылады.

Бұл сервисті қолдану үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу қажет.  «Анықтамасыз қызмет» механизіміне сәйкес мүдделі тұлға электрондық үкімет порталында авторизациядан өтуі тиіс. Сосын «Үшінші тұлғалардың анықтама алуы сервисі» бөлімін таңдап, қай азамат туралы мәлімет алғысы келеді соның жеке сәйкестендіру нөмірін жазуы тиіс. Егер азамат мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, мүдделі тұлға анықтама түрін таңдап, өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қояды. Сол сәтте портал автоматты түрде азаматқа SMS-хабарлама жолдап, үшінші тұлғаға мәлімет беру/бермеу жөнінде шешім қабылдауды сұрайды. Азамат екі сағаттың ішінде жауап беруі тиіс.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында іске қосылған «Paper free» нәтижесінде қағаз жүзіндегі анықтамалар саны 24 миллионға дейін кеміп, халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілердің қатары да азаяды.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

Алкоголь өнімдерінің саудасына лицензия алу айтарлықтай жеңілдейді

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Мемлекеттік кірістер комитетінің құзырындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру туралы шешім қабылданды. Биылғы жылдың соңына дейін кәсіпкерлер үшін алкогольдік өнімдерді сақтау, көтермелеп және жекелеп сатуға лицензия алу айтарлықтай жеңілдейді.

Қазір кәсіпкерлер алкоголь саудасына төрт құжат жинаса, болашақта тек қана электрондық үкімет порталында мәліметтер формасын ғана толтырып, мемлекеттік баж салығын төлеп, өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) қоюы жеткілікті. Ал өзге де қажетті мәліметтерді мемлекеттік органавтоматты түрде тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

Сондай-ақ рұқсатқа қол жеткізу мерзімі он бес жұмыс күнінен бір күнге дейін қысқарады. Ал этил спирті мен темекі өнімдерін шығару лицензиясын алу мерзімі он бес күннен он жұмыс күніне дейін шегеріледі.

Еске сала кетейік, Астана мен республикалық маңызы бар қалаларда алкоголдік өнімдерді сақтау және жекелеп сату лицензиясының құны 100 АЕК, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарда – 70 АЕК, ауылдық елді-мекендерде – 30 АЕК, сондай-ақ, көтермелеп сату және сақтау лицензиясы 200 АЕК құрайды. Рұқсатты қайта рәсімдеу – лицензия  берілгендегі төлемнің 10%, көшірмесін жасату – 100% құрайды.

 

 

    «Азаматтарға арналған үкімет»

    мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық

    емес акционерлік қоғамының

    баспасөз қызметі

 

 

 

Нәрестені тұрғылықты жері бойынша SMS арқылы тіркеуге болады

Енді SMS-хабарлама арқылы жаңа туған баланы тұрғылықты жері бойынша автоматты түрде тіркеуге болады. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның «Азаматтарға арналған үкімет» ұсынатын проактивті қызметтердің аясын кеңейту туралы отырысында осындай шешім қабылданды.

Қызмет алушы SMS-хабарламаға жауап ретінде өзі тіркеуде тұрған жердің мекенжайын жазып жіберсе, меншік құқығы туралы мәліметтер тексеріліп, меншік иесі рұқсат берген жағдайда нәрестені көрсетілген тұрғылықты жерге тіркейді.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің бірігуінің арқасында баланың өмірге келуіне байланысты көрсетілетін композиттік қызметтер проактивті принциппен ұсыныла бастады. Соған сәйкес нәрестені тіркеу өтініштері автоматты түрде жасалып, жаңа босанған аналардың телефонына бала тууға байланысты мемлекеттік қызметтерді SMS-хабарлама арқылы алуға ұсыныс жіберіледі.

Нәтижесінде, балалы болған ата-аналар «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офистеріне бармай-ақ, телефон көмегімен туу туралы куәлік пен тиесілі жәрдемақыларды рәсімдеу, балабақшаға кезекке қою сияқты мәселелерді шешу мүмкіндігіне ие болды. Енді осы проактивті принциппен көрсетілетін қызметтер қатарына сәбиді тұрғылықты жері бойынша автоматты түрде тіркеу қызметі де енгізілді.

Ескеретін жайт, проактивті қызметті пайдалану үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу, яғни азаматтың жеке сәйкестендіру нөміріне телефон нөмірін байланыстырып қою қажет. Мұны электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте немесе кез-келген Халыққа қызмет көрсету орталығында жүзеге асыруға болады.

 

 

Жамбыл облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің проактивті

әдісі іске асырыла бастады

 

Жамбыл облысында мемлекеттік қызмет көрсетуді проактивті тәсілмен ұсыну пилоттық жобасы аясында жаңа туған нәрестелерге туу туралы куәлік табыс етілді.

2017 жылғы 29 желтоқсанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірге бала туған ата-аналарға көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

Азаматтар мен мемлекет қарым-қатынасының жаңа нұсқасы болып табылатын бұл жобаға сәйкес мемлекет халықты олардың қажеттіліктерін алдын-ала болжап, тиісті қызметтер және сервистермен дер кезінде қамтамасыз етеді.

Алғашқы кезеңде проактивті принцип адамның өміріне келуіне қатысты қызметтер бойынша жүзеге асырылады. Жаңа босанған анаға автоматты түрде оның сәбиіне беретін аты-жөні сұратылған хабарлама келеді.

Басқа мәліметтерді тіркеуші орган тиісті ақпараттық жүйелерден жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды. Сондай-ақ, телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады.

Проактивті қызметке қол жеткізу үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу қажет. Ол үшін азаматтар порталдағы жеке кабинетінде телефон нөмірін және сәйкестендіру нөміріне байланыстырып қоюлары тиіс. Оны азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығындағы «Connection рoint» өзіне-өзі қызмет көрсету секторын пайдаланып, қажет болған жағдайда оператордың кеңесіне жүгіну арқылы жасай алады.

Бүгінгі таңда аталған қызмет түрі облысымыздың 14 перинаталдық орталықтарында қолданылуда.

          

 

 

 

 

 

 «Азаматтарға арналған үкіметтің» төрағасы бірінші «проактивті»

балаға туу туралы куәлік табыс етті

 

Мемлекеттік қызметтерді проактивті принцип бойынша алған алғашқы қазақстандық Астана қаласының тұрғыны Роза Айнабекова болды. Оның нәрестесі Айымға туу туралы куәлігін мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов табыс етті.

Жаңа жыл қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бала туған ата-аналарға мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен көрсету жобасын жүзеге асыра бастады. Енді ақпараттық жүйелердің бірігуінің арқасында жаңа туған нәрестені тіркеу бойынша өтініш автоматты түрде келетін болады.

Пилоттық жоба іске қосылғаннан бері SMS-хабарлама арқылы 1208 әйелге SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті принциппен алу ұсынысы жасалды. Бұл орайда Электрондық үкімет порталы барлық мәліметтерді түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды.

Сондай-ақ, телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына  баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады.

Көп ұзамай әлеуметтік қамсыздандыру және зейнетақы саласына қатысты қызметтер де проактивті принциппен ұсынылатын болады. Еске сала кетейік, мемлекеттік қызметтерге проактивті тәсілмен қол жеткізу үшін азаматтар жеке сәйкестендіру нөмірін порталдағы жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне бекітуі тиіс.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес

акционерлік қоғамының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мемлекеттік тіл – мерейім!»

 

Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу – біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау – өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайды қарау деген сөз.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәніндегі қоғамдық қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күн талабы екендігі баршаңызға белгілі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық даналығы. Ендігі мақсат – тәуелсіз мемлекетіміздің қоғам өмірінің барлық саласында қазақ тілін кеңінен қамтамасыз ету.

Біз қандай жағдайда да, қай кезде де өзге тілдердің дамуына еш нұқсан келтірмей, оларға деген мемлекеттік қолдау – қамқорлық аясын тіпті де тарылтпай отырып, қалай дегенде де Қазақстан Республикасы мемлекетінің негізін құраушы, ел-жер иесі қазақ халқының ұлттық тілі – қазақ тілінің, мемлекеттік тілдің мүддесін мейлінше кең көздеуге маңыз береріміз белгілі. Бұл – әр қазақстандықтың қастерлі парызы. Қазақ тілінің өз мәртебесіне сай толыққанды қоғамдық қызмет атқаруы аса қанағаттанғысыз екенін жан-тәнімізбен түсіне отырып, бүгінде «Тіл туралы» Заңның жүзеге асу барысын талқылауда басты назарды мемлекеттік тіл тағдырына аударарымыз анық. Өйткені қазақ тілі әлемдік мәдениеттің бөлінбес бір бөлшегі ретінде тек қазақ топырағында ғана мемлекеттік мәртебені талап ете алады.

Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдіңадамбаласынажасағансыйы да – тіл. Ол – қасиетті де қастерлі. Оныңбойындаөзекті, жандыөзінетартыптұратынкереметкүш бар. Тілдебүкілтіршіліктұрғандай. Тіл – ұлттың аса игіліктіәріоныңөзінетәнажырағысызбелгісі. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда.

Осығанорай, қазіргітаңда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысыбойыншафилиалының «Халыққақызметкөрсетуорталығында» мемлекеттіктілдіңқолданылуаясынкеңейту, оныңмәртебесі мен маңызынарттыруғаүнемізоркөңілбөлінуде.

 

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы коммерциялық емес акционерлік

қоғамының Жамбыл облысы бойынша

 филиалының «Халыққа қызмет көрсету

 орталығы»  департаментінің Талас аудандық бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

 

Шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік қызметтерді пошта арқылы алады

 

«Азаматтарға арналған үкімет» «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп, пилоттық жобаны іске қосты.Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік корпорацияның қызметтерін «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлімшелерінде ала алады.

Әзірше 66 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде электрондық анықтамаларды беру, баланың туылуын тіркеу, баланың туылуы мен күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау, жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттың телнұсқасын беру, запастағы офицерлерге әскери билеттер және олардың телнұсқаларын (әскери билеттің орнына уақытша куәліктер) беру және тағы да басқа қызметтер бар.

«Азаматтар арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, мемлекеттік корпорацияда шалғайдағы ауылдық округ тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді еркін алуына ерекше назар аударылып келеді. Осылайша, 2012 жылдан бастап бүкіл Қазақстан бойынша 70 мобильдік ХҚКО жұмыс істейді, олар әкімдіктердің өтінімдері бойынша елді мекендерге шығып, қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері олар 7455 рет ауыл тұрғындарына барып, 335 736 қызмет көрсеткен.

Қазпочта бөлімшелері арқылы танымал мемлекеттік қызметтерді көрсетудің пилоттық жобасы – азаматтарға уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретін ыңғайлылыққа арналған тағы бір қадам. Пилоттық жоба алдымен Шығыс Қазақстан облысында екі ай бойы тестілеуден өтті, нәтижесінде оны Қазақстанның барлық аумағында қолдану туралы шешім қабылданды. «Пилоттық жобаны тестілеуде ШҚО почта байланысы бөлімшелерінде 233 құжат берілген. Одан бөлек, біздің жұмысымызға тұрғындар тарапынан жақсы пікірлер айтылып, оң бағалар берілгендіктен, біз оны еліміздің барлық аумағында жүргізуді шештік. Қазіргі таңда шалғай елді мекендердің тұрғындары почта байланысы бөлімшелері арқылы 1656 корпорация қызметін ала алады. Демек, енді бұл қызметтерді алу үшін, олар аудан орталықтарына барып әуре болмайтын болды», – деді Оспанов.

«Біз ауыл тұрғындарын тек почта қызметімен емес, сонымен қатар әр түрлі банк қызметтерімен, әрине, оның ішінде ХҚКО қызметімен де қамтамасыз ететін боламыз. Өйткені ауылда көбіне почта байланысы бөлімшелері ғана жұмыс істейді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді почта арқылы алу үшін, ауыл тұрғындары құжаттар пакетін ұсынулары, қызмет көрсетуге жазбаша түрде өтініш берулері және қажет болған жағдайда, мемлекеттік баж салығын төлеулері тиіс. Қазпочта операторы өтініштерді қабылдап, құжаттар пакетін қалыптастырады және оны жақын жердегі халыққа қызмет көрсету орталығына жөнелтеді. Онда ХҚКО инспекторы қызметті ресімдеп, курьер арқылы дайын құжаттарды жібереді», – деп қосты «Қазпошта» басшысы Сәкен Сәрсенов.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

коммерциялық емесакционерлік

қоғамының баспасөз қызметі

 

 

Халыққа қызмет көрсету орталығы хабарлайды!

«Азаматтарға арналған үкімет » мемлекеттік корпорациясы  коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдары- «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының Біріңғай байланыс орталығымен тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар тұлғаларға ( мүгедектер және мүгедек балалар, ҰОС қатысушылары) тұрғылықты жеріне шыға отырып, мемлекеттік қызметтерді «үйіне бару»  арқылы көрсетуді жүзеге асырады. Өтініш беруші болып табылатын  1-2 топ мүгедектері, мүгедек балалар немесе ҰОС қатысушысы біріңғай байланыс орталығына жұмыс уақытында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін 1414 номерінеқоңырау шалу арқылы тиісті қызмет түріне өтінім беріп, мемлекеттік қызмет түрлері туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. ХҚКО Мобильді тобының жауапты тұлғасы 72 жұмыс сағаты ішінде алдын ала өтініш берушімен мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар пакетінің дайындығы туралы қосымша байланысып, құжаттарды қабылдау мен беруді жүзеге асыру үшін үйіне жолға шығады, қажет болған жағдайда ХҚКО көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша кеңестер береді, электрондық-цифрлық қолтаңба беруді жүзеге асырады, көрсетілетін қызмет, онық сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету туралы толық ақпарат береді.

  Талас аудандық ХҚКО бөлімі

ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ

Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу – біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау – өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайды қарау деген сөз.
Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өйткені тіл – біздің ана тіліміз – Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымыз бен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы да керек. Біз қандай жағдайда да, қай кезде де өзге тілдердің дамуына еш нұқсан келтірмей, оларға деген мемлекеттік қолдау – қамқорлық аясын тіпті де тарылтпай отырып, қалай дегенде де Қазақстан Республикасы мемлекетінің негізін құраушы, ел-жер иесі қазақ халқының ұлттық тілі – қазақ тілінің, мемлекеттік тілдің мүддесін мейлінше кең көздеуге маңыз береріміз белгілі. Бұл – әр қазақстандықтың қастерлі парызы. Қазақ тілінің өз мәртебесіне сай толыққанды қоғамдық қызмет атқаруы аса қанағаттанғысыз екенін жан-тәнімізбен түсіне отырып, бүгінде «Тіл туралы» Заңның жүзеге асу барысын талқылауда басты назарды мемлекеттік тіл тағдырына аударарымыз анық. Өйткені қазақ тілі әлемдік мәдениеттің бөлінбес бір бөлшегі ретінде тек қазақ топырағында ғана мемлекеттік мәртебені талап ете алады.
Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да – тіл. Ол – қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда.
Осыған орай, қазіргі таңда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Талас аудандық бөлімінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның мәртебесі мен маңызын арттыруға үнемі зор көңіл бөлінуде. Президентіміздің салиқалы саясатымен еліміздің болашағы да, тіліміздің болшағы да өркендей береді деп сенеміз. Қазақ тілі қазақ халқының ғана емес, Қазақстан мемлекетінің тіліне айналатын, мәртебесі мен мерейі үстем болатын күн туды.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облысы
бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету
орталығы» департаментінің
Талас аудандық бөлімі

 Азаматтарға арналған үкімет көрсететін қызметтер саны тағы 53 қызметке артты

Бүгінде Азаматтарға арналған үкімет арқылы 546 мемлекеттік қызмет қолжетімді. Жаңа қызметтердің басым бөлігін ҚР Ауылшаруашылығы, Ұлттық экономика министрліктерінің және Инвестициялар және даму министрлігінің қызметтері құрады.

Мемлекеттік корпорацияда ауылшаруашылық өнімдері өндірісін басқару жүйесін дамытуды субсидиялауды, АӨК (агроөнеркәсіп кешені) саласында дайындау ұйымын аккредиттеуді, құрылыс объектілері жоспарларын кешенді ведомствоішілік сараптау жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеуді, ҚР резиденті болып табылмайтын және ҚР аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын т.с.с. тұлғаларға инвесторлық визалар алуға қолдаухат беруді рәсімдеуге болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы бұл қызметтерді көрсету мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін өзгерткеннен және «ХҚКО» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне (ХҚКО ЫАЖ) өзгерістер енгізгеннен кейін мүмкін болып отыр.

Енді азаматтардың бұл қызметтер үшін мемлекеттік органдарға жүгіну қажеттігі жоқ. Демек, аталмыш қызметтерді мемлекеттік корпорацияның басқа қызметтері сияқты аптасына 6 күн сағат таңғы 8.00-ден кешкі 20.00-ға дейін түскі үзіліссіз алуға болады.

Сондай-ақ, ахуалдық орталықтың бақылауынша, халыққа қызмет көрсету орталықтарында соңғы кездері азаматтарды уақытша тіркеу қызметі бойынша орын алған кезек саны едәуір азайған. Жыл басынан бастап 400 мыңнан астам адам уақытша тіркеуден өткен.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік

қоғамы баспасөз қызметі

 

 

 

1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерді үйде отырып ала алады.

 

1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар «Азаматтарға арналған үкімет» көрсететін қызметтерді мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне бармай-ақ ала алады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмысын бастағалы бері мобильдік топтар 3 670 мүмкіндігі шектеулі жандарға барып, 5 761 қызмет көрсетті. Олардың ішінде жылжымайтын мүлік пен құжаттандыру бойынша қызметтерге, электрондық анықтамаларға  сұраныс көп.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтің айтуынша, мемлекеттік корпорация                   1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып қызмет көрсету бойынша ХҚКО тәжірибесін жалғастырып отыр. Азаматтар мобилдік топты шақыру үшін Біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне телефон шалулары керек. Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері оған 72 сағат ішінде  барады.

Жалпы, мемлекеттік корпорация мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызмет көрсетуге көп көңіл бөліп отыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында арбадағы мүгедектер үшін пандустар, шақыру нүктелері орнатылған. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында әр түрлі қызметтерде 360 мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейді.

Мемлекеттік корпорация өз жұмысын осы жылдың 11 сәуірінде «Жер кадастры ғылыми өндірістік орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-нің қайта құрылуы жолымен бастағанын естеріңізге саламыз. Бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы 530 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

 

Мамандандырылған ХҚКО-ларда көлік құралдарын тіркеу мерзімі қысқартылды

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мамандандырылған ХҚКО-да автокөлікті бір сағат ішінде тіркеуге (бұрын                             2 сағаттан көп уақыт кететін)  мүмкіндік беретін пилоттық жобаны іске қосты. Уақытты қысқарту мамандандырылған ХҚКО инспекторлары ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті мен ҚР Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелеріне түзету құқығынсыз кіру мүмкіндігін алғаннан кейін мүмкін болып отыр.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Данияр Еренчиновтің айтуынша, бұрын көлік иелері 40 минуттан аса уақытын тиісті мамандарда айыппұлдар мен салықтар төлеуге жұмсайтын.

«Жобаны іске қосқанға дейін мамандандырылған ХҚКО-ға келген клиент                                       3 электрондық кезек талонын алатын. Бірі –  айыппұлдарды тексеру үшін әкімшілік полициясы қызметкеріне, екіншісі – салық төлемдерін тексеру үшін салық қызметкеріне, үшіншісі – толық құжаттар топтамасын өткізу үшін – ХҚКО қызметкеріне болатын. Бұл ретте, егер азаматтың төленбеген айыппұлдары мен салықтары бар болса,  оны төлеу үшін кассаға бөлек кезекке  тұратын. Енді мемлекеттік корпорация қызметкері клиенттің автокөлігіне айыппұлдары немесе салық берешектері бар-жоғын өз бетінше тексере алады. Егер бар болса, электрондық үкімет порталының төлем шлюзі арқылы карточкамен төлеуге болады немесе мамандандырылған ХҚКО ғимаратында орналасқан банк кассалары арқылы төлей алады», – дейді ол.

Сонымен қатар, Еренчинов пилоттық жобаны тестілеу кезінде қызмет көрсету уақыты ХҚКО инспекторына құжаттар топтамасының толық тізімін өткізген сәттен бастап емес, ақпараттық-анықтама қызметінің кеңесшісінен талон алған сәттен бастап 1 сағат уақытты құрайтынын қоса айтты.

Көлікті қайта тіркеу мемлекеттік қызметінің мерзімін сақтауды, уақыттың әрбір  бұзылуын есепке алатын ситациялық орталықтың мамандары қадағалап отырады. Құжаттар мерзімі бұзылған жағдайда, оның себебін анықтап, алдағы уақытта бұзушылыққа жол бермеу шараларын қабылдайды.

Айта кетсек, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары Қазақстанның Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау, Тараз, Павлодар, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Ақтөбе, Қостанай – 11 қаласында жұмыс істейді. Жыл басынан бері мамандандырылған ХҚКО-ларда көліктерді қайта тіркеу қызметтерін 435 706 қазақстандық пайдаланған.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының баспасөз қызметі,

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы балалар суреттері конкурсының қорытындысын шығарды

 

Астанада «Қазақстан бала көзімен» тақырыбында Астана күніне арналған балалар суреттері конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Конкурс «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы қызметкерлерінің балалары арасында өткізілді. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мен ҚР Ақпаратжәне коммуникациялар министрі Дәурен Абаев конкурстың жеңімпаздарына марапат қағаздары мен сыйлықтарды ұсынды.

Салтанатты марапаттау кезінде Дариға Назарбаева осындай дарынды балаларды тәрбиелегендері үшін олардың ата-аналарына алғыс айтып, мерекелік іс-шараға қатысушылардың барлығын Астана күнімен құттықтады.

Ең үздік суретшілер үш санат бойынша таңдалды: 7 жасқа дейінгі балалар, 7 жас пен 11 жас аралығындағы және 11 жас пен 15 жас аралығындағы балалар.  Бірінші, екінші және үшінші орындардың сыйлықтары Алматы, Қостанай, Павлодар, Атырау, Қызылорда облыстарының, сондай-ақ СҚО және ОҚО еншісінде кетті. Ал балалар суреттері конкурсының гран-приі Ақмола облысынан келген 5 жасар Диас Карамкасов пен 8 жасар Даяна Идрисоваға және қарағандылық 12 жасар Анель Имишоваға бұйырды.

«Конкурсанттардың жалпы санынан жеңімпаздарды анықтау өте қиын болды. Қатысушылар сурет салудың кез-келген техникасы – гуашпен, акварельмен, қарындашпен, фломастермен салынған суреттерді ұсынған. Барлық жұмыстар ашық бояулы және қызықты болды. Біздің конкурстың мақсаты – балаларды Отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ  Басқарма төрағасының орынбасары НұрбекОршубеков.

Астана күні құрметіне балаларға мерекелік демалыс ұйымдастырылды. Балалар алғашқы Президенттің мұражайында, ҚР ұлттық мұражайында, мұхитаралда, джунглиде, «Атамекен» этно-мемориалды кешенінде болып, «Байтерек» монументі алаңынан астанамыздың орталығына шолу жасады.

Еске салсақ, мемлекеттік корпорация «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК – 4 кәсіпорынды қайта құра отырып, жұмысыносы жылдың 11 сәуірінен бастаған болатын. Бүгінгі таңда корпорация Қазақстан бойынша 20 мыңнан астам  қызметкердің басын біріктірді.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының баспасөз қызметі,

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы балалар суреттері конкурсының қорытындысын шығарды

 

Астанада «Қазақстан бала көзімен» тақырыбында Астана күніне арналған балалар суреттері конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Конкурс «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы қызметкерлерінің балалары арасында өткізілді. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мен ҚР Ақпаратжәне коммуникациялар министрі Дәурен Абаев конкурстың жеңімпаздарына марапат қағаздары мен сыйлықтарды ұсынды.

Салтанатты марапаттау кезінде Дариға Назарбаева осындай дарынды балаларды тәрбиелегендері үшін олардың ата-аналарына алғыс айтып, мерекелік іс-шараға қатысушылардың барлығын Астана күнімен құттықтады.

Ең үздік суретшілер үш санат бойынша таңдалды: 7 жасқа дейінгі балалар, 7 жас пен 11 жас аралығындағы және 11 жас пен 15 жас аралығындағы балалар.  Бірінші, екінші және үшінші орындардың сыйлықтары Алматы, Қостанай, Павлодар, Атырау, Қызылорда облыстарының, сондай-ақ СҚО және ОҚО еншісінде кетті. Ал балалар суреттері конкурсының гран-приі Ақмола облысынан келген 5 жасар Диас Карамкасов пен 8 жасар Даяна Идрисоваға және қарағандылық 12 жасар Анель Имишоваға бұйырды.

«Конкурсанттардың жалпы санынан жеңімпаздарды анықтау өте қиын болды. Қатысушылар сурет салудың кез-келген техникасы – гуашпен, акварельмен, қарындашпен, фломастермен салынған суреттерді ұсынған. Барлық жұмыстар ашық бояулы және қызықты болды. Біздің конкурстың мақсаты – балаларды Отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ  Басқарма төрағасының орынбасары НұрбекОршубеков.

Астана күні құрметіне балаларға мерекелік демалыс ұйымдастырылды. Балалар алғашқы Президенттің мұражайында, ҚР ұлттық мұражайында, мұхитаралда, джунглиде, «Атамекен» этно-мемориалды кешенінде болып, «Байтерек» монументі алаңынан астанамыздың орталығына шолу жасады.

Еске салсақ, мемлекеттік корпорация «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК – 4 кәсіпорынды қайта құра отырып, жұмысыносы жылдың 11 сәуірінен бастаған болатын. Бүгінгі таңда корпорация Қазақстан бойынша 20 мыңнан астам  қызметкердің басын біріктірді.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының баспасөз қызметі,

 

Қазақстандық жұмыссыздар әлеуметтік төлемдер үшін өтініш берулеріне және кезекке тұруларына болады

 

 

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын қазақстандықтар үшін, жұмысын жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау және жұмыссыз азамат ретінде есепке қою рәсімі жеңілдетілді. Енді бұл екі қызметті де жергілікті Жұмыспен қамту орталығына жүгіне отырып, бір мезгілде алуға болады.

Бұрын жұмысын жоғалтқан адам әлеуметтік төлем тағайындауды рәсімдеу үшін,алдымен жұмыссыз азамат ретінде тіркеліп, есепке тұруға Жұмыспен қамту орталығына баратын, содан кейін ғана жұмысын жоғалтқаны бойынша әлеуметтік төлем тағайындауды рәсімдеуге ЗТМО-ға немесе ХҚКО-ға баратын.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамыфилиалы – ЗТМО директорының орынбасары Серікхан Сабыржановтың айтуынша, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру  нәтижесінде қағаз жүзіндегі құжатайналымы толығымен жойылды. «Енді өтініш қабылдау кезінде адамнан сәйкестігін қарау үшін жеке куәлік және қаржыны аудару үшін банк деректемелері ғана талап етіледі. Қалған мәліметтердің бәрін орындаушы жеке тұлғалардың мемлекеттік мәліметтер базасынан электрондық үкімет шлюзі арқылы және еңбек рыногы базасынан алады,» – дейді Сабыржанов.

Айта кетсек, жұмысын жоғалтқан жағдайдағы әлеуметтік төлемді қазақстандықтар 4 айға дейін ала алады. Егер адам қысқарту, жұмыс берушінің таратылуы немесе өндіріс көлемінің азайюына байланысты жұмысын жоғалтқан жағдайда, әлеуметтік төлем 6 айға дейін тағайындалуы мүмкін.Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері соңғы 24 айдағы табысының орташа айлық мөлшерін 0,3 табысты алмастыру коэффициентіне және (0,1 ден 1-ге дейін) қатысу өтілінің коэффициентіне көбейту жолымен анықталады. Мәселен, сіз ЖШС-де  7 жыл еңбек еттіңіз және 50 000 нан 90 000-ға дейін табысыңыз болды. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліңіз – 67 ай – бұл  қатысу өтілінің 1 коэффициенті, орташа айлық табыс – 63 000 теңге болады. Яғни, сіз ай сайын 18 900 теңге әлеуметтік төлем ала аласыз.

Жыл басынан бері есепке қоюға және әлеуметтік төлем тағайындауға барлығы 2 720 жұмыссыз өтініш берді.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының баспасөз қызметі,

 

 

 

 

«Азаматтарға арналған үкіметте» фронт-офистерді жаңғырту жүріп жатыр

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік қызметтерді алу үшін фронт-офистерді  жаңғырту  жұмыстары жүріп жатыр. Әрбір кеңседе корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің біріңғай ақпараттық базасы, кедергісіз қызмет көрсету, электрондық кезек енгізілді, сондай-ақ нақты жұмыс режимінде мемлекеттік қызмет көрсету процесін бақылауға болатын ахуалдық орталық енгізілді. Бөлімдердің көпшілігі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейінгі жұмыс кестесіне көшті.

Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорацияда жаңғырту жұмыстарының екі кезеңі аяқталып, нәтижесінде аудандық және ауылдық  маңыздағы елді мекендер 120 біріңғай фронт-офистермен қамтамасыз етілді. Енді азаматтар мемлекеттік корпорация көрсететін барлық қызмет түрлерін бір жерден ала алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтің айтуынша, оңтайландыру жақын орналасқан  фронт-офистерді біріктіру есебінен жүргізілуде. «Офистерді оңтайландыру азаматтардың қызметтерді бір жерден алуына мүмкіндік береді, сондай-ақ ғимаратты күтіп-ұстау және жалға алу шығындарын едәуір  азайтады. Бұл ретте мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жұмыс жүктемесіне қарай фронт-офистерге орналастырылады»,- дейді ол.

Офистерді жаңғыртумен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету уақыты мен құжаттар топтамасын қысқарту бойынша мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жұмыстары жалғасуда.

Естеріңізге салсақ,  жаңа құрылым 530 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді, ал жақында мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мемлекеттік корпорацияға беру үшін тағы 53 қызмет түрін белгіледі. Осылайша, жақын арада азаматтар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистері арқылы 583 қызмет түрін алатын болады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының баспасөз қызметі,

тел. 8 7172 27 06 58 (ішкі 109)

 

 

 

1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерді үйде отырып ала алады.

 

1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар «Азаматтарға арналған үкімет» көрсететін қызметтерді мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне бармай-ақ ала алады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмысын бастағалы бері мобильдік топтар 3 670 мүмкіндігі шектеулі жандарға барып, 5 761 қызмет көрсетті. Олардың ішінде жылжымайтын мүлік пен құжаттандыру бойынша қызметтерге, электрондық анықтамаларға  сұраныс көп.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтің айтуынша, мемлекеттік корпорация                   1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып қызмет көрсету бойынша ХҚКО тәжірибесін жалғастырып отыр. Азаматтар мобилдік топты шақыру үшін Біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне телефон шалулары керек. Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері оған 72 сағат ішінде  барады.

Жалпы, мемлекеттік корпорация мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызмет көрсетуге көп көңіл бөліп отыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында арбадағы мүгедектер үшін пандустар, шақыру нүктелері орнатылған. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында әр түрлі қызметтерде 360 мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейді.

Мемлекеттік корпорация өз жұмысын осы жылдың 11 сәуірінде «Жер кадастры ғылыми өндірістік орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-нің қайта құрылуы жолымен бастағанын естеріңізге саламыз. Бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы 530 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері сенбілік өткізді

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері еліміздің барлық облыстық орталықтарында және қалаларында сенбілікке шықты. Қалаларды тазарту мен көгалдандыруға мемлекеттік корпорацияның 3 966 қызметкері қатысты.

«Біз жаңа құрамда жалпы қалалық сенбілікке алғаш рет қатысып отырмыз, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы – «ЖМО» дирекциясының директоры Бахыт Әбішев. – Бүгін біз облыстық орталықтардың аумақтарын тазартуға және ағаштар отырғызуға қатысып қана қоймай, сондай-ақ  бұрын жеке-жеке жұмыс жасаған төрт ұйымның ұжымын біріктірдік. Біздің Республикамыздың астанасында отырғызылған 100 ағаш «100 қадам» бағдарламасының орындалуын, атап айтсақ жүзінші қадам – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылғанын білдіреді».

Сенбілік барысында мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері көшелерді, туған қалаларының бақтары мен саяжайларын тазартып, 2 395 көшет отырғызды, қоршау мен бордюрлерді ақтады. Бүгін барлығы да: инспекторлар, заңгерлер, экономистер және департаменттердің директорлары тең деңгейде жұмыс жасады. Өз қаласының таза болуына әрқайсысы да үлес қосқысы келді. Ал астаналық филиалдың қызметкерлері тіпті Есіл өзенінің жағалауында бірлескен флешмоб жасады.

«Бүгін Мемлекеттік корпорацияның ауқымын алғаш рет сезіндім», – деді «Талас аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының» қызметкері Ришад Момбеков. Әрине, мен біріккеннен кейін штат қызметкерлерінің саны көбейгенін 20 мың адам болғанын естідім, алайда дәл осылай болады деп күтпеген едім. Бүгін алдағы болашақта орасан зор жұмыс атқарғалы тұрған өзіміздің жаңа әріптестерімізбен бетпе-бет танысу мүмкіндігі болды».

«Жер кадастры ғылыми-өндірістік-орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК және  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ларды қайта ұйымдастыру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылғы                       11 сәуірде өз қызметін бастап кеткендігін еске саламыз.

Мемлекеттік корпорацияны құруға барлық бизнес-процестерді оңтайландарып, автоматтандыру негіз болды, яғни: қызмет көрсету уақытын қысқарту және құжаттар тізімін азайту. Алғашқыда «Азаматтарға арналған үкімет» 522 қызмет көрсетсе, келесі этапта 700-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетпек.

 

 

ХҚКО департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

 

«Тілге құрмет – елге құрмет»

Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу – біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау – өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайды қарау деген сөз.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәніндегі қоғамдық қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күн талабы екендігі баршаңызға белгілі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық даналығы. Ендігі мақсат – тәуелсіз мемлекетіміздің қоғам өмірінің барлық саласында қазақ тілін кеңінен қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жолдауында Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп Былтырғыға қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға өскен. Бұл да біраз жайттан хабар береді . Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн.

Сонымен қатар, Елбасымыздың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу қажет» – деп қадап айтқан пікірі баршамыздың берік ұстанатын қағидамыз болуға тиіс.

Қазақстан Республикасының ХХІ ғасырдағы болашағы, шығар биіктері саяси-экономикалық факторлармен қатар, оның мемлекеттік тілі – қазақ тілінің де дамуына тікелей байланысты. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі Ата Заңымызда анық айқындалған. Елбасымыз да «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!» деп қадап көрсетті.

Сонымен қатар тілімізді құқықтық тұрғыдан бекіткен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң және Президент Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бар. Осы заң актілері әрбір Қазақстан азаматы үшін бұлжытпай орындалуға тиісті құжат болып табылады.

Біз қандай жағдайда да, қай кезде де өзге тілдердің дамуына еш нұқсан келтірмей, оларға деген мемлекеттік қолдау – қамқорлық аясын тіпті де тарылтпай отырып, қалай дегенде де Қазақстан Республикасы мемлекетінің негізін құраушы, ел-жер иесі қазақ халқының ұлттық тілі – қазақ тілінің, мемлекеттік тілдің мүддесін мейлінше кең көздеуге маңыз береріміз белгілі. Бұл – әр қазақстандықтың қастерлі парызы. Қазақ тілінің өз мәртебесіне сай толыққанды қоғамдық қызмет атқаруы аса қанағаттанғысыз екенін жан-тәнімізбен түсіне отырып, бүгінде «Тіл туралы» Заңның жүзеге асу барысын талқылауда басты назарды мемлекеттік тіл тағдырына аударарымыз анық. Өйткені қазақ тілі әлемдік мәдениеттің бөлінбес бір бөлшегі ретінде тек қазақ топырағында ғана мемлекеттік мәртебені талап ете алады.

Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да – тіл. Ол – қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда.

Осыған орай, қазіргі таңда, Жамбыл облысы бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету орталығында» мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның мәртебесі мен маңызын арттыруға үнемі зор көңіл бөлінуде.

«ХҚКО» РМК-ның барлық бөлімдерінде мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға бағытталған бұрыштармен қатар «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш-жігерімізді жұмсауымыз керек.» атты Елбасымыз Н. Назарбаевтың сөзі ілінген.

Шығыс құжаттары мемлекеттік тілде әзірленуде. Бұл дүниеде күн шыққанда күліп оянған адамның бақытынан асқан ештеңе жоқ. Қазақстан және оның басшылығының жүргізіп отырған саясаты адамдарды жақсылыққа кенелтіп, келешекте бұдан да ғажап өмір сүретінімізге нық сендіреді.

Ендеше, Президентіміздің салиқалы саясатымен еліміздің болашағы да, тіліміздің болшағы да өркендей береді деп сенеміз. Қазақ тілі қазақ халқының ғана емес, Қазақстан мемлекетінің тіліне айналатын, мәртебесі мен мерейі үстем болатын күн туды.

 

 

 

 

Тіл- ел байлығы

 

Тіл -жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз.Тіл-достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттыңәрі жаны, әрі ары. Тіл – қоғамның жемісі. “Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы” – дейді. Мұның мәнісі – тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамдықөндірістіңқай саласын болса да ұйымдастыруы, дамытуы мүмкін емес деген сөз.Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдіңұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра, байлық. Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт -санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің. Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында таяу онжылдықтардағы Қазақстан дамуының басты 10 бағыты бойынша міндеттер кешенін жүзеге асыру үшін белгілеп беріп, оның жетінші бағыты- Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі міндеттелген бағыты бойынша: «Қазақ тілі, біздің Конституциямызға сәйкес, мемлекеттік тіл болып табылады. Онымен бірдей мемлекеттік органдарда ресми түрде орыс тілі пайдаланылады. Бұл біздің Конституцияның нормасы, оны бұзуға ешкімге жол берілмейді. Қазақ тілінің жоспарлы түрде дамуы орыс тіліне нұқсан келмейтіндей жағдайда жүзеге асады. Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп -өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады. Қашанда басты назарда тұратын тіл мәселесінің мерейін асқақтататын да, өркендететін де тек қазақ халқы ғана емес, барша қазақстандықтар. Себебі, қазақ тілі- өзін Қазақстанның патриотымын деп санайтын әрбір азаматтың тілі. Тіліміздің мәртебесін көтеріп, оны дамыту- барлығымызға ортақ міндет.

 

                                  Халыққа қызмет көрсету орталығы

 

 

 

 

 

        Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) 1-2-топтағы мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға шақырту бойынша қызмет түрлерін көрсетеді.Қызметті 1414 нөмірі «Callcenter» орталығына қоңырау шалу арқылы көрсетіледі.Қоңырау шалу тегін,толық ақпаратты 6-33-93 нөмірі арқылы біле аласыздар.