Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

 

 

  1. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексі (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат;.2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат;. № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат;№ 19- I, 19-II, 94,96 құжат; № 21, 122-құжат;. № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VII, 155-құжат; № 23-II, 170-құжат):

2-бапта:

3 бөлімді келесідей мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын: «некені қию немесе тоқтату туралы (ерлі-зайыпты болуды) діни салттар мен шараларды ғибадат үйлерінен (ғимарат) тыс жерлерде жүргізуге жол берілмейді».

Некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірген адамдардың біреуі тіркеуші органға келе алмайтын айрықша жағдайларда (ауыр науқастануы, жүріп-тұру қиындығымен байланысты мүгедектігі, күзетпен ұсталуы немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы) некені діни салттар мен шаралар бойынша қию (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үйде, медициналық немесе өзге де ұйымда некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен тіркелген діни бірлестіктің өкілімен жүргізіледі

  1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I,101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1,4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53,57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24,124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22 -құжаттар; 2017 жылғы 19 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 15 маусымдағы «Жануарлар мен өсімдіктер мәселесі бойынша Қазақстан Ре публикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы):

1) 434-2 бапта:

тақырыбы келесідей мазмұндағы мазмұнмен толықтырылсын:

«434-2 бап. Бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге қатысты заңнама талаптарын бұзу»;

2) «434-2 бап. Бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге қатысты заңнама талаптарын бұзу»;

  1. Бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге қатысты заңнама талаптарын бұзу –

жеке тұлғаларға ескерту немесе елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. осы баптың бірінші бөліктегі қарастырылған әрекетті әкімшілік шара қолданылған мерзімнен бастап бір жылдың ішінде қайталап жасаған жағдайда, –

жеке тұлғаларға ескерту немесе жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3) 489-бапта:

бірінші бөліктегі «Қоғамдық бірлестік», «қоғамдық бірлестіктің» және «қоғамдық бірлестіктердің» деген сөздер тиісінше «Қоғамдық, діни бірлестік», «қоғамдық, діни бірлестіктің» және «қоғамдық, діни бірлестіктердің» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктегі «Қоғамдық бірлестік» және «қоғамдық бірлестіктің» деген сөздер тиісінше «Қоғамдық, діни бірлестік» және «қоғамдық, діни бірлестіктің» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктегі «қоғамдық бірлестіктің» деген сөздер «қоғамдық, діни бірлестіктің» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөліктегі «қоғамдық бірлестіктің» деген сөздер «қоғамдық, діни бірлестіктің» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 490-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«490-бап. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында:

1) діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге;

2) қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға;

3) діни әдебиетті және діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға;

4) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге);

5) дінді оқытуды ұйымдастыруға белгіленген талаптарды бұзу –

жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұруға әкеп соғады.

  1. Заңды діни қызметке кедергі келтіру, сол сияқты дінге көзқарасы себептері бойынша жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын бұзу немесе дінге сенушілердің және (немесе) дінге сенбеушілердің сезімдері мен қадір-қасиеттерін немесе құдайға құлшылық етуді, діни жоралар мен рәсімдерді орындауды қорлау; қандай да бір дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру; діни радикализмнің көріністеріне жол беру, егер жоғарыда баяндалған барлық әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,–

жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Миссионерлік қызметті тіркеусіз (қайта тіркеусіз) жүзеге асыру, сол сияқты дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды миссионерлердің пайдалануы, Қазақстан Республикасында тіркелмеген діни бірлестіктердің діни ілімін тарату–

Қазақстан Республикасының азаматтарына – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Діни бірлестіктің өз жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге асыруы –

қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Діни бірлестіктің саяси қызметпен айналысуы, сол сияқты саяси партиялардың қызметіне қатысуы және (немесе) оларға қаржылық қолдау көрсетуі, мемлекеттік органдардың қызметіне араласуы не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын діни бірлестіктер мүшелерінің иемденіп алуы –

қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, мекемелерде, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құру –

лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Уәкілетті органмен келіспей діни бірлестікті шетелдік діни орталық тағайындаған адамның басқаруы –

Қазақстан Республикасының азаматтарына ескерту жасауға немесе елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Діни бірлестік басшысының он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағандарды ата-анасының біреуінің, кәмелетке толған жақын туысқанының немесе өзге де заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз, сондай-ақ ата-анасының бірі немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі қарсылық білдірген кезде құдайға құлшылық етуге, діни жораларға, рәсімдерге және (немесе) жиналыстарға қатыстыруға жол бермеу шараларын қолданбауы –

ескерту жасауға не қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Қазақстан Республикасы азаматтарының белгіленген тәртіппен шет мемлекеттерде рухани (діни) білім алуы жөніндегі заңнама талаптарын бұзу–

елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Діни бірлестіктердің ғибадат үйлеріндегі (ғимараттарындағы), үй-жайларындағы ішкі тәртіпті сақтау жөніндегі заңнама талаптарын бұзу–

ескерту жасауға не жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға  бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің діни бірлестіктердің мүддесінде қызмет бабын және онымен байланысты мүмкіндіктерін пайдалануға, сондай-ақ өзге тұлғаларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге жол бермеу жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы –

ескерту жасауға не жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Деструктивті діни ағымдарға қатыстылығын көрсететін сыртқы атрибуттарды, киім-кешекті қоғамдық орындарда пайдалану, кию және тарату – ескерту жасауға не жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға  екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
  2. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанып жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға – үш жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

5) 491-1-бап:

«491-1-бап. Некені қию немесе тоқтату туралы (ерлі-зайыпты болуды) діни салттар мен шараларды атқару барысында неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу

діни салттар мен шаралар бойынша некені қию немесе тоқтатуды (ерлі-зайыпты болуды) ғибадат үйлерінен (ғимарат) тыс жерлерде жүргізу арқылы неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу , –

жеке тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

6) 729-бапта:

бірінші бөлікте:

«491» санынан кейін «491-1» сандарымен толықтырылсын;

7) 804-бапта:

бірінші бөлікте:

1) тармақша «434» санынан кейін «434-2» сандарымен толықтырылсын,  «489 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері),» деген сөздерден кейін «490 (бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшалары, екінші, үшінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші бөліктері),» деген сөздермен толықтырылсын;

55) тармақшадағы «сегізінші» деген сөз «он үшінші» сөздермен ауыстырылсын.

  1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат):

16-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:

«19) ұлттық қауіпсіздік және діни қызмет саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша мекемелерде сотталған адамдармен теологиялық оңалту қызметтерінің мақсатқа бағытталған жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді.».

  1. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 г., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат;  № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 47, 49-құжаттар; № 8-II,72-құжат; № 23, 118-құжат;2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат):

1) 31-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 30) – 32) тармақшалармен толықтырылсын:

«30) өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;

31) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне зерделеу және талдау жүргiзедi;

2)  35-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 25), 26) тармақшалармен толықтырылсын:

«25) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін қоспағанда өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;

26) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін қоспағанда өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне зерделеу және талдау жүргiзедi.».

  1. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат;    2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 173-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14,                          75-құжат; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 23-II, 172-құжат):

1) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Рухани (діни) білім беру ұйымдарында білім алып жатқан адамдарды қоспағанда, он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағандар ата-анасының біреуінің, кәмелетке толған жақын туысқанының немесе өзге де заңды өкілдерінің ертіп жүруімен, сондай-ақ ата-анасының бірі немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі қарсылық білдірмеген кезде құдайға құлшылық етуге, дін жораларға, рәсімдерге және (немесе) жиналыстарға қатыса алады.».

  1. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің  Жаршысы, 2003ж., № 24, 174-құжат; 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22,  115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-II, 70-құжат):

1) 6-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Жарнамада деструктивті идеологиялық ағымдарға қатыстылығын көрсететін сыртқы атрибуттарды, киім-кешекті пайдалануға тыйым салынады.».

  1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., №6, 8-құжат, 2011 ж., № 21, 171-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; 2013 ж., 3 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 3, 21-құжат; 2015 ж., № 23-I, 166-құжат):

1) 5-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

«17) діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы бойынша іс-шараларды өткізу.».

  1. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8 (2561), 40-құжат, № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат;):

1) 21-бапта:

келесідей мазмұндағы 2 тармақпен толықтырылсын:

«2. Қызметтік (лауазымдық) міндеттерін атқару, медициналық мақсаттарда, азаматтық қорғау, сондай-ақ спорттық және спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу үшін қажет болатын жағдайларды қоспағанда,бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге тыйым салынады.»;

  • 23-бапта:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) ресми алдын ала ескерту;»;

3) 24-бапта:

1-тармақтың 3) тармақшасындағы «материалдар негіз болып табылады.» деген сөздер «материалдар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) тергеп-тексерілуі ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған экстремистік және террористік қылмыстарды, сондай-ақ діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға жағдай жасайтын жеке тұлғаның әрекеттері туралы мәліметтер негіз болып табылады.»;

3) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:

«26-1-бап. Ресми алдын ала ескерту

Ресми алдын ала ескертуді (бұдан әрі – алдын ала ескерту) жазбаша нысанда жариялау туралы шешімді Қазақстан Республикасы ішкі істер органының уәкілетті басшысы тексеру аяқталғаннан кейін және тергеп-тексерілуі ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған экстремистік және террористік қылмыстарды, сондай-ақ діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға жағдай жасайтын жеке тұлғаның әрекеттері туралы алынған мәліметтер расталғаннан кейін қабылдайды.

Ресми алдын ала ескертуге Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі немесе оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасы ішкі істер аумақтық органдарының бастықтары қол қояды.

Ресми алдын ала ескерту тергеп-тексерілуі ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған экстремистік және террористік қылмыстарды, сондай-ақ діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға жағдай жасайтын әрекеттерге жол бермеу туралы және оны жасаған жағдайда жауаптылық туралы  нақты жеке тұлғаға жолдануға тиіс.

Ішкі істер органдары жарияланған ресми алдын ала ескертулердің есебін жүргізеді.».

  1. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 17, 135-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19- II, 96-құжат, 2015 ж., № 22-I, 140-құжат):

1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) ғибадат үйі (ғимараты) – құдайға құлшылық етуді, діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды жасау үшін арнайы тұрғызылған немесе қайта бейінделген үй, ғимарат, үйлер мен ғимараттардың кешені;

2) құлшылық ету орны – дiнге сенушiлер өзінің құрметін білдіру үшін, сондай-ақ діни жораларды, рәсімдер мен салт жораларды жасау үшін пайдаланатын үйлер, ғимараттар, табиғи объектілер, аумақтар;

3) діни қызмет – дінге сенушілердің діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

4) мінажат ету – діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құлшылық ету жасалатын діни мағынасы бар орындарға дінге сенушілердің баруы;

5) діни қызметші –діни бірлестік басшысының бұйрығы негізінде рухани, уағыздаушылық қызметке тиісті діни бірлестік уәкілеттік берген  адам;

6) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

7) діни ілімді тарату – белгілі бір діннің негізгі догматтары, идеялары, көзқарастары және практикалары туралы ақпаратты жеткізуге, сол сияқты беруге бағытталған қызмет;

8) деструктивті діни ағым – адамның және азаматтың қорғалатын құқықтары мен бостандықтарына қатер төндіретін, имандылық негiздерді, рухани және мәдени құндылықтарды әлсіретуге және (немесе) бұзуға бағытталған діни көзқарастар, идеялар, сондай ақ ілімнің жиынтығы;

9) діни мазмұндағы ақпараттық материал – мәтіндік сілтемелерді қоса алғанда, кез келген жеткізгіштегі діни сипаттағы баспа, электрондық және өзге де ақпарат;

10) діни радикализм – тұлғаның өзге адамдарға діни ұйғарымдар мен догмаларды сөзсіз орындауды агрессияшылдықпен күштеп таңатын және үндеулермен сүйемелдейтін, діни көзқарастар мен сенім-нанымдарға шетін, ымырасыз ұстанушылық;

11) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқадамдардың дінге үндеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;

12) құдайға құлшылық ету – діни қызметшілер діни ілімнің талаптары бойынша жасайтын діни жоралар мен рәсімдер жиынтығы;

13) уәкілетті орган – діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»;

2) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Қазақстан Республикасының зңнамасымен реттелген діни қызмет саласындағы құқықтық қатынастарға мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы және алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге қызметтерді сатып алу бөлігі қолданылмайды.»;

3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«3-бап. Мемлекет және дін

  1. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.
  2. Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында тең.
  3. Дін ұстану немесе наным еркіндігін жүзеге асыру конституциялық құрылымды қорғау мақсатында, басқа адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары сияқты қоғамдық қауіпсіздікті, тәртіпті, денсаулықты және моральді қорғау үшін тек заңмен ғана қажеттілігіне қарай мөлшерде шектеле алады.
  4. Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді.
  5. Рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру және тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады.
  6. Дінді оқып-үйрену діни бірлестіктердің ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), үй-жайларында, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарында жарғыларына сәйкес ұйымдастырылады және жүзеге асырылады. Өзге жағдайларда дінді оқып-үйрену облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының келісуі бойынша ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.
  7. Заңды діни қызметке кедергі келтіруге, дінге көзқарасы себептері бойынша жеке және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтарын бұзуға немесе дінге сенушілердің және (немесе) дінге сенбеушілердің сезімдері мен қадір-қасиеттерін немесе құдайға құлшылық етуді, діни жоралар мен рәсімдерді орындауды қорлауға, қандай да бір дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейді.
  8. Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы.
  9. Мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдардың жұмыскерлері діни бірлестіктердің мүддесінде қызмет бабын және онымен байланысты мүмкіндіктерін пайдалануға, сондай-ақ өзге тұлғаларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге құқылы емес.
  10. Ешкімнің өз діни нанымдарының себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ.

Діни қызметшілер, миссионерлер, діни бірлестіктердің басшылары немесе қатысушылары (мүшелері) болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары саяси өмiрге Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен бірдей тек өз атынан ғана қатыса алады.

  1. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес мемлекет:

1) Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның дінге және ұстанатын дініне өз көзқарасын айқындауына, балаларды ата-анасының немесе олардың өзге де заңды өкілдерінің өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуіне, мұндай тәрбиелеу баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, оның құқықтарына қысым жасалатын және жауапкершілігін шектейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына, егемендігіне және аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған жағдайларды қоспағанда, араласпайды;

2) діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын орындауды жүктемейді;

3) егер дiни бiрлестiктердiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, дiни бiрлестiктердiң қызметіне араласпайды;

4) дiн ұстанатын және оны ұстанбайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бiрлестiктер арасында өзара төзушілік пен құрметтеу қатынастарын орнатуға жәрдемдеседі, діни радикализмнің көрініс табуына жол бермейді және экстремизмге қарсы іс-қимыл жасайды.

  1. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес діни бірлестіктер:

1) мемлекеттiк органдардың функцияларын орындамайды және олардың қызметіне араласпайды;

2) саяси партиялардың қызметіне қатыспайды, оларға қаржылық қолдау көрсетпейді, саяси қызметпен айналыспайды;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.

  1. Дiни негіздегі партиялардың қызметіне, мақсаттары мен әрекеттері мемлекетте бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен және өзге де құқыққа қарсы әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталған діни бiрлестіктер құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.
  2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне, сондай-ақ олардың діни ілімді таратуына, сол сияқты Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге жол берiлмейдi.
  3. Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен не ерлі-зайыптылардың некесін бұзумен (отбасының бұзылуымен) немесе туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, имандылыққа нұқсан келтірумен, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болумен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықпен ұштасатын діни бірлестіктер қызметіне жол берілмейді.
  4. Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды мәжбүрлеп тартуға, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) діни бірлестіктен шығуына, ұстанатын діннен бас тартуына кедергі келтіруге, оның ішінде материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен бағытталған діни бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді.
  5. Діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларды діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліктен шығаруға мәжбүрлеуге жол берілмейді.
  6. Дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне көрінеу іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге ықпал ететін шешімдерді қабылдауға және әрекеттерді жасауға жол берілмейді.
  7. Діни бірлестіктің басшысы он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағандарды ата-анасының біреуінің, кәмелетке толған жақын туысқанының немесе өзге де заңды өкілдерінің жазбаша келісімінсіз және еріп жүруінсіз, сондай-ақ ата-анасының бірі немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі қарсылық білдірген кезде құдайға құлшылық етуге, діни жораларға, рәсімдерге және (немесе) жиналыстарға қатыстыруға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.
  8. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетел мемлекеттерінде рухани (діни) білім алуына Қазақстан Республикасында жоғарғы рухани (діни) білім алғаннан кейін ғана жол беріледі. Халықаралық шарт (келісім) негізінде, сондай-ақ тіркелген діни бірлестіктердің Қазақстанда рухани (діни) білім беру ұйымдары болмаған жағдайларда шетелде оқып-үйренуге болады.

Рухани (діни) білім беру ұйымдары өз қызметтерін қоғамға білім беру, ғылыми-зерттеу және қаржы қызметі туралы хабардар ете отырып ашық түрде жүзеге асырады,.

  1. Деструктивті діни ағымдарға қатыстылығын көрсететін сыртқы атрибуттарды, киім-кешекті қоғамдық орындарда пайдалану, кию және таратуға жол берілмейді».

3) 4-бапта:

1) тармақша «дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы»деген сөздерден кейін «діни қызмет аясындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

10-2) тармақша келесідей мазмұнда толықтырылсын:

«10-2). жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалау үшін «деструктивті діни ағымдардың жақтаушыларының санының өзгеруі» мақсатты индикаторын есептеу әдістемесін бекітеді»;

11) тармақша «діни мақсатағы» деген сөзден кейін «сонымен қатар үй-жайларды келіседі» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 14) – 15) тармақшалармен толықтырылсын:

«14) деструктивті діни ағымдарға қатыстылығын айқындайтын белгілерді, сыртқы атрибуттарды, киім-кешекті бекітеді;

15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

4) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«5-бап. Жергілікті атқарушы органдардың діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша құзыреті

  1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәлелелері бойынша:

1) өңірдегі діни ахуалға зерделеу және  талдау жүргізеді;

2) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне зерделеу және талдау жүргiзедi;

3) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;

4) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

5) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

6) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

7) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмысын жүргiзедi;

8) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келіседі;

9) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдер қабылдайды;

10) діни бірлестіктерді құру кезінде бастамашы азаматтардың тізімдеріне, сондай-ақ қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде қатысушылардың (мүшелердің) тізімдеріне  тексеру жүргізуді қамтамасыз етедi;

11) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізеді;

12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:

1) өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;

2) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне зерделеу және талдау жүргiзедi.

  1. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың әкiмi:

1) өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;

2) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне зерделеу және талдау жүргiзедi.»;

5) 6-бапта:

1-тармақтың 3) тармақшасы«діни бірлестіктерді тіркеу туралы өтініші» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ діни бірлестіктердің өздерінің филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу туралы өтініші» деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақтағы «дінтану саласында арнайы білімі бар адамдар, қажет болған жағдайда» деген сөздер «діни қызмет саласында арнайы білімі және (немесе) жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар, қажет болған жағдайда уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Дінтану сараптамасының қортындысы негізінде Қазақстан Республикасының аумағында таратылуға ұсынылмаған діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды пайдалануға болмайды және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппенайналымнан алынуға тиіс.»;

6) 7-бапта:

тақырыптың мазмұны мынадай редакцияда жазылсын:

«7-бап. Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Діни бірлестіктер мінажат етуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырады.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Құдайға құлшылық етуді, діни жоралар мен рәсiмдерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен оларды өткізуге уәкілеттік берілген адамдар өткізеді.»;

7) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

«7-1-бап. Діни бірлестіктердің ғибадат үйлеріндегі (ғимараттарындағы), үй-жайларындағы жүріп-тұрудың ішкі тәртібі

  1. Діни бірлестіктер жарғысына сәйкес ғибадат үйлеріндегі (ғимараттарындағы), үй-жайларындағы жүріп-тұрудың ішкі тәртібін әзірлеуге құқылы.
  2. Қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда, діни бірлестіктердің ғибадат үйлеріндегі (ғимараттарындағы), үй-жайларындағы жүріп-тұрудың ішкі тәртібін бұзуға жол берілмейді.»;

8) 8-бапта:

4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) рухани (діни) білімінің бар екендігін растайтын құжатты;»;

5-тармақта:

«қорытындысы негізінде» деген сөздерден кейін «және (немесе) анық емес мәліметтер ұсынған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;

«конституциялық құрылысқа,» деген сөздерден кейін «қоғамдық қауіпсіздікке,» деген сөздермен толықтырылсын;

6-тармақта:

«діни мазмұндағы» деген сөздер «діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 9-бапта:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«9-бап. Діни әдебиет, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар және діни мақсаттағы заттар»;

мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

«6. Ата-анасы немесе кәмелетке толмағандардың өзге де заңды өкілдері тәрбиелеу мақсатында пайдаланатын әдебиет пен материалдарды, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарында ресми білім алатын балаларға таратылатын әдебиет пен материалдарды қоспағанда, он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағандарға діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды таратуға жол берілмейді.»;

10) 10-бапта:

Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«10-бап. Діни бірлестіктердің қайырымдылық және ақпараттық қызметі»;

2-тармақтағы «материалдық тәуелділік (қажеттілік)» деген сөз» «материалдық (қажеттілік) немесе басқалай тәуелділік» деген сөзбен ауыстырылсын.

мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:

  1. Діни ілімді таратуға тіркелген діни бірлестіктердің қатысуымен құрылған бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ғана жол беріледі.
  2. Жеке және заңды тұлғаларға деструктивті діни ағымдар идеологиясын таратуға, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратуға тыйым салынады.»;

11) 12-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың шегінде жұмыс істейтін діни бірлестік жергілікті діни бірлестік деп танылады.

Жергілікті діни бірлестік ортақ діни ілімді ұстанатын, осы жергілікті діни бірлестік жұмыс істейтін аумақ шегінде тұрақты тұратын және тұрғылықты жері бойынша тіркелген Қазақстан Республикасының кемінде елу кәмелетке толған азаматының бастамасы бойынша құрылады.»;

3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Әрқайсысынан Қазақстан Республикасының кемінде екі жүз елу азаматы бар екі және одан көп жергілікті діни бірлестіктің қатысушылары (мүшелері) болып табылатын, Қазақстан Республикасының кемінде бес жүз  азаматының бастамасы бойынша құрылған діни бірлестік өңірлік діни бірлестік деп танылады.»;

13) 13-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

«6. Мыналардіни бірлестік құруға бастамашы, сондай-ақ діни бірлестіктің қатысушысы (мүшесі) бола алмайды:1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстыруға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы № 191-IV Қазақстан Республикасы Заңының12-бабының 4-тармағына сәйкес тізбеге енгізілген адам;

2) соттың заңды күшіне енген шешімімен оның әрекеттерінде экстремистік әрекет белгілері бар деп анықталғанадам;

3) мемлекеттік қызметші.»;

14) 17-бапта:

«дәйексіз мәліметтер» деген сөздерден кейін«оның мақсаты мен міндеті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келсе» деген сөздермен ауыстырылсын;

15) 20-бап мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2-тармақтармен толықтырылсын:

«1-1. Түсетін қаржы қаражаты, қайырмалдық, қайырымдылық көмек және басқа да мүлік, оның ішінде халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардан түсетіндер міндетті түрде діни бірлестіктердің қаржылық құжаттарында есепке алынады.

1-2. осы баптың 1-1. тармағында көрсетілген барлық кіріс көлемі және көздері, сондай-ақ шығыстар көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.».

16) 22-1-бапта:

5 атауы  мынадай мазмұнда толықтырылсын:

«22-1-бап. Діни бірлестіктердің қызметі бойынша бақылауды уәкілетті органмен жүзеге асыру

Осы заңның орындалуын мемлекеттік қадағалау тексеру түрінде жүзеге асырылады.

Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»

  1. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16,90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 12, 87-құжат, № 24, 126-құжат):

1) 5-бапта:

1-тармақта:

28) тармақшадағы «дін істері жөніндегі» деген сөздер «діни қызмет саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

  1. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат;                   № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129,                       131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат):
  • 6-бапта:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) жеке тұлғаларға тергеп-тексерілуі ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған экстремистік және террористік қылмыстарды, сондай-ақ діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға жағдай жасайтын әрекеттерге жол бермеу туралы орындалуы міндетті ресми алдын ала ескетулерді жазбаша нысанда жариялайды;»;

30) тармақша «есепке алынған адамдарды» деген сөздерден кейін«, сондай-ақэкстремистік және террористік қылмыстарды жасауға жағдай жасайтын әрекеттерге қатысты ресми алдын ала ескерту шығарылғанадамдарды» деген сөздермен толықтырылсын.

12.«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»                       2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 22, 1116-құжат;№ 24, 123-құжат;):

  • 13-бапта:

1-тармақтың 7) тармақшасындағы «пайдалануға құқылы емес.» деген сөздер «пайдалануға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) – 10) тармақшалармен толықтырылсын:

«8) діни бірлестіктердің мүддесіндеқызмет бабын және онымен байланысты мүмкіндіктерін пайдалануға;

9) өзге тұлғаларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге;

10) діни бірлестікті құруға бастамашы, сондай-ақ оның қатысушысы (мүшесі) болуға құқылы емес.».

2 бап.

  1. Осы Заң келесілерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi,:

1) 1-баптың 9-тармағының 12) тармақшасының алтыншы абзацы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;

2) 2018 жылғы 1 қыркүйекте күшіне енетін 1-баптың 9-тармағының 2) тармақшасының отызыншы абзацы.

  1. Өңірлік және жергілікті діни бірлестіктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайта тіркеу рәсімінен өтуге міндетті. Сонымен бiрге, тiркеушi органға өңірлік дiни бiрлестiктiң мәртебесiн растайтын құжаттар табыс етiледi.

Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін осы Заңның талаптарына сәйкес құрылтай құжаттарын табыс етпеген заңды тұлғалар астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдарының шағымдары бойынша сот тәртібімен жойылады.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                                    Н.Назарбаев