Хабарландыру

Бақылаулар қызмет көрсету сапасын саралайды

 

Мемлекет өз қызметтерін мемлекеттік органдар, сондай-ақ  жеке және заңды тұлғалар арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету тізіліміне сай көрсетеді. Мақсат та, міндет те біреу – осы қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау, заңды мүдделерін қанағаттандыру және сапалы қызмет көрсету. Сапасы мемлекеттік бақылау арқылы қадағаланады. Дегенмен, бұл жүйе көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нақты деңгейін анықтай алмайды. Сондықтан соңғы жылдарда қоғамдық бақылау жүргізу қолға алынуда.

Осындай мақсаттағы жұмысты бастаған «Жастар зерттеу» қоғамдық бірлестігі былтыр Жамбыл облысының 10 ауданы және Тараз қаласында 1400 астам респонденттен сауалнама алды. Бірінші кезекте бұл ретте қызмет сапасы «Жасырын сатып алушы» әдісінде жүргізілгенін айтуымыз керек. Мемлекеттік қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жасалғанда мемлекеттік қызмет саласында ең жиі кездесетін 74 мәселе қамтылды. Негізінен мемлекеттік қызметтерді ұсыну үшін қолайлы және ыңғайлы жағдай туғызуды көздегендіктен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ғимараттары мен үй-жайларының инфрақұрлымдық қауіпсіздігі бағаланған. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі 3-тен 5-ке дейінгі ұпаймен есептелді. Нәтижесінде респонденттердің 79,6 пайызы қанағаттанарлық  деп баға бергені мәлім болды.

Қоғамдық мониторинг қандай да бір саладағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына азаматтардың қанағаттануы туралы қажетті ақпаратты алуға көмек береді. Бұл ретте «мемлекеттік деңгейдегі халыққа қызмет көрсету рәсімдерін жақсарту бойынша өткізіліп жатқан өзгерістерге азаматтардың сенім білдіре ме?» деген сауалға жауап табу – басты міндет. Бүгінде мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты-өктем көзқарастардан арылту үшін әрі қызметті тиімді және жедел түрде көрсету мақсатында электрондық үкімет құрылды ( www.e.gov.kz).

Осыған дейін әрбір мемлекеттік орган өз бетінше «оқшау өмір сүріп», басқаларымен байланысқа түсе қоймайтын. Ал азаматтарға алуан түрлі анықтама, растама секілді өзге де қағаздарды жинау үшін толып жатқан инстанциялардан өтуіне тура келетін. Қысқасы бір ғана қызмет түрін пайдалану үшін толып жатқан мекемелер табалдырығын тоздыруға мәжбүр болатын. Енді электрондық үкімет жобаларының арқасында ол заман келмеске кетті.

Электронды үкімет арқылы лицензияны рәсімдеуге ЖСН ғана керек (басқа ақпараттың бәрі дағдылы сұранымдар арқылы алынады). Сондай-ақ коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге, бизнесіңізді өз бетіңізше тіркеуге, немесе электронды үкімет порталында небәрі 10-15 минут ішінде анықтама алуға, кез келген уақытта балабақшаға кезегінің қалай жылжығанын көруге, мекен-жай анықтамасын ұялы телефоннан алдыртуға болады. Порталда экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және қызметтің өзге де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімде 2000 астам ақпараттық қызмет көрсетіледі.

Мәселен биыл бірінші тоқсанда мемлекеттік қызметтердің жалпы пайыздық көрсеткішінің  56,2 пайызы электронды түрде көрсетілген. Атап айтсақ, мемлекеттік корпорация арқылы – 27,4, қағаз түрінде – 10,6,  ал  «электрондық үкімет» веб-порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде – 5,8  пайызды құрап отыр. Десек те өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда электронды көрсетілген қызметтердің 33,5 пайызға өскені байқалады.

 

Мақсұт Нәлібаев,

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы   іс- қимыл агенттігінің

Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы

 

 

 

Басылымдарда жариялау үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

 ұлттық баяндаманың мәтіні

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

ұлттық баяндама

Тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бастау алған Қазақстанның қазіргі заманауи тарихында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевпен жарияланған жемқорлықпен табанды және ымырасыздық күрес бағыты республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мағынасын қалып- тастырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл саясатының базалық бағыттары Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген сыбайлас жемқорлықты іріктеу міндеттерін іске асыру арқылы нақты белгіленген. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін азайтудың мақсатты нұсқамаларына қол жеткізу алгоритмі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлаудың көп деңгейлі жүйесінде бүгінгі күні басты бағдарламалық құжат болып табылатын Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрсетілген.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүйелі және бірізді іске асыру ұлттық тәжірибе ауқымы мен озық халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді тартуды ескерумен өзін-өзі жетілдіру режимінде тұрақты тұрған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бірегей үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңін іске асыру табысты аяқталды, бұл оны орындаудың алғашқы нәтижелерін ұғыну қажеттілігін өзектендіреді. 2015 жылғы 18 қарашада бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптары тұрақты әзірлеуге негіз болған осы жыл сайынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамада өзінің көрінісін тапты.

Ұлттық баяндаманың мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша практикалық іс-шараларды әзірлеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдірумен Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және оның таралуының жай-күйі мен үрдісіне объективтік талдау болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес Ұлттық баяндама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жұмысының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басқа да субъектілері (мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің) қызметінің нәтижелері негізінде қалыптастырылады.

Осы жылы алғашқы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық актінің – посткеңестік кеңістікте теңдесі жоқ Заңның қабылданғанына 20 жыл толып отыр. Бұл оқиға, сонымен қатар, Қазақстанның жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жүзеге асырылуының алғашқы қорытындылары Ұлттық баяндамада көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа модель мемлекеттік қызметті жаңғырту арқылы мемлекеттік биліктің барлық тармақтарын жүйелі реформалауға, құқық қорғау және сот жүйелері заңның үстемділігі, ашықтық пен есептілік, тұтынушыға бағдарлану принциптеріне бағытталған.

Бұған бір қатар әр қайсысының орындары жемқорлықты төмендетуге бағытталған заңдардың қабылдануы себеп болды («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ақпараттарға қол жеткізу туралы»).

Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық және ұлттық деңгейлерде таралуының үрдістері мен жағдайының сараптамасы осы Баяндамада қарастырылған.Биылғы жылы, сыбайлас жемқорлықты қабылдау рейтингісінде Қазақстан 31 ұпайға иеленіп, көрсеткішті 2 ұпайға және 9 позицияға жақсартып 122 орынға шыққанын айта кеткен жөн. Бұл бағалар еліміздің Трансперенси Интернешнл (1999 жылы – 23 ұпай) рейтингісіне енгізілген сәтінен бастап берілген жоғары баға болып табылады.

Осындай нәтижелерге қолжеткізу, атап айтқанда, 30 ұпай шектік мәнді асыру, сыбайлас жемқорлыққа аса бейім елдерінің санатынан шығуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар Баяндамада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданған шаралар ұсынылған.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар орындалуының анағұрлым маңызды нәтижелері ретінде мемлекет пен салық төлеушінің арасындағы қатынастың ырықтандырылуын, жоспардан тыс тексерістерді өткізу үшін негіздер санының 62%-ға төмендеуін ( 32-ден 12-ге дейін), ауыл шаруашылығы саласындағы субсидияларды беру бойынша бірқатар процесстердің авотматтандырылуын, сонымен қатар дәрі-дәрмектер пен медициналық құрал-жабдықтардың сатылай электрондық сатып алуларға көшірілуін және т.б. атап өтуге болады.

Азаматтық қоғамның мемлекеттік саясатқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысу, қоғамдық сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету мәселелері де Баяндамада көрсетілген.

Мәселен, Агенттікпен ЖОО қауымдастығымен, орта және арнайы орта оқу орындарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Кәсіподақ федерациясымен, дін конфессияларымен серіктестік қарым-қатынастар орнатылған, көптеген бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Азаматтық қоғамның белсенді өкілдерінің қатарынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша арнайы мониторингтік топтар құрылған.

2018 жылдың 3 сәуірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама Елбасымен ұйғарылды. Оның толық нұсқасымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында  танысуға болады (http://kyzmet.gov.kz/ru/pages/nacionalnyy-doklad-o-protivodeystvii-korrupcii) .

 

 

Талас ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуы туралы 2016 жылғы есебі

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша аудан әкімдігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп, бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында, Талас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі №434 қаулысымен Талас  ауданында 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізінде Талас ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Талас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 335 қаулысымен аудандық комиссияның құрамы белгіленіп, аудандық Мәслихаттың сессиясында қаралып, шешім қабылданды. Есепті мерзім ішінде аталмыш комиссияның 3 отырысы (2015 жылы- 4 отырысы) өткізілді.

2016 жылы барлығы- 1011, оның ішінде:  заңды тұлғалардан-588, жеке тұлғалардан-423 өтініш түсті, ал жеке қабылдауларда-51 азамат болды. Келіп түскен өтініштер уақытылы қаралып, жазбаша жауаптары берілді. Осы түскен өтініштердің мүмкіндігіне қарай түгелге жуығы қанағаттандырылды. Сонымен қатар, аудан әкімі айына бір рет аудан тұрғындарын жеке сұрақтармен тұрақты қабылдау жүргізеді. Қабылдау күнінің уақыты және күні аудан тұрғындарын алдын ала хабардар ету үшін аудандық «Талас тынысы» газетінде тұрақты жарияланды.

Есепті мерзімінде ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Жастар жемқорлыққа қарсы», «Жемқорлық жегі құрт», «Жемқорлыққа жол жоқ», «Жемқорлықсыз болашаққа», «Жастар жемқорлыққа қарсы күресті қолдайды» тақырыптарында 6 рет «дөңгелек үстел» отырысы, 1 пікір сайыс көрмесі, 1 дәріс, 3 әңгіме, 2 кездесу, 4 семинар ұйымдастырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар туралы аудандық «Талас тынысы» газетінде аудан тұрғындарына кеңінен насихатталды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан әзірленген «1424-бірыңғай байланыс орталығы» телефоны туралы халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында аудан көлеміндегі мекемелерде арнайы плакаттар ілінген. Сондай-ақ қала және ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ілінген үгіт насихат құралдары (билборд) саны -15 (2015 жылы – 5 билборд).

Аудандық «Талас тынысы» газетінде арнайы айдарлар (Жемқорлық-індет, жою міндет және т.б.) ашылып, тұрақты түрде мақалалар жариялануда. Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу бойынша ауданда атқарылып отырған жұмыстарға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында аудандық «Талас тынысы» газетіндегі тұрақты айдарда 33 мақала жарық көрді.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап 49 қызметкер мемлекеттік әкімшілік қызметтен босатылды, оның ішінде 15-і өз қалауы бойынша, 19-ы басқа мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты, 5-і Жамбыл облысы бойынша Әдеп Кеңесінің шешіміне сәйкес, 1-і сот үкіміне сәйкес, 9-і зейнет жасына жетуіне байланысты.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабының 1 тармақшасына сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен беріледі.

2016 жылдың 28 қыркүйек айында Қаратау қаласы бойынша,  мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға 1365 мұқтаж азаматтар тіркелген.

Талас ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілген. Жоспарда мекеменің сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» арнайы айдарын ашып (сайттары бар мекемелер жаңалау), сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттарды (Стратегия, жаңадан қабылданған ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының мәтіні, осы бағытта өткізілген іс-шаралар туралы мәліметтер) орналастыру, мемлекеттік орган ғимаратында арнайы арыз-шағымдар жәшігін, азаматтарды қабылдау кестесін, сенім телефоны туралы ақпараттық стенд орналастыру, мемлекеттік орган басшысы тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде телевидение және радиобағдарламалар арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мақалалар, сұхбаттар жариялау, мемлекеттік орган қызметкерлері тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мақалалар жариялау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мекеме қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Жемқорлық індет – жою міндет» тақырыптарында құқықтық оқытулар («дөңгелек үстел» отырысы, семинар, дәріс, кездесулер және т.б.) ұйымдастыру, 9 желтоқсан- Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай арнайы іс-шара ұйымдастыру сияқты іс-шаралар қарастырылған. Жоспардағы мәселелер комиссия отырысында қарастырылды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2016 жылдың 12 айында 4 мемлекеттік қызметшіге қатысты 2 қылмыстық іс қозғалды.