Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың оң нәтижесі

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың оң нәтижесі

Сыбайлас жемқорлық – әлемніңбарлық елдерінде таралған жаһандық қоғамның өткір проблемасы болып табылады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік дамудың алғашқы кезеңдерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске аса маңызды мән беріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асырып келеді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындау тәжірибесін өз бойына сіңірген, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды.

Бүгінгі таңда Стратегияның орындалуын іске асыру жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 1-ші кезеңі толық орындалды.

Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Аталған мақсаттарға қол жеткізудің нысаналы индикаторының бірі – елдің халықаралық қоғамдастықтағы беделін арттыру және тиісті халықаралық рейтингтерді, оның ішінде «Transparency International» «сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі» Қазақстанның рейтингін жақсартудеп көзделген.

«Transparency International» халықаралық рейтингтік ұйыммен жыл сайын жасалатын «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі» көрсеткіші, әлемдегі  сыбайлас жемқорлықтың таралу деңгейін зерттеу саласындағы ең беделді бағалау жүйесі болып табылады.

Өз кезегінде, 2018 жылғы 22 ақпанда Трансперенси Интернешнл халықаралық рейтингтік ұйыммен жасалған «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі» бойынша 2017 жылғы ресми көрсеткіштері жарияланды.

Рейтинг көрсеткіштеріне сәйкес, Қазақстан 31 ұпай жинап әлемнің 180 елдерінің арасында 122 орынды иеленді (2016 жылмен салыстырғанда көрсеткіштер 2 ұпайға және 9 позицияға жақсарды).

Рейтинг сарапшыларының пікірі бойынша, бұл ең алдымен жаңадан қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, қоғамдық бақылау институт енгізумен, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жүйелі және дәйекті түрде жою жұмыстары, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдірумен байланысты деп көрсетті.

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

 Жамбыл облысы бойынша департаментінің

сыбайлас жемқорлық профилактикасы

басқармасының басшысы Д.Омаров