Талас ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша аудан әкімдігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп, бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында, Талас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі №434 қаулысымен Талас  ауданында 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының негізінде Талас ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Талас ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 335 қаулысымен аудандық комиссияның құрамы белгіленіп, аудандық Мәслихаттың сессиясында қаралып, шешім қабылданды.

2016 жылы барлығы- 1011, оның ішінде:  заңды тұлғалардан-588, жеке тұлғалардан-423 өтініш түсті, ал жеке қабылдауларда-51 азамат болды. Келіп түскен өтініштер уақытылы қаралып, жазбаша жауаптары берілді. Осы түскен өтініштердің мүмкіндігіне қарай түгелге жуығы қанағаттандырылды. Сонымен қатар, аудан әкімі айына бір рет аудан тұрғындарын жеке сұрақтармен тұрақты қабылдау жүргізеді. Қабылдау күнінің уақыты және күні аудан тұрғындарын алдын ала хабардар ету үшін аудандық «Талас тынысы» газетінде тұрақты жариялануда.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан әзірленген «1424-бірыңғай байланыс орталығы» телефоны туралы халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында аудан көлеміндегі мекемелерде арнайы плакаттар ілінген. Сондай-ақ қала және ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ілінген үгіт насихат құралдары (билборд) саны -15 (2015 жылы – 5 билборд).

Ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы шараларды ұйымдастыру жөнінде мемлекеттік және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде, кәсіпорындар мен ұйымдарда 6 рет «дөңгелек үстел» отырысы, 1 пікір сайыс көрмесі, 1 дәріс, 3 әңгіме, 2 кездесу, 4 семинар өткізілді. Жоғарыдағы мекемелерде жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар туралы аудандық «Талас тынысы» газетінде аудан тұрғындарына кеңінен насихатталып отыр.

Сонымен қатар «Нұр Отан»  партиясы Талас аудандық филиалы «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп жоғарғы және арнаулы кәсіптік оқу орындарында «Таза сессия» акциясы, «Жемқорлықтың шығу себептері және оның алдын алу» тақырыптарында 13 кездесулер өткізілді. Аудандық музейде 1 кездесу өткізілді. Жалпы аудан бойынша өткізілген іс-шаралар мен кездесулер саны – 23,  қатысушылар саны – 685.

Аудандық «Талас тынысы» газетінде арнайы айдарлар (Жемқорлық-індет, жою міндет және т.б.) ашылып, тұрақты түрде мақалалар жариялануда. Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу бойынша ауданда атқарылып отырған жұмыстарға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында аудандық «Талас тынысы» газетіндегі тұрақты айдарда 14 мақала жарық көрді.

Талас ауданы әкімі аппаратында, аудан әкімдігінің бөлімдерінде, Қаратау қаласы мен ауылдық округі әкімі аппараттарында мемлекеттік әкімшілік қызметшілер саны барлығы – 175. Бүгінгі күнгі нақты жұмыс атқарып отырған қызметшілер саны – 165. Қазіргі таңда аудан бойынша 10 бос мемлекеттік әкімшілік лауазым бар, оның ішінде – 1-і бөлім басшысы, 1-і сектор меңгерушісі, 1-і Қаратау қаласының әкімі, 7-і бөлімдердегі және ауылдық округ әкімі аппараттарындағы бас және жетекші мамандар .

2016 жылдың қаңтар айынан бастап 49 қызметкер мемлекеттік әкімшілік қызметтен босатылды, оның ішінде 15-і өз қалауы бойынша, 19-ы басқа мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты, 5-і Жамбыл облысы бойынша Әдеп Кеңесінің шешіміне сәйкес, 1-і сот үкіміне сәйкес, 9-і зейнет жасына жетуіне байланысты.

2017 жылдың қаңтар айында жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Аттестациядан өту жағдайы бойынша: ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер аттестациялануға тиіс. Қазіргі таңда барлық мемлекеттік қызметшілердің тізімдері жасақталып, оның ішінде аттестациялануға жатпайтын мемлекеттік қызметшілер анықталуда. Қызметшілерді тестілеу кезеңі сәуір айына, ал әңгімелесу кезеңі мамыр айына бекітілген.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2015 жылдың есепті мерзімінде 3 мемлекеттік қызметкерлерге қарсы 5 сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істер тіркелсе, 2016 жылдың 12 айында 4 мемлекеттік қызметшіге қатысты 2 қылмыстық іс қозғал