Жамбыл облысы Талас ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа

қарсы стандарты

1.Жалпы ережелер

 

  1. Жамбыл облысы Талас ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі болып табылатын әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруға, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт-бағдарлар жүйесін құру арқылы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге қол жеткізуге бағытталған.
  2. Осы Жамбыл облысы Талас ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (әрі қарай – Стандарт) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес әзірленген және ұсынымдық сипатта болады.
  3. Осы Стандартты әзірлеуші орган – Талас ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімшесі.
  4. Осы Стандартта мынадай түсініктер пайдаланылған:
  • әзірлеуші орган – Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерді әзірлейтін мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар;
  • лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнаулы уәкiлеттiк бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдық-өкімдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;
  • мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін;
  • сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;
  • нормативтiк құқықтық акт – республикалық референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган қабылдаған, құқық нормаларын белгiлейтiн, өзгертетiн, толықтыратын, олардың қолданысын тоқтататын немесе тоқтата тұратын, белгiленген нысандағы, қағаз жеткізгіштегі жазбаша ресми құжат және сонымен бірдей электрондық құжат.
  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу белгілі бір тұрмыс тіршіліктің саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған жүйелі ұсынымдарды белгілеу мақсаты болып табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу міндеттері:
  • қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін тұлғаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыру.
  • сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың тигізетін теріс әсерлерін алдын алу болып табылады.
  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың мақсаттары:
  • заңдылық;
  • ашықтық;
  • әдептілік;
  • жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін және құқықтарының сақталуын және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
  • мүдделер қақтығысына жол бермеу.
  1. Осы Стандарт сыбайлас жемқорлық қарсы мінез-құлықты сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін тұлғаларға арналған ұсынымдарды анықтайды.
  2. Осы Стандарттың негізінде лауазымдық міндеттерді атқару барысында, атап айтқанда:
  • осы Стандартқа тиісті саладағы жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін және құқықтарын жүзеге асырғанда;
  • өзінің өкілеттілігі шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді қабылдағанда және дайындағанда;
  • тыныс-тіршілік саласының ерекшелігіне қарай басқа да қоғамдық маңызды қатынастарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге бағытталған нақты іс-әрекеттер қарастырылған.

 

 

 

  1. Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін тұлғалардың мінез-құлық (әрекеттері) стандарты (ұсынымдар).

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
  • Қазақстан Республикасының Конституциясын және Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуын;
  • Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауын;
  • адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуын;
  • жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуін;
  • өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануын;
  • жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауын;
  • шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауын;
  • жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуін;
  • мемлекеттік органда еңбек заңнамасының және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының жүзеге асырылуын, еңбек шарттары мен режимдерінің, мемлекеттік қызметке кiргенiне байланысты шектеулердiң сақталуын қамтамасыз ету.
  1. Мемлекеттік қызметті және басқа да рұқсат ету функцияларын жүзеге асыру кезінде:
  • мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға;
  • көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;
  • мемлекеттік қызметті және басқа да рұқсат ету функцияларын көрсету барысында тиісті емес құжаттарды талап етуге жол бермеу, сондай-ақ төрешілдік пен сөзбұйдаға салуға жол бермеу;
  • сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылығын жасауға мәжбүрлеуді басшыларға баяндау;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіруді, мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділікті қамтамасыз ету.
  1. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтерді сатып алумен байланысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында:
  • мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау;
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңыңда көзделгеннен басқа жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
  • мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету;
  • сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;
  • атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген жағдайда әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ретінде қатысуына жол бермеу;
  1. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:

1) туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке мүддесі болған кезде, қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі жеке қызығушылығы туралы, сыбайлас жемқорлық жүріс-тұрысқа және сыйлықтар алуға бейімділігі туралы өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен тікелей басшысына не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына баяндауы;

2) маңызды қызметтік шешім қабылдауға ықпал етуі мүмкін өзара қарым-қатынастардың белгіленген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштермен әріптестері мен басшыларына жүгінуден аулақ жүруі;

3) басқа да адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға бейімдемеуі және мұндай іс-әрекеттерді көтермелемеуі;

4) әріптестеріне, басшылары мен өзге де лауазымды адамдарға сыйлықтар бермеуі;

5) қызметтік өкілеттіктерді орындаумен байланысты сыйлықтар алмауы;

6) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен басымдықтарды алу мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбауы;

7) егер жақын туысқандық және отбасылық қарым-қатынастардағы адамдар (әке-шешелері, жұбайылары, аға-інілері, апа-сіңлілері, балалары) тікелей қарамағында немесе бақылауында болса, оларды лауазымға тағайындаудан бас тартуы;

8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік танытуы;

9) сыбайлас жемқорлықтың белгілі болған фактілері, оның ішінде материалдарды тездетіп қарағаны үшін қандай да бір пайда алуға бейімділігі не болмаса әуре-сарсаңға салу туралы басшылыққа дереу баяндауы;

10) орындау үшін алған өкімнің заңдылығына күдіктілігі туралы тура немесе тікелей басшысына дереу жазбаша түрде хабарлауы;

11) егер тікелей басшысының өзі мүдделер жанжалына тартылған болса, жоғары тұрған басшылыққа жүгінуі;

12) жоғары құқықтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ұстануы және әріптестерінен талап етуі;

13) туындауы мүмкін мүдделер жанжалының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың және олардың салдарларының себептері мен жағдайларын жою жөніндегі шараларды ұдайы негізде қабылдауы;

14) кірістер алумен байланысты кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметті жүзеге асыруда біреуге көмек көрсетуден бас тартуды ұстануы;

15) үшінші адамдардың мүдделерін білдіруден немесе қамқорлық жасаудан, сондай-ақ олардың атынан іс-әрекеттер жасаудан аулақ жүруі;

16) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуды жүзеге асырмауы тиіс.

  1. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде:

1) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің  оларды қолданудың міндетті шарты негізінде ресми жариялауды қамтамасыз ету.

2) құқықтық актілер мониторингісін жүргізуін үйлестіруді және тұрақты түрде тиісті есептерді дайындауды қамтамасыз ету;

3) нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобалары мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына көпшілік талқылауы үшін орналастыру;

4) мазмұнында сыбайлас жемқорлықтың көріністері бар нормаларды нормативтік құқықтық актілерде қолданбау;

5) қазақ және орыс тілдеріндегі нормативтік құқықтық актілердің мәтіндері теңтүпнұсқалы болуға тиіс.

  1. Қызметшілерді/жұмысшыларды іріктеу және орналастыру бойынша кадрлық жұмысты ұйымдастыру кезіндегі ұсынымдар:

1) тағайындау кезінде материалдарды қарау үшін белгіленген мерзімін сақтау;

2) жергілікті атқару органдарынға қызметке/жұмысқа қабылдау кезінде лауазымдық тұлғаларға жүктелген негізгі міндеттерді, шектеулер мен талаптарды түсіндіру;

3) кадрларды іріктеу кезінде заңнама талаптарын сақтау;

4) мемлекеттік қызметшілердің жеке деректері туралы ақпараттың негізсіз таралуына жол бермеу;

5) қызметке/жұмысқа тұрушы үміткерлерден еңбек шартын жасауға қатысы жоқ құжаттарды талап етпеу;

6) жергілікті атқару органының қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеруді әділ және жан-жақты жүргізу.

  1. Тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:

1) бағынышты лауазымдық тұлғалардан қызметтік өкілеттілігінің міндеттері мен көлемін нақты және анық белгілеу;

2) бағынышты лауазымдық тұлғалардың арасында еңбек жүктемесін біркелкі емес бөлуіне жол бермеу;

3) бағынышты лауазымдық тұлғалардың жұмысының нәтижесін, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділ және дұрыс бағалауы;

4) бағынышты жұмысшаларға қатысты негізсіз айыптауға, дөрекілікке, абыройына нұқсан келтіруге, әдепсіздікке жол бермеуі;

5) лауазымдық міндеттеріне жатпайтын және заңнама талаптарынан тыс бұйрық бермеуі;

6) қызмет бабын пайдаланбауы;

7) бағынышты лауазымдық тұлғаларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға мәжбүрлемеуі;

8) мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу бойынша дер кезінде шаралар қабылдауы;

9) материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, сондай-ақ өзге де мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдаланбауы тиіс.