Казақстандағы экстремизм мен терроризм

Қазіргі таңда экстремизм мен терроризм әлемдегі қауіпті мәселелердің бірі болып табылады. Экстремизм — бұл өзге көзқарасты, әсіресе шараны ұстану. Осындай шаралардың ішіне тәртіпсіздіктерді насихаттау, азаматтық бағынбаушылықтар, террори¬сттік акциялар, методы партизандық соғыс әдістерін жатқызуға болады. Ал «діни» қосымшасы қандай да бір дінге сену дегенді аңғартады.
Терроризм  – Ел ішінде үрей және дүрбелең тудыру мақсатында бір немесе бірнеше адамдар тарапынан жеке адам және қоғам тәртібін, тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзатын іс-әрекеттер мен іс-шараларды ұйымдастыру. Көбіне көп кездесетін терроризм түрлері: саяси, ұлттық және діни терроризм. Ұйымдастырушылар терактты азаматтық және өзге де құқықтарын қорғауда «жалғыз ғана мүмкін, неғұрлым іс-әрекетті»  етіп көрсетеді. Оның негізгі мақсаты билікке және де нақты саяси көшбасшыларға өздерінің жүргізіп отырған саясатын өзгерту мақсатымен тікелей қысым қою.
Қазіргі уақытта террористтер қатарына рухы әлі де қалыптаспаған қоғамымыздың жас буындары қосылуда. Өздерінің жастығының күшімен, алған тәрбиесі мен ортасында өзінің көзқарасы қалыптаспаған жастар экстремистер қолындағы «соқыр қаруға» айналады, оның айналасында зорлық көбейіп, адам өмірі бағасын жоғалтады, ашушаңдық, қатігездік, ұлт арасы мен әлеуметтік топтар арасында өшпенділік пайда болады.
Өткен өмірлерімен байланысты нәрсенің бәрінен теріс айналып олардың пікірінше әділетті көзқарастарды ұстана бастайды, тіпті өздері террористтік және экстремисттік шонжарлар қолындағы қурышаққа айналатынын байқамай да қалады.
Заманауи терроризм қажетті құрылғылар мен қарулары бар мықты құрылымнан құралады. Мәселен, Сирия, Ирак, заманауи терроризм демеушілер мен донорлар көмегімен диверсионды-террористтік соғыс жүргізе алады деп көрсетеді, әскери қақтығыстарға қатысады.
Сонымен қатар, терроризм ғаламдық масштабта табысты бизнеске айналды. Осы салада дамыған «еңбек нарығы» пайда болып, оған кәсіби жалданушылар капитал салу тиімді деп ұғынады (қару жеткізу, есірткі саудасы, т.б.).
Қазіргі таңда террористтік ұйымдардың белсенді қызметі арқылы әлемдік нарыққа өте көп көлемді, миллиард доллар тұратын есірткі заттары өтетін арналар анықталып отыр. Әлемдік қару мен әскери техника экспортының оныншы бөлігі, тіпті одан да көп бөлігі  террористтік ұйымдарға тән.
Әлемдегі әлеуметтік-экономикалық қарама-қайшылықтар, дамыған және қалып бара жатқан елдер арасындағы қарама-қарсылық  жағдайды нашарлатады.
Егер терроризмді субъективті жағынан сипаттасақ, ол тікелей оймен іске асатын  ойдан шығарылған қылмыс болып табылады.
Әлемдік қылмыстардан тұратын терроризм актілері  халықаралық құқықтық тәртіпке орасан зор шығын келтіреді. Бұл жағдай бірнеше мемлекеттің, тіпті барлық әлемнің кең көлемде күштерін салуды қажет етеді. Қазіргі таңдағы халықаралық құқық универсалды және діни сипаттағы бірнеше конвенцияларды қарастырып шығарды,  осының негізінде құқықтық реттеу ретінде мемлекеттердің халықаралық терроризммен күресін алға қояды.
Терроризм әрбір елдің ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор қауіп төндіріп отыр.

Террористтік қауіппен күресудің бірден бір шарты келіспеушілік, нақтылық және терроризм қауіпіне қатаң жауап қайтаруда.
Қазақстанда қоғамның және мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар жүйесі бірте-бірте қалыптасып келеді,  нәтижесінде террористтік ұйымдарды анықтау мен жолын кесуде біршама тәжірибе жиналды.  Елімідің соңғы жылдарында терроризм мен экстремизмнің жолын кесуге заңнама шығарып, ұйымдасқан база жандандыру арқылы нақты жұмыстар атқарылуда.  1999 жылдың шілде айында Қазақстанда «Терроризммен күрес туралы» Заң қабылданып, мемлекетте терроризммен күрестің құқықтық, ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдар қызметінің тәртібін, сондай-ақ терроризммен күресті жүзеге асыруда азаматтардың құқығы мен кепілдігін айқындап берді.
Қазіргі уақытта еліміздің көшбасшысы Нурсултан Назарбаев   Қазақстан Республикасында 2013 – 2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-әрекет бойынша мемлекеттік бағдарламаны бекітті. Қазақстан Республикасының қауіпсіздік кеңесі Секретариаты аталған нұсқауға төмендегідей пікір білдірді: «Мемлекеттік бағдарлама Елбасының 14 желтоқсан 2012 жылғы  «Қазақстан-2050 стратегиясы» Халық жолдауында айтылған нұсқауы бойынша жасалды: дамыған мемлекеттің жаңа саяси  курсы ».
Бағдарламаның басты мақсаты – діни экстремизм жайылуы мен терроризм қаупін тоқтату арқылы азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
«Сонымен қоса, бағдарламада қоғамды мақсатты топтар арасында алдын-алу жұмыстары мен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жаңартуға араластыруға көп көңіл бөлінеді.
Бағдарламамен қарастырылған алдын-алу шаралары алғашқы рет жүзеге асуда, ел тұрғындарының белсенді азаматтық ұстанымына есептелген, бұл қоғамдағы толерантты діни көзқарастар мен радикалды ұстанымға деген иммунитетті бекітеді.
Қорыта келгенде, мемлекеттік бағдарлама діни терроризм мен экстремизмге қарсы жалпымемлекеттік жүйені берік ұстануға мүмкіндік береді”.
Облыс соттарының жаза тағайындау тәжірибесін ескере, орташа жаза шарасы 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды құрайды. Сонымен қоса, Қазақстан Республикасының заңнамасымен басқа қылмыс жасағанға қарағанда жаза өтеу мерзімі мен бостандыққа шығу барысында қатаң мерзімдер қарастырылған. Қылмыстық топ құрамымен және террори¬сттік немесе экстремисттік қылмыс жасап, адам өліміне әкеліп соқтырған, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін ҚР ҚК 73 бабымен қарастырылған жаза бөлігін ауыстыру шарасы қолданылмайды.  Сондай-ақ ҚР ҚК 73 бабына сай адам өліміне әкелген, аса ауыр қылмыс жасаған террори¬сттік немесе экстремисттік қылмыс жасағаны үшін мерзімінен шартты түрде босату шарасы да қолданылмайды. А в отношении осужденных за террори¬сттік немес экстремисттік қылмыс жасаған сотталғандарға қатысты, егер адам өліміне әкеліп соқтырмай, аса ауыр қылмыс жасамаған болса, мерзімінен шартты түрде босату шарасы тұлға террори¬сттік немес экстремисттік қылмысты ашуға, жолын-кесуге, тергеуге, террори¬сттік немес экстремисттік топ қатысушыларын ұстауға белсенділік танытқан жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.

Әкімнің бас инспекторы
Ж.Т.Туленбаев