Дадабаев Серік Ералыұлы

Дадабаев Серік Ералыұлы 1962 жылы 22 мамыр Жамбыл облысы, Талас ауданы, Майтөбе ауылында дүниеге келген. 1969 – 1979 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде білім алған. 1979 – 1984 жылдары В.И.Ленин атындағы политехникалық институтында құрылыс инженері мамандығы бойынша оқыған.

02.06.1984 жылы Талас ауданы, Ойық совхозында жұмысшы, 01.02.1985 жылы құрылыс шебері, 01.02.1992 – 05.01.1995 жылдары «Силикат» жеке кәсіпорын директоры болған.

17.01.1995 – 16.06.1997 жылдары Талас ауданы әкімінің бас сәулетшісі қызметін атқарды.

20.06.1997 – 28.12.1999 жылдары «Серік» жеке кәсіпорын директоры.

10.02.2000 жылы – Сарысу ауданы әкімі аппаратының әскери жұмылдыру және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы.

03.07.2000 жылы – Сарысу ауданы әкімі аппаратының кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі.

11.09.2000 – 03.05.2001 ж.ж. – Сарысу ауданы әкімі аппаратының жетекшісі.

02.05.2001 – 6.05.2005 ж.ж. – Жаңатас қаласының әкімі.

06.05.2005 – 05.05.2008 ж.ж. – Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылының әкімі.

05.05.2008 жылдан бастап Талас ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.

Отбасылы, 4 ұл-қыз тәрбиелеп отыр.