Садубаев Кәдірбек Рысқұлбекұлы

Садубаев Кәдірбек Рысқұлбекұлы 21 маусым 1961 жылы Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Көлөзен ауылында дүниеге келген.

1968 – 1976 жылдары А.Сухамбаев атындағы 8 жылдық мектепте білім алған. 1977 – 1978 жылдары аудан орталығындағы Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінде орта білім алған. 1978 жылы орта білім туралы аттестат алып, өзінің туған ауылы А.Суханбаев атындағы колхозға колхозшы болып жұмысқа қабылданады. 1979 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтына түсіп, астықты сақтау және өңдеу технологиясы бойынша инженер-технолог мамандығын, 2014 жылы Жамбыл гуманитарлық -техникалық университетін қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша диплом алды. 1984 жылы жоғары білім туралы диплом алды.

08.02.1994 – 06.08.1996 жылдары Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Қарасу ауылдық әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған.

06.08.1996 жылы – Қарасу ауылдық әкімшілігінің әкімі.

1997 жылы – Түймекент ауылдық округінің орынбасары.

30.03.1998 жылы – Байзақ ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

1999 жылы «Энергосбыт» ЖШС-нің директорының орынбасары, аудан әкімі аппаратының бас маманы, тіл басқармасының бастығы лауазымдарын атқарды.

2004 жылы Байзақ ауданы әкімінің ішкі саясат басқармасы бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.

2008 – 2012 ж.ж. – Байзақ ауданы әкімінің орынбасары.

2012 – 2013 ж.ж. – Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінде сарапшы.

2013 жылы – «ҚазТрансГаз» АҚ жұмыскерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің менеджер- корпоративті газетінің бас редакторы.

03.03.2014 – 19.06.2014 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы газ саласындағы қызметкерлерінің кәсіптік одақтық бірлестігі» ЗТБ мәдени-жаппай спорт жұмыстары және көпшілікпен байланыс бойынша бас менеджері қызметіне сайланды.

Отбасылы, 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеуде.