Аудан әкімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алиев Досмаханбет Қасымұлы 1966 жылы қаңтар айының 4 жұлдызында Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген.

1989 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының «Ауылшаруашылық құрылысы» факультетін бітіріп, инженер-құрылысшы мамандығын және 2007 жылы «Әулие-Ата» университетінің «Заңтану» факультетін бітірген.

1989 жылы институтты бітіргеннен кейін жолдамамен Семей зооветериналдық институтында құрылысты пайдалану саласындағы инженер, прораб және күрделі құрылыс жөніндегі проректордың міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.

1992-1994 жылдар аралығында Жамбыл қалалық өнеркәсіп комбинатында құрылыс мастері болып еңбек етті.

1994-1996 жылдары Жамбыл облыстық сәулет, қала құрылысы қызметін лицензиялау басқармасында жетекші маман.

1996 -2002 жылдары Жамбыл аумақтық мемлекеттік лицензиялау орталығында бас маман, орталық директорының міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.

2002-2005 жылдары Аумақтық сәулет, құрылыс бақылауы, тексеру және лицензиялау жөніндегі Жамбыл облыстық басқарма бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2005 жылдың қаңтар айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті директорының орынбасары, 2006 жылы наурыз айында Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшы орынбасары лауазымына ауысты.

2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2013 жылдың қараша айымен 2015 жылдың қаңтар айы аралығында Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің басшысы қызметін атқарды.