2018 жылдың қаңтар-наурыз айларына атқарылған жұмыстары туралы

Талас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі 2018 жылдың

қаңтар-наурыз айларына атқарылған жұмыстары туралы

АНЫҚТАМА

 

Кәсіпкерлік бойынша:

2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен ауданда 2152  субъектісі тіркелген (2017 жылы 2069), олардың 124 шағын кәсіпорын, (2017 жылы 100) және 2028 жеке кәсіпкер (2017 жылы 1971)  оның ішінде 773 шаруа қожалықтар (2017 жылы 736). Осы тіркелген субъектілердің 1816-і немесе 84,4 пайызы жұмыс істейді.

Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында 5200 адам жұмыспен қамтылған (2017 жылы 5169 адам ), оның ішінде 1283 адам шағын кәсіпорындарда, 3917 адам жеке кәсіпкерлікте (1085 адам шаруа қожалығында)  жұмыс істейді.

            Өнеркәсіп саласы бойынша:

2018 жылдың қаңтар-наурыз айларына аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5370.6 млн. теңгені құрады, яғни өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда, өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 1130,3 млн.теңгеге артық немесе 126,6 %-ға орындалды. Нақты көлем индексі 107,1 %-ды құрады. 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларына аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4240,3 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 101,5 %-ды құраған.

Кәсіпорындарды талдайтын болсақ; «Таласинвестикомпани» ЖШС 1341 тонна цианид натрий және 403 тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 1053,6 млн тенгені құрады. «Жамбыл недр» ЖШС 1415 тонна цемент және  4,6 мың. тонна клинкер өндіріп, ақшалай 35,0 млн тенгені құрады. «Қаратау Про» ЖШС болжаммен 9976 тонна мәрмәр ұнтақталған толтырғыш, 67,0 тонна мәрмәр ұнтағы, 204,0 тонна мәрмәр крошкасын өндіріп, ақшалай 79,7 млн тенгені құрады. «Амангелді газ» ЖШС 75,7 млн текше метр табиғи газ және 4,1 мың тонна газ конденсатын өндіріп, ақшалай 2889,8 млн тенгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда ақшалай 798,6 млн тенгеге кем немесе 11,7 пайызға кем, ал заттай көлемі газ конденсаты 2,0 мың тоннаға және 19,7 млн текше метрге кем орындалды. «Амангелді ГӨЗ» ЖШС 0,9 млн текше метр сұйытылған газ, 0,4 млн.текше метр газ және 2,7 мың тонна дистилятор өндіріп, ақшалай 287,5 млн тенгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда ақшалай 100,1 млн тенгеге немесе 153,4 пайызға артық, ал заттай көлемі сұйытылған газ 0,2 мың тоннаға кем, газ метан 0,1 млн текше метрге артық және дистилятор 0,2 мың тоннаға кем орындалды. «Шолақтау» ЖШС 14,1 мың тонна ұсақталған фосфат шикізатын өндіріп, өткен жылмен салыстырғанда 6,5 мың тоннаға артық.

Инвестиция бойынша:

2018 жылдың қаңтар-наурыз айларына негізгі капиталға салынған инвестициялардың  жалпы көлемі 1164,8 млн теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 390,7 млн. теңгеге артық орындалып немесе 150,5 пайызды құрап отыр (2017 жылы –774,1 млн.теңге). Талдап айтсақ, кәсіпорындардың ауданға инвестиция тарту бойынша: Амангелді газ -15,0 млн тенге, Таласинвестикомпани-215,2 млн тенге, Қаратау ПРО-1,7 млн.тенге, Жамбыл недр-13,6 млн.тенге, Шолақтау-54,3млн.тенге, Құрылыс бөлімі-540,0 млн.теңге, Тұрғын-үй бөлімі-155,0 млн.теңге және т.б. – 146,3 млн.теңге құрады.

Индустриалдық–инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша:

Индустриалды–инновациялық дамыту бағдарламасының орындалуы бойынша бірінші және екінші бесжылдығында жалпы құны – 374811,7 млн теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба жоспарланып, 18211,7 млн тенгені құрайтын 3 жоба іске асырылды.

         Нақты тоқталсақ; 2014 жылы бірінші бесжылдықта ауданның экономикалық өсімін қамтамасыз ететін ішкі резерві жылына 15,0 мың тонна цианид натрий шығаратын («Talas Investment Company» ЖШС) «зәкірлік» инвестициялық жобасы іске асырылды. «Жобаның жалпы құны 12,9 млрд. теңгені құрады. «Talas Investment Company» ЖШС-гі – Қазақстанның химия өнеркәсібіндегі цианид натрий өндіретін тұңғыш химиялық зауыт болып есептеледі. Цианид натрий өндіру барысында қалдықтарды кәдеге жаратуда құнды минерал тыңайтқышы жылына 5,0 мың тонна сульфат алынатын болады.

Кәсіпорын 2014 жылы 1000,0 тонна натрий цианид өндіріп, жалпы өнім көлемі 501,2 млн.тенгені құрады. Кәсіпорын 2015 жылы 1001,0 тонна натрий цианид және 1148,0 тонна амоний сульфат өндіріп, жалпы өнім көлемі 820,4 млн.тенгені құрады. Кәсіпорын 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына 2155,0 тонна натрий цианид және 641 тонна амоний сульфат өндіріп, жалпы өнім көлемі 1520,5 млн.тенгені құрады. Зауыт 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына 5,7 мың тонна цианид натрий және 1331 тонна амоний сульфат өндіріп, жалпы өнім көлемі 3792,5 млн.теңгені құрады. 2018 жылы қаңтар-наурыз айларына 1341 тонна цианид натрий және 403 тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 1053,6 млн тенгені құрады. Аудан өнеркәсібінің жалпы өндірген өнімінің 21,3 пайызын құрап отыр. Өзінің толық қуаттылығының  8,9 пайызын құрады.

Кәсіпорында тұрақты 496 адам жұмыспен қамтылған. Бұдан бөлек қосымша 66 адам қосалқы шаруашылыққа орналасты ( дәмханада-12, газ құтқарушысы-18, қарауылда-36).

2015 жылы екінші бесжылдықта ауданда жалпы құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын «Жамбыл Недр» ЖШС-і жылына 300,0 мың тонна М-400, 500 маркалы цементін өндіретін зауыт құрылысын аяқтады. Зауыт құрылысына 4,0 га жер телімі бөлінді. Зауытты қазіргі таңда 173 адам жұмыспен қамтылған. Шикізат көзі ретінде «Сулейменсай» карьерінің әктасы мен «Майтөбе» топырағын пайдаланады.

Зауыттың Қаратау қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан карьеріне Үкімет тарапынан қолдау мақсатында облыстық бюджеттен электр желілерін жүргізуге 2016 жылы облыстық бюджеттен 92,6 млн тенге бөлініп, толықтай игерілді. Карьер қазіргі таңда жұмыс жасауда. Бұдан бөлек, 2016 жылы зауыттың инфрақұрылымын жүргізуге Республикалық бюджеттен бөлінген 396,4 млн. теңге, 2017 жылы 614,1 млн тенге қаржы бөлінген. Қосымша облыстық бюджеттен 2017 жылы 111,8 млн.теңге қаржы бөлінді. Жалпы жұмыстардың 100 пайызы жүргізілді. Мердігер «Корпорация Жилстрой – Тараз» ЖШС-і. Директоры – Умербаев Мухамедқали Алимжанович.

2018 жылдың қаңтар-наурыз айларына 4,6 мың тонна клинкер шикізатын және 1415 тонна цемент өндіріліп, ақшалай 35,0 млн тенгені құрады.

2016 жылы жалпы құны 1946,0 млн тенгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілді. «Қаратау Про» ЖШС-і жылына 110,0 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт толықтай құрылысын итальяндық құрал-жабдықтарды орнату арқылы аяқтады. Зауытта 96 адам жұмыспен қамтылған. Карьер толықтай геологиялық зерттеуден өткізілді. 2017 жылдың наурыз айында зауыттың қабылдау актісі жасалынып, кәсіпорын 23 наурызынан бастап іске қосылды. Зауыт қаңтар-желтоқсан айларына 30,2 мың тонна мәрмәр ұнтағын өндіріп, жалпы өнім көлемі 272,1 млн.тенгені құрады. 2018 жылы қаңтар-наурыз айларына «Қаратау Про» ЖШС 9976 тонна мәрмәр ұнтақталған толтырғыш, 3366,5 тонна мәрмәр ұнтағы, 204,0 тонна мәрмәр крошкасын өндіріп, ақшалай 1,898 млн тенгені құрады.

Республикалық индустрияландыру картасына 2018 жылға енгізілген жоба «ЕвроХимТыңайтқыштар» ЖШС «Минералды тыңайтқыштарды өндіру Химзауытының құрылысы». Жобаның жылдық қуаты 1400 мың тонна минералды тыңайтқыштар өндіру. Жобаның құны 365,5 млрд. теңге. Жоба іске қосылғанда  2000  жаңа жұмыс орындары ашылады.

«Бизнес жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша:

Бағдарлама аясында 169,0 млн. теңгені құрайтын 6 жоба екінші деңгейлі банктерге несие бөлу үшін қарауға жолданды. Осы бағдарламаның бірінші және екінші бағыттарындағы «Пайыздық ставканы субсидиялау» тетігі бойынша сомасы 60,4 млн. теңгені құрайтын 4 жоба жүзеге асырылды. Аталған жобада 8 жұмыс орны болған, ал жаңадан ашылған жұмыс орны  11 адамды қамту керек.

Бағдарламаның «Пайыздық ставканы субсидиялау» құралы бойынша жобалар екінші деңгейдегі банктермен жұмыс жасалуда. Мына банкілердің үлесінде: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы, «БЦК Банкі» АҚ-ы.

2018 жылы қаңтар-наурыз айларында іске асырылған жоба:

  • дәмхана ғимаратын жаңғыртуға;
  • Жихаздар шығаратын орнын жаңғыртуға;
  • Дүкенін кеңейту;
  • Жихаз дүкенін жаңғырту.

«Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша да жұмыстар жүзеге асырылуда.

«Өндірістік (индустриялдық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша 1 жобаны іске асыру жоспарланды.

Бастаушы кәсіпкерлер үшін мақсатты мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша 2 жобалар қарастырылып отыр.  

2017 жылдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жүзеге асырылып жатыр. Осы мақсатта биылғы жылы қаражат аударылған жоқ.

Бағдарлама бойынша екінші деңгейлі банктердің қарауына жалпы сомасы 68,0 млн. теңгені құрайтын 10 жобаның құжаттары жолданған. Оның ішінде, 2,3 млн. теңгені құрайтын 2 жоба оң шешімін алды.

2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында аудан көлеміндегі 138 кәсіпкерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, оның ішінде Қаратау қаласынан 96 кәсіпкер, ауылдық округтерден 42 кәсіпкер.    Бұдан бөлек, аудан және қала кәсіпкерлерімен 9 дөңгелек үстел өткізілді, бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес 13 ауылдық округті Талас ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен бірлесіп мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстары жүргізіледі.

               Бөлшек сауда тауар айналымы мен қызмет көрсету саласы

2018 жылдың қаңтар-наурыз айларына бөлшек сауда тауар айналымы 398,1 млн.теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 110,9%-ға немесе 39,2 млн.теңгеге ұлғайды (2017 жылы 358,9 млн.теңге).

Сауда саласы бойынша:

Аудан бойынша инфляцияны төмендету және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында, азық-түлік дүкендері арасында негізгі азық-түлік тауарлары бағаларының көтерілуіне қарсы мораторий жарияланып дүкен басшыларымен 2017 жылы 39 меморандумдар жасалынды. Негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында арнайы (банкінің, аудандық статистикадан, аудандық мемлекеттік органдардан және т.б. органдардан) аудандық штаб құрылып, ауданда азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Осы аудандық орташа бағаны 2017 жылдың 29 желтоқсан бағамен салыстырғанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішінен 4 атауы бойынша баға қымбаттауы байқалып отыр: сәбіз, пияз, қырыққабат және картоп.  Ал қалған 29 атауы бойынша тауар бағалары төмен болып отыр.

Осыған байланысты бөлім қызметкерлерінің жергілікті көтерме сауда өкілдерімен түсініктеме жүргізу нәтижесінде көкөніс өнімдері Тараз қаласындағы «Ауыл береке» базарындағы бағаға тікелей тәуелді екендігі анықталды. Жоғарыда аталған тауар бағасын тұрақтандыру мақсатында облыстық тұрақтандыру қорына қажетті тауарларға сұраныс хат жолданып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ауданда азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап әр аптаның сенбі күндері мамыр айына дейін 6 жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аудандардың табиғи ерекшеліктерін негізге ала отырып, әр ауданның өндірісінде басымдылық берілетін және арзан бағадағы тауарларды Талас ауданының сауда орындарында өткеру мүмкіндігін қарастыру бойынша өткізілген жәрмеңкелерге Тараз қаласынан ЖК «Көкжиек», Байзақ ауданынан ЖК «Лесняк» сүт өнімдерімен, жеке кәсіпкелер ЖК «Азим», ЖК «Касымова» шұжық өнімдерімен және Жуалы ауданының шаруа қожалықтары картоп өнімімен қамтамасыз етуде.

Ауданда 7 наубайхана жұмыс істейді. Оның ішінде 4 наубайхана Қаратау қаласында орналасқан (Анель, Березка, Диана және Рахат). Наубайханаларда бөлке нан, булочка, пәтер нан, лаваш және т.б. нан тағамдарының түрлері шығарылады. Күнделікті жуықтамамен 7000 мың бөлке нан пісіреді. Бүгінгі күнге бірінші сұрыпты ұнның 1 кг бағасы 90 теңге болып отыр.

Қазіргі таңда нан бағасы наубайханаларда 60 теңгеден, сауда нүктелерінде 60-65 теңгеден сатылуда. Сонымен қатар, Қаратау қаласындағы 6 наубайханадан нан бағасы 57 теңгеден босатылу нәтижесінде аудан орталығы Қаратау қаласында орналасқан 6 ірі сауда дүкендерінде (Аида, Городок, Ақниет, Ромашка, Луиза және Луиза-2) 60 теңгеден сатылуда.

Бөлім қызметкерлерінің тарапынан аудандағы 33 әлеуметтік азық – түлік тауарларының бағасына күнделікті талдау жасалынып, апталық мониторинг қорытындысын облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына тұрақты түрде жіберіледі.

Азық-түлік емес тауарлар бойынша өткен жылдың 29 желтоқсан күнімен салыстырғанда аудан бойынша 53 түрінің 10 пайыздан жоғары көтерілген 2 түрінен өскен, қалған тауарлар бірқалыпты жағдайда қалыптасқан. Байланыс былтырғы нарықта, тек қана газель бағасы 20 пайызға өскен, яғни 500 тенгеден 600 тенгеге және көлік қызметі 21 пайызға өскен, яғни 165 тенгеден 200 тенгеге. Қонақ үйдің және мейрамханалардың қызметінің бір номері 2000-8000 теңге аралығында және тұрмыстық қалдықтар, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырмағанда өзгермеген. Дәрі-дәрмек 10% көтерілген. Азық-түлік емес тауарларының бағаларына күнделікті талдау жасалынып, апталық мониторинг қорытындысын облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына тұрақты түрде жіберіледі.

Аудандағы жанар-жағар май бекеттеріндегі сыйымдылық: АИ-92 317 тонна, АИ-80 192 тонна, Дизель отыны 190,0 тоннаны құрайды. Айына керекті жанар-жағар май АИ-92 240,0 тонна, АИ-80 159,0 тонна, Дизель отыны 111,0 тоннаны құрайды. Жалпы көлемі болжаммен  510 тонна. Аудандағы жанар-жағар майды тасымалдайтын оператор жеке кәсіпкер Нұргелді Жолдасов. Аудан бойынша 12 жанар-жағар май бекеттері бар, оның үшеуі қалада және біреуі Талапты ауылында уақытша қаржысының тапшылығына сай жұмыс істемеуде. Аудандағы жанар-жағармай қорының көлеміне және бағаларына мониторинг жасалып, әр аптаның жұма күні Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына тұрақты түрде жіберіледі.

Индустриалды аймақ бойынша:

Индустриалды аймақ Қаратау қаласының шығыс бетінде 3 км. ара қашықтықта, Қаратау-Тамды тас жолының бойында, Тамды ауылдық округінің жерінде орналасқан.

Бұл аймаққа 40 га жер телімі бөлініп, «Игілік» коммуналдық кәсіпорнына берілді. Аймақта жиналмалы тараны шығару, арнайы киім тігетін цех, әк өңдейтін, кірпіш шығаратын және желдің механикалық энергиясын электр энергиясына айналдыратын турбиналарының кәсіпорындары шоғырландырылады. Жалпы жобаның құны 4457,2 млн тенгені құрайды. Инфрақұрылым құрылысына жобамен 194,0 млн тенгені қажет етеді. Жалпы 117 адам жұмыспен қамтылады. Индустриалды аймақтың концепсиясы жасалынып, Жамбыл облысының инвесторларға және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жіберілді.

Аймақта жалпы құны 3735,2 млн.теңгені құрайтын 2 жобаға 20 га жер бөлініп берілді. Жел электр энергиясын өндіру мақсатындағы «Wind Power city» ЖШС-і мен «Wind Electricity» ЖШС-ін индустриалды аймаққа орналастыру бойынша бизнес жоспарлары дайындалып, қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттары дайындалып, сараптамаға жолданды.

Инвестициялық жобалар бойынша:

1) «Атамекен Мрамор Көктал» ЖШС-і(Крикбаева Ш.). Кәсіпорын мәрмәр тасына плиталық тастар, баспалдақтар, кірпішке арналған табиғи тастар шығарумен айналысады. Жобаның құны 15,0 млн теңгені құрайды. Жылына 20,7 мың тонна ұнтақталған тасты өңдеп, 103,6 млн теңгенің затын өндіріп шығаратын болады. Қосымша 9 жұмыс орын ашылып, қазіргі таңда маусымдық болғандықтан уақытша жұмыс жасамауда.

2) «Азмина Мрамор» ЖШС-і(Джетпісбаев Р.). Кәсіпорын мәрмәр тасына плиталық тастар, баспалдақтар, кірпішке арналған табиғи тастар шығарумен айналысады. Жобаның құны 20,0 млн теңгені құрайды. Жылына 32,0 мың тонна ұнтақталған тасты өңдеп, 150,0 млн теңгенің затын өндіріп шығаратын болады. Қосымша 8 жұмыс орын ашылады. Құрал-жабдықтары орнатылып, қазіргі таңда маусымдық болғандықтан уақытша жұмыс жасамауда.

3) «Қаратау КНПЗ» ЖШС-і мұнайдан өңделіп әр түрлі өнім шығарады, яғни дизелдік май, жеңіл дистилятор және мазут. Қуаттылығы жылына 24,0 мың тонна мұнай өнімін өңдеп шығарады. Кәсіпорында 12 адам жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Туризм саласы бойынша:

«Жамбыл облысында туристік саланы дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасын» Талас ауданында іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары дайындалып, осы бағытта жұмыстар жасалуда.

Осы жоспарға ауданда туристік инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде «Билікөл» көлінің Талас ауданына қарасты жағынан, Ақкөл көлінің жағалауынан демалыс базаларын соғу, Жұрындысай демалыс лагері жанынан тұрақты демалыс базасын ашу, сонымен қатар аудан жастары мен оқушылары үшін республиканың туристік объектілері бойынша тақырыптық автобус және жаяу экскурсиялар ұйымдастыру, ауданның туристік мүмкіндіктері туралы бейнефильм түсіру, фотоальбомдар мен буклеттер шығару секілді шаралар енгізілді. Сонымен қатар ауданда мәдени-тарихи құндылықтары бар ескерткіштер де баршылық, олар – Ақкесене, Көккесене бекіністері, Абдолла ишан, Қарақожа мешіттері, Көшек батыр, Бөлтірік шешен сағаналары, Тектұрмас, Атбайлар секілді ежелгі қалалар үйінділері.

Талас аудандық тарихи – өлкетану музейіҚаратау қаласы Горняк ғимаратында орналасқан. 1995 жылы Талас ауданы Аккөл ауылында ашылып, 1997 жылдың 5-ші желтоқсанында Қаратау қаласының Горняк ғимаратында ашылған.

Музейде дала мен қала өркениетінің өзара байланысы мен дамуы, бүгінгі күнге дейінгі тарихи жетістіктерді көрсететін бірнеше экспозициялық бөлімдер құрылған.

  1. Палеонтология бөлімі. Бұл бөлімде тасқа айналған ұсақ жәндіктермен тасқа айналған ағаштың діңдері және үлкен жануарлардың сүйектері сақталған.
  2. Археология бөлімі. Бұл бөлімде аудан аумағындағы тарихи орындарда жүргізілген көптеген археологиялық экспедициялардың жұмыстары полеолит кезеңінен басталған тарихи құндылықтарды көрсетеді.
  3. Этнография бөлімі. Мұнда қазақ халқының тұрғын үй – киіз үй. Киіз үйге қажетті материалдық және рухани құндылықтары, ұлттық киімдері, төсек жабдықтары арқылы халқымыздың тұрмыс тіршілігі, философиялық көзқарасы көрсетіледі.
  4. Аудан тарихы бөлімі. Орта ғасыр. Бұл ортағасырлық Тамды, Аққұм, Тоғызкент сияқты көне қалалар осылардың қорған бекініс ескеркіштердің суреттері кірпіштері тұр
  5. Ұлы Отан соғысы батырлар бөлімі. Бұл бөлімде Еңбек Ерлері және Кеңес Одағының батыры Амантай Даулетбеков, Сәду Шәкіров. 59 еңбек ері бар. Мұнда жауынгер жабдықтары мен естелік суреттер мен медальдары ілінген.
  6. Өнер және спорт бөлімі. Бұл бөлімде қоғамда талантты перзенттеріне арналған ауданда туып-өскен спорт саласынын азаматтары құрметті азаматтардың суреттері қоғам қайраткерлердің суреттері бар.
  7. Табиғат бөлімі. Осы өлкеде мекендеген сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктермен құстардың чучелалар қойылған.

Алдағы уақытта арнайы тарихи және туристік жерлердің картасын жасау жоспарда бар.

2017 жылы  мамыр айында Тараз қаласынан 45-60 шақырым жерде орналасқан Байзақ ауданы Қырғыз тау жотасында «Менің отаным – Қазақстан» тақырыбында облыстық туристік экспедиция өткізілді Қаратау технология, білім және бизнес колледжі білімгерлерінен құралған «Болашақ» командасы қатысып 9 команда ішінде 3-ші жүлделі орынға ие болып қайтты.

Талас ауданының орталығы Қаратау қаласының шығыс бағытымен Қаратау-Қойгелді-Ақкөл ауылы бағытындағы облыстық мәндегі жол арқылы Ақкөл ауылынан  Үшарал ауылдық округі арқылы Ойық ауылдық округімен Ақкөл ауылдық округі арқылы Қаратау қаласына қайта оралу бағытында орналасқан тарихи, мәдени және археологиялық нысандар бойынша ақпараттар жинақталды. Ауданымыздың арнайы тарихи және туристік жерлеріне карталар, журналдар мен анықтамалар, қалаға және әр ауылдық округтерге  билбордтар жасатып, туристік тарихи-мәдени орындарды жарнамалау мақсатында жергілікті бюджеттен қаражатқа бюджеттік өтінім жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Қаратау қаласында қонақ үй салуға бір кәсіпкер, Есейхан ауылдық округінен  туристік база соғуға бір  кәсіпкер жобаларын өткізуге құжаттарын дайындауда.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің қонақтары мен қатысушыларына арналған маршруттар тізбесіне ауданымыздан XI-XIII ғ.ғ.жататын  тарихи орын Тамды қалашығы мен X-XII ғ.ғ.жататын  тарихи орын Ақ кесене қарауыл мұнарасы маршруттар тізбесіне кірген. Қазіргі таңда аталған нысандарға баратын жолдарға үш тілдегі жол сілтегіш тақтайшалар және ақпараттық стендтер орналастырылған.

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне азаматтардың қатыстырылуы бойынша насихаттау жұмыстары жүргізіліп, аудан көлеміндегі ауылдық округтер мен Қаратау қаласында орналасқан кәсіпкерлік себъектілерінің демеушілік көмегі арқылы мекеме қызметкерлерінің бірге алып жүруімен 25 аудан ардагерлері көрмеге қатысты.

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін дәріптеу мақсатында ауданда 3 жиын өткізілді. Қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Халықаралық мамандандырылған көрмесіне азаматтардың қатыстырылуы облыс деңгейінде ауданымыз 1 орынға ие болды.

2017 жылғы Тараз қаласында өткізілген Халықаралық туризм күндеріне ауданымыздан 2 қолөнершілер өз өнімдерін ұсынып, көрермендер ризашылығына ие болды.

2017 жылдың 9 айлық статистикалық есепке сүйенетін болсақ ауданда орналасқан қонақ үйлер мен келушілер туралы ақпарат төмендегідей;

2017 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ауданға келушілерді орналастырумен шұғылданатын орналастырулар орындарының қонақ үйлер саны 5 бірлікті (2016 ж.-4) құрап, ондағы орналастыру орындары 20 нөмірге (2016 ж.-17) есептеліп, олардың біржолғы сыйымдылығы 40 төсек орынды құрады. Қонақ үйдің, оның ішінде мейрамқансы бар 3 және кішігірім пәтер мен үйлер 2. Онда жұмыс істейтін қызметкерлер саны 7 (2016 жылы 6).

Қызмет көрсетілген келушілер саны 718 (2016 ж.-470) құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 152,7% немесе 248 адамға артты. Көрсетілген қызмет көлемі 1232,5 мың тенгені (2016 ж.- 833,5мың тенге) құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 147,8 % немесе 399 мың тенгеге көбейді. Сапар мақсаттары бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер жеке 594 және іскерлік немесе кәсіби 124 (2016 ж. жеке 395 және іскерлік немесе кәсіби 75). Келушілер сапарларының басым көпшілігі жеке мақсаттарымен, яғни 82,7% саяхатталған.

Бизнес инкубатор бойынша: Мекеме қызметкерлері 2018 жылдың қаңтар айында аудан көлеміндегі 138 кәсіпкерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, оның ішінде Қаратау қаласынан 96 кәсіпкер, ауылдық округтерден 42 кәсіпкер. Кәсіпкерлердің жеке кәсібін бастауға байланысты жеке сұраныстағы 247 млн тенгенің бизнес жоспар саны – 18.

Сонымен қатар, мекеме тарапынан бастауыш кәсіпкерлердің сертификат алуына көмек көрсету мақсатында «Даму» арқылы 2 кәсіпкерге ықпал етілді.

Бұдан бөлек, аудан және қала кәсіпкерлерімен 9 дөңгелек үстел өткізіліп, бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес 13 ауылдық округті Талас ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен бірлесіп мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстары жүргізіледі. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ішкі 4 бағыттары бойынша «Ауданның қолөнершілері арасында қолөнер бұйымдарын жасаудан «Шеберлер шеңбері» мастер классын ұйымдастыру» және «Аудан тұрғындары арасында жарнамалық билбордтар, щиттер орналастыру және брашуралар тарату арқылы «Қазақстанда жасалған» брэндінің жариялылығын арттыру» атты 2 жобаның паспорттары дайындалып, ұсыныстар жасалынды. Алдағы уақытта, ұсыныс қолдау тапқан жағдайда аталған іс-шаралар жүзеге асыруда жұмыстар орындалатын болады.

 

 

 

          Өнеркәсіп саласы бойынша:

2018 жылдың қаңтар-наурыз айларына аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5370.6 млн. теңгені құрады, яғни өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда, өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 1130,3 млн.теңгеге артық немесе 126,6 %-ға орындалды. Нақты көлем индексі 107,1 %-ды құрады. 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларына аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4240,3 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 101,5 %-ды құраған.

 «Талас Инвестмент Компании» ЖШС былтырғы жылы 4187 тонна өндіріп, ақшалай 3094,5 млн тенгенің өнімін шығарды. 2018 жылдың I тоқсанына зауыт 1341 тонна цианид натрий және 403 тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 1053,6 млн тенгені құрады.

«Шолақтау» ТКӨК ЖШС былтырғы жылы ұсақталған фосфат шикізатын 55,9 мың тонна өндірді. 2018 жылдың I тоқсанына 14,1 мың тонна ұсақталған фосфат шикізатын өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,5 мың тоннаға артық өндірген.

«Игілік» ШЖҚ ҚМК 2016-2017 жылдары жылу энергиясын 78,5 мың Гкал өндірді. Суды 2016 жылы 2678,0 мың метр өндірсе, 2017 жылы 2764,0 мың текше метр өндірген.  2017 жылы кәсіпорын ақшалай 367,6 млн тенгенің өнімін шығарды.

«Каратау ПРО» ЖШС-і былтырғы жылы 30,2 мың тонна өндіріп, ақшалай 272,1 млн тенгенің өнімін шығарды. 2018 жылдың I тоқсанына зауыт 9976 тонна мәрмәр ұнтақталған толтырғыш, 67,0 тонна мәрмәр ұнтағы, 204,0 тонна мәрмәр крошкасын өндіріп, ақшалай 79,7 млн тенгені құрады.

«Амангелді Газ» ЖШС-і былтырғы жылы табиғи газды 279,1 млн. текше метр, газ конденсатын 16,4 мың тонна өндірді. Ал ақшалай кәсіпорын 10718,4 млн тенгенің өнімін шығарды. 2018 жылдың I тоқсанына 75,7 млн текше метр табиғи газ және 4,1 мың тонна газ конденсатын өндіріп, ақшалай 2889,8 млн тенгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда ақшалай 798,6 млн теңгеге кем немесе 11,7 пайызға кем, ал заттай көлемі газ конденсаты 2,0 мың тоннаға және 19,7 млн текше метрге кем орындалды.

«Амангелді ГӨЗ» ЖШС-і былтырғы жылы газ (метан-этан фракциясы) 1,1 млн. текше метр өндірді. Газ (сұйықталған көмір-сутегі) былтырғы жылы 3,6 мың тонна өндірген. Ал дистиляттор былтырғы жылы 9,5 мың тонна өндірген. Ал ақшалай кәсіпорын 898,1 млн тенгенің өнімін шығарды. 2018 жылдың I тоқсанына 0,9 млн текше метр сұйытылған газ, 0,4 млн.текше метр газ және 2,7 мың тонна дистилятор өндіріп, ақшалай 287,5 млн тенгені құрады.