«Ауданда бейімдеуге жататын (пандустар) әлеуметтік инфрақұрылым нысандары бойынша

Талас ауданында Қоғамдық кеңесінің «Ауданда бейімдеуге жататын (пандустар)

әлеуметтік инфрақұрылым нысандары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы»

күн тәртібімен отырысы өтті

 

 

Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес, 2017 жылдың 20 шілдесінде Талас ауданы Қоғамдық кеңес отырысы «Ауданда бейімдеуге жататын (пандустар) әлеуметтік инфрақұрылым нысандары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» күн тәртібімен өтті.

Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің атқарылып жатқан жұмыстары талқыланды. Қоғамдық кеңестің отырысына шақырылған мекеме  басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша  Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Гулмира Тұрмаханбетқызы Қалықұлованың баяндамасы тындалып, есебі назарға алынды және талқылау барысында ұсыныс-пікірлер айтылып, анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру үшін жұмыстар жүргізілсін деп шешім қабылданды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз кіріп-шығуға жағдай толығымен жасамаған кемшіліктерді жою үшін мекеме басшыларына уақыт беріліп, орындамаған жағдайда шара қолдану ұсынылды.