Ереже

Талас ауданы мәслихатының

2016 жылғы 22 ақпандағы

№52- шешімімен бекітілген

 

Талас ауданының Қоғамдық кеңесі туралы

Ереже

 

1.Жалпы қағидалар

 

  1. Талас ауданының Қоғамдық кеңесі туралы осы Ереже (бұдан әрі – Ереже)

Қазақстан Республикасының   2011 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы

« Қоғамдық кеңестер туралы»  Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және Жамбыл облысы Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мәртебесі мен өкілеттіліктерін айқындайды.

  1. Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының

Конституциясын, оған тиесілі заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, сондац-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

  1. Қоғамдық кеңес мақсаты мен міндеттері, оның қызметінің қағидаттары,

Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері, Қоғамдық кеңестің және оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттемелері Заңмен белгіленген.

 

  1. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру

 

2.1. Қоғамдық кеңес Заңмен көзделген тәртіпте қалыптастырылады. Қоғамдық кеңестер арасындағы өзара іс-қимыл Заңмен көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.

2.2. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кем дегенде үштен екісін құрауы тиіс.

 

  1. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімдері

3.1. Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдар өкілдерінен және конкурстық негізде- коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінен, азаматтардан құрылған жұмыс тобымен (бұдан әрі – жұмыс тобы) қалыптастырылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар коммерциялық емес    ұйымдармен, азаматтармен, оның ішіде өзін-өзі ұсыну арқылы енгізіле алады.

  • Жұмыс тобының құрамындағы мемлекеттік органнын өкілдік жұмыс

тобының мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аса алмайды.Аталған өкілдіктің дербес құрамы мемлекеттік органның басшысымен өз бетінше айықндалады. Бұл ретте мемлекеттік органның басшысына Қоғамдық кеңеспен қаралатын басымды мәселелерді ескеру қажет.

  • Жұмыс тобының құрамындағы азаматтық қоғамнан өкілдік жұмыс

тобы мүшелерінің жалпы санының кем дегенде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

  • Жұмыс тобының сандық құрамы жергілікті өкілді органның

басшысымен айқындалады.

  • Жергілікті өкілді орган бұқаралық ақпарат құралдарында және

(немесе) мемлекеттік органның интернет- ресурсында жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурстың өткізілетіні туралы хабарландыру орналастырады.

  • Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурсы

туралы хабарласдыру жарияланғаннан кейінгі 10 күн ішінде жергілікті өкілді органға жұмыс тобына кандидатуралар бойынша жазбаша  түрде ұсыныстар жолдайды. Өз ұсыныстарын жолдаған әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір кандидаттан артық ұсына алмайды.

  • Азаматтық қоғамнан жұмыс тобына кандидаттарға талаптар Заңның 10

бабының 1 тармағына сәйкес қойылады.

  • Конкурс мерзімі аяқталғаннан кейін жергілікті өкілді орган түскен

ұсыныстарды ескере отырып, жұмыс тобына кандидаттар тізімін әзірлейді және екі апта мерзімде жұмыс тобына кандидаттарды, коммерциялық емес ұйымдар өкілдерін және азаматтарды шақыра отырып, отырыс ұйымдастырады.

  • Жергілікті өкілді органның басшысы ( бұдан әрі – жұмыс тобының

басшысы) отырысты ашады және жүргізеді.

  • Отырыста коммерциялық емес ұйымдармен және азаматтармен осы

Ереженің талаптарына сәйкес ұсынылған кандидатураларды талқылау жүргізеді. Кандидатураларды талқылау қорытындылары бойынша ашық дауыс беру жүргізеді. Отырысқа келмеген кандидаттар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Басым дауыс жинаған кандидаттар жеңімпаз болып саналады. Теңдей дауыс жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобы басшысының даусы шешуші болып саналады.

  • Жұмыс тобының құрамы мемлекеттік орган басшысының шешімімен

бекітіледі. Жұмыс тобының басшысы жұмыс тобы мүшелері санынан хатшы тағайындайды.

  • Жұмыс тобының құрамы жергілікті өкілді органның ресми интернет-

ресурсында жарияланады.

 

  1. Жұмыс тобының өкілеттері

4.1. Жұмыс  тобы келесі өкілеттерді жүзеге асырады:

1) Халықты Қоғамдық кеңестің мүшесін сайлау бойынша конкурс туралы хабардар етеді;

2)  Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;

3        Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлай рәсімін жүргізеді;

4) осы Ереженің негізінде Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын әзірлейді.

 

  1. Жұмыс тобының отырыстарын дайындау және өткізу

5.1. Жұмыс тобының отырыстарын өткізу уақыты, орны, талқыланатын мәселелер туралы жұмыс тобының мүшелерін хатшы отырыс өткізілетін күннен бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардайжы.

5.2. Жұмыс тобының отырысы оның тізімдік құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып табылады.

5.3. Жұмыс тобының отырыстарын жұмыс тобының басшысы жүргізеді.

5.4. Жұмыс тобының отырысында шешімдер отырысқа қатысқан мүшелердің басым дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабыладанады.

5.5. Жұмыс тобының ортасында хаттама жүргізіледі,  оған төраға және хатшы қол қояды.

5.6. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша конкурс туралы оның атауын, пошталық мекен- жайын, құжаттарды тапсыру және қарау мерзімдерін, құжаттар жолданатын электрондық мекенжайын және Заңның 10 бабының 2 тармағына сәйкес конкурсқа қатысу үшін өзге де мәліметтерді көрсете отырып,  жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру  жариялайды және (немесе) мемлекеттік органның интернет – ресурсында орналастырады.

5.7. Жұмыс тобының отырыстарда Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардан конкурсқа қатысу үшін түскен құжаттарды талқылауды  және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді.

5.8.  Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске тек бір ғана өкіл сайлануы мүмкін.

5.9.  Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы жергілікті өкілді органның шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) тиісті органның интернет- ресурсында орналастыруға жатады.

5.10. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы ашады, онда ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқаның бүкіл құрамы сайланады. Қоғамдық кеңестің төрағасы, мемелекеттік қызметте тұрмайтын белгілі қоғам қайраткерлерінен – оның мүшелері санынан сайланады. Жұмыс тобының төрағасы Қоғамдық кеңес мүшелеріне Қоғамдық кеңес төрағасының кандидатурасын енгізуі ұсынады, ол бойынша ашық дауыс беру жүргізіледі. Қоғамдық кеңес мүшелерінің жалпы саны нан басым дауыс жинаған кандидат сайланды деп саналады.

 

  1. Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері

6.1. Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру Қоғамдық кеңесі қызметінің мақсаты болып табылады.

6.2. Қоғамдық кеңестің міндеттері:

1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру жергілікті деңгейде шешімдержі талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;

2) жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;

3) қоғамдық бақылауды  ұйымдастыру мен жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

 

  1. Қоғамдық кеңес қызметінің қағидаттары

7.1. Қоғамдық кеңес өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:

1) қоғамдық негіздегі қызмет;

2) автономдық;

3) дербектік;

4) жариялылық;

5) олардың мүшелерін кезең-кезеңмен ротациялау.

 

  1. Мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейдегі

Қоғамдық кеңестің өкілеттері

8.1. Мемлекеттік басқарудың жергілікті  деңгейдегі  Қоғамдық кеңестің өкілеттіктеріне мыналар:

1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджет бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының мемекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын талқылау;

2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджет бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының мемекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын талқылау;

3) атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін  талқылау;

4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджет бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен швғвстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;

5) азаматтардың құқықтарына, бостандықтар мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;

6) қызметтік әдеп нормаларын сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органға енгізу;

8) қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру;

9) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын оның бірінші отырысында талқылау және бекіту үшін мемлекеттік органға енгізу;

10) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады;

8.2. Осы баптың 1-тармағының 2),3). 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген өкілеттіктердің орындалу қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес тиісті мемлекеттік органға ұсынымдар енгізеді, ол тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауапты бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша он жұмыс күні ішінде береді.

 

  1. Қоғамдық кеңестің және олардың мүшелерінің

құқықтары мен міндеттері

 

9.1. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен мемлекетік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына кіруге;

2) тиісті мемлекеттік органмен келісу бойынша атқарушы органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге де жұмыс органдарының жұмысына қатысуға;

3) Заңда белгіленген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүгінуге құқығы бар.

9.2. Өз қызметінде Қоғамдық кеңес және оның мүшелері:

1) Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің нормаларын мақтауға;

2) өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;

3) жылына екі реттен сиретпей бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) интернет-ресурстар арқылы халыққа Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат беруге;

4) өз қызметі туралы жылдық есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және (немесе) тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

 

  1. Қоғамдық кеңестің ұйымдық құрылымы және оның

төралқасының өкілеттіктері

 

10.1. Отырыс Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып табылады.

10.2. Қоғамдық кеңес қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы, қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік органның басшысы, Қоғамдық кеңес комиссиясының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді.

10.3. Қоғамдық кеңестің төралқасы:

1) Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;

2) Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;

3) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.

10.4. Алғашқы отырысында қоғамдық кеңестің мүшелері – мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі қоғам қайраткерлері  арасынан оның төрағасы сайланады.

 

11.Қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысының

өкілеттіктері

 

11.1. Қоғамдық кеңестің төрағасы:

1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;

2) отырыстарда төрағалық етеді;

3) Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;

4) Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;

5) республикалық мемлекеттік органның, жергілікті мемлекеттік басқару органының отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады.

6) өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.

11.2. Қоғамдық кеңестің хатшысы:

1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;

2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.

 

  1. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру

 

12.1. Қоғамдық кеңестер жұмысының негізгі нысаны отрыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі. Қажет болған жағдайларда Қоғамдық кеңестің отырысына оның шешімімен мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіптік және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.

12.2. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ шешімдер қабылдау тәртібі Қоғамдық кеңес туралы ережеде айқындалады. Отырыстар өткізудің өзге де мәселелері  Қоғамдық кеңестің шешімімен айқындалады.

12.3. Қоғамдық кеңестер өз қызметін жүзеге асыру кезінде бір-бірімен теңдік және әріптестік шарттарында өзара іс-қимыл жасайды.

12.4. Қоғамдық кеңестердің мүшелері өз өкілеттіктері шегінде кеңесші дауыс беру құқығымен өзге де қоғамдық кеңестердің қызметіне қатыса алады, ал бұдан басқа, жергілікті деңгейде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Қоғамдық кеңесінің төрағасы облыстың, республкалық мағызы бар қаланың, астананың Қоғамдық кеңесінің құрамына кіруге құқылы.

12.5. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған тиісті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

 

Қоғамдық кеңес жұмысының жариялылығы

 

13.1. Қоғамдық кеңес халықты:

1) азаматтық қоғаммен және мемлекеттік органдармен өзінің іс-қимыл жасау нәтижелері;

2)  Қоғамдық кеңестің құрамы, оның мүшелерін ротациялау;

3) отырыстардың күн тәртібі;

4) қабылданған шешімдер;

5) қоғамдық маңызы бар басқа да мәселелер туралы хабардар етеді.

13.2. Ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және (немесе) тиісті интернет-ресурстарда орналастырылады.

 

  1. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату

 

14.1. Қоғамдық кеңестің мүшесі жазбаша түрде өтініш беру арқылы өз қалауы бойынша оның құрамынан шыға алады.

14.2. Қоғамдық кеңестің мүшесі денсаулық жағдайын байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда Заңның 10-бабының 1-тармағына көзделген өзге де негіздер бойынша Қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін.,

14.3. Қоғамдық кеңес шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес конкурс нәтижелері бойынша немесе мемлекеттік органның шешімімен Қоғамдық кеңестің құрамына жаңамүшесін қосу туралы шешім қабылдайды.