Хабарландыру

 

Талас ауданында Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

 

2018 жылы 9 қаңтарда Талас аудандық қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті. Жұмыс жоспарында аудан әкімі Досмаханбет Қасымұлы Алиевтің 2017 жылдың қантар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылы алда тұрған міндеттер туралы есебі және тағы да біраз мекемелерінің атқарылған жұмыстары туралы есептері қойылды. Қоғамдық кеңесінің 19 мүшелерінен 14 қатысып 2018 жылға жұмыс жоспары бекітілді.

 

 

Талас аудандық Қоғамдық кеңесі

 

Қоғамдық кеңестің 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

 

            2016 жылдың 17 ақпан күні Талас аудандық мәслихатының кезектен тыс елу бірінші сессиясында «Талас ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» №51-2 шешімімен Қоғамдық кеңесі құрылып, құрамы 17 адам болып бекітілді, 2017 жылдың 23 қазанында «Талас ауданының Қоғамдық кеңесі құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №24-8   кезекті сессиясында Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамына өзгерістер енгізіліп, 19 мүшесімен бекітілді. Қоғамдық кеңесінің №9 отырысында  Талас ауданының Қоғамдық Кеңесінің құрамына – төралқа және комиссия мүшелеріне өзгерістер енгізілді. Қоғамдық кеңес жанында 3 комиссия бар.

Осы комиссиялардың және төралқа мүшелерінің қаралуына 12 айдың ішінде түскен 42 шешім, қаулы жобаларына ұсынымдар берілді.

Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасындағы 5 институционалдық реформаның  «Есеп беретің мемлекетті қалыптастыру туралы» бесінші бөліміндегі қадамдарына сәйкес Қоғамдық кеңестің отырыстарында Талас ауданының әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиевтің «2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2017 жылы алда тұрған міндеттер туралы» есебі тындалды. Жыл басында бекітілген жоспар бойынша Қоғамдық кеңестің ағымдағы жылдың 12 айында 12 іс-шара өтіп, оның ішінде қаралған негізгі мәселелер: ол мекеме басшыларының мемлекеттік бағдарламаларының және атқарылған жұмыстарының орындалуы туралы есебі талқыланды, атап айтқанда ол аудандық орталық ауруханасы, ішкі істерінің жергілікті полиция қызметі, аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Қаратау қаласының әкімі және т.б. мекеме басшылары. Аудандық кеңестің отырыстары қорытындыланып, талқыланған мәселе бойынша шешімдер қабылданды.  Жоғарыда айтылғандай, жыл ішінде 42 нормативтік құқықтық актілердің жобалары (қаулы, шешім жобалары) қаралып ұсынымдар берілді, қайтарылғаны – 1.

Халыққа хабардар ету үшін, 2017 жылы Қоғамдық кеңесінің отырыстары өткен туралы «Талас тынысы» газетіне  16, аудан әкімінің сайтына 9 мәлімет және 2 бейнеролік телеарнаға жіберілді.

 

 

 

Аудандық Қоғамдық   

 кеңес хатшысы                                     Қарғабаева М.С.

 

 

 

 

 

Қоғамдық кеңестің 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

 

 

2016 жылдың 17 ақпан күні Талас аудандық мәслихатының кезектен тыс елу бірінші сессиясында Талас ауданының Қоғамдық кеңесі құрылып, құрамы бекітілді. Қоғамдық кеңес жанында 3 комиссия құрылды.

Осы комиссиялар қаралуына жыл ішінде ұсынылған 31 құжаттарға комиссия отырыстары өтіп, қорытындылар берілді.

Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасындағы 5 институционалдық реформаның  «Есеп беретің мемлекетті қалыптастыру туралы» бесінші бөліміндегі қадамдарына сәйкес Қоғамдық кеңестің отырыстарында Талас ауданының әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиевтің «2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2016 жылы алда тұрған міндеттер туралы» есебі тындалды Жыл басында  бекітілген  жоспар бойынша  Қоғамдық кеңестің он бір  отырысы өтті, оның ішінде қаралған жеті негізгі мәселелер: ол мекеме басшыларының мемлекеттік  бағдарламаларының орындалуы туралы есебі талқыланды, бір өтініш қаралып ( көпқабатты тұратын үйінде  газ балоны жарылып бірнеше пәтер апатты жағдайда болуына байланысты) заңға сәйкес жауабы берілді. Аудандық кеңестің отырыстары қорытындыланып , талқыланған мәселе бойынша шешімдер қабылданды.

Халыққа хабардар ету үшін, 2016 жылы Қоғамдық кеңесінің отырыстары өткен туралы «Талас тынысы» газетіне  20 , аудан әкімінің сайтына 13 мәлімет және 3 бейнеролік телеарнаға жіберілді.

 

 

 

        Аудандық Қоғамдық

        Кеңес хатшысы Қарғабаева М.С  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің

2016 жылғы 14 желтоқсандағы

отырысында бекітілген

2-қосымша

Жамбыл облысы Талас ауданының Қоғамдық кеңесінің 2017 жылға жұмыс жоспары

 

Іс-шаралар атауы

 

Аяқталу нысаны Орындалу мерзімі Жауапты орындаушылар
1 Қоғамдық кеңестің отырысында 2016 жылғы атқарылған жұмыс нәтижелері туралы Талас ауданы әкімінің есебін тыңдау  

Хаттама

 

Қаңтар-ақпан

 

Қ.Рахымжанов

Ғ.Асемов

 

3 Қоғамдық кеңестің отырысында Талас аудандық орталық ауруханасының халыққа көрсетілетін  қызметтер туралы 2016 жылдың есебі және 2017 жылға жоспар бойынша тындау  

 

Хаттама

 

 

Сәуір

 

Қ.Садубаев

Е.Имаммырзаев

2 Қоғамдық кеңестің отырысында аудан

бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау

 

Хаттама

 

мамыр

 

Қ.Рахымжанов

Қ.Терликбаев

4 Қоғамдық кеңестің отырысында ауданда бейімдеуге жататын (пандустар) әлеуметтік инфрақұрылым нысандары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар  

Хаттама

 

тамыз

 

Қ.Садубаев

Д.Абдуқасымов

 

5

 

Қоғамдық кеңестің отырысында Талас ауданы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2016 – 2017 жылдарының жол салу бойынша атқарылған жұмыстарын талқылау  

Хаттама

 

қыркүйек

 

С.Дадабаев

Н.Садықбеков

6

 

 

 

Қоғамдық кеңестің отырысында Қаратау қаласы әкімінің 2016-2017ж.ж.атқарылған жұмыстар туралы есебін талқылау Хаттама қазан А.Абдибекова

                                                                                                                                             

Қоғамдық кеңестің төрағасы                                                                       Ж.Әсемов

 

 

                                                                                                                                                                         

 

 

 

«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы және халықты

жұмыспен қамту мәселесі қаралды

 

2016 жылдың тамыз айының 22 жұлдызында Қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, Талас ауданының Жұмыспен қамту орталығының директоры Р. А. Қырықбаевтің  «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы және халықты жұмыспен қамту бойынша атқарған жұмыстары тындалды.

Талқылау барысында  нысаналы топтағы адамдарды, соның ішінде сотталғандарды, «Сәтті қадам» меморандумы бойынша жетім балаларды жұмысқа орналастыруға жасалынып жатқан жұмыстар туралы сұрақтар қойылып, «Жастар тәжірибиесі» бағдарламасының жұмыс орынының саның көбейту және тәжірибиесінен өту мерзімін бір жылға дейін ұзарту деген ұсыныс-пікір айтылып жауаптар берілді.

 

 

Талас ауданының Қоғамдық кеңесі

Қоғамдық кеңестің 2016 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

 

             2016 жылдың 17 ақпан күні Талас аудандық мәслихатының кезектен тыс елу бірінші сессиясында Талас ауданының Қоғамдық кеңесі құрылып, құрамы бекітілді. Қоғамдық кеңес жанында 3 комиссия құрылды.

Осы комиссиялар қаралуына алты айдың ішінде ұсынылған он үш құжаттарға комиссия отырыстары өтіп, қорытындылар берілді.

Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасындағы 5 институционалдық реформаның  «Есеп беретің мемлекетті қалыптастыру туралы» бесінші бөліміндегі қадамдарына сәйкес Қоғамдық кеңестің отырыстарында 25.02.2016 жылы Талас ауданының әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиевтің «2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2016 жылы алда тұрған міндеттер туралы» есебі және  20.06.2016 жылы Талас ауданы әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы талқыланды. Аудандық кеңестің отырыстары қорытындыланып, талқыланған мәселе бойынша шешімдер қабылданды.  Қоғамдық кеңесте әр түрлі мәселе бойынша бес кеңестер өтті.

Халыққа хабардар ету үшін, 2016 жылдың 6 айында Қоғамдық кеңесінің отырыстары өткен туралы «Талас тынысы» газетіне  10 мәлімет, сайтқа 6 мәлімет және 1 бейнеролік телевиденияға жіберілді.

 

 

Талас аудандық Қоғамдық кеңес

 

 

 

 

 

Талас ауданында Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

  Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес, 2016 жылы 20 маусымда Қоғамдық кеңесінің отырысы өтіп,  Талас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің мемлекеттік пен үкіметтік бағдарламаларының орындалуы және әртүрлі мәселелер, соның ішінде Қазақстан Республикасының «Жайылым туралы» Заңының жобасы талқыланды. Қоғамдық кеңестің отырысына облыстық, аудандық депутаттар, аудандық ардагерлер Кеңесі, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме  басшылары, қоғам өкілдері, соның ішінде «Talasinvestment Company» ЖШС, «Жамбыл недр» ЖШС, «Қаратау НПЗ» ЖШС, «Шолақтау таукент өндірісі», «Қаратау ПРО» ЖШС, «Сары тас удобрение» ЖШС-нің  бас директорлары және басқа да бөлімдер мен мекеме басшылары, ауылдық округтеріндегі қауымдас төрағалары, кеңес отырысына аудан әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиев қатысты.

Аудандық қоғамдық кеңесінің отырысына спикер ретінде   «Talasinvestment Company» ЖШС-нің бас директоры Алдашов Б.А. қатыстып өз пікірін айтты: «Ұлт жоспары- 100 нақты қадам» бағдарламасына байланысты құрылған қоғамдық кеңестер өз жұмыстарын жандандырып, билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналып келеді. Талас аудандық қоғамдық кеңесі өз отырыстарында өмірдің өзекті мәселелерін талқылап, оған қатысты өз ұстанымдарын билікке жеткізуде. Зауыт жұмысындағы іркілістің себеп – салдарына тоқталды. Еңбек ақының қарызы осы айдың аяғына дейін түгел төленеді, жұмыс айдың аяғына дейін басталады.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша  Талас ауданы әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ауданбек Жұзбосынұлы Тауасаровтың 2015 жылғы және 2016жылдың 5 айында мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуы туралы есебі қанағаттарлық  деп табылды және талқылау барысында айтылған ұсыныс-пікірлер сараланып, алдағы уақытта ауданның индикаторларына қол жеткізу жөніндегі бағдарламаларын қалыптастыруда ескеріліп жұмыстар жүргізілсін деп шешім қабылданды.

Ал екінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасының «Жайылым туралы» Заңының жобасына енгізу үшін мынандай ұсыныстар берілді.

1) Маусымдық жайылымдар, үш кезеңде жұмыс істеуде дегенді алып тастау.  Жалға берген (арендаға) жерлерді мемлекеттік жер қорына қайтару керек дегенді қосу.

2) Елді мекен орналасқан жерлердің айналасындағы 10 километр жайылым жерлерді сатуға, жалға (арендаға) беруге тиым салынуы тиіс.

 

Қоғамдық кеңес төралқасының  және мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» №383-V Заңының 11 бабына сәйкес қоғамдық кеңестің төралқасына және комиссиялардың құрамына мынандай өзгерістер енгізілді.

Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің төралқаның құрамына аудандық мәслихат хатшысы Арқабек Төлебаев сайланды.

Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің Бюджет, қаржы және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жөніндегі комиссиясының төрағалығынан босатылып, Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің хатшысы және кеңес төралқаның құрамына  Майя Сагиндыковна Қарғабаева сайланды.

Талас аудандық Қоғамдық кенесінің Бюджет, қаржы және жергілікті

өзін-өзі басқаруды дамыту, Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау,

азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-

әрекеттер жөніндегі комиссиясының төрағалығына және кеңес

төралқаның құрамына Ерлан Махашұлы Әнетбаев сайланды.

Қоғамдық кеңестің хатшылығынан және кеңес төралқаның құрамынан босатылып, Әлеуметтік-мәдени салалар және қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі комиссия мүшелерінің құрамына Сәулембай Әбсадықұлы сайланды.

 

      Аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы    Ж.Әсемов