Қоғамдық кеңестің  01.08.2017 жылға атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

 

 

 

            2016 жылдың 17 ақпанында  Талас аудандық мәслихатының сессиясында Талас ауданының Қоғамдық кеңесі құрылып, құрамы бекітілді. Кеңес жанында 3 комиссия құрылды.

Құрылған комиссиялар қаралуына 01.08.2017ж. ұсынылған жиырма бес шешім, қаулы жобаларына комиссия отырыстары өтіп, жиырма төртіне қорытындылар берілді, ал Бостандық ауылдық округі әкімінің шешім жобасының құжаттары дұрыс және толық болмауына байланысты кері қайтарылды.

Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасындағы 5 институционалдық реформаның  «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру туралы» бесінші бөліміндегі қадамдарына сәйкес Қоғамдық кеңестің отырыстарында жоспар бойынша қаралған мәселелер:

13.02.2017 жылы Талас ауданының әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиевтің «2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2017 жылы алда тұрған міндеттер туралы» есебі;

3.04.2017 жылы Талас аудандық орталық ауруханасының халыққа көрсетілетін қызметтері туралы 2016 жылдың есебі және 2017 жылға арналған жоспары;

24.05.2017 жылы Талас ауданының   жергілікті полиция қызметінің 2016-2017 жылдары атқарылып жатқан жұмыстары және Талас ауданы Прокуратурасының 2017 жылғы 13 сәуірдегі №2-0710-17-00579 ұсынымы;

20.07.2017 жылы Ауданда бейімдеуге жататын (пандустар) әлеуметтік инфрақұрылым нысандары бойынша атқарылып жатқан жұмыстары талқыланды.

Аудандандық орталық ауруханасының халыққа көрсетілетін қызметтері мен ауданда бейімдеуге жататын әлеуметтік инфрақұрылым нысандары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарына жұмысшы тобы құрылып қоғамдық мониторинг жүргізілді.

Аудандық кеңестің отырыстары қорытындыланып, талқыланған мәселе бойынша шешімдер қабылданды.  Қоғамдық кеңесте сегіз отырыстар өтті, оның ішінде қоғамдық тындаулар-4, отырыстар-2, мониторинг-2.

Ағымдағы жылдың 7 айында кіріске түскен 49 құжат, ал шығыстан шыққан 72 құжат болды.

Халыққа хабардар ету үшін, 01.08.2017ж. дейін Қоғамдық кеңесінің отырыстары өткен туралы «Талас тынысы» газетіне 9 мәлімет, сайтқа 5 мәлімет және 2 бейнеролік телеарнаға жіберілді.

 

Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің хатшысы

М.С.Қарғабаева