Қоғамдық кеңестің 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Қоғамдық кеңестің 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

 

            2016 жылдың 17 ақпан күні Талас аудандық мәслихатының кезектен тыс елу бірінші сессиясында «Талас ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» №51-2 шешімімен Қоғамдық кеңесі құрылып, құрамы 17 адам болып бекітілді, 2017 жылдың 23 қазанында «Талас ауданының Қоғамдық кеңесі құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №24-8   кезекті сессиясында Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамына өзгерістер енгізіліп, 19 мүшесімен бекітілді. Қоғамдық кеңесінің №9 отырысында  Талас ауданының Қоғамдық Кеңесінің құрамына – төралқа және комиссия мүшелеріне өзгерістер енгізілді. Қоғамдық кеңес жанында 3 комиссия бар.

Осы комиссиялардың және төралқа мүшелерінің қаралуына 12 айдың ішінде түскен 42 шешім, қаулы жобаларына ұсынымдар берілді.

Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасындағы 5 институционалдық реформаның  «Есеп беретің мемлекетті қалыптастыру туралы» бесінші бөліміндегі қадамдарына сәйкес Қоғамдық кеңестің отырыстарында Талас ауданының әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиевтің «2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2017 жылы алда тұрған міндеттер туралы» есебі тындалды. Жыл басында бекітілген жоспар бойынша Қоғамдық кеңестің ағымдағы жылдың 12 айында 12 іс-шара өтіп, оның ішінде қаралған негізгі мәселелер: ол мекеме басшыларының мемлекеттік бағдарламаларының және атқарылған жұмыстарының орындалуы туралы есебі талқыланды, атап айтқанда ол аудандық орталық ауруханасы, ішкі істерінің жергілікті полиция қызметі, аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Қаратау қаласының әкімі және т.б. мекеме басшылары. Аудандық кеңестің отырыстары қорытындыланып, талқыланған мәселе бойынша шешімдер қабылданды.  Жоғарыда айтылғандай, жыл ішінде 42 нормативтік құқықтық актілердің жобалары (қаулы, шешім жобалары) қаралып ұсынымдар берілді, қайтарылғаны – 1.

Халыққа хабардар ету үшін, 2017 жылы Қоғамдық кеңесінің отырыстары өткен туралы «Талас тынысы» газетіне  16, аудан әкімінің сайтына 9 мәлімет және 2 бейнеролік телеарнаға жіберілді.

 

 

 

Аудандық Қоғамдық

       кеңес хатшысы   Қарғабаева М.С.