Талас аудандық орталық ауруханасының халыққа көрсетілетін қызметтері туралы 2016 жылдың есебі және 2017 жылға қойылған міндеттер бойынша атқарылған жұмыстары тыңдалды

Талас аудандық орталық ауруханасының халыққа көрсетілетін  қызметтері туралы 2016 жылдың есебі және 2017 жылға қойылған міндеттер бойынша  атқарылған жұмыстары тыңдалды

 

 

2017 жылдың сәуір айының 17 жұлдызында Қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, Талас аудандық орталық аурухана басшысының орынбасары Е.Сейдақпаров Талас аудандық орталық ауруханасының халыққа көрсетілетін  қызметтері туралы 2016 жылдың есебі және 2017 жылға қойылған міндеттер бойынша  атқарылған жұмыстары тындалды.

Ағымдағы жылдың 3 сәуір күні өткен Қоғамдық кеңестің отырысында орталық аурухананың жұмысына қоғамдық мониторинг жүргізу үшін жұмыс тобы құрылған. Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану мониторингісінің нәтижесі бойынша баяндама жасау үшін сөз жұмыс тобының мүшесі Ерлан Махашұлы Анетбаевқа беріліп анықталған кемшіліктер бойынша атап өтілді. Баяндама бойынша жарыссөзге қатысқан Сәулембай Әбсадықұлы, Галина Панфиловна Шуваева өз ойларын айтып, ұсыныс берді.

Қоғамдық кеңестің отырысына Аудандық орталық аруханасының аудандық жетекші гинекологі Д.Ә.Муратова, аудандық педиатрі Р.Ф.Семізбаева және арыз-шағымдармен жұмыс жасайтын мамандар қатысып айтылған кемшіліктер бойынша түсінік беріп,  нәтижелі жұмыс жасайтындығын айтты.

Талқылау барысында қойылған сұрақтарға толығымен жауптар берілді.

Аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы қорытындыланып, талқылаған мәселе бойынша шешім қабылданды.

 

 

Талас ауданы Қоғамдық кеңесінің хатшысы М.С.Қарғабаева