Талас ауданында Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

  2018 жылдың 30 мамырында  Қоғамдық кеңесінің отырысы    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының Талас ауданында орындалу барысы туралы  күн тәртібімен өтті. Қоғамдық кеңестің отырысына Қоғамдық кеңес төрағасы, қоғамдық кеңес мүшелері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Тойшыбеков  Жандос  Мырзайымұлы, қала әкімінің орынбасары  М.Рысбаев және тізім бойынша бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты. Барлығы 56 адам.

Баяндамашы:  Ргебаев Ерік Ғалымұлы – аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы.

Хабарламашы: Қалықұлова Гүлмира Тұрмаханбетқызы – аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

Қоғамдық кеңестің отырысына 19 кеңес мүшелерінің ішінен 14-і қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер көтеріліп тындалды. Талқылау барысында айтылған кемшіліктер, ұсыныс-пікірлер сараланып жұмыстар жүргізілуі туралы айтылды, атап айтқанда:

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Қалықұлова Г.Т. 10 күн ішінде:

– Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы 1 «инватакси» жеткілікті немесе жеткіліксіз туралы ұсынысын және  мүгедектерге арналған оңалту орталығын ашу туралы жоғарғы органдарға жіберілген хаттардың көшірмесін беру жұктелді.

 

 

 

Талас ауданында Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

 

          2018 жылы 23 сәуірде Талас аудандық қоғамдық кеңесінің  отырысы өтті. Жұмыс жоспарында Аудандық жергілікті полициясының табиғатты қорғау инспекциясының аудан тұрғындары, кәсіпкерлер мен кәсіпорындарымен экологиялық және санитарлық заңдарының талаптарын сақталуы бойынша жасалынып жатқан жұмыстары, «Таза-Талас» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының және «Таза Қала-Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің абаттандыру, санитарлық тазалау және қалдықтарды пайдаға асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебі.

Атқарылған жұмысын зерделеп, мониторинг жасау үшін уақытша жұмыс тобы құрылып, төрағасы болып К.Нұрбеков сайланды. Жұмыс тобына екі апта уақыт беріліп нәтижесін өткізу мерзімі 13 сәуір  болып белгіленді.

Қоғамдық кеңестің құрамында 19 мүше бар, бүгінгі отырысқа 17 адам қатысты, қатыспаған (  Тастанбеков Н., Қуаныш А.)  2 адам.

Қоғамдық кеңестің отырысына аудан әкімінің орынбасары Дадабаев Серік Ералыұлы қатысты, шақырылғандар: Қаратау қаласының әкімі Қайрат Маратович Серимов, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрлан Аманғалиевич Кудертаев, СЭС басшысы Гүлмира Маханова,  редакция қызметкерлері және есеп берушілер: Табиғатты қорғау инспекциясының аға инспекторы Д.Омаров, «Таза Талас» мекемесінің директоры Е.А. Нурбаев, «Таза Қала-Қаратау» ЖШС-нің директоры М.Дәуешов. Барлығы қатысқан 28 адам.

Кеңес отырысының нәтижесінде тиісті шешім қабылданды.

                Талас аудандық Қоғамдық кеңесі

 

 

Талас ауданында Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

                   2018 жылы 02 сәуірде Талас аудандық қоғамдық кеңесінің  отырысы өтті. Жұмыс жоспарында аудандық жергілікті полициясының табиғатты қорғау инспекциясының аудан тұрғындары, кәсіпкерлер мен кәсіпорындарымен экологиялық және санитарлық заңдарының талаптарын сақталуы бойынша жасалынып жатқан жұмыстары, «Таза-Талас» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының және «Таза Қала-Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің абаттандыру, санитарлық тазалау және қалдықтарды пайдаға асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарын зерделеп мониторинг жасау үшін бес адамнан жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының төрағасы болып К.Нұрбеков сайланды. Жұмыс тобына екі апта уақыт беріліп нәтижесін өткізу мерзімі а.ж. 13 сәуірі болып белгіленді.

Қоғамдық кеңесінің 19 мүшелерінен 16 қатысты.

Шақырылғандар Қаратау қ. әкімі Серимов Қ.М., табиғатты қорғау инспекциясының аға инспекторы Омаров Д., «Таза Талас» мекемесінің директоры Нурбаев Е.А. қатысып есеп беретіндігі ескерілді.

 

Талас аудандық Қоғамдық кеңесі

 

 

Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

 

 

2017 жылдың 21 желтоқсанда Талас ауданы Қоғамдық кеңес отырысы             «Қаратау қаласы әкімінің 2016-2017жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі, 2017 жылы 14 қыркүйекте өткен Қоғамдық кеңес отырысының хаттамасының орындалуы бойынша Талас ауданы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жол салу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарының кемшіліктерін қалпына  келтіру туралы және 23 қазан 2017 жылы өткен Қоғамдық кеңес отырысының №8 хаттамасының орындалуы – инфрақұрылым объектілерге мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді жағдай (7 позиция) жасалынғаны туралы (Ш. Уалиханов, Д Қонаев,  Д.Қонаев /ауыл/)» күн тәртібімен өтті.

                Есеп беруші: Қаратау қаласының әкімі Қайрат Маратович Серимов, аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Төленұлы Садықбеков және аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Күлшат Кеңесқызы Қожатаева.

Қоғамдық кеңестің отырысына 19 кеңес мүшелерінің ішінен 15-і қатысты және есеп берушілерімен қосқанда барлығы _18 адам болды.

Күн тәртібіндегі үш мәселе бойынша  баяндама жасалып, мекеме басшылары тындалды. Талқылау барысында айтылған кемшіліктер, ұсыныс-пікірлер сараланып жұмыстар жүргізілуі тапсырылды, атап айтқанда: Талас ауданы Қаратау қаласының әкімі Қ. М. Серимовқа:

– жеке үйлердің қоқыстарын қапшықпен шығару бойынша жұмыстар жасалсын;

– Қоқыстарды бөліп жинау  (пластик, стекло, картон, басқа қоқыстар) жұмыстары қолға алынып, тиісті мекемеге тапсырылсын;

– жергілікті полиция қызметінің басшысы Д.А.Рысдаулетов пен бірлесіп Қаратау қаласындағы 2 тірек пунктін құжаттары рәсімделсін, қосымша тірек пунктерді ашу жолы қарастырылсын.

Талас ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Садықбековке:

– 200 жол белгілері орнатылған жерлерде қосымша жол жолақтары тәртіпке келтірілсін;

– Қоқыстарды бөліп жинау  (пластик, стекло, картон, басқа қоқыстар) жұмыстары қолға алынып, тиісті мекемеге тапсырылсын.

Қаратау қаласының әкімі Қ.М.Серимов, ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Т. Садықбеков, жергілікті полиция қызметінің басшысы Д.А.Рысдаулетов:

– Қаратау қаласындағы кәріз су құдығының (люк) қақпақтарын сақтап қалу мақсатында жұмыстар жүргізіліп, тиісті органдармен заңды түрде шешімін табуға жұмыс жасалсын.

Орындалу мерзімі  2 ай деп белгіленді.

 

Аудандық Қоғамдық

кеңес хатшысы   Қарғабаева М.С.

 

 

Талас ауданында Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

 

 

2017 жылдың 14 қыркүйегінде Талас ауданы Қоғамдық кеңес отырысы             «Талас ауданы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2016 – 2017 жылдарының жол салу бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы және екінші мәселе 20 шілде 2017 жылы өткен Қоғамдық кеңес отырысының хаттамасының орындалуы бойынша ауданда мүгедектердің объектілерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстары туралы есебі» күн тәртібімен өтті.

                Есеп берушілер: аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Төленұлы Садықбеков және аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Гулмира Тұрмаханбетқызы Қалықұлова.

Қоғамдық кеңестің отырысына шақырылған мекеме  басшылары қатысты. Барлығы қатысқан 20 адам.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша  екі мемлекеттік органдардың есебі тындалды. Аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне талқылау барысында айтылған кемшіліктер, ұсыныс-пікірлер сараланып жұмыстар жүргізілсін деп, аталған ұсынымдардың орындалуы ағымдағы жылдың желтоқсан айында Қоғамдық кеңесте қайта қаралатыны ескерілді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз кіріп-шығуына жағдай толығымен жасалмағандығы анықталып Қоғамдық кеңестің атынан ескерту хат жіберілсін және тұрақты назарда болсын деген шешім қабылданды.

 

 

Аудандық Қоғамдық

кеңес хатшысы   Қарғабаева М.С.