Талас ауданында Қоғамдық кеңесінің отырысында аудан әкімдігінің білім бөлімінің атқарылған жұмыстары тыңдалды

Талас ауданында Қоғамдық кеңесінің

отырысында аудан әкімдігінің білім бөлімінің

атқарылған жұмыстары тыңдалды

 

 

2017 жылдың 23 қазанда Талас ауданы Қоғамдық кеңес отырысы             «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша білім бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген іс-шаралар, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарты туралы, Әдеп кодексінің нормаларының сақталуы және білім мекемелерінің 2017-2018 жылғы қысқы маусымына дайындығы туралыесебі» күн тәртібімен өтті.

                Есеп беруші: аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Күлшат Кеңесқызы Қожатаева.

Қоғамдық кеңестің отырысына шақырылған аудандық мектеп директорлары, аудандық прокуратура өкілдері, барлығы _21 адам қатысты.

               Күн тәртібіндегі мәселе бойынша  білім бөлімінің басшысы Күлшат Кеңесқызы Қожатаева баяндама жасады. Аудан әкімдігінің білім бөліміне талқылау барысында айтылған кемшіліктер, ұсыныс-пікірлер сараланып жұмыстар жүргізілсін деп, атап айтқанда:өзінен-өзі жанып жатқан қөмірлер қатан бақылауға алынсын, «Автоматтық басқару орыны» бірынғай базасы бойынша оңынан тұрмаған балалардың тізімі ретке келтірілсін және  инфрақұрылым объектілерге мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді жағдай 7 позиция бойынша жұмыстар жасалынсын ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат 01.12.2017ж. дейін берілсін деген шешім қабылданды.

 

 

Аудандық Қоғамдық

кеңес хатшысы                                                               Қарғабаева М.С.