Талас ауданында Қоғамдық кеңесінің құрамына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді

         Талас ауданында Қоғамдық кеңесінің құрамына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді

 

 

Әр түрлі себептермен Қоғамдық кеңестің құрамынан 4 адам шығып Қазақстан Республикасының 2015 жылы 2 қарашадағы «Қоғамдық Кеңестер туралы» № 383-V Заңының 9 бабына сәйкес 2017 жылдың 23 қазанында өткен №24-8 аудандық мәслихаттың сессиясының шешімімен Қоғамдық кеңестің құрамына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, 6 мүше қосылды, жалпы саны 17 адамнаң 19-ға жетті.

Қоғамдық кеңестің 26.10.2017ж. № 9 отырысында Қоғамдық кеңестің үш комиссиясы толықтырылып төралқа мүшелігіне бір адам қосылды. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық Кеңестер туралы» Заңының 11 бабына сәйкес Қоғамдық кеңес төралқасының және комиссия мүшелерінің құрамына мынандай кандидатуралар сайланды:

Нұрбеков Көшпенбет Әмірешұлы, Қоғамдық кеңес төралқасының және аграрлық саясат, ауылдық аумақтарды дамыту, табиғатты және жер ресурстарын пайдалану, техногендік үрдістер, кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық салаларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясының мүшесі;

Байходжаев Арыстанбек Мукушевич – аграрлық саясат, ауылдық аумақтарды дамыту, табиғатты және жер ресурстарын пайдалану, техногендік үрдістер, кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық салаларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясының мүшесі;

Миралиев  Мадиярбек Дуйсеналиевич – аграрлық саясат, ауылдық аумақтарды дамыту, табиғатты және жер ресурстарын пайдалану, техногендік үрдістер, кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық салаларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясының мүшесі;

Тоқтыбаев Базылхан Журтшыбаевич – бюджет қаржы және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жөніндегі комиссиясының мүшесі;

Некрасова Надежда Дмитриевна – Әлеуметтік- мәдени салалар және қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі комиссиясының мүшесі;

Қуаныш Асқар Алшынбекұлы – Әлеуметтік- мәдени салалар және қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі комиссиясының мүшесі.

 

Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің хатшысы

М.С.Қарғабаева