Талас ауданының әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиевтің 2016 жылдың қантар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2017 жылы алда тұрған міндеттер туралы есебі талқыланды

 

 

 

            2017 жылдың 13 ақпан күні   Қоғамдық кеңестің отырыстарында Талас ауданының әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиевтің «2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2017 жылы алда тұрған міндеттер туралы» есебі талқыланды. Баяндама бойынша жарыссөзге 2 адам – Қоғамдық кеңесінің мүшелері Сәулембай Әбсадықұлы және жастар атынан Нұркен Мырзаев қатысып ұсыныс-пікірлері айтылды. Сәулембай Әбсадықұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық саласында көп жұмыстар атқарылғандығы туралы құлақтандырды, мынандай ұсыныс-пікірлерін айтты:

– шаруа қожалықтарын біріктіріп, кооперация құру бойынша жұмыстар жасалу, ауылда шағын микро сүт цехтарын, зауыттарын ашу және өзіміздің таза өнімдеріміз – ет, сүт экспортына қол жеткізу бойынша жұмыстар жасалу керектігін айтты.

Аудандық кеңестің отырысы қорытындыланып, талқыланған мәселе бойынша шешімдер қабылданды.

Аудан әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиевтің атқарылған жұмыстарына қанағаттанарлық деген баға берілді.

 

 

 

Аудандық Қоғамдық

кеңес хатшысы   Қарғабаева М.С.