Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында      «САЛТ-ДӘСТҮРІМ-ТАУСЫЛМАЙТЫН БАЙЛЫҒЫМ» атты аудандық ұлттық нақыштағы ойын түрлерінен өткізілген жарыстың АҚПАРАТЫ

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында      «САЛТ-ДӘСТҮРІМ-ТАУСЫЛМАЙТЫН БАЙЛЫҒЫМ» атты аудандық ұлттық нақыштағы ойын түрлерінен өткізілген жарыстың

АҚПАРАТЫ

 

2017 жылдың 3 қараша күні «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет үйінде аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығы және аудан әкімдігінің спорт бөлімі бірлесе  «САЛТ-ДӘСТҮРІМ-ТАУСЫЛМАЙТЫН БАЙЛЫҒЫМ» атты аудандық ұлттық нақыштағы ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырды.  Аудан тұрғындары арасында салт-дәстүрді насихаттай отырып, өскелең ұрпаққа үлгі көрсетіп, аға буынның жастарға деген сенімін арттырып, жастардың ата-дәстүр, салтымызға ықыласын ояту, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру»атты мақаласын жүзеге асыру мақстанда ұйымдастырылған іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Садубаев Кәдірбек Рысқұлбекович ашып, ауданымыздың жарысқа қатысушы 15 командасына сәттілік тіледі. Аударыспақ, арқан тарту, қазақ күресі, «оюмен ой айтқан елміз», «білімді мыңды жығар», халық әнін орындау сынды 6 кезеңнен өткен сайыс нәтижесінде жалпы командалық есепте Қызыләуіт ауылдық округінен келген команда 1 орынды, Жұлдыз аула клубынан қатысқан команда 2 орынды, Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі 3 орынды иеленсе, әр кезеңнің өз жүйріктері де анықталды. Атап айтқанда, «аударыспақ» ұлттық ойынының жеңімпазы – Қаратау гуманитарлық- техникалық колледжінен шыққан Стахан Елтай палуан, «қазақ күресі» спорт түрінен – Тамды ауылдық округінен келген Төлеуіш Cұлтан, «арқан тарту» спорт түрінен – Қызыләуіт ауылдық округі командасы, «Оюмен ой айтқан елміз» кезеңінен – Жұлдыз аула клубы, халық әнін орындаудан – Қызыләуіт ауылдық округі, «Білімді мыңды жығар» кезеңі бойынша – Қызыләуіт ауылдық окургі үздік шықты. Байқауға қатысқан Пушкин орта мектебі, Ойық,  Ақкөл, С.Шәкіров, Бостандық, Кеңес, Аққұм, Берікқара, Үшарал, Қаратау технология, білім және бизнес колледжі және Пробация тізіміндегі жастардан құралған командалардың барлығына номинациялар мен алғыстар тапсырылды. Барлық орындарға арнайы жүлделі орындармен қоса, бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

                                                                               Ақсұлу Байболатова

                            «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің

жастар ісі жөніндегі инспекторы