МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ “БОЛАШАҚҚА БАҒДАР:РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ” АТТЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫ АЯСЫНДА ТАЛАС АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын түсіндіру бойынша іс –шаралар жоспары әзірленіп, атқарылуда.

Аудандық іс-шара жоспары облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасымен келісіліп, бекітілген болатын. Аудандық жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың 4 қазанына дейін 143 іс-шара өткізілді. Сондай ақ, аудандық прокуратура қызметкерлерімен бірлесе отырып құқық қорғау органдары, аудандық қоғамдық кеңесі мен ардагерлер кеңесі мүшелері және аудан тұрғындарының қатысуымен кең көлемде кездесу өткізілді. Кездесуге 250-ге жуық адам қатысты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын ілгерілету бойынша бекітілген  желілік кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 4 тоқсанында 66 іс-шара өткізу жоспарлануда.   Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісінің «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» Парламенттік тыңдаулар қорытындыларын қолдау бойынша әзірленген облыстық желілік кестеге сәйкес 2017 жылдың                        11 қыркүйегінен –  31 желтоқсанына дейін аудан бойынша– 83 іс-шара жоспарланып, оның ішінде бүгінгі күнге 21 іс шара өткізілді.

Ағымдағы жылдың  сәуір – қыркүйек  айларында  аудандық
«Талас тынысы» газеті беттерінде Елбасының бағдарламалық
мақаласы бойынша – 40 материал,  ал   Республикалық «Салық тәртібі»
газетінде  –  13   мақала
,   облыстық  «Ақ жол»  және  «Знамя труда»
газеттеріне – 5 мақала
жарық көрді.
Ауданда   Елбасы  Н.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар:  рухани
жаңғыру» атты тақырыбында 26 билборд ілінді.
Қазіргі  уақытта, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани  жаңғыру»  атты  бағдарламалық  мақаласы  аясында  аудан   бойынша  3 жоба  әзірленіп, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда:
1) «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  Жастар  форумын                        «Туған жер»       бағдарламасы    аясында   «Ұлбике ақын»  мәдениет   орталығында өткізу жоспарлануда. Қамтылатын адамдар саны – 500.
Аталған іс-шараға – 98 мың теңге көлемінде қаражат қарастыру көзделуде.
2) «Салт –дәстүрім- таусылмайтын байлығым» атты аудандық ұлттық нақыштағы ойын түрлерінен жарыс «Рухани қазына: Ұлттық құндылықтары – ел бірлігі» бағдарламасы аясында аудан орталығындағы Орталық саябақта өткізу жоспарлануда. Қамтылатын адамдар саны -500.
Аталған іс-шараға – 204 мың теңге көлемінде қаражат қарастыру көзделуде.
3)«Туған жерге тағзым» Жамбыл облысының тарихи мәдени ескерткіштеріне белсенді жастардың қатысуымен қазан-қараша айларына «Рухани қазына: Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы аясында Жамбыл облысы аумағындағы тарихи ескерткіштер мен киелі орындар, қорықтарды аралап, саяхат жасау жоспарлануда. Қамтылатын адамдар саны- 50. Аталған  іс-шараға –800 мың теңге көлемінде қаражат арастыру көзделуде.
«Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын аудан тұрғындарына түсіндіру мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша 500 мың теңге қаражат қаралып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде конкурс өткізіліп,
 «Талас ғұмыры» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз болып анықталды.
Атқарылатын жұмыстардың іс-шаралар жоспары бекітіліп, қазан – желтоқсан айларында 6  іс – шара  (1 – семинар, 3 – кездесу, 1 – дөнгелек үстел, 1 – конференция) өткізу жұмыс жүргізілетін болады.                                                        Сонымен қатар, 2018 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында өткізілетін іс шараларға  тиісті қаражаттар бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үкіметтік емес ұйымдарға ұсынылатын лоттар рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы бағыттар бойынша тақырыптар жинақталып жүргізілетін болады.Қазіргі уақытта ауданда көрнекі ақпарат санын және БАҚ-та жарияланатын мақалалардың саның көбейту үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.