Талас  аудандық  тарихи-өлкетану  музейі «Мәңгілік – Ел бастауы – Рухани  жаңғыру» тақырыбында  жасалған  көрменің  мәліметі  

Талас  аудандық  тарихи-өлкетану  музейі «Мәңгілік – Ел бастауы – Рухани  жаңғыру»

тақырыбында  жасалған  көрменің  мәліметі

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани  жаңғыру» атты терең  ойлы,  тектілік тегеуріні мол мақаласы, көкейде жүрген  көп  ойдың орамы  мол олжалы  ырғақтарын орынды қозғағандығымен  үлкен әсерге  бөлегендігін айту  керек.

Рухани  жаңғыру – кешеден  келген  кемел  болмыстың, ертеден жеткен ерен  дәстүрдің  осы  заман  қалыптастырған  құндылықтармен  астасып барып  ұлттық  бірегейлікті,  ұлыстық  ұстанымдардың  ұлағатты дәстүрін  сақтап  қалу немесе  олардың  абыз-тарих  аталатын ақжал  толқындардың тегеурінінен  сетіней  бастаған  тұстарын  қайтадан  қалыпқа  салып,  өз  иесі – халыққа қайтару  болса керек.  Білімді  жас  ұрпақ, білікті  аға  буын  алдында  тұрған  парыз  жүгінің   ең  ауыры  да  осы  болар.

Ұлы  Даламыздағы  елдік пен  ерлік  қасиеттің  рухани  негізі –  туып  -өскен  жері  мен  елінің  салт-дәстүрінен,  ұлттық  мәдени  мұраларынан,  ел мен  жер   байлығын   қорғап  қалған сақ  дәуіріндегі  Тұмар  Ханшайым  мен   Күлтегін,  Тоныкөк    батырлардың  ерлік  істерінен  бастау алады.

Осыған  орай музейде  көрме  жасақталып, келушілер көріп танысты.