Талас аудандық тарихи-өлкетану музейі

Талас аудандық тарихи-өлкетану музейі

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша « Туған жерге туыңды тік» жобасы аясында мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-мұражайының тарихшы, зерттеуші – мамандарын шақырып ұйымдастырылған конференцияның мәліметі

Мақалада «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша атсалысу-шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі,-делінген.

Еліміз бен жерімізді, тарихи мол мұрамызды сақтап қана қоймай, келешек ұрпақ кәдесіне жарату, сонымен бірге бүкіл әлемге таныту мақсатында «Туған жер» бағдарламасын қолға алу қажеттігін ұсынды.

Осыған орай аудандық музей мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-мұражайының тарихшы,зерттеуші-мамандарын шақырып конференция ұйымдастырды.

Конференцияны музей директоры Рымқұлов Есенхан ашып беріп, конференция қонақтарына сәттілік тіледі.

Жиынды ары қарай конференция модераторы ретінде Дәурембеков Куаныш жүргізіп, отырды.

Жиын соңында музей директоры Рымқұлов Есенхан , аудан әкімінің орынбасары Серік Ералыұлының атынан конференцияға белсене атсалысқандарға «Алғыс хат» табыстады.

Бөлім меңгерушісі                                               К.Қарабаева.