Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығына мүшелікке үндеу

03.08.2018

Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығына мүшелікке үндеу

Құрметтi Талас ауданының тұрғындары!

Қаратау қаласы мен ауылдық округ әкімшілігі, барлық мекеме, ұйым, кәсiпорын қызметкерлерi!

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында шет елдерде тұратын қандастарымызды қолдау және атажұртқа оралған ағайындардың әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделуіне барынша жағдай жасау жөнінде нақты тапсырмалар бергені белгілі.

Осыған орай, 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Қауымдастықтың орталық кеңсесі Алматыдан Астанаға көшірілді. Қазіргі таңда Қауымдастық бөлімшелерін еліміздің көптеген  облыстары мен қандастарымыз шоғырлана қоныстанған шет елдердің барлығында  ашу мәселесіде жүйелі түрде іске асырылуда.

Елбасы: «Әлемге тарыдай шашылған қазақтың жалғыз Отаны бар, ол Тәуелсіз Қазақстан!» деп ашық айтқан болатын. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» Жолдауының да өзегі осыған сияды. Олай болса әлемдегі бар қазақтың қара шаңырағы Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығы. Ал қазақтың тілін, дінін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қаймағын бұзбай сақтап, келешек ұрпаққа табыстауда бәріміздің ортақ борышымыз.

Тағдырдың талайымен шетел асып, ел тәуелсіздігін алғаннан кейін атамекенге оралған қандастарымыздың құқығын қорғау енді қолжетімдірек болмақ. Жамбыл облысында «Дүниежүзілік қазақтарының қауымдастығы» филиалдары  ең бірінші бөлімше Сарысу ауданында ашылып, төрайымы тағайындалды.

Әрине осындай ата – бабалар армандап өткен асқақ ойды жүзеге асырған батырлар мен ақындар елі атанған Талас ауданының жұртшылығы да шет қалмасы ақиқат. Бұл іске алыс – жақын шетелдерден елге оралған қандастарымыздың да бастамашылдық танытатынына сенімдіміз.

Ендігі жерде жүрегі «қазақ» деп соғатын кез-келген азамат осы ұйымға мүше бола алады. Мұндай бөлімшелер облыстың барлық аудандарында ашылу жоспарланып отыр.

Қауымдастықтың негізгі мақсаты республикадан тысқары, шетелдерде жүрген қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыс орнату, мәдени және білім беру мәселелері жөнінен жәрдемдесу, тарихи отанына көшіп келген оралмандарға әлеуметтік қамқорлық жасап, құқықтық көмек беруді  көздейді.

Ендеше, осынау ұлы мақсатты жүзеге асыруға жұдырықтай жұмылып, Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығына мүше болуға шақырамыз.

Қосымша ақпаратты 6-02-89 байланыс нөмірі арқылы және Талас ауданының ресми сайтынан толық мәлімет алуға болады.

 

Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі

 

 

 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының

Бірінші төрағасы орынбасарының

2018 жылғы «3» қаңтардағы

№1бұйрығына 1-қосымша

 

 

 

«Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» Республикалық

қоғамдық бірлестігінің мүшелігі және мүшелік жарналары туралы

Ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.1. «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің (бұдан әрі – Қауымдастық) мүшелігі және мүшелік жарналары туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қауымдастық Жарғысына сәйкес әзірленді.

1.2. Осы Ереже Қауымдастық Жарғысымен қатар Қауымдастыққа мүшелік шарттарын, оның ішінде:

– Қауымдастық мүшелігіне қабылдау шарттары мен тәртібін;

– мүшелік жарналарды төлеу мөлшері мен тәртібін;

– Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін;

– Қауымдастыққа мүшелікті тоқтату тәртібін белгілейді.

1.3. Қауымдастыққа мүшелік және одан шығу ерікті болып табылады.

1.4. Қауымдастық мүшелері тең құқыққа ие және тең міндеттерді мойнына алады.

1.5. Кәмелеттік жасқа толған, әрекетке қабілетті жеке тұлғалар (азаматтар, оның ішінде шетелдіктер), сондай-ақ Қауымдастық Жарғысын мойындайтын және Қауымдастық мақсаттарына жетуге және міндеттерін шешуге жәрдемдесетін заңды тұлғалар Қауымдастыққа мүше бола алады. Шетелдік азаматтар, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында немесе заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қауымдастық мүшесі бола алады.

1.6. Қауымдастық мүшелерінің тізілімін Қауымдастықтың Орталық кеңсесі жүргізеді.

1.7. Қауымдастыққа мүшелік өзге қоғамдық бірлестіктер қызметіне қатысу үшін, бұл қызмет Қауымдастық мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келмеген жағдайда, кедергі болып табылмайды.

1.8. Қауымдастық мүшелері Қауымдастық атынан әрекет етуге құқылы емес.

 

  1. Қауымдастық мүшелігіне қабылдау шарттары мен тәртібі

 

2.1. Қауымдастық мүшелігіне қабыдау Қауымдастыққа мүше ретінде кіру ниеті туралы жазбаша өтініш негізінде жүзеге асырылады. Өтінішке өтініш берушінің анкетасы, ағымдағы күнтізбелік жыл үшін кіру жарнасы (заңды тұлғалар үшін) және мүшелік жарна төленгені туралы квитанция қоса беріледі. Өтініш берушінің бланкасы, өтініш берушінің анкетасы, кіру жарнасын және жыл сайынғы мүшелік жарнаны төлеу үшін квитанциялар Қауымдастық сайтында орналастырылған.

2.2. Қауымдастық мүшелігіне өтінішті өтініш берушінің анкетасымен, кіру және жыл сайынғы мүшелік жарналардың төленгені туралы квитанциялардың көшірмелерімен бірге өтініш берушінің өзі Қауымдастықтың тиісті аумақтық филиалына тапсырады не тапсырыстық хатпен пошта арқылы Қауымдастықтың Орталық кеңсесіне жібереді.

2.3. Орталық кеңсе өтініш берушіден барлық қажетті құжаттарды (мүшелікке өтініш, өтініш берушінің анкетасы, кіру және жыл сайынғы мүшелік жарна төленгені туралы квитанциялардың көшірмелері) алған кезден бастап 2 апта ішінде Қауымдастық Төрағасының Бірінші орынбасары Қауымдастық мүшелігіне қабылдау туралы шешім қабылдайды. Бұл орайда Қауымдастық басшылығы Қауымдастыққа кіру туралы өтінішті, себебін түсіндірмей, қабылдамай тастауы мүмкін. Қауымдастыққа кіру туралы өтініш қабылданбаған жағдайда, төленген жыл сайынғы және кіру жарнасы (заңды тұлғалар үшін) өтініш берушіге қайтарылады.

2.4. Қауымдастық мүшелігіне қабылдау туралы тиісті шешім қабылданғаннан кейін, барлық қажетті құжаттарды тапсырған өтініш берушіні Орталық кеңсе Қауымдастық мүшелерінің тиісті тізіліміне тіркейді.

2.5. Өтініш беруші Қауымдастық мүшелерінің тізіліміне тіркелген кезден бастап Қауымдастық мүшелегіне қабылданған болып есептеледі.Қауымдастық мүшесіне оның Қауымдастыққа мүшелігін куәландыратын мүшелік билет беріледі немесе тиісті филиалға жіберіледі.

2.6. Қауымдастықтың өңірлік өкілдігі Қауымдастық мүшелері тізілімінің деректері негізінде өңірлік өкілдік мүшелерінің өз тізілімін жүргізеді.

2.7. Қауымдастықтың өңірлік бөлімшесі мүшелерінің тізілімін Қауымдастықтың өңірлік өкілдігінің басшысы жүргізеді.

 

  1. Қауымдастықтағы мүшелікті тоқтату тәртібі

 

3.1. Қауымдастық мүшесінің өз тілегі бойынша Қауымдастықтағы мүшелігін өз еркімен тоқтатқан немесе Қауымдастық мүшелігінен ол шығарылған жағдайда Қауымдастықтағы мүшелік жойылуы мүмкін.

3.2. Қауымдастық мүшесі Қауымдастық мүшелігінен шығу туралыөтініші негізінде өз тілегі бойынша Қауымдастықтағы мүшелігін ерікті түрде тоқтатуға құқылы. Жазбаша өтінішті Қауымдастық мүшесі тиісті өңірлік өкілдікке немесе Қауымдастықтың Орталық кеңсесіне, мүшелік билетін қоса отырып, береді.

3.3. Қауымдастықтағы мүшелік Қауымдастық мүшесі Қауымдастықтағы мүшеліктен шығу туралы жазбаша өтініш берген кезден бастап тщқтатылады.

3.4. Жазбаша өтініштің өңірлік өкілдікте қабылданған көшірмесі Қауымдастық мүшелерінің тізіліміне тиісті мәліметтер енгізу үшін Орталық кеңсеге жіберіледі.

3.5. Қауымдастықтағы мүшелігін ерікті түрде тоқтатқан Қауымдастық мүшесі Қауымдастық мүшелігіне Қауымдастық Жарғысында және осы Ережеде белгіленген жалпы негізде, бірақ Қауымдастық мүшелігінен шыққаннан кейін кемінде бір жылдан кейін, қайтадан қабылдануы мүмкін.

3.6. Өз қызметімен Қауымдастықтың беделін түсірген және оған нұқсан келтірген, сондай-ақ өз мүндетін үнемі орындамаған (немесе) Қауымдастық Жарғысының, осы Ереженің және (немесе) Қауымдастықтың ішкі актілерінің талаптарын үнемі орындамаған Қауымдастық мүшесі Қауымдастық Төрағасы Бірінші орынбасарының шешімімен Қауымдастық мүшелігінен шығарылуы мүмкін.

3.7. Қауымдастық мүшелігінен осы Ереженің 3.6 тармағында көрсетілген мән-жайлар бойынша шығарылған Қауымдастық мүшесі Қауымдастық мүшелігінен шығарылғаннан кейін бес жылдан соң немесе Қауымдастық Төрағасы Бірінші орынбасарының шешімімен Қауымдастық мүшесі бола алады.

3.8. Қауымдакстық мүшесін шығару туралы шешім Қауымдастық мүшелерінің тізіліміне тиісті мәліметтер енгізу үшін негіз болып табылады.

 

  1. Мүшелік жарналарды төлеу мөлшері мен тәртібі

 

4.1. Қауымдастық мүшелерінің мүшелік жарналарды төлеуі Қауымдастық Төрағасы Бірінші орынбасарының бұйрығында және осы Ережеде белгіленген мөлшерде және тәртіппен жүзеге асырылады.

4.2. Мүшелік жарналарды (кіру және жыл сайынғы) Қауымдастық мүшелері өз қолдарымен төлейді.

4.3. Заңды тұлғалар кіру жарнасын Қауымдастық мүшелігіне қабылдау туралы өтініш берген кезде Қауымдастықтың есеп айырысу шотына бір мәрте өткізеді.

4.4. Жыл сайынғы мүшелік жарна алғаш рет Қауымдастық мүшелігіне қабылдау туралы өтініш берілген кезде кіру жарнасымен бірге, кейіннен Қауымдастық мүшелігіне тіркелген датадан бастап жыл сайын өткізіледі.

4.5. Қауымдастық мүшесі жыл сайынғы мүшелік жарнаны ағымдағы жылдың кезекті төлем датасынан бастап 30 (отыз) күнге дейінгі мерзімде төлемеген жағдайда оған берешегін жабу талабымен (жазбаша, электрондық поштамен) хабарлама жіберіледі. Тиісті хабарлама жіберілгеннен кейін 30 (отыз) күн ішінде мүшелік жарнаны төлеу жөніндегі талапты орындамаған жағдайдаҚауымдастықтың бұл мүшесіне қатысты Қауымдастық мүшелігінен шығару рәсімі қолданылады.

4.6. Осы Ережеде жеке тұлғалар үшін 5000 (бес мың) теңге, заңды тұлғалар үшін 200000 (екі жүз мың) теңге жыл сайынғы жарна белгіленеді. Заңды тұлғалар үшін Қауымдастыққа кіру жарнасы – 300000 (үш жүз мың) теңге.

 

  1. Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

 

5.1. Қауымдастық мүшелері Қауымдастық Жарғысында белгіленген құқықтарға ие және міндеттерді мойнына алады.

5.2. Қауымдастық мүшелері:

5.2.1. Қауымдастық қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

5.2.2. Қауымдастықтың Қауымдастық Жарғысында айқындалған қызметінің негізгі бағыттары бойынша әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық, консультациялық көмек алуға;

5.2.3. Инновациялық және бизнес жоспарларын ілгерілету үшін Қауымдастықтан жәрдем алуға;

5.2.4. Қауымдастық өткізетін мәдени-көпшілік шараларға қатысуға;

5.2.5. Қауымдастықтың әлеуметтік-тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру кезінде басым құқық алуға;

5.2.6. Қауымдастық серіктестерінің өнімі мен көрсететін қызметтеріне келісім бойынша жеңілдіктер алуға;

5.2.7. Қауымдастық атына ерікті жарналар мен қайырмалдық жасауға құқылы.

 

  1. Қорытынды ережелер

 

6.1. Осы ереже оны Қауымдастық Төрағасының Бірінші орынбасары бекіткен кезден бастап күшіне енеді.