«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында ел бірлігін нығайтуда ұлттық мәдениеттің рөлін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында өткізілген «Мәңгілік ел» атты «дөңгелек үстел» отырысының АҚПАРАТЫ

 

«Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен   «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында ел бірлігін нығайтуда ұлттық мәдениеттің рөлін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында Жамбыл облысы Талас ауданы Көктал ауылы «М.Жұмабаев» атындағы орта мектепте  «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы аясында ел бірлігін нығайтуда ұлттық мәдениеттің рөлін арттыру бойынша «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Шара барысында жастар арасындағы қарым-қатынас мәдениетін және жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын қалыптастыру. Болашақ жас ұрпақтың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық сананың жаңғырылуы, жаңаша ойлайтын ұлт перзенттерінің бәсекеге қабілетті өзіндік қорғаныс саясатын ұстауы, өткенімізден сабақ ала отырып болашаққа нық қадам басу аясында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын тереңінен түсіндіру мақсатында төраға Ә.Муратбаев және белсенді жас Темірхан Бекзат жастарға түсіндірме жұмыстарын өткізді.

«Дөңгелек үстел» отырысы соңында мектеп оқушылары «Мәңгілік Ел» ұғымы туралы әр түрлі сұрақтар қойып, пікірлер алмасты. Барлық шара қатысушыларына таратпа материялдары таратылды.

Шараға оқушылар мен мектеп ұжымы  қатысты.

 

Қатысушылар саны 15 адам.