«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында ел бірлігін нығайтуда ұлттық мәдениеттің рөлін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында өткізілген «Мәңгілік ел» атты кездесудің АҚПАРАТЫ

«Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында ел бірлігін нығайтуда ұлттық мәдениеттің рөлін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында Жамбыл облысы Талас ауданы Майтөбе ауылы «Амантай Дәулетбек» атындағы орта мектепте  «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы аясында ел бірлігін нығайтуда ұлттық мәдениеттің рөлін арттыру бойынша кездесу өткізілді.

Шара барысында болашақ жас ұрпақтың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық сананың жаңғырылуы, жаңаша ойлайтын ұлт перзенттерінің бәсекеге қабілетті өзіндік қорғаныс саясатын ұстауы, өткенімізден сабақ ала отырып болашаққа нық қадам басу аясында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын тереңінен түсіндіру мақсатында төраға Ә.Муратбаев жастарға түсіндірме жұмыстарын өткізді. Жастар арасындағы қарым-қатынас мәдениетін және жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын қалыптастыру.

Кездесу соңында мектеп оқушылары «Мәңгілік Ел» ұғымы туралы әр түрлі сұрақтар қойып, пікірлер алмасты. Барлық шара қатысушыларына таратпа материялдары таратылды.

Шараға оқушылар мен мектеп ұжымы  қатысты.

 

Қатысушылар саны 25 адам.