«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында ел бірлігін нығайтуда ұлттық мәдениеттің рөлін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында өткізілген «Мәңгілік ел» атты кездесудің АҚПАРАТЫ

«Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында ел бірлігін нығайтуда ұлттық мәдениеттің рөлін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында Жамбыл облысы Талас ауданы Қасқабұлақ ауылы Мәдениет үйінде  «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы аясында ел бірлігін нығайтуда ұлттық мәдениеттің рөлін арттыру бойынша кездесу өткізілді.

Шара барысында болашақ жас ұрпақтың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық сананың жаңғырылуы, жаңаша ойлайтын ұлт перзенттерінің бәсекеге қабілетті өзіндік қорғаныс саясатын ұстауы, өткенімізден сабақ ала отырып болашаққа нық қадам басу аясында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын тереңінен түсіндіру және  жастар арасындағы қарым-қатынас мәдениетін және жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын қалыптастыру.

мақсатында «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы орынбасары Айтбаева Әсел және төраға Ә.Муратбаев ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары «Мәңгілік Ел» ұғымы туралы әр түрлі сұрақтар қойып, пікірлер алмасты. Барлық шара қатысушыларына таратпа материялдары таратылды.

Шараға ауыл тұрғындары  қатысты.

 

Қатысушылар саны 30 адам.