«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында ел бірлігін нығайтуда ұлттық мәдениеттің рөлін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында өткізілген «Мәңгілік ел» атты семинар-тренингтің АҚПАРАТЫ

«Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында ел бірлігін нығайтуда ұлттық мәдениеттің рөлін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы  «Қаратау гуманитарлық – техникалық колледжі» базасында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы аясында ел бірлігін нығайтуда ұлттық мәдениеттің рөлін арттыру бойынша семинар-тренинг өткізілді.

Шара барысында шығармашыл жастарды қолдап, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, жастар арасындағы қарым-қатынас мәдениетін және жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын  қалыптастыру. Болашақ жас ұрпақтың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық сананың жаңғырылуы, жаңаша ойлайтын ұлт перзенттерінің бәсекеге қабілетті өзіндік қорғаныс саясатын ұстауы, өткенімізден сабақ ала отырып болашаққа нық қадам басу аясында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын тереңінен түсіндіру мақсатында төраға Ә.Муратбаев және белсенді жас Темірхан  Бекзат жастарға түсіндірме жұмыстарын өткізді..

Семинар-тренинг соңында колледж студенттері «Мәңгілік Ел» ұғымы туралы әр түрлі сұрақтар қойып, пікірлер алмасты. Барлық шара қатысушыларына таратпа материялдары таратылды.

Шараға студенттер мен колледж ұжымы  қатысты.

 

Қатысушылар саны 40 адам.