«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында ел бірлігін нығайтуда ұлттық мәдениеттің рөлін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында өткізілген «Мәңгілік ел» атты семинар-тренингтің АҚПАРАТЫ

«Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында ел бірлігін нығайтуда ұлттық мәдениеттің рөлін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында Талас ауданы Қаратау ауылдық округі Есейхан ауылы Қаратау орта мектебінде  «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы аясында ел бірлігін нығайтуда ұлттық мәдениеттің рөлін арттыру бойынша семинар-тренинг өткізілді.

Шара барысында болашақ жас ұрпақтың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық сананың жаңғырылуы, жаңаша ойлайтын ұлт перзенттерінің бәсекеге қабілетті өзіндік қорғаныс саясатын ұстауы, өткенімізден сабақ ала отырып болашаққа нық қадам басу аясында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын тереңінен түсіндіру мақсатында төраға Ә.Муратбаев және            «Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы орынбасары Айтбаева Әсел жастарға түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Семинар-тренинг соңында мектеп оқушылары «Мәңгілік Ел» ұғымы туралы әр түрлі сұрақтар қойып, пікірлер алмасты. Барлық шара қатысушыларына таратпа материялдары таратылды.

Шараға оқушылар мен мектеп ұжымы  қатысты.

 

Қатысушылар саны 30 адам.