Хабарлама

ҮЕҰ атауы

__________________________________

 

ХАБАРЛАМА

 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру үшін Қазақстанда ҮЕҰ Дерекқоры құрылғанын хабарлаймыз (түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 желтоқсандағы ҚР Заңымен енгізілді).

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынады.

Коммерциялық емес ұйымдардың мәліметтерді ұсыну тәртібі «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 175 бұйрығымен реттеледі.

Үкіметтік емес ұйымдар өзінің қызметі туралы мәліметтерді Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне (ДІАҚМ) Қағидаларға қосымша берілген нысанға сәйкес (06.12.2017 ж. № 175 бұйрығы) қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін :

2018 жылғы 31 наурызға дейін қағаз және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол арқылы ұсынады немесе;

– 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ҮЕҰ-ның мәліметтерді Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталы арқылы беруге мүмкіндігі болады. Интернет-порталда Халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған ЭЦҚ (ЭЦП) кілті арқылы авторизациядан өтуге болады.

Осы ретте, уәкілетті органға КЕҰ-ның, сонымен қатар шетелдiк және халықаралық КЕҰ филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерi) мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы әкімшілік жауапкершілікті, оның ішінде үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруды қарастырады (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1 бабы).

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, Сізге Заңның 41-бабы 5-тармағын орындау қажеттігін назарыңызға саламыз, аталған жайт ескерілмеген жағдайда Сіздің ұйымыңыз қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

 

 

_____________________        _________________________                              __________

АТЫ-ЖӨНІ                             Хабарламаны алғаны туралы қолтаңба               Күні

                                                   М.О.

 

 

Қосымша 3

 

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің бұйрығына сәйкес, 2018 жылғы 15 қаңтардан бастап «Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру ережелерінің» жеңілдетілген нұсқасы қолданысқа енгізілді.

 

Жеңілдетілген Ережелерге сәйкес:

– ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді енгізу бойынша нысан оңтайландырылды: бірқатар тармақтар жойылды және нақтыланды, ыңғайлы толтыру үшін ақпарат кесте түрінде ұсынылды;

– нысанды толтыру барысында дұрыс және жүйеленген ақпаратты қамтамасыз ету үшін өңірлер, ұйым қызметінің бағыттары, оның ұйымдастырушылық-құқықтық нысандар бойынша тиісті тізімдер қосылды;

– құрылтай құжаттарды, бухгалтерлік теңгерімді ұсынуға талап ететін нормалар жойылды;

– ұйымның кіріс және шығыс туралы тармақтар салық есебінің нысанына сәйкестендірілді.

 

2017 жылғы 1 наурыздан бастап «ҮЕҰ дерекқоры» ақпараттық ресурсы (infonpo.kz) өз жұмысын бастаған болатын. Мәліметтерді infonpo.kz веб-портал арқылы электрондық түрде ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу қажет.

 

Мәліметтерді пошта арқылы немесе қағазды және электрондық тасымалдаушыда (CD-дисктер немесе DOC, DOCX форматында USB-флэш арқылы) қолма-қол тапсыру баламалы нұсқа болып табылады. ҮЕҰ туралы мәліметтерді ілеспе хатпен қосып, пошта арқылы немесе қолма-қол келесі мекен-жайға жолдауға болады: 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-ші кіреберіс, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

 

Infonpo.kz ақпараттық ресурсы іске қосылған 1 жыл уақыт ішінде өз қызметі туралы мәліметтерін электрондық түрде белгіленген мерзімде 3000 мыңға жуық ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) ұсынған. Бұл сайтпен жұмыс жүргізудің қолжетімділігі мен есеп беру нысандарды толтыру рәсімінің жеңілдегенін көрсетеді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде infonpo.kz ақпараттық ресурсы арқылы үкіметтік емес ұйымдардың 2017 жылғы қызметтері туралы мәліметтерін 2018 жылдың 31 наурызына дейін тапсыруларын сұраймыз.