«Елбасы Жолдауы – дамудың жаңа бағыты» атты ақпараттық автокеруеннің ақпараты

28.05.2018

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында

«Елбасы Жолдауы – дамудың жаңа бағыты» атты ақпараттық автокеруеннің

АҚПАРАТЫ

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында  «Елбасы Жолдауы – дамудың жаңа бағыты» атты ақпараттық автокеруені ағымдағы жылдың 25-мамыр күні Талас ауданына  ат басын тіреді. Қаратау қаласының орталық Жеңіс алаңында сағат  11.00-де ақпараттық автокеруенмен келген түрлі сала өкілдері кеңес алаңына орналасып, аудан тұрғындарының сұрағы және көкейіндегі мәселемен бөлісті. Кеңес алаңына жиналған 400-ге жуық қала тұрғындары ақпараттық автокеруеннің жұмысына ат салысып, қажет ақпаратты ала білді. Автокеруенмен қатар аудандағы «Жұмыспен қамту орталығы» мамандары аудан жастарына бос орындар жәрмеңкесін жүргізді.

Аталмыш керуеннің мамандары кеңес беру алаңынан өзге аудандық «Нұр Отан» партиясы  мекемесінде Талас аудандық ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметінде есепте тұрған жастардың, Пробация қызметінде есепте тұрған азаматардың, дін саласына қатысты жастардың қатысуымен семинар-кеңес ұйымдастырды.

Аудан орталығындағы кеңес алаңы Тамды ауылдық округінде жалғасын тауып, 100-ге жуық ауыл тұрғындары аталмыш шараға   ат салысты.