Мәдениет бөлімі

Қосымша

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбековтың              2017 жылғы 2 наурыздағы №17-388-5 бұрыштамасына сәйкес, нысандарға, әкімшілік-аумақтық бірліктер және олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау тек тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгертуге, сондай-ақ, кісі аттарын беруге мейлінше шектеу қойылғандығы туралы тапсырмасы бар.

Аталған тапсырманы негізге ала отырып, 2017 жылдың 3 наурыз күні өткен Талас ауданы әкімдігі жанындағы жұмысшы топ отырысының (ономастика комиссиясы) қорытындысына сәйкес, Қаратау қаласы және Бостандық, Көктал ауылдық округтеріндегі идеологиялық тұрғыдан ескірген «Промышленная» көшесін – «Арбатас», Көктал ауылындағы «Ленин» көшесін – «Тәуелсіздік», Бостандық ауылындағы                         «Жеңістің 40 жылдығы» көшесін – «Нұрлы жол» деп қайта атау туралы ұсыныс қабылданды.

Қаратау қаласындағы «Промышленная» көшесі еңбекші депутаттар кеңесі Шолақтау поселкелік атқару комитеті отырысының 04.02.1954 ж. №2 хаттамасы, Көктал ауылындағы «Ленин» көшесі еңбекші депутаттарының Көктал поселкелік Советі атқару комитетінің 19.04.1960 ж.  №2-82-8 қарарымен берілген.

Ал, Бостандық ауылындағы «Жеңістің 40 жылдығы» көшесінің құжаттары сақталмаған, аудандық архивтен табылмады. Аталған 3 көше «Мекенжай» тіркелімі ақпараттық базасында тіркелген.

Қаратау қаласындағы «Промышленная» көшесі қаланың оңтүстік-шығысында орналасқан, ұзындығы 2000 м. Көше асфальттанған, жарықтандырылмаған, көшеде                 «Talas investment company» ЖШС, «Жамбыл Недр» ЖШС, №5 өрт сөндіру бөлімі, аудандық тубдиспансер, «Талас жолдары» ЖШС, жанармай құю станциясы бар.

Көктал ауылындағы «Ленин» көшесі ауылдың орталығында орналасқан, ұзындығы                 950 м. Көше асфальтталған, жарық тартылған, көше бойында ауыл әкімшілігі, медициналық пункт, кітапхана, дүкен орналасқан, 28 тұрғын үйлер бар.

Бостандық ауылындағы «Жеңістің 40 жылдығы» көшесі ауылдың батысына қарай орналасқан, ұзындығы 900 м. Көше асфальтталмаған, жарық тартылған, 16 тұрғын үйлер бар.

 

Көшелерге берілетін жаңа атаулардың түсіндірмесі:

  «Арбатас» – Талас ауданы Майтөбе ауылының оңтүстігіндегі Арал төбеге барар жолдағы – биік асу. Өткен ғасырдың 30-50 жылдары Марынсазы мен Қасқабұлақтан, Аралтөбеден, Билікөлдегі сыр зауытына сүт өнімдерін өгіз арбамен тасып, ол еңбектеріне небәрі жарты кило бидай алатын көрінеді. Таудан арбамен түсерде аударылып қалмас үшін доңғалағына тас байлайды. Содан ол биік Арбатас деп аталған.

«Тәуелсіздік» – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.                    1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады.

«Нұрлы жол» – 2015 – 2019 жылдарға жоспарланған Мемлекеттік инфрақұрылымды дамытуға арналған бағдарлама. Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді. «Нұрлы жол» атауымен биылғы жылы Астана қаласындағы жаңа вокзал аталды.

 

 

 

 

Хабарландыру

 

2017 жылдың  4 қыркүйек күні сағ. 10.00-де Қаратау қаласы әкімі аппаратының мәжіліс залында «Промышленная» көшесінің тұрғындарымен жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтеді.

Күн тәртібінде:

«Промышленная» көшесінің атауын «Арбатас» деп өзгерту туралы мәселе қаралады.

 

 

Хабарландыру

 

2017 жылдың 4 қыркүйек күні сағ. 11.00-де Көктал ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында «Ленин» көшесінің тұрғындарымен жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтеді.

Күн тәртібінде:

«Ленин» көшесінің атауын «Тәуелсіздік» деп өзгерту туралы мәселе қаралады.

 

 

Хабарландыру

 

2017 жылдың 4 қыркүйек күні сағ. 11.00-де Бостандық  ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында «Жеңістің 40 жылдығы» көшесінің тұрғындарымен жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтеді.

Күн тәртібінде:

«Жеңістің 40 жылдығы»  көшесінің атауын «Нұрлы жол» деп өзгерту туралы мәселе қаралады.