Қаратау қаласы

  Қаратау қаласы «Флора» саяжай кооперативіндегі

«Абрикосова, Березовая, Весенная, Виноградная, Вишневая, Зеленая, Клубничная, Набережная, Озерная, Олимпийская, Персиковая, Розовая, Садовая, Сиреневая, Фруктовая, Черемуховая, Ягодная, Железнодорожная» көшелері тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

хаттамасы

 

 

Қаратау қаласы                                                                                     7 желтоқсан 2017 жыл

сағ: 15.00

 

Жиналыс төрағасы: А.Абсадыков

Жиналыс хатшысы: М.Аябекұлы

Жиналысқа қатысқандар:

     1) Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны -5 адам,

2) Абрикосова, Березовая, Весенная, Виноградная, Вишневая, Зеленая, Клубничная, Набережная, Озерная, Олимпийская, Персиковая, Розовая, Садовая, Сиреневая, Фруктовая, Черемуховая, Ягодная, Железнодорожная, көшелері тұрғындарының саны – 63 адам.

 

Күн тәртібінде:

Қаратау қаласы «Флора» саяжай кооперативіндегі мағынасы ескірген Абрикосовая көшесін – Алмалы, Березовая көшесін –Аққайың, Весенная көшесін – Көктем, Виноградная көшесін – Балөзек, Вишневая көшесін – Шиелі, Зеленая көшесін – Жайсаң, Клубничная көшесін – Құлпынай, Набережная көшесін – Өзекті, Озерная көшесін – Жетісу, Олимпийская көшесін – Лашын, Персиковая көшесін – Мәуелі, Розовая көшесін – Қызылтаң, Садовая көшесін – Көкорай, Сиреневая көшесін – Жұпаргүл, Фруктовая көшесін – Жемісті, Черемуховая көшесін – Мойылды, Ягодная көшесін – Жиделі, Железнодорожная көшесін – Теміржолшылар көшесі деп қайта атау туралы.

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша А.Абсадыков, Т.Еримбетов, Т.Кулакова, О.Төлендібай, Б.Мұхаметжан сөз сөйледі.

 

А.Абсадыков: қала әкімінің орынбасары, Қаратау қаласындағы                      «Флора» саяжай кооперативіндегі көше тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысып отыр. Жыл басында облыс әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өлкедегі идеологиялық мағынасы тұрғыдан ескірген көшелерді, қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларымен өзгерту туралы тапсырмасы да түскен болатын. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1-бабының 1-тармағы және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысын басшылыққа ала отырып, Сіздердің пікірлеріңіз ескеріле отырып көше атауы өзгертіледі. Өңірдегі ұлттық ономастика бағытын дамыту мақсатында жаңа атаулар ұлттық тілдік ерекшеліктер, сондай-ақ географиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлар ескеріліп барып берілуі тиіс. Осыған орай, әрқайсыңыз өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар.

Т.Еримбетов – саяжайдағы көше атауларын жер-су және тарихи атауларымен байланыстырып атағанға өз қарсылығым жоқ. Саяжайдағы көше атауын  қазақша тарихи-жер су атаулармен ауыстырамыз деген ойларыңызды қолдаймын.

Т.Кулакова – Біздің тұрып жатқан көшеміздің орыс тіліндегі  атауының қазіргі кезде ешқандай мағынасы жоқ деп түсінемін. Көше тұрғындарының ұсынысын қолдай отырып, жаңа атауын беруді дұрыс деп санаймын.

О.Төлендібай – Осы уақытқа дейін саяжайдағы көше атауларының мағынасы қазіргі заманға сай емес. Саяжайдағы көше атаулары жер-су және тарихи атауларымен байланыстырып атаған жөн. Бұл өзгеріс біздің саяжай тұрғындары үшін зор қуаныш болды. Елбасының салиқалы саясатын қолдау мақсатында жаңа атаулардың беріліп отырғандығын өз басым дұрыс деп есептеймін.

Б.Мұхаметжан – Менің айтарым көше атауын өзгертуге байланысты ашып отырған жиналысыңыз орынды. Бұл өте дұрыс ұсыныс, бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп есептеймін.

А.Абсадыков – қала әкімінің орынбасарыжоғарыда айтылған мәселені жергілікті қоғамдастық мүшелерімен және көше тұрғындарымен  келісу үшін дауысқа салынды.

Қарсы – жоқ,

Қалыс – жоқ,

Қолдағандар саны – 68 адам.

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша «Флора» саяжай кооперативіндегі көшелерді қайта атау ұсынысы көше тұрғындары тарапынан бір ауыздан қолдағандығы туралы жария етті.

 

Қаратау қаласының әкімдігі

ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

  1. Қаратау қаласындағы Абрикосовая көшесін – Алмалы, Березовая көшесін –Аққайың, Весенная көшесін – Көктем, Виноградная көшесін – Балөзек, Вишневая көшесін – Шиелі, Зеленая көшесін – Жайсаң, Клубничная көшесін – Құлпынай, Набережная көшесін – Өзекті, Озерная көшесін – Жетісу, Олимпийская көшесін – Лашын, Персиковая көшесін – Мәуелі, Розовая көшесін – Қызылтаң, Садовая көшесін – Көкорай, Сиреневая көшесін – Жұпаргүл, Фруктовая көшесін – Жемісті, Черемуховая көшесін – Мойылды, Ягодная көшесін – Жиделі, Железнодорожная көшесін – Теміржолшылар көшесі деп қайта аталсын;
  2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша ұсыныс облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

 

Жиналыс төрағасы                                                         А.Абсадыков

 

Жиналыс хатшысы                                                         М.Аябекұлы

 

 

 

 

Қаратау қаласы «Флора» саяжай кооперативі тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының хаттамасы

 

 

Қаратау қаласы                                                                          7 желтоқсан 2017 жыл

сағ: 16.00

 

Жиналыс төрағасы: А.Абсадыков

Жиналыс хатшысы: М.Аябекұлы

Жиналысқа қатысқанда

     1) Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны – 5 адам,

2) «Флора» саяжай кооперативі тұрғындарының саны – 32 адам.

 

Күн тәртібінде:

Қаратау қаласы «Флора» саяжай кооперативін – «Жасыл-желек» саяжай кооперативін деп қайта атау туралы.

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша А.Абсадыков, Г.Хамитова, И.Байсеркеев сөз сөйледі.

 

А.Абсадыков: қала әкімінің орынбасары, Қаратау қаласындағы            «Флора» саяжай кооперативінің тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысып отыр. Жыл басында облыс әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өлкедегі идеологиялық мағынасы тұрғыдан ескірген көшелерді, қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларымен өзгерту туралы тапсырмасы да түскен болатын. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1-бабының 1-тармағы және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің                2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысын басшылыққа ала отырып, Сіздердің пікірлеріңіз ескеріле отырып көше атауы өзгертіледі. Өңірдегі ұлттық ономастика бағытын дамыту мақсатында жаңа атаулар ұлттық тілдік ерекшеліктер, сондай-ақ географиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлар ескеріліп барып берілуі тиіс. Осыған орай, әрқайсыңыз өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар.

Г.Хамитова – Біздің тұрып жатқан саяжай кооперативінің орыс тіліндегі  атауы қазіргі кезде мағынасы ескірген деп түсінемін. Саяжай тұрғындарының ұсынысын қолдай отырып, жаңа атауын беруді дұрыс деп санаймын.

И.Байсеркеев – саяжайд атауын «Жасыл-желек» деп атағанға өз қарсылығым жоқ. Саяжай атауын  қазақша аталсын деген ойларыңызды қолдаймын.

 

А.Абсадыков – қала әкімінің орынбасарыжоғарыда айтылған мәселені жергілікті қоғамдастық мүшелерімен және тұрғындармен  келісу үшін дауысқа салынды.

Қарсы – жоқ,

Қалыс – жоқ,

Қолдағандар саны –  37 адам.

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша «Флора» саяжай кооперативін қайта атау ұсынысы тұрғындар тарапынан бір ауыздан қолдағандығы туралы жария етті.

 

Қаратау қаласының әкімдігі

ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

  1. Қаратау қаласындағы «Флора» саяжай кооперативі – «Жасыл-желек» саяжай кооперативі деп қайта аталсын;
  2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша ұсыныс облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

 

Жиналыс төрағасы                                                         А.Абсадыков

 

Жиналыс хатшысы                                                         М.Аябекұлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбековтың 2017 жылғы 2 наурыздағы №17-388-5 бұрыштамасына сәйкес, нысандарға, әкімшілік-аумақтық бірліктер және олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау тек тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгертуге, сондай-ақ, кісі аттарын беруге мейлінше шектеу қойылғандығы туралы тапсырмасы бар.

Аталған тапсырманы негізге ала отырып, 2017 жылдың 30 маусым күні өткен Талас ауданы әкімдігі жанындағы жұмысшы топ отырысының (ономастика комиссиясы) қорытындысына сәйкес, Қаратау қаласындағы мән мағынасы ескірген «Флора» саяжай кооперативінің атауын – «Жасыл-желек», саяжай кооперативінде орналасқан, Абрикосовая көшесін – Алмалы, Березовая көшесін –Аққайың, Весенная көшесін – Көктем, Виноградная көшесін – Балөзек, Вишневая көшесін – Шиелі, Зеленая көшесін – Жайсаң, Клубничная көшесін – Құлпынай, Набережная көшесін – Өзекті, Озерная көшесін – Жетісу, Олимпийская көшесін – Лашын, Персиковая көшесін – Мәуелі, Розовая көшесін – Қызылтаң, Садовая көшесін – Көкорай, Сиреневая көшесін – Жұпаргүл, Сливовая көшесін – Өрікті, Фруктовая көшесін – Жемісті, Цветочная көшесін – Көктерек, Черемуховая көшесін – Мойылды, Ягодка көшесін – Жиделі, Железнодорожная көшесін – Теміржолшылар деп қайта атау туралы ұсыныс қабылданды.

Қаратау қаласы «Флора» саяжай кооперативінің көшелері 2011 жылғы            14 қарашадағы «Талас ауданы әкімдігі мемлекеттік тіл саясатын іске асырушы консультациялық -кеңесші орган мәжілісінің №10 ұйғарымы, 2013 жылғы               23 шілдедегі «Талас ауданы әкімдігі мемлекеттік тіл саясатын іске асырушы консультациялық-кеңесші органының қорытындысы және 2013 жылғы                    22 қазандағы Талас ауданы әкімдігі жанындағы жұмысшы топтың қорытындысы негізінде «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық базасына енгізілген. Саяжай кооперативі және саяжайда орналасқан көшелер туралы аудандық архивте құжаттары сақталмаған. «Флора» саяжай кооперативі Қаратау қаласының солтүстігінде орналасқан. Аумағы 47,0 га. Саяжайда 250-ге жуық үйлер орналасқан.

 

Көшелерге берілетін жаңа атаулардың түсіндірмесі:

«Жасыл желек» – Жасыл шөп, ну орман;
«Алмалы» – Алма өсетін жер немесе бақ;

«Аққайың» – қайыңдар тұқымдасына жататын сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік бойлап өседі;

«Көктем» – жыл мезгілі;

«Балөзек» – суы мол, нәрлі, әрі тұрақты ағып жатқан су;

«Шиелі»– Қазақстанда орналасқан елді мекен атаулары;

«Жайсаң»- Зайсан (ежелгі түркі сөзі) — орта ғасырлардағы рубасының, ауқатты әулет өкілінің лауазымы. Жайсаң ұғымы ұлық, мырза атауларымен мәндес;

«Құлпынай» – Жеміс, тәтті, хош иісті, мамырда гүлдеп, маусымда жеміс береді;

«Өзекті»-Нөсер, қар суы  әрекетінен пайда болатын, жер бетіндегі маусымдық су;

«Жетісу»– тарихи-географиялық аймақ, Солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Сасықкөл мен Алакөл, шығыста Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі;

«Лашын»– сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс;

«Мәуелі»– жеміс бергіш; жеміс беретін; құнарлы; миуалы; өнімтал;

«Қызылтаң»– ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылының оңтүстік шығыс жағындағы биік жотаның бауырында орналасқан;

«Көкорай»– Шөбі қалың шыққан көк майса, шалғын;

«Жұпаргүл»ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы;

«Өрікті»– Өрік өскен, өрігі бар жер, Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданындағы ауыл атауы;

«Жемісті»– жеміс бергіш, жеміс  — жабық тұқымды өсімдіктер өнімі.

«Көктерек»талдар тұқымдасына жататын терек түрі;

«Мойылды»Павлодар қаласынан Солтүстік-Шығысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан шипалы сазбен емдейтін шипажай-курорт атауы. Сондай-ақ, мойылды тұзды көлінің (Черемухово) жиегіндегі Құлынды даласында орналасқан. Жалпы мойыл-раушангүлдер тұқымдасына жататын ағаштар мен бұталар;

«Жиделі»– Қазақстанда орналасқан елді мекен немесе өзен атаулары. Жиде – жидектер тұқымдасына жататын ағаш және бұталы өсімдік;

«Теміржолшылар»– теміржол саласында жұмыс істейтіндер.

 

 

Хабарландыру

2017 жылдың 7 желтоқсан күні сағ.15.00-де Қаратау қаласы                      «Флора» саяжай кооперативінің тұрғындармен жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтеді.

Күн тәртібінде:

Саяжайдағы көше атауларын өзгерту туралы

 

 

 

Қаратау қаласындағы «Промышленная» көшесінің тұрғындары

 және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

 №4 хаттамасы

 

Қаратау қаласы                                                                          4 қыркүйек 2017 жыл

сағат: 10:00

 

Жиналыс төрағасы: А.Абсадыков

Жиналыс хатшысы: М.Аябекұлы

Жиналысқа қатысқандар:

1) Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны – 5 адам,

2) Промышленная көшесінің тұрғындары – 7 адам.

 

Күн тәртібінде:

 

Қаратау қаласындағы «Промышленная» көшесін – «Арбатас» көшесі деп қайта атау туралы.

 

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша А.Абсадыков, Б.Абилханов,  Н.Каштаева сөз сөйледі.

А.Абсадыков – қала әкімінің орынбасары – «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының                         1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1-бабының 1-тармағы және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысын басшылыққа ала отырып, Сіздердің пікірлеріңіз ескеріле отырып көше атауы өзгертіледі. Өңірдегі ұлттық ономастика бағытын дамыту мақсатында жаңа атаулар ұлттық тілдік ерекшеліктер, сондай-ақ географиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлар ескеріліп барып берілуі тиіс. Осыған орай, әрқайсыңыз өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар.

Б.Абилханов: «Арбатас» асуы – Талас ауданында орналасқан тарихи орын. Осы атау бойынша айтылған тарихи әңгімелерді біз бала кезден естіп өстік.  Көшеміздің қазіргі атауын ауыстыру бойынша айтылған ұсыныстарыңызды қолдаймын және Арбатас  атауын беруді дұрыс деп санаймын.

Н.Каштаева: Қаламыздағы көше атауларын жер-су және тарихи атауларымен байланыстырып атағанға өз қарсылығым жоқ. Промышленная көшесінің атауын  Арбатас деп ауыстырамыз деген ойларыңызды қолдаймын.

А.Абсадыков – қала әкімінің орынбасарыжоғарыда айтылған мәселені жергілікті қоғамдастық мүшелерімен және Промышленная көшесінің тұрғындарымен  келісу үшін дауысқа салды.

Қарсы – жоқ,

Қалыс – жоқ,

Қолдағандар саны – 12 адам.

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша «Промышленная» көшесін – «Арбатас» көшесі деп қайта атау ұсынысын көше тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағандығы туралы жария етті.

 

Қаратау қаласының әкімдігі

ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

  1. Қаратау қаласындағы «Промышленная» көшесі – «Арбатас» көшесі деп қайта аталсын;
  2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша ұсыныс облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

 

Жиналыс төрағасы                                                         А.Абсадыков

 

Жиналыс хатшысы                                                         М.Аябекұлы